Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ayym-kursovoy_TSP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
569.11 Кб
Скачать

І БӨЛІМ. ҒИМАРАТТЫҢ ЖЕР АСТЫ БӨЛІГІН ТҰРҒЫЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ЖОСПАР

  1. Жұмыстар көлемдерін анықтау

  2. Жер жұмыстарын жүргізу бойынша құрылыс машиналарын таңдау

  3. Қазаңшұңқырларды қазу бойынша топырақты тасымалдайтын жүк көліктерін таңдау

  4. Жинақтау кранды таңдау

  5. Топырақты өңдеу барысында экскаватор технологиялық схемасын құру

  6. Еңбек шығының, машина уақытының және жұмысшылардың еңбек ақысының калькуляциясы

  7. Жұмыс өндірісінің графигі

  8. Қорытынды

  9. Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Ғимараттың жер асты бөлігін тұрғызу технологиясы ЕНиР Жинақ Е2 «Жер жұмыстары» сәйкес жүргізіледі.

Жер жұмыстарының құрамына келесі процестер кіреді: территория және алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар немесе ұзын орлар қазу, қайырымды топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және жер асты суының деңгейін төмендету.

Үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөлігін салумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік циклдің жұмыстары деп атайды.

Нөлдік цикл жұмысының құрамына әдетте топырақты өндеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді.

Топырақты өңдеуге дейін дайындық жұмыстарын орындайды, олар бөліп берілген территорияда негізгі жұмыстарды орындауға дайындалудан тұрады.

Негізгі жұмыстарды жүзеге асыру барысында құрылыс-алаңының нақты гидрогеологиялық жағдайларында негізгі жұмыстарды орындауды қамтамассыз ету үшін қажет қосалқы жұмыстар жасалады.

Топырақты өңдеу, тасымалдау, үю және жер ғимараттарын өндеумен байланысты жұмыс процестері жиынтығын жер жұмыстары деп атайды.

Кейбір жағдайда осы процестерді тікелей орындауға дайындық және қосалқы жұмыстар бұрын немесе бірге жүргізіледі. Дайындық процестері топырақты өңдеу алдында, ал қосалқы процестер оның алдында әлде жер ғимараттарын жасағанда жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста жер жұмыстары қазаншұнқыр және ұзын ор жасағанда, жолдардың төсімін салғанда және алаңды тегістегенде орындалады.

Осы барлық жер ғимараттары топырақтан ойма немесе одан үйінді жасаумен пайда болады.

Жер жүмыстары құрылыс-жинақтау жүмыстарының құрамында едәуір үлес салмақ алады – жалпы құрылыс кұнынан алғанда 10%, ал еңбек сыйымдылығымен салыстырғанда 20% астам болады.

Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлеміне, жұмысты орындау жағдайына (қазылған топырақты үйіндіге немесе жүк көлікке аудару), топырақты тасымалдау қашықтығына байланысты.

Негізгі жер қазатын машиналарға бір және көп ожаулы экскаваторлар, ал жерді қазып тасымалдайтын машиналарға бульдозерлер және скреперлер жатады.

Бастапқы мәліметтер:

Көп қабатты тұрғын үй

Іргетас табанының деңгейі - 4,720 м

Қазаншұңқыр табанының деңгей – 4,820 м

Қазаншұңқырдың тереңдігі – Н = 4,5 м

Топырақтың түрі – саз

Топырақтың тобы – ІІ

Топырақты тасымалдау арақашықтығы – 5,5 км

Ғимараттың өлшемдері - а = 60 м, b = 9 м

  1. Жұмыстар көлемдерін анықтау

ФЛ - таспалы іргетас плитасы

ФБС – жертөле қабырғаларының іргетас блогтары

ПП – жабынды плита

Темірбетон конструкциясының спецификациясын жинақтау

ФЛ – таспалы іргетас

L – 1180мм

В – 1200мм

Н – 300мм

Масса тонна – 1

ФБС

L – 1180мм

В – 400мм

Н – 580мм

Масса тонна – 0,7

ПП

L – 8860мм

В – 990мм

Н – 220мм

Масса тонна – 2,5

Құрамалы темірбетонның конструкцияларының спецификациясы

1 – кесте

Конструкция

маркалары

Өлшемдері, мм

Марка бойынша салмағы

Бір элементтің

салмағы

Барлық элементтің

салмағы

L

B

H

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ФЛ

1180

1200

300

184

1

184

2

ФБС

1180

400

580

1472

0,7

1030

3

ПП

8860

990

220

120

2,5

300

Көп қабатты тұрғын үй схемасы

Көпқабатты ғимарат

  1. ФЛ – дың ғимарат ұзындығы бойынша элемент санын анықтаймыз:

n1 = * 3, дана

n1 = * 3 = 152,5 ≈ 153 дана

  1. ФЛ – дың ғимарат ені бойынша элемент санын анықтаймыз:

n2 = * 2, дана

n2 = * 2 = 31

  1. Жалпы элемент санын анықтаймыз:

nФЛ = n1 + n2, дана

nФЛ = 153 + 31 = 184

  1. ФБС – тың ғимарат бойынша санын анықтаймыз:

n1 = nФЛ = 184

  1. ФБС – тың биіктік бойынша қатардағы санын анықтаймыз:

n2 = , дана

n2 = = 8

  1. ФБС - тың жалпы элементтер санын анықтаймыз:

nФБС = n1 * n2, дана

nФБС = 184 * 8 = 1472

  1. Жабынды плитаның санын анықтаймыз :

nп.п = a * bп.п * 2, дана

nп.п = 60 * 0,99 * 2 = 119 ≈ 120

    1. Жер жұмыстарының көлемін анықтау

  1. Қазаншұңқырдың көлемін анықтау.

Vқ = [( А + С)(В + D) + AB + CD)], м3

Мұндағы: А – қазаншұңқырдың табаны бойынша ені;

В – қазаншұңқырдың табаны бойынша ұзындығы;

С – қазаншұңқырдың төбесі бойынша ені;

D – қазаншұңқырдың төбесі бойынша ұзындығы;

m – құлама коэффициенті;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]