- •Мазмұны
- •Архивтеу программалары
- •Архивтік файл
- •Zip архиваторларының командалары және кілттері
- •Файлды архивке енгізу
- •Файлдардың қысу деңгейін көрсету
- •Архивтік файлдардың аттары
- •Архивтік файлдарға қызмет көрсетуші программалар
- •Архивтік программалардың режимі
- •Файлдарды архивке орналастыру
- •Архивтік файлдарды өңдеу режимдері
- •Файлдарды архивке енгізу
- •Өздігінен жинақталатын архивтегі файлды құру
- •Дискте бар файлдың режимде орналасуы
- •Каталогтың астындағы архивтелген файлдар
- •Мазмұнын шығару форматы
- •Файлды информацияда сорттау
- •Архивтің дұрыстығын тексеру
- •Зақымдалған архивтерді қалпына келтіру
- •Архивтің қоректену кезінде өшірілуі
- •Парольдың көмегімен файлдарды қорғау
- •Архивке файлды қосу
- •Файлдарды архивтен алу
- •Файлдарды уақытпен таңдау және оларды өзгерту
- •Архиватор zip for Windows
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Архивтік файл
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әр бір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
- файлдың аты;
- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
- файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шарт таңбасы.
ARJ программасы көп томды архивтерді жасай алады.
Олар дискетадағы үлкен комплексті файлдарды архивтеу үшін жасалған.
Zip архиваторларының командалары және кілттері
Программа екі негізгі файлдан тұрады:
PKZIP – файлдарды архивке енгізу (кіргізу) программасы PKUNZIP – файлдарды архивтен шығару программасы PKZIP/ PKUNZIP программасының өте үлкен функциялары бар. PKZIP/ PKUNZIP программаларының функциялық тапсырмасы көрсетілген режимнің көмегімен іске асырылады. Режимдер программаның атынан кейінгі командалық жолдың кез келген жерінде көрсетіледі. Режим “-“ немесе “ / “ белгісімен көрсетіледі.
WinZip 7.0
Файлды архивке енгізу
Ең алдымен файлды архивке енгізу үшін PKZIP режимді архивтің аты (файлдың аты).
Режимдер – “ – “ немесе “\” таңбаларымен басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды немесе анықтайды.
Файлдың аттары – архивтерге енгізілетін файлдардың аттары.
Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және *) қолдануға болады. Егер файлдардың аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтардың барлық файлдары өңделеді.
Ескерту:
“* “, “? ”белгісі тұрған орында кез келген белгілеулер қолданылады.
Мысалы:
game * - барлық файлдар game атпен архивтеледі дегенді білдіреді. (game.exe , game. sav, game. cfg ) .ga* sav - алғашқы екі әрпі де (game. sav және sav ) кеңейтілуімен (?белгісі)
2. game .? a ? - game атты барлық файл ортасында “а’’ түрде кеңейтілген (game. sav, game. bat) game ??? * - барлық функциялардың аттары алғашқы 4 әріп game және осы 4 әріптен кейінгі “*”- ты кез келген символмен кеңейтуге болады.
Команданы енгізгеннен кейін жинақтағыш программалар сұраныс жасаған әрекеттерді орындайды, экранда архивтеуге кіргізетін файлдардың аттары шығады. Әрбір файлдарды қысу кезінде файлдардың өңделген бөлігінің % - і шығады. Әр файлдарды қысу аяқталған кезде ол файлдың атына қарама–қарсы қысу дәрежесі хабарланады. Мысалы: PKZIP. Exe файлын жинақтағанда экранда төмендегідей жазу шығады:
Adding: PKZIP. EXE Deflating ( 36% ), done.
Файлдардың қысу деңгейін көрсету
PKZIP программасы жұмыстың жеткілікті үлкен жылдамдығын және максималды қысу дәрежесіне жақынырақ жеткізуді (бірнеше % жоғары) және қысу дәрежесінің аз бөлігін қамтамасыз етеді. Программа кілтпен максималды қысу дәрежесі кезінде баяу жұмыс істейді. Керісінше кілтпен аз қысу кезінде қысу дәрежесі тезірек жұмыс істейді.
Кілттер:
«-ex» - максималды дәреже
«-en» - орташа (кәдуелгі) дәреже
«-es» - аз дәреже
