Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пайдалы бактерия жайында мәлімет.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
539.57 Кб
Скачать

Көмірқышқылдардың лимон қышқылына дейін ашылуы.

Көмірқышқылдардың лимон қышқылына дейін ашылуы. Қанттың лимон қышқылына айналуында зең саңырауқұлақтары, оның ішінде аспергиллус нигер негізгі роль атқарады. Сондықтан бұл микроорганизм техникалық жолмен қанттан лимон қышқылын алуда кеңінен қолданылады. Соңғы кездерге дейін лимон қышқылы лимон жемісінен алынатын. Онда 7—9%-тей лимон қышқылы болады. Едәуір мөлшерде лимон кышқылын өндіру үшін көп мөлшерде лимон жемісі қажет болар еді және лимон қышқылын бұлай өндіру өнеркәсіп үшін экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан да ғылым бүл мәселені микроорганизмдерді пайдалана отырып шешу керектігін үсынды. Лимон қышқылын алу үшін алдымен аспергиллус нигерді қүрамында 20% қанты бар, 0,3% азот қышқыл аммоний түзы бар қоректік ортада +30—32°-та өсіреді. Екі тәуліктен кейін бүл ортаның бетінде саңырауқүлақ қалың қыртыс түзіп өседі. Осы кезде оның астындағы коректік ортаны ағызып алады да саңырауқүлақты кайнатылып суытылған сумен жуады. Осы ыдысқа енді таза, алдын ала қайнатылған қүрамында қоректік түздары жоқ таза қант ерітіндісін құяды. Осы кезде саңырауқұлақ қанттан лимон қышқылын тез арада түзе бастайды. Мүндағы ашыту үшін салынған қанттың 50—60%-тейі лимон қышқылына айналады. Бұдан әрі оны тазартады да техникалық қажетке жұмсайды. Лимон қышқылымен бірге ерітіндіде көбінесе кымыздық қышқылы да түзіледі. Бұл процестің биохимиялық табиғаты жөнінде ғылымда бірқатар көзқарастар бар. Бірак қай-қайсысы болмасын бүл құбылысты әлі толық дәлелдей алмай отыр.

Азот бактериясы Азот бактерий

Azotobacter

Азот бактериясы — атмосферадағы азотты биологиялық жолмен топыраққа қайта сіңдіретін микроорганизмдердің бір тобы. Бұларды алғаш рет француз ғалымдары 1882 жылы М.Жоден, 1885 жылы М.Бертло анықтаған. 1893 жылы орыс ғалымы С.Н.Виноградский азот сіңіруші микроорганизмді таза күйінде бөліп алған, ал 1901 жылы Голландия ғалымы М.Бейеринк аэробты бактерияларды тапқан. Азот бактериясы 2 үлкен топқа бөлінеді: жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырында түйнек түзетіндер (қ. Симбиоз); топырақта бос күйінде кездесетіндер. Қазіргі кезде соңғысының 30-дан астам түрі белгілі. Азот бактериясының пішіні таяқша тәрізді, ұзындығы 2-3 мкм, диам. 4-6 мкм. Сырты қабықшамен қоршалған. Кейде бұлардың сыртында қатты қалың қабығы (циста) болады. Азот бактериясының көпшілігі аэробты, яғни ауа бар жерде тіршілік етеді. Аммоний тұздарын, нитриттерді, нитраттарды, амин қышқылдарын қорек етеді. Ауадағы азотты бойына сіңіріп, оны өсімдік тамырларына қажет қосылыстарға айналдырады да, әртүрлі витаминдер, ауксиндер бөліп шығарып, өсімдіктің өсуін жақсартады. Азот бактерияның арасында спора түзетін бактериялар, яғни анаэробтылары да кездеседі. Олардың ұзындығы 1,5-8 мкм. Бұлардың белсенділігі аэробты бактериялармен салыстырғанда төмендеу болады. Ауадағы молекула азоттың басқа химиялық элементтермен әрекеттесуі азот бактериясының клеткаларында ғана жүреді. Өсімдіктердің азотқа тапшылығын табиғи жолмен қамтамасыз ету үшін азот бактериясынан түрлі тыңайтқыштар алынады. Осы тыңайтқыштармен өсімдіктер тұқымын, ағаш қалемшелерін дәрілейді. Соның нәтижесінде өсімдіктердің өсуі жылдамдап, өнімділігі артады.