- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •9 Газдын геохимиясы
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
Ұңғыма дегеніміз жер қабығының тау жыныстарын бұрғылау аспаптарымен қазылып диаметрі ұзындығынан айтарлықтай кіші цилиндр пішінді тау қазындысы. Ұңғыманың басталған жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шегі түбі деп аталады. Мұнайгаз бұрғылау ұңғымасының бастапқы диаметрі әдетте 760 мм-ден аспайды, соңғы 93 мм. Арнайы ұңғымалардың диаметрі 5 м-ге жетеді. Ұңғымаларды тік, көлбеу және горизонталь бұрғылайды. Міндеттеріне сәйкес ұңғымалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар тіректік, параметрлік, құрылымдық, іздеу, барлау, пайдалану (өндіру) және арнайы.
Ұңғымалардың жіктемесі.
Тіректік ұңғымалар – ірі аймақтардың геологиялық құрылысын зерттеу, мұнай және газ жиналатын шөгінді тау жыныстары кешендерінің таралу заңдылықтарын анықтау үшін қазылады. Осының нәтижесінде мұнай-газды іздеу-барлау жұмыстардың перспективті бағыты таңдалады.
Тіректік ұңғымаларды бұрғылау нәтижесінде шөгінді тыстың стратиграфиялық қимасын құрастырады, ашылған қиманың геологиялық-геофизикалық сипаттамасын зерттейді, қимада мұнайгазды перспективті қабаттарды белгілейді.
Параметрлік ұңғымалар үлкен тереңдіктердегі тау жыныстарының геологиялық құрылысын зерттеу, қиманың геологиялық-геофизикалық сипатын айқындау, ауданның мұнайгазды перспективасын бағалау және дәлдік іздеу жұмыстарын жүргізетін перспективті аудандарды белгілеу үшін қазылады. Болжау қоры дәләлденеді, мүмкіншілігіне байланысты С2 категеориясы қоры есептеледі. Стратиграфиялық шектерде, мұнайгазды перспективті горизонттардан 20% -ға дейін керн алынады. Бұл интервалдарда шлам 1-5 м сайын алынады.
Құрылымдық ұңғымалар перспективті алаңдарды белгілеу және оларды іздеу бұрғылау жұмыстарына дайындау үшін қазылады. Құрылымдық бұрғылау және геофизикалық зерттеу нәтижелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерін анықтау үшін және құрылымдық картасын тұрғызу үшін қолданылады. . Бұрғылау нысаналы горизонттарға дейін жүргізіліп, солар бойынша құрылымдық карталар жасалады. Егер құрылым айқындалса, іздеу бұрғылауы жүргізіледі. Керн стратиграфиялық бөлімшелердің шектерінен, мұнайгазды горизонттарынан түгелдей алынады, барлығы 10-12%. Шлам мұнайгаз перспективті горизонттарынан 1-5 м сайын алынады. Геофизикалық зерттеулер жүргізіледі, бұрғылау нәтижесі бойынша қиманың мұнайгаздылығы бағаланады.
Іздеу ұңғымалары геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін дайындалған алаңдарда жаңа мұнай мен газды кенорындарын ашу үшін, немесе ашылған кенорындардың шегінде жаңа мұнай мен газ шоғырларын іздеу мақсатымен қазылады. Іздеу ұңғымаларын бұрғылау барысында тау жыныстары үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орнының қимасы мұқият зерттеледі.
Бағалау ұңғымалары мұнайгаз қорын бағалау үшін ақпарат алу және барлау жұмыстарын жүргізудің лайықтылығын дәлелдеу мақсатымен бұрғыланады. Бағалау ұңғымалары қабат жұмысы режимін, кен орнын игерудің технологиясын анықтау үшін қазылады. Бағалау ұңғымаларын бұрғыланғаннан кейін шоғырдың қорын С1 және С2 категориялары бойынша бағалау үшін геологиялық, технологиялық, геохимиялық және кәсіптік-геофизикалық зерттеулер жүргізіледі.
Барлау ұңғымалары өндірістік мұнай мен газ кен орны анықталған алаңдарда оның қорын есептеу, кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.
Барлау ұңғымаларында жүргізілетін зерттеу кешені. Керн мұнайгазбен қаныққан қабаттардан алынады; кәсіптік-геофизикалық зерттеулер, бұрғылау процесінде сынамалар алу және арнайы аспаптармен сынау, мұнай, газ, су сынамаларын алу, өнімді горизонттарды сынау, тереңдік және беткей флюидтерді сынамалау, ұңғымада арнайы зерттеулер жүргізу, өнімді қабаттарда өндіру, пайдалану жұмыстарын жүргізу, бұрын есептелген қорды дәлелдеу, С2 категориясының қорын С1–ге өткізу. Ұңғымалар мақсатты горизонтқа дейін бұрғыланады.
Пайдалану ұңғымалары толық барланған және пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай мен газды өндіру үшін қазылады. Бұл ұңғымалар қатарына бағалау, бақылау, қабатқа сұйық, газ айдаушы ұңғымалар жатады.
Бақылау ұңғымаларын кен орнының игеру режимін үзбей қадағалап отыру үшін қолданады.
Айдау ұңғымалары өнімді қабат қысымын түсірмей, қабатқа су, газ айдап белгілі бір шамада ұстап тұру үшін қолданылады.
Арнайы ұңғымалар өндірістік су қалдықтарын жинау, жер асты газ қоймаларын дайындау, мұнай және газ ашық фонтандарын тоқтатып жою, техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қазылады.
Теңізде ұңғымаларды бұрғылау жасанды табан (іргетас), эстакада, қозғалмалы жүзгіш кеме және арнайы қалқыма платформалардан жүргізіледі.
Бұталы бұрғылау- бір алаңнан (үйінді тасбөгет) тік және бірнеше еңіс бағытталған ұңғыма оқпандарын бір немесе бірнеше өнімді горизонттарды рет-ретімен бұрғылау.
Горизонталь бағытта бұрғылау ұзындығы 3000-4000 м-ге жетеді. Оның бағасы тік ұңғымамен салыстырғанда бірнеше есе қымбат, бірақ жоғары өнімділігімен ақталып шығады.
