Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык сабактар (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы: Астық массасының қасиеттері Астық массасының физикалық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы

Астық сақтау тәжірибесінде міндетті түрде есте ұстайтын оның белгелі бір айқын физикалық ерекшеліктері не қасиеттері болады. Астықты тасымалдау, өңдеу мен тасымалдыу сақтау барысында дәннің осы қасиеттерінің ерекщеліктері мен есептесе отырып, оларды дұрыс пайдалана білсек, дәннің шығынын кемітіп, сапасын арттыра түсер едік.

Астық өңдеу процестерін механикаландыру, автоматтандыру, олардың ішінде астықты қабылдаған соң ең керектісін кептіру мен тазартудың тәсілдерін енгізу мен бүгінгі күннің талабына сай құрылған элеваторлар мен қоймаларда дәнді жөнді сақтау үшін астықтың мына төмендегідей физикалық қасиеттерін жете біліп, орынды пайдалану, қолдану керек. Дән жиымының сусымалылығы мен өздігінен іріктелуі, қустылығы, ылғал және бу тартқыштығы т.б көрсеткіштер астықтың негізгі физикалық қасиеттерін анықтайды.

Астық массасының сусымалылығы және өздігінен сұрыпталуы

Астықтың массасының сусымалдылығы деп жазықтыққа бұрышпен орналасқан бетпен қозғалу қабілеттілігі.

Сусымалылық табиғи сүйір бұрышпен немесе үйкеліс бұрышпен сипатталады. Астықты тегіс еденге белгілі биіктіктен еркін төккенде конус пайда болады. Ол конустың табаны мен бүйірінің арасындағы бұрыш.

Әртүрлі дақылдардың сусымалдылық қасиеттерінің көрсеткіштері

Дақылдар

Табиғи көлбеу бұрышы, градус

Үйкеліс бұрышы, градус

Үйкеліс коэффициенттері

Тары

20-27

11

11

0,31

0,33

0,36-0,40

Бұршақ

24-31

2-14

2-15

0,26-0,33

0,26-0,35

0,27-0,37

Қытай бұршағы

25-32

2-16

3-15

-

-

-

Бидай

23-38

20

20

0,35-0,65

0,30-0,58

0,39-0,56

Қара бидай

23-38

20

20

0,32-0,58

0,37-0,78

0,45

Жүгері

30-40

13

13

-

-

-

Арпа

28-45

20

20-27

0,32-0,58

0,32-0,70

0,53

Күріш

27-48

-

-

-

-

-

27-кестенің жалғасы

Күнбағыс

31-45

-

-

0,49

-

0,60

Майкене

34-46

-

-

-

-

Сұлы

31-54

15-36

18-36

0,40-0,58

0,36-0,78

0,48-0,50

Үйкеліс бұрышы деп біз екінші бұрышты айтамыз. Ол бұрыш бойынша астық массасы сырғанай бастайды.

Өнімдерді жеңіл сусымалды және қиын сусымалды деп екіге бөледі.

Жеңіл сусымалды астық массасы дәндерінін арасында ішкі үйкеліс коэффициентімен сипатталады. Қиын сусымалды өнімдері бөлшектерінің арасында ішкі үйкелістік және ішкі жабысқыш коэффициенттерімен өлшенеді.

Өнімдердің жеңіл және қиын сусымалдылығына байланысты ішкі коммуникациялық құбырларда өнімдерді тасымалдап жылжыту үшін табиғи көлбеу бұрыштары мына шамада болуға тиіс:

- өте сусымалды өнім - 25-30 град.

- сусымалды өнім - 30-38 град.

- сусымалды өнімге жақын - 38-45 град.

- байланысқан өнім - 45-55 град.

- өте байланысқан өнім - 55 град.

Сусымалдық қасиетке дәндердің формасы, беткі қабықтарының тегістігі, бірлігі, толық көлемде қалыптасуы, оның ылғалдылығы, қоспа мөлшері, оның өзгеру шамасына әсер береді. Сусымалды қасиет астық массасын қораптарға, силостарға толтырғанда немесе оларды босатқанда көп зерттеліп өзгешелік жақтары анықталынады. Бұл қасиет қойманың еденіне және қабырғасына қысым түсіреді. Сондықтан олардың күштік, үйкелістік және құрылымды-механикалық қасиеттерін зерттегенде ескереді.

Астық массасының өзінше сұрыпталу қасиеті

Астық массасының құрамы біртекті емес. Оның құрамында әр түрлі дақылдар, өнімдер, қоспалар, ірі және майдаланған, жетік дамылған дәндерден тұрады.

Астық массасын қозғалту, жылжыту және електеу кездерінде, қоймаларды, қораптарды және силостарды толтыруда, босатуда ол өзінің біркелкілік құрамын жоғалтады. Оның белгілі бір жерінде құрамында бірыңғай көп жиналған бөлшектерден тұратын топтарға бөлінеді. Мұндай үрдістерді фракциялау дейді. Бидай астығының өзінше сұрыпталуы 28–кестеде берілген.