
- •1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
- •4 Мұнай жане табиги газдар пайдалы казындылар
- •5 Коміртегінін геохимиясы
- •6 Мұнай туралы жалпы маліметтер. Физикалық қасиеттері
- •7 Мунайдын химиялык курамы элементті тобтың
- •8 Мұнайдың көмірсутекті емес қосындыларының сипаттамасы.
- •9 Газдын геохимиясы
- •10 Табиги комірсутекті газдар. Физикалык касиеттері. Химиялык курамы
- •11 Газдыконденсатты кс жуйелер
- •12 Мунайдын жіктемесі
- •13 Мұнайдын жаралу тегі
- •14 Мұнай мен газдың пайда болуының бейорганикалық болжамдары
- •15 Мұнайдың жаралу тегінің органикалық теориясы
- •16 Мунайдын жаралу тегінін шогінді миграциялык моделі
- •17 Мұнайдың жаралу процесінің басты фазасы және басты белдемі
- •18 Мұнай онтогенезінің геохимиясы
- •19 Органикалық заттың Диагенез жане Катагенез кезіндегі өзгерісі
- •20 Мунайдын жаралу тегінін сатылары
- •21 Мұнай және газ миграциясы
- •22 Миграция факторлары
- •23 Мг сыйғызушы тау жыныстары.Шөгінді таужыныстары
- •24 Мұнайгазаналық шөгінділер
- •25 Таужыныстардагы органикалык заттар, олардын озерістері
- •26 Мұнайлы жаралу тегіне қолайлы фациялар жане геохимиялык жагдайлар
- •27 Мунай мен газдын пайда болуында, миграциясында жерасты суларынын ролі
- •28 Коллектор жане флюидтіректі таужыныстары
- •29 Тау жыныстардың коллекторлық қасиеттері
- •30 Тау жыныстардың кеуектілігі
- •31 Таужыныстардын отімділігі
- •32 Коллекторлардын жіктемелері
- •33 Флюидтіректі (жапқыш) тау жыныстары
- •34 Табиғи резервуарлар (қоймалар)
- •35 Мұнай-газ тұтқыштары
- •36 Мұнай мен газ шоғырлары
- •37 Туткыштар мен шогырлар жіктемесі
- •38 Шоғырлардың и.О.Брод, а.А.Бакиров,о.К.Баженова бойынша жіктемесі
- •39 Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі
- •40 Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау
- •41 Риф массивтері, олармен мг байланысы
- •43 Жер койнауындагы температура жане кысым
- •44 Мұнай және газ кенорындары
- •49 Мг к/о алынатын коры бойынша жіктемесі
- •50 Мунайдын корын есептеу (колемдік адіс)
- •51 Мг багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер
- •52 Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
- •53 Бургылау жумыстары. Унгымалардын жіктемесі (турлері)
- •54 Мг іздеу-барлау жумыстарынын кезендерімен сатылары
- •55 Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык
- •56 Мг жер койнауында таралуы
- •57 Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша
- •58 Казакстаннын мг провинциялары, облыстары
- •59 Қазақстан мұнай-газды провинциялары
- •60 Каспий маңы провинциясының сипаттамасы
- •61 Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы
- •62 Мг пайда болуынын геодинамикалык моделдері
- •63 Мг пайда болуынын субдукциялык-обдукциялык моделі
- •64 Мг пайда болуынын рифтогенді моделі
- •65 Курылымлык карта, мазмуны, курастыру адістері
- •66 Шогырдын курылымдык картасы бойынша кима курастыру
- •67 Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
- •49 Сурак кесте
Курс бойынша емтихан сұрақтары
1 Мұнай газ геологиясының мақсаты және міндеттері
Геохимия – жер қыртысының химиялық құрамы жайлы және химиялық элементтердің миграциясы, шашырауы және концентрациясы жайлы ғылым. Ең алғаш біздің елімізде ХХ ғасырдың басында пайда болған.
Геохимияның ғылым ретінде құрылуында В.И. Вернадскийдің, А.Е.Ферсманның және В.Н.Гольдшмидтің еңбектері жетекші рольді атқарады.
Геохимиялық зерттеулердің нысаны болып, ең алдымен Жердегі элементтердің атомы болып келеді. Сонымен қатар, геохимия Жерден тысқары – космостық денелерде және жаралымдарда (космохимия) химиялық элементтердің атомдарын зерттейді.
1924 жылы В.И.Вернадский геохимия нені зерттейтінін анықтаған:
1) Жер қыртысының химиялық элементтерін, яғни атомдарын, олардың тарихын, таралуын және кеңістікте – уақытта қозғалуын және олардың генетикалық байланысын;
2) Кейбір элементтердің жер қыртысындағы және оның кейбір бөліктерінде сандық және сапалық таралуын;
3) Элементтердің орын ауыстыру (миграция), шашырау немесе жиналу заңдылықтарын;
4) Жер қыртысының әртүрлі жағдайындағы элементтердің өзара байланыс заңдылықтарын;
5) Тірі заттардың, таужыныстардың, топырақтың құрылысында элементтердің қатысу заңдылығын.
Геохимия атомды зерттеу негізінде пайда болған. Химиялық элемент, минералдардың және таужыныстардың химиялық құрамы, кендерді және пайдалы минералдарды іздеу түсініктері бұрыннан келе жатқан түсініктер. Бұл түсініктер б.э.д. 460-370 ж.ж. Демокриттің, Аристотельдің жұмыстарында және де Авиценнаның (985-1057), Бойлдың (1627-1691), Лавуазьенің (1743-1794) және т.б. жұмыстарында көрсетілген.
2 Каустобиолиттер туралы түсінік
Каустобиолиттер екі қатарға бөлінеді, көмір және мұнай. Мұнай қатарына мұнай және оның туындылары, жанғыш көмірсутекті газдар, битумдар жатады.
Мұнай геологиясында битум деп айқын мұнай тектес табиғи заттарды айтады. Бұл жағдайда олардың физикалық-химиялық қаситеттеріне назар аудармайды. Мұнаймен тектес заттарды қазіргі уақытта тағы да нафтидтер деп атайды (В.Н. Муратов).
Кейде битум деп нейтраль органикалық еріткіштермен шығарылатын органикалық заттар деп түсінеді. Бұл түсінікте олардың жаралу тегіне көңіл бөлмейді. «Битум» терминінен ажырату үшін табиғи органикалық заттардың нейтраль органикалық еріткіштерде (бензол, хлороформ, петролейлі эфир, ацетон) еру қасиеті бар бөлігін Н.Б. Вассоевич битумоид деп атауды ұсынады.
А.А. Карцев мұнаймен айқын байланысы бар битумдарды мұнайлы битумдар деп атаған.. Мұнай тектес басқа табиғи органикалық заттарды, олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарамай, мұнай қатарындағы каустобиолиттерге жатқызған.
«Каустобиолиттер» терминінің авторы неміс ғалымы Г.Потонье, оның ізінше орыс ғалымы И.М. Губкин олардың ішінде келесі түрлерін ажыратуды ұсынады: 1) битум немесе мұнай каустобиолиттер – мұнай битумдары қатары; 2) көмір, немесе гумус қатарындағы каустобиолиттер; 3) липтобиолиттер.
3 Мұнай қатарындағы каустобиолиттер
Каустобиолиттердің битум (мұнай) қатарына мұнайдың барлық түрлері, жанғыш көмірсутекті газдар, мальта, асфальт, озокерит және тау жыныстарындағы нейтраль органикалық сұйықтарда еритін заттар (битумоидтар) жатады.