- •Мазмұны
- •Архивтеу программалары
- •Архивтік файл
- •Zip архиваторларының командалары және кілттері
- •Файлды архивке енгізу
- •Файлдардың қысу деңгейін көрсету
- •Архивтік файлдардың аттары
- •Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші программалар
- •Архивтік программалардың режимі
- •Файлдарды архивке орналастыру
- •Архивтік файлдарды өңдеу режимдері
- •Файлдарды архивке енгізу
- •Өздігінен жинақталатын архивтегі файлды құру
- •Дискте бар файлдың режимде орналасуы
- •Каталогтың астындағы архивтелген файлдар
- •Мазмұнын шығару форматы
- •Файлды информацияда сорттау
- •Архивтің дұрыстығын тексеру
- •Зақымдалған архивтерді қалпына келтіру
- •Архивтің қоректену кезінде өшірілуі
- •Парольдың көмегімен файлдарды қорғау
- •Архивке файлды қосу
- •Файлдарды архивтен алу
- •Файлдарды уақытпен таңдау және оларды өзгерту
- •Архиватор zip for Windows
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Архивтік файлдарды өңдеу режимдері
PKZIP және ARJ программасында файлдарды архивтеудің үш негізгі режимі бар. Олар:
1. Add – архивке барлық файлдарды енгізу (А командасы );
2. Update – архивке тек жаңа файлдарды енгізу (U командасы );
3. Freshen – архивке тек бұрынғы қысылған нұсқасынан өзгертілген файлдардың жаңа версияларын енгізу (F командасы);
|
PKZIP |
ARJ |
|
AD-D Up- Date Freshen |
По Умолчанию Режим -U Режим-F |
Команда команда команда |
|
Файлдарды архивке енгізу
Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшірмесін емес, өзін толық күйде жібереді. Яғни дискіде ол файл жойылады. Файлды архивке осылай ауыстыру үшін PKZIP және ARJ программасының келесі -D режимі (A,U,F командаларымен бірге көрсетіледі) немесе M командасы жеке режимсіз қолданылады. Айта кететін жайт, D – A командасының режимі болып табылады. Ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлды тек архив ішінде ғана сақтайды. онымен, мына екі команданың орындайтын қызметі бірдей: arj m student немесе arj a -d student.
Ескерту:
1.Егер файлдарды архивтеу кезінде қате кетсе, онда бұрынғы файлдар жойылмайды.
2.Файлдарды архивке ығыстырып жіберу дискідегі орынды үнемдейді. Көбінесе сирек қолданылатын файлдар мен мәліметтерді тек архивке сақтап, керек кезінде оларды архивтен шығарып алу тәсілі жиі кездеседі. Файлдарды архивке жіберіп ARJ программасын қолдану барысында -jtl – режимін көрсету керек.
Ол бұрынғы файлды өшірер алдында архивте көшірмесе бар файлдармен салыстырылады.
Файлдарды архивтен шығарып алу
Жоғарыда айтылғандай PKZIP программасымен жасалған файлдарды архивтен шығарып алу үшін, PKUNZIP программасын пайдаланамыз. Ал ARJ программасы архивтен файлдарды өзі шығара алады. PKUNZIP және ARJ программасының файлдарды шақыру форматы:
PKUNZIP архив атының режимі файл аттары …
APJ архив атының режимдері командасы (каталог Х) [файл аты] …
Команда параметрлері:
ARJ программасы орындайтын, бір әріптен тұратын әрекет.
Мысалы:
Е – архивтен файлдарды шығарып алу;
Х – архивтелген файлдарды каталогтен шығару;
Режимдер - программа талап еткен әрекеттерді анықтайды және тапсырады. “ - “ немесе “ / “ белгілерімен беріледі.
Каталог - архивтен шығарылатын файлдарды орналастырады.
Егер каталог көрсетілмесе, онда текущий каталогты аламыз.
Файл аттары - архивтен қандай файлдар шығарылғанын көрсетеді. Файлға ат берер кезде * және ? символдарын пайдалануға болады. Командаларды енгізгеннен кейін архив программалары архивтен файлдарды шығарады. Экранда шығарылған файлдың аттары көрсетіледі. PKZIP программасында файлдарды архивтен шығарғанда “\“ символының орнына “/“ символын пайдаланамыз. Ол каталогтың атын файл аттарынан бөліп тұрады.
