- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •9 Газдын геохимиясы
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
56 Мг жер койнауында таралуы
Табиғатта мұнай мен газ кен орындары топтасып кездеседі, жер қойнауында олардың таралу ерекшеліктері белгілі заңдылықтарға тәуелді болады. Осы заңдылықтарды білу нашар зерттелген өңірлердің мұнайгаздылығының перспективасын ғылыми болжау арқылы мұнай және газ саласында геологиялық барлау жұмыстардың бағытын анықтауға болады. Бұл зерттеулерде мұнай және газдың ірі жиналымдарының пайда болуын қамтамасыз ететін факторларға аса көңіл бөлінеді. Мұнайгаз жиналу жағдайларын, негізінде геотектоникалық факторлар анықтайды. Тектоникалық жағдайлар аймақтық миграция бағытын белгілейді, ал ең бастысы тектоникалық қозғалыстар жергілікті тұтқыштарды құрастырады. Осы тұтқыштарда мұнай және газдың өнеркәсіптік жиналымдары шоғырланады. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көмірсутектердің жиналымдары қарқынды төмен майысу аудандарымен ұштасуын белгілейді. Олардың пікірі бойынша шөгінділердің жиналуының жоғары жылдамдығы көмірсутектердің үлкен массаларының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ ірі кенорындары шөгінділер өте жылдам жиналмаған аудандармен ұштасқан. Шөгінділердің тез арада жиналған жағдайында, яғни бассейннің қарқынды төмен майысу, сондықтан көмірсутектердің үлкен массалары жылдам пайда болады, салдарынан флюидтер мүмкіншілігі бар бағыттармен тарап, жолында кездескен тұтқыштарда жиналады,ал қалған бөлігі ыдырап кетеді. . Мұнай мен газдың ірі кенорындары жер қабығының келесі тектоникалық бөлімдерімен байланысты:
1) платформадағы бел-белесті және дөңбек күмбезді көтерілімдер;
2) ірі ойпаңдардың шеткі белдемдері;
3) шеткі ойыстардың платформамен түйіскен беткейлері
И.И. Несторов мұнай мен газ қорының әртүрлі шоғырларда орналасуын талдау нәтижесінде геологиялық қордың 33% қабаттық дөңбек-күмбезді шоғырларда, 57% массивтік, шамамен 7% литологиялық шектелген, ал қордың азғантай бөлігі басқа күрделі шоғырлармен байланысты екенін көрсетті. Мұнайгазды провинцияларда көмірсутектердің жиналымдары әдетте геологиялық жасы нақтылы шөгінділермен ұштасқан. Мысалы, Каспий маңы үшін тұз асты төменгі пермь және таскөмір құрылымдары, Туран плитасы үшін – юра және бор шөгінділері. Мұнай-газ жиналымдары докембрийден бастап төрттік шөгінділерге дейін белгілі. Олардың ең ірілері девон-плиоцен аралығында кездеседі. Көне платформаларда девон және таскөмір шөгінділерінде, жас платформаларда юра және бор шөгінділерімен байланысты, тау аралық ойпаңдарда және альпі қатпарлы құрылымдардың шеткі бөлімдерінде өнімді қабаттардың геологиялық жасы палеоген және неоген. Мұнайдың ең көп мөлшері мезозой шөгінділерінде орналасқан – 50%, қайнозой шөгінділерінде 30%., палеозой – шамамен 10%. Газдың негізгі қоры мезозой шөгінділерінде кездеседі.
Мұнай-газ кенорындарының тереңдік бойымен таралу ерекшеліктері де байқалады тереңдеген сайын олардың саны көбейеді (1-3 км), сонан соң азая бастайды. Сұйық және газ көмірсутектер қорының қиманың тік бағыты бойымен таралуы бөлігінде (1,2-1,5 км) газ, төменірек (1,5-3 км) газдың қоры азайып, мұнайдың қоры көбейеді, ал одан әрі төмендеген сайын газмұнайлы, газдыконденсатты, ең соңында газды шоғырлар орналасады.
Қорының мөлшеріне қарай ірі кенорындары кішігірімдерінен сирек кездеседі, бірақ негізгі барланған қоры ірі кенорындарында шоғырланған. Алынатын қоры 72,5 млрд. тонна 236 кенорнында мұнайдың әлемдік қорының 50% құрады, соның ішінде 15 кенорнының арқайсысының қоры 3 млрд. тоннадан астам. Газдың қоры да шамамен осылай тараған. 11 газды кенорнының қоры газдың барлық белгіленген қорының 30% құрады, қоры 1-ден 10 трлн. м3 Қазақстанда 240 кенорны ашылған, соның ішінде 98 мұнайлы, 22 газды, 11 конденсатты, 67 мұнайгазды. Республиканың барланған қорының 88% 12 ірі және алып кенорындарында. Мұнайлы кенорындары негізінде көп шоғырлы, ал бір шоғырлы газды шоғырлардың саны 60% .
Г.А.Габриэлянцтің мәліметтері бойынша дәлелденген өнеркәсіптік мұнайгаздылықтың тереңдігі 6530 м (Мексика шығанағындағы Лейк Берр кенорны) , ал газдың – 8088 м тереңдікте (АҚШ).
Мұнайгазды территорияларды аудандастыру. Мұнай-геологиялық аудандастырудың міндеті мұнайгаздың жиналу жағдайлары заңдылықтарының негізінде мұнайгазды өңірлерді бөлшектеу және жіктеу. Аудандастырудың мақсаты перспективті территорияларды айқындап, олардың шекараларын белгілеу.
Бұл сауалмен көптеген зерттеушілер айналысқан, қазіргі уақытта екі бағыт қалыптасқан.
Мұнай-геологиялық аудандастыру сұлбасында И.М. Губкин (1934 ж.) мұнайгазды провинциялар (алабтар), облыстар, аудандар белгілеген. Бұл бағытты А.А. Бакиров, Г.Е. Рябухин дамытқан. Мұнайшы ғалымдардың басқа тобы (И.О.Брод, В.Б. Оленин) аудандастырудың негізі ретінде мұнайгазда бассейнді қарастырады.
Мұнайгазды провинция деп ірі тектоникалық құрылымды қамтитын, геологиялық құрылысы, даму тарихы, сонымен бірге мұнайгазды шөгінділердің стратиграфиясы біркелкі өңірлерді айтады. Мұнайгазды облыс провинцияның бөлігі болуы мүмкін, немесе жекелеген құрылымы ретінде қарастырылады. Облыс көршілес территориялардан геологиялық құрылысы, даму тарихы, мұнайгазды кешендердің ерекшелігімен ажыратылады. Мұнайгазды аудан облыстың бір бөлігі. Аудан мөлшері орташа тектоникалық құрылымдарды қамтиды, біркелкі өнімді қабаттардың, мұнай-газ кенорындарының ұқсас түрлерімен сипатталады. Мұнайгазды бассейн – ұзақ уақыт аралығында төмен майысу жағдайында болған, салдарынан қалың қабатты шөгінділер жиналған көптеген мұнайгазды белдемдер тараған жер қабығының ірі құрылымы.
