- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •9 Газдын геохимиясы
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
Шөгінді тау жыныстар жер бетіндегі алуан түрлі экзогендік процестер әрекетінен пайда болады. Бұрын пайда болған тау жыныстарының үгіліп ыдыраған бөлшектерінен, судағы химиялық ерітінділердің тұнбасынан, жан-жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарынан құралған жыныстарды шөгінді деп атайды. Кейіннен қожыраған және бопас шөгінділер біртіндеп сомдалады, нығыздалады, сусызданады физика-химиялық процестерге шалынады. Бұның бәрінің басын қосып диагенез (қайта, екінші жаралу) деп атайды. Ақырында шөгінді тас жыныстар пайда болады. Сонымен жаралу тегіне байланысты шөгінді жыныстар үш топқа бөлінеді: сынық-үгінді, органогенді, хемогенді.
Сынық-үгінді жыныстар түпкі тау жыныстарының физикалық әсерлерден тозып, сынып, уатылуынан, үгілуінен, кейін осылардың бір жерде жиналып шөгілуінен пайда болады.
Органогенді жыныстар – су ішіндегі жәндік-жануарлардың, өсімдік қалдықтарынан немесе олардың тіршілікке байланысынан пайда болады.
Химиялық (хемогендік) шөгінділер су ерітінділерінен химиялық элементтер минералдар түрінде тұтынуынан пайда болады. Табиғатта хемогендік және органогендік шөгінділер ұдайы бірге кездеседі.
Шөгінді жыныстардың ең басты түзілімдік кейпі олардың қаттасуы (қабаттасуы). Қаттама (қабат) дегеніміз екі беті жазық дене , олар бір-бірінен тығыздалған бет арқылы жіктеледі. Көл-теңіздер түбінде паралель қаттама түзіледі, су ағысы барда қиғаш қаттасу пайда болады.
Шөгінді жыныстардың практикалық тағы бір маңызды түзілімі кемік-кеуектігі. Ол тау жынысының мұнай, сусынды сұйық, газ заттарды сіңіру қабілетін және үстіне түскен салмаққа төзімділігін көрсетеді.
Шөгінді жыныстардың құрылымы олардың жаралу тегін анықтайды. Үгінді жыныстардың құрылымы сынық-үгінді болады. Сазды-балшықты жыныстар өте майда, көзге ілінбейтін түйіршіктерден тұрады. Оны пелит құрылымды деп атайды. Органогенді-хемогенді жыныстардың құрылымы кристалды (жабық, көзге ілінбейтін түрін пелитоморфты дейді), не аморфты, немесе жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарынан түзілсе органогендік, органогенді-үгінді деп белгілейді.
Сынық-үгінді жыныстар құрамындағы сынықтардың орташа мөлшеріне сәйкес топталады.
Ірі кесекті (псефиттер) құрастыратын сынықтарының мөлшері 2 мм-ден астам.
Құм жыныстар (псаммиттер) үгінділерінің мөлшері 2-1 мм-ден 0,1 мм-ге дейін.
Тозаң жыныстар (алевриттер) үгінділерінің мөлшері 0,1 мм-ден 0,01 мм.
Бұл топтар сынықтардың пішініне байланысты үшкір және жұмыр түрлеріне жіктеледі. Сонымен қатар олар қопсық (борпылдақ) – кесек үгінділері сусымалы, бірікпеген және цементтелген болып бөлінеді. Цементтің құрамы әртүрлі: ізбесті (кальцит), сазды-балшықты, темірлі, кремнийлі.
Сынық-кесектердің мөлшері мен пішініне қарай ірі кесекті шөгінділер былайша жіктеледі:
Қойтас пен жұмыртас, өлшемі 1000 мм-ден асқан үшкір және жұмыр ірі кесектер.
Шақпақтас пен малтатас мөлшері 1000-100 мм, үшкір және жұмыр кесектер.
Сірнетас пен қиыршықтас мөлшері 10-2 мм, үшкір және жұмырланған түйіршіктер.
Цементтелген жыныстар үшкір кесекті жентектас (брекчия), жұмырланған кесекті-конгломераттар, гравелиттер.
Құмдар мен құмтастар, үгінділерінің мөлшері 2-0,1 мм. Олар мономинералды (кварцты), олигомикті (аркоз), полимикті түрлеріне жіктеледі.цементі ізбесті, сазды-балшықты, темірлі, кремнийлі болады.
Құмайт шөгінділер деп түйіршіктерінің мөлшері 0,1-0,01 мм жыныстарды айтады. Сусыма онша бірікпеген жыныстарды алевриттер дейді, цементтелген түрін алевролиттер деп атайды. Алевриттердің жер бетінде көп тарағаны лесс.
Саз-балшықты жыныстар (пелиттер) шөгінді жыныстар арасында ең жайылғаны және жаралу тегінен бір жағынан үгінді, екіншісінен химиялық жыныстарға жатады да бір кесегінің ішінде екеуі де берге табылады.
Пелитті жыныстарды тасқа айналу күйіне байланысты балшықтар және аргиллиттер деп бөледі. Саз-балшықтар суды өзіне сіңіріп, илеуге көнеді. Балшықтардың түсі әртүрлі, құрамына байланысты, каолинитті балшық ақшыл, ақсұр; хлоритті жасылтым түсті; көмірлі қосынды балшықты қара-сұр, қара түске бояйды.
Аргиллиттер диагенезден тасқа айналғандықтан енді сумен бөктіріліп иленбейді. Балшыққа қарағанда түсі қою болады.
Хемогенді және органогенді тау жыныстары су түбінде жаралады да қалыптасу жөнінен өзара байланысты болады. Бұл жыныстарды химиялық құрамына сәйкес жіктейді.
Карбонатты (әктасты) жыныстардан ең көп тарағаны ізбестастар. Олар негізінен кальциттен тұрады, соның физикалық қасиеттерімен салыстырып оңайанықтауға болады. Таза ізбестастың түсі кальцитке сай ақшыл, ақ сұр, сарғыш, қосындыларынан қоңыр, сұр, қара да болады.
Қауызданбаған тары секілді шоғырланған немес радиалды-сәулелі домалақ шоқтарын оолитті ізбестас деп атайды.
Кальцит пен 30-50% саз-балшықтан түзілген ізбестасты мергел деп атайды. Ол ізбестаспен салыстырғанда жұмсағырақ, тұз қышқылын тамызғанда оған ерімеген балшықтан, орнында сұр дақ қалады.
Доломит - өзімен аттас минералдың агрегаты. Ізбестасқа ұқсас, тұз қышқылынан тек ұнтағы ғана быжылдап көпіршиді. Доломит қаныққан су ерітіндісінен тұнады, арасында жәндіктер қалдығы жоқ деуге болады.
Органогенді жыныстарға қабыршақтас, жазғыш ақ бор, коралды ізбестастар жатады.
Галогенді және сульфатты шөгінділер судың қанық ерітінділерінен тұнады, олар бір-бірімен қабаттасып жатады.
Тас тұзды (галит) – кристал түйіршікті не тұтас массалы агрегат. Түсі ақ сұр, әртүрлі қосындылардан қызғылттан қараға дейін өзгереді. Дәмі тұзды, ащы, суда жақсы ериді.
Гипс – көбінесе уақ кристалды, таза болса ақ, қант сияқты. Қосындыларынан сарғыш, қызғылт, сұр түсті.
Ангидрит – ақшаң, көбіне көкшіл, уақ кристалды тығыз агрегат құрады.
