Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
eldos oib.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
348.16 Кб
Скачать

Архивтік файлдардың аттары

PKZIP / PKUNZIP және ARJ архивтік файл программалардың аттары төмендегідей кеңейтіледі:

ZIP - PKZIP / PKUNZIP программаларының архивтік файлдары көп томды архивтеуде архивтің жалғасы мынадай кеңейту А01, А02, т.с.с болады. ARJ – ARJ программаларының архивтік файлдары.

Архивтеу программасын қолдану кезінде архивтер кеңейтудің аттарын ( имена ) түсінеді. Егер архивтік файлдар үшін кеңейтілуі көрсеетілмесе, онда .ZIP программалары PKZIP / PKUNZIP және ARJ программасы – ARJ прграммасы үшін кеңейтілуін түсінеді.

Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші программалар

ARJ программасы өзінің архивтелуін қамтамасыз ету үшін барлық функцияларды орындайды. Ол файлдарды архивтейді, файлдарды архивтен шығарып алады.

Ал ZIP файлдары үшін әртүрлі программалар орындалады:

PKZIP - файлдарды архивке кіргізу

PKUNZIP – файлдарды архивтен шығару

РК ZIP FIX – зақымдалған архивтік файлдарды қайта жаңарту

ZIP 2 EXE - өздігінен айналатын файл cонымен қатар осы программаларды құрушылар мен тәуелсіз программистер архивті өңдеу үшін әртүрлі көмекші программалар пайдалануға болады. Мысалы:

PK FIND - .ZIP архивте және дискіде файлдарды іздеу.

REARJ - барлық архивтерді .ARJ архивіне түрлендіру.

ARJ SORT - .ARJ архивтерді іріктеу

ARCVIEW – архивтерді диалогты модификациялау және көру.

Архивтік программалардың режимі

PKZIP / PKUNZIP және ARJ программаларының үлкен функционалдық саны бар, шақырылу программасының көмегімен командалық жолда керек функция орындалады.

ARJ функциялық программасы код тапсырмасы арқылы орындалады. Код командасы – бір әріп, командалық бағанға программаның атынан көрсетіледі.

Мысалы:

А - архивке файлды қосу.

Т - архивтің тестіленуі (тексерілуі)

Е – архивтен шығарылған файл

ARJ программасынан қандай қимылдар талап етіледі? Бұл сұрақты режимге қоюға болады. Режимдер командалық жолдың кез келген жерінде командалық саннан кейін “ – “ :-V, -М немесе (т.б таңбалар өткен белгімен) “ / “ : /V , /M және т.б өткен белгілермен қойылады. Алайда, бұл екі әдісті бір командалық жолда араластыруға болмайды.

PKZIP / PKUNZIP функцианалдық программалары тек қана режим көрсетулерінің көмегімен орындалады. Режимдер программаларының атынан кейін командалық жолдың кез келген жерінде көрсетілуі мүмкін. Олар “ – “ немесе “/ “ белгісімен қойылады.

Файлдарды архивке орналастыру

Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланылады:

PKZIP режимдік архивтің аты [файлдың аты ... ARJ архив аты режимнің командасы (каталог/) [файлдың аты...

Команда параметрлері:

Команда – ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы:

А - архивке файлды қосу, М - файлы архивке жіберу т.с.с;

Режимдер - “-“ немесе “/“ таңбаларымен басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды немесе анықтайды.

Архивтің аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, онда ол .ZIP кеңейтуі PKZIP және ARJ программасын түсінеді.

Каталог – архивке енгізілуге (шығарылуға) тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты көрсете отырып, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.

Файл аттары – архивке енгізілетін (шығарылатын ) файл аттары.

Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және*) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді. Команданы енгізгеннен кейін архивтеу программалары өзіміз сұраған әрекеттерді орындай бастайды. Экранда архивтік файлдарға кіргізетін аттар шығады.

Файлдардың қысу деңгейін көрсету:

Келісім бойынша, ARJ программасы жылдам жұмыс істеп, файлдарды ең жоғарғы деңгейге жақын күйде қысады.

Бірақ өз қалауымызша мүмкіндігінше жоғарғы деңгейде (бірнеше % - ке жоғары) қысу режимін пайдалануға болады. Ол әдеттегідей көбірек уақытқа созылып, баяулау орындалады. ARJ программасының бұл режимі - JM әріптерімен беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]