- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •9 Газдын геохимиясы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
35 Мұнай-газ тұтқыштары
И.О. Брод бойынша тұтқыш – құрылымдық иілім, стратиграфиялық экран, литологиялық шектелген құрылым түріндегі табиғи резервуардың бір бөлігі. Бұл құрылымдарда флюидтердің қозғалуы бәсеңдеп мұнай жиналу мүмкіншілігі жоғары болады. Тұтқышқа жеткен флюидтер тығыздығына байланысты жіктеліп орналасады, тұтқыштың жоғары бөлігінде газ, одан төмен мұнай, ең астында су.
Тұтқыштарды бірнеше түрге бөлуге болады;
құрылымдық (қатпарлық және жарылымдық дислокациялар)
литологиялық шектелген
стратиграфиялық шектелген
рифогендік
Қатпарлық дислокациялар тұтқыштары әр түрлі жоғары иілген дөңес құрылымдар ретінде белгіленеді (антиклиналдар, диапирлік қатпар, күмбез тәрізді көтерілімдер). Олардың арасында ең көп тарағаны антиклиналдық тұтқыштар. Мұнай және газ шоғырлары көбінесе осы тұтқыштармен байланысты. Құрылымдық тұтқыштардың мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Жекеленген құрылымдардың ауданы 5000 км2 жетеді, қатпардың биіктігі 1000 м дейін болады.
Жарылымдық дислокациялар тұтқыштары антиклиналдар, диапирлік қатпарлар, моноклиналдар шегінде сынғыш тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған жарылу бұзылыстарымен байланысты, әсіресе олар тұзды күмбездер және басқа диапирлік қатпарлар шегінде кең тараған.
Тектоникалық бұзылыстар – лықсымалар, ығыспалар, бастырмалар қатпарларды күрделендіріп, олардың құрылымын өзгертіп, мұнаймен газдың жиналу жағдайларына әсерін тигізеді. Бұзылыстардың айырылым беті (жазықтығы) тектондық экран ролін атқарып, тектоникалық экрандалған тұтқыштарда көптеген жекеленген шоғырлардың пайда болуына әкеледі.
Стратиграфиялық тұтқыштар тау жыныстардың бұрыштық үйлесімсіз жатыс пішіндерімен байланысты. Үйлесімсіз бетінің үстінде флюидтіректі – жапқыш жыныстар орналасады, ал төменгі құрылымда қатпарланған немесе моноклиналды қабаттық резервуарлар болуы қажет. Осындай жағдайда стратиграфиялық экрандалған тұтқыштар пайда болып оларда мұнайгаз шоғырлары қалыптасады.
Литологиялық тұтқыштар пайда болуы коллектор – жыныстардың литологиялық өзгерткіштігімен байланысты: құмдар мен құмтастар қабаттардың өрлеуі бойымен сыналануы, коллекторлардың кеуектілігі мен өткізгіштігінің өзгеруі, жарықшақтығының өзгеруі. Жиірек литологиялық тұтқыштар сазды жыныстар ішіндегі линза тәрізді құмды денелер түрінде белгіленеді, немесе көне өзендердің арна шөгінділерімен байланысты болады.
Риф түзуші организмдердің (коралдар, мшанкалар) тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде жабыны дөңес пішінді риф денелері пайда болуы мүмкін, олар кейінірек флюидтіректі жыныстармен жабылса – риф текті тұтқыштар қалыптасады. Риф текті тұтқыштардың табаны жайпақ, жабыны дөңес пішінді. Бұлар литологиялық тұтқыштардың бір түрі ретінде көптеген аудандарда кең жайылған. Мысалы, Каспий маңы ойпаңының шеткі бөрт белдемдерінде ірі мұнай мен газ шоғырлары риф массивтерімен байланысты.
Тұтқыштарды зерттеп, олардың жіктемесін жасау мәселелерімен көптеген ғалымдар айналысқан.
И.М. Губкин тұтқыштардың құрылымдық және литологиялық түрлерін ғана ажыратуды ұсынған, оның пікірі бойынша стратиграфиялық тұтқыштардың пайда болуы тектоникалық факторлармен қамтамасыз етіледі.
А. Леворсен тұтқыштардың үш типін белгілейді: құрылымдық, стратиграфиялық және олардың қиюласуы (құрылымдық-стратиграфиялық). Литологиялық шектелген тұтқыштарды стратиграфиялық типіне жатқызған.
Н.А. Еременко тұтқыштардың келесі түрлерін ажыратады: қатпарлық дислокациялар, жарылымдық дислокациялар, стратиграфиялық үйлесімсіздік, литологиялық және олардың әртүрлі қиюласу түрлері.
Н.Б. Вассоевич тұйық, жартылай тұйық және тұйықталмаған тұтқыштарды ажыратуды ұсынады. Тұйық және жартылай тұйық түрлері коллектор - жыныстардың сыналану нәтижесінде пайда болады, ал тұйықталмаған тұтқыштар деп құрылымдық типін айтады.
А.А. Бакировтың пікірі бойынша барлық жіктемелерде тұтқыштардың негізгі және ең кең тараған типтері белгіленіп, орын алады – құрылымдық, литологиялық және стратиграфиялық.
