- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •9 Газдын геохимиясы
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар,дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Химиялық құрамы
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;
көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;
химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;
жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "таужыныс газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.
Табиғи газға жататындар
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.:
этан (C2H6),
пропан (C3H8),
бутан (C4H10).
Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
сутек (H2),
күкіртсутек (H2S),
көміртек диоксиді (СО2),
азот (N2),
гелий (Не).
