- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •9 Газдын геохимиясы
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары өткізгіштік қабілеті нашар және флиюдтерді өткізбейтін жыныстар. Жапқыш тау жыныстарына саздар, аргиллиттер, сазды алевролиттер, сазды әктастар, гипс, ангидрит, тұздар жатады. Жапқыштар таралу ауданы, қалыңдығы, тұтастығы, тығыздығы және басқа ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Таралу ауданына қарай жапқыштар аймақтық, зоналық (белдемдік) және жергілікті болып бөлінеді.
Аймақтық жапқыштарға алабты түгел қамтитын немесе оның айтарлықтай бөлігін қамтитын өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстардың қалың қабаттары жатады. Мысалы, Туран плитасында кең тараған саз – балшықты алаб шөгінділері.
Зоналдық жапқыштар – зона аумағында жайылған қалыңдығы айтарлықтай флюидтерді өткізбейтін жыныстар.
Жергілікті флюидтіректер – бір немесе жақсы орналасқан бірнеше мұнайгаз жыйналымдарын қамтитын, жергілікті құрылымға бағынышты өткізгіштік қабілеті төмен жыныстар.
Литологиялық құрамына байланысты ең көп тараған жапқыштар сазды – балшықты және тұзды - ангидритті жыныстар.
Сазды жапқыштар. Саздардың және сазды жыныстардың физикалық – химиялық, минерологиялық, гранулометриялық сипаттамаларына байланысты олардың экрандау қасиеті әртүрлі болады. Монтморилонитті саздардың экрандау қабілеті жоғары, каолинді саздарда нашарлау болады.
Тау жыныстардың грануламетриялық құрамы, мөлшері, кезектік кеңістігінің құрылысын және мөлшерін анықтай, ал олар, өз ретінде жыныстың кезектілігі мен өткізгіштік қабілетін қамтамасыз етеді. Саздардың тығыздығы көбейсе, олардың өткізгіштігі азаяды.
Сазды жапқыштардың өткізгіштік қабілетіне тигізетін факторлардың ішінде шешуші ролді олардың қалыңдығы атқарады. Жапқыштардың қалыңдығының көбеюі, олардың сапасын жақсартады және биіктігі үлкен шоғырларды ұстап қалуға мүмкіндік туғызады. Мысалы, Уренгай кен орнында биіктігі 176 м шоғыр қалыңдығы 600 м жапқышпен экрандалған. Газли кен орнында биіктігі 215 м газды шоғыр қалыңдығы 104 м жапқышпен жабылған.
Тұзды – ангидритты жапқыштар мұнайгазды провинциялар мен облыстарда кең жайылған. Тұз асты шөгінділерінде Қарашығанақ, Орынбор, Астрахань газды – конденсатты, Теңіз, Жаңажол мұнайлы кен орындарында ашылған. Тұзды қабаттар Каспий маңы ойпаңында Шу – Сарысу ойпаңында кең тараған. Орал алды ойысының төменгі пермь (кунгур) тұзды қабаты Орал тауы бойымен созылған, ауданы 100 000 км2, қалыңдығы 200 ден 1000 м-ге дейін. Тұз қабаттары тараған аймақтар өнеркәсіптік мұнайгаз жыйналымдарымен сипатталады.
Тұзды шөгінділермен бірге, әдетте ангидриттер кездеседі. Ангидриттер тұзбен салыстырғанда сынғыш келеді, сондықтан экрандау қабілеті төменірек. Бірақ олар да, қалыңдығы 10-30 м болғанда мұнайдың кішігірім шоғырларын экрандайды.
34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
Табиғи резервуар деп жапқыш тау жыныстарымен шектелген флюидтерді сыйғызатын коллектордан тұратын құрылымды айтады. Резервуар ішінде флюидтер емін-еркін қозғалыста болады. Табиғи резервуарлардың негізгі үш түрі белгіленеді: қабаттық, массивтік және литологиялық шектелген.
Табиғи жағдайда ең кең тараған қабаттық резервуарлар. Бұл резервуарларда коллектор жыныстары табаны және жабыны бойымен өткізбейтін жыныстармен шектелген. Әдетте қабаттық резервуарлар айтарлықтай ауданда таралған. Қағида бойынша, олар терригенді жыныстар. Кейбір жағдайларда қабаттық резервуарлар жекеленген құрылымдардың дөңес бөлігінде немесе қанаттарында сыналады.
Массивті табиғи резервуарлар қалың қабатты кеуекті, каверналы, жарықшақтанған литологиялық біркелкі немесе біркелкі емес коллектор – жыныстардың жиынтығы, олардың қабаттық резервуарлардан айырмашылығы, флюидтіректі жыныстармен жабыны бойымен шектелген.
Біркелкі массивті резервуарлар әдетте ізбестасты – доломитты қабаттардан тұрады, олардың газбен, мұнаймен және сумен қанығуы бір қалыпты емес. Мұндай резервуарда қабаттардың геологиялық жасы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл массивтердің денесінде өткізгіштігі жоғары және нашар учаскелер байқалады.
Біркелкі емес күрделі массивті резервуарлар айтарлықтай стратиграфиялық интервалды қамтиды. Олардың құрылысында әр түрлі тау жыныстары қатысуы мүмкін; құмдар, құмтастар, ізбестастар. Кейде массивті резервуарларда құмды қабаттар қалыңдығы азғантай сазды қабатшалармен кезектесіп орналасады. Жарықшақтар, жарылу бұзылыстары немесе саздардың экрандау қасиеті тұрақсыздығының арқасында коллектор – қабаттары бірыңғай гидродинамикалық жүйе құрады.
Литологиялық шектелген резервуарларға барлық жағынан флюидтіректі жыныстармен шектелген пішіні линза тәрізді дене түріндегі коллектор – жыныстар жатады. Мысал ретінде көне өзендердің арнасында жыйналған саздар арасындағы құмды денелерді келтіруге болады.
Соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижесінде дәстүрлі екі қабатты резервуарлармен (коллектор – жапқыш) қатар үш элементтен тұратын – коллектор, жалған жапқыш және нағыз жапқыш, резервуарлар (үш қабатты) кең таралғаны белгіленді.
Жер қойнауында табиғи резервуарлардың көп бөлігі сумен толы болады. Мұнай және газ сумен бірге резервуардың ішінде жылжиды. Мұнайдың орын ауыстырып жылжуы алдынан тосқауыл кездескенде ғана тоқтайды. Олар қақпанға түскен тәрізді - тосқауыл алдында мұнай мен газ жиналымы түзіледі. Бұл құрылымдарды тұтқыш (ұстағыш) деп атайды.
