Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nash_geokhimia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
633.86 Кб
Скачать

30 Тау жыныстардың кеуектілігі

Мұнай мен газды өзіне сыйғызу қабілеті бар тау жыныстары кеуекті болу қажет. Кеуектілік дегеніміз тау жыныстарының жалпы көлемінің кеуек-қуысты бөлігі. Кеуектілік процент мөлшерімен немесе бірліктің бөлігімен белгіленеді. Кеуектілік пайда болу жағдайымен байланысты бірінші (бастапқы) және екінші (соңғы) болып бөлінеді. Бірінші кеуектілік тау жынысы шоғырланып, қалыптасу кезінде пайда болып, құмдарға, құмтастарға, алевролиттерге, оолитті әктас, коралл әктастарына тән.

Екінші кеуектілік тау жынысы қалыптасқаннан кейін жарықшақтар және каверналар түрінде пайда болады. Олар доломиттерде, әктастарда, сирегірек құмтастар және алевролиттерде байқалады.

Кеуектілік жалпы және ашық түріне бөлінеді. Жалпы кеуектілік - барлық кеуек-қуыстардың, жарықшақтардың, каверналардың жиынтық көлемі. Бірімен бірі байланысы бар кеуек-қуыстардың, жарықшақтардың, каверналардың көлемін ашық кеуектілік дейді. Практикада кеуектілік коэфициенті кең қолданылады. Жалпы кеуектіліктің коэфициенті (Кж) – барлық кеуек-қуыстың көлемінің (Vжк) тау жынысының көлемінің Vжк қатынасы Кж = Vжк/Vтж Ашық кеуектіліктің көлемінің (Vак) тау жынысының көлеміне (Vтж) қатынасы – ашық кеуектіліктің коэфициенті Vак/Vтж.

Кеуектілік кеңістіктегі мұнай көлеміннің (Vм) мұнай қабатындағы барлық кеуек-қуыстардың (Vжк) көлеміне қатынасы - мұнайқанығу коэфициенті Кмқ= Vм/ Vжк.

Жалпы кеуектіліктің коэфициенті 0,45 (45%), ашық кеуектіліктің коэфициенті 0,35 (35%) дейін өзгереді. Ашық кеуектіліктің орташа мөлшері құмдарда 20-35, құмтастарда 5-25, әктастарда 1-15, доломиттерде 3-2

Тиімді кеуектілік-қозғалмалы флюидтердің орын алған көлемі, яғни жыныспен байланған судың алып жатқан кеуек-қуыстардың кеңістігісіз, бір-бірінен байланысты, кеуек-қуыстар жүйесінің көлемін сипатайды. Ол мұнай мен газ үшін жыныстық сыйымдылығын анықтайды, яғни шөгінделердің мұнайгазбен қанығуын бейнелейді.

31 Таужыныстардын отімділігі

Өткізгіштік (өтімділік) –тау жыныстардың, қысым ауытқуы бар жағдайда өзінің бойымен сұйық және газ тәрізді флюидтерді өткізу қасиеті. Өткізгіштік ортаның сүзбелену өлшемі болып, коллектордың ең маңызды параметріне жатады. Оның мөлшері жыныстық кеуек-қуыс каналдарының және жарықшақтарының мөлшеріне, иреңділігіне тәуелді болып, қысым ауытқуы мен флюид тұтқырларына тәуелсіз болады.

Өткізкіштік абсолюттік (физикалық), тиімді (фазалық) және салыстырмалы түріне бөлінеді. Абсолюттік-біркелкі инертті сұйық немесе газ үшін, олардың кеуекті ортамен физикалық-химиялық қарым-қатынасы жоқ жағдайда және осы флюидпен жыныстық кеуек-қуыстары толық қаныққан кездегі тау жынысының өткізгіштігі. Абсалюттік өткізгіштікті инертті газбен өлшеу дұрыс (ауа немесе азот қолданады), оны газ өткізгіштік деп атайды.

Тиімді (фазалық)- нақтылы бір сұйықтық немесе газ үшін бірге басқа флюгедтер бар болған жағдайдағы тау жынынысының өткізгіштігі. Мысалы, сумен қанықан жыныстың бойымен газ өткізеді. Бұл табиғи жағдайды бейнелейді, себебі жер қойнауы қабаттарында екі флюид (газ-су, су-мұнай) жиі кездеседі, ал кейде флюид (газ-мұнай-су) болады. Жыныстың қасиеттерін бағалау үшін тиімді өткізкіштіктің маңызы зор.

Тиімді өткізгіштіктің абсолюттік өткізгіштікке қатынасы салыстырмалы өткізкіштіктің мөлшерін көрсетеді.

Абсолюттік және тиімді өткізгіштікті Дарси заңымен анықтайды. Дарси - XIX ғасырдың ортасындағы француз ғалымы флюидтердің фильтрация заңын (Дарси заңы) шығарып ұсынды. Бұл заң бойынша кеуек-қуысты ортада сұйық сүзбеленуінің жылдамдығы сұйықтың динамикалық тұтқырлығына тікелей байланысты: V=Q/F=R(P1-P2)/µL, мұнда V-сүзбелену жылдамғы, Q-жыныс арқылы өткен флюидтің көлемі, F-жыныстың флюид өтетін бетінің ауданы, К-сәйкестік коэффициенті, ол жыныстың өткізгіштік коэффиценті түрінде қарастырылады, Р1және Р2 үлгітасқа кіру және шығу қысымы, µ-динамикалық тұтқырлық, L-үлгітас ұзындығы.

Өткізгіштік коэфициенті K=QLµ/F▲P, мұнда Q-флюидтің көлемі, L-флюидтің жол жүру ұзындығы (үлгітастың ұзындығы, қысым ауытқуы, Р1-үлгітастың алдыңдағы қысым, Р2-үлгітастан кейінгі қысым.

Халықаралық жүйеде Q-м3/с, L-м, µ-Па с F-м2, Р-Па, сонда өткізгіштіr м2 өлшенеді. Нақтылы жыныстарда бұл өлшем өте жоғары, әдетте өткізгіштік микрометрмен (мкм) өлшенеді. Метрлік жүйеде өткізкіштік Дарси (D) белгімен өлшенеді. Дарсидің мыңнан бір бөлігі миллидарси (мD). Бірліктердің өзара байланысы 1D=1,02*10-12м2=1мкм

Жарықшақтық өткізгіштік тау жыныстарындағы жарықшақтармен байланысты, коллекторларда олардың жарықшақтық өткізкіштігі түйіршікаралық өткізгіштіктен көбірек болады. Дала жұмыстарында өткізгіштікті шамалап бағалауға болады: 0,5мD-нашар, 5-10 мD-орташа, 10-100 мD жақсы, 100-1000 мD -өте жақсы. Құмдар мен құмтастарда абсолюттік газ өткізгішті 2-3 Дарсиге жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]