
Қосымша материал
Әрбір емтихандық жұмысқа пе риодтық кесте, ерігіштік кестесін, калькулятор қолдануға рұқсат етіледі.
Жүргізу ережесі
Тест жүргізіліп жатқан кезде оқу кабинетіндегі барлық көрнекіліктер: диаграмма, сызба, постер, плакаттар мен карталарды жауып қою қажет, себебі олар тест уақытында дұрыс жауапты еске түсіруі мүмкін.
Тест жүргізуді бастамас бұрын нұсқаулық бетінде көрсетілген жұмысқа бөлінген уақытпен оқушыларды таныстыру. Тест уақытында оқушыларға өзара сөйлесуге болмайтынын ескерту қажет. Сіз оқушыларды нұсқаулықпен таныстырып болған соң, тест басталар алдында оларға сұрақ қоя отырып, нұсқаулықпен барлық оқушылардың түсінгендігіне көз жеткізіңіз.
Тест уақытында барлық оқушылардың жеке өз бетінше жұмыс жасап жатқандығына көз жеткізіңіз. Осы уақытта олар бір – бірімен сөйлеспей және бірінен –бірі көшірмеуі қажет.
Тест уақытында қосымша көмек болып табылатын ресурстар, мысалы; ( калькулятор, сөздік) болмауына көз жеткізіңіз, (спецификация бойынша осы ресурстар рұқсат берілетін жағдайдан басқа).
Қажетсіз болып табылатын жауаптарды өшіргішпен өшірмей тек сыза салу керектігін ескертіңіз.
Тест кезінде тек қана нұсқаулық пен орындау уақытына байланысты сұрақтарға ғана жауап беріңіз. Оқушыға берілген тапсырманы оқуға, дұрыс жазылуына көмек беруге, сұрақтарды өңдеуге, кез келген мәліметті беруге болмайды, себебі осының бәрі әділсіздік болып табылады.
Тесті уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда оқушыға хабарлау керек.
Тест аяқталғаннан кейін сынып оқушыларынан жұмысты тоқтуын талап етіп, қаламсаптары мен қарындаштарын партаға қоюын қадағалаңыз.
Балл қою және стандарттау
Барлық мұғалімдер балл қою кезінде барлығына ортақ стандарттау процесі бойынша қойылған бағалаудың бірдей сызбасын қолданады.
Стандарттау процесі бойынша қойылған бағалаудың бірдей сызбасында қателіктер мен ауытқулар болмас үшін, балл қою процесінде мұғалімдердің қойған балдары тексеріледі.