- •1.1. Микронесиелік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
- •1.2. Микронесиелік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
- •1.3. Микронесиелік ұйымдардың қатынастары
- •2.1. Микронесиелік ұйымдардың қызмет негіздері
- •2.2. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері
- •2.3. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
- •3.1. Микронесиелік ұйымдарды дамытудың перспективалары
2.3. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
Қазақстан Республикасында шағын қаржыландыру 90 жылдарда пайда болды. 20-шы ғасырда микронесиелеу бағдарламалары түрінде көрініс тапты. Бұл бағдарламалар қорлар, микронесиелік ұйымдар, несиелік ұйымдар арқылы беріледі. Әдетте, аталған ұйымдар коммерциялық емес болып табылады.
ҚР-да микронесиелік бағдарламалардың негізгі белгілері:
несие мөлшері – салыстырмалы түрде кішігірім;
мақсатты пайдаланушылар – аз деңгейлі кірісі бар үй шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік субъектілері;
несие берілетін мерзім - негізінен, қысқамерзімді;
несиені пайдалану – кіріс алу және бизнесті дамыту, сонымен қатар білім алу, медициналық қызметтер және т.б. алу мақсатында;
несиенің шарттары – көбінесе қандай да бір одақтастықтың жергілікті жағдайларына сай келетін кредиттер берудегі икемді шарттар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қолданылатын микронесиелеу схемаларын екі негізгі түрге бөлуге болады:
Жекелей несиелеу – банктік несиелеудің стандартты процедурасынан кейінгі және клиент бизнесінің тіршілігін, оның несиелік тарихы мен онда бар кеңестерді бағалауға негізделетін шағын несиелеу схемасы. Несиелеудің осы схемасында әдетте кепілдік мүлікті ұсыну немесе дефолт жағдайында несие бойынша бірге (субсидиарлы) жауапты тұлғаның болу қажеттілігі пайда болады.
Топтық несиелеу – аталмыш схема сонымен қатар «Грэмин банкінің үлгісі» деп аталады. Оның негізі топтық кепілдік болып табылады. несие несиелердің бірі-бірінің кепілдері болып табылатын тұлғалар тобына беріледі. Топтар өздері өз топтарының мүшелерін таңдайды және осындай өзара қарым-қатынастар топтағы серіктестік қысым жасауға мүмкіндік береді, бұл несие бойынша уақтылы төлемдерді қамтамасыз етуге көмектеседі, сонымен қатар өздерінің Клиенттерін мұқият іріктеу мен мониторингі бойынша шағын қаржылық ұйымдардың шығындарын қысқартады.
Микронесиелеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микронесиелік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микронесиелік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде несиеер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.
Микроқаржылық ұйымдар табыстары төмен адамдарға қызмет көрсетеді. Микроқаржылық секторда делдалдық бөлшек саудамен айналысқандар да, әртүрлі ұйымдар потенциалды МҚҰ-дар деп қарастыруға болады. бірақ, МҚҰ ұғымы екінші деңгейдегі банктердің қызметін және бағалы қағаздар нарығы мен қор нарығының қызмет түрімен шектеледі.
Формалды секторға жататын ұйымдар, мемлекеттік банктер мен жеке компаниялар банктік қадағалау мен реттеуге жатады. Осыған қарамастан, ауылшаруашылық және пошталық банктер кедей адамдардың қаржылық қызметті алу жағдайын жақсартса да, олар көптеген микроқаржыландыру ұйымдарының инкубаторы ретінде жартылай формалды секторға жатады. Осы сектордың мысалы ретінде несиелік одақтарды арнайы МЕҚҰ ауылдық банктерді, кооперативтерді жатқызуға болады. формальды емес секторда өсім берушілер, саудагерлер, формальды емес несиелік және жинақтау ассоциациялары негізгі, әрі қымбат қаржы қызметтерін көрсетеді.
Елде қалыптасқан жағдайларға сәйкес қаржылық қызмет көрсететін формальды, формальсыз ұйымдардың комбинацияларын көруге де болады.
Бұл ұйымдардың миссияларының айырмашылықтарын әртүрлі сектораныа қарамастан (пайда табуында, табысы аз халық топтарының әлеуметтік қызмет көрсетуден айырмашылыққа қарамастан) барлық микроқаржыландыру ұйымдары өздеріне тән жалпы ерекшеліктерімен сипатталады:
басқару жүйесі;
жекешелік формасы (акционерлер мен салымшылар)
еңбек ресурстары;
өнім және кезең;
ақпараттық басқару жүйесі және қаржылық басқару жүйесі;
МҚҰ-ның басқаруындағы тиімді көрсеткіштер, өз ісіне бекем басшылық, микроқаржыландыру ұйымдарының миссиясын айқын анықтау, директорлар кеңесінің мамандықтары және барлық қызметкерлердің жауапкершілігі мен адалдығы. Микроқаржыландыру ұйымдарының негізгі ресурсы экономикалық ынталандыруды дұрыс қолданатын алғыр, дарынды мамандар болып табылады. Басқару тікелей меншікпен тығыз байланысты. Микроқаржыландырулар ұйымдары акционерлердің алдында есеп беруі қажет. Қаржылық өнімдер, ақпараттық басқару жүйесі, есептілік пен қаржылық перспективалар барлық бір нарықта қызмет ететін микроқаржыландыру ұйымдарына тән. Несиелерді, клиенттерді және филиалдарды басқару да барлық микроқаржыландыру ұйымдарына сәйкес.
Осыған қарамастан формалды емес жинақтау ассоциацияларының, коммерциялық банктердің алдында микроқаржыландыру қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсаты тұр. Әртүрлі ұйымдар қызмет көрсету кезінде көптеген мәселелермен кездеседі.
Микроқаржылық қызмет көрсетуде формальды емес жинақтық ассоциациялар да ірі коммерциялық банктер де әртүрлі кедергілерге ұшырайды. Мысалы, микроқаржылық ұйымдар банктер донорлардан қаржылындырылса, коммерциялық банктерге сол кезеңде қызмет мәдениетін өзгерту қажет болады.
Бюджеттік субвенциялар бюджеттік алулар секілді жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады және жергілікті бюджеттердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін түзетуге және Бюджет кодексінде әрбір бюджет деңгейіне бекітілген шығыстар бағытына сәйкес мемлекеттік қызметтің стандартты деңгейін ұсыну үшін тең фискалды мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі үш жылдық кезеңге жылдарға бөлініп абсолюттік бірлікпен белгіленеді: республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасында – Қазақстан Республикасының заңымен; облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасында – облыстық мәслихат шешімімен.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі әр үш жыл сайын өзгеріске ұшырайды. Төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі тиісті жергілікті бюджеттің табысы мен шығыны көлемі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Табыстың болжамды көлемі шығынның болжамды көлемінен артқан жағдайда, жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар белгіленеді. Шығынның болжамды көлемі жергілікті бюджет табысының болжамды көлемінен артқан жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді. Табыстың болжамды көлемі өңірдің салықтық потенциалын ескере отырып және бюджет деңгейі арасындағы түсімдерді бөлу негізінде есептелінеді. Жергілікті бюджеттер шығының болжамды көлемі оларды ағымдағы бюджеттік бағдарламаға және бюджеттік даму бағдарламасына бөлуді, бюджеттік қамтамасыз етілуін, бекітілетін заттай нормаларды ескере отырып және бюджет деңгейі арасында шығысты бөлу негізінде есептелінеді.
Микрокредит берудің басымдықты мақсаты экономикасы көшпелі елдердегі сияқты,Қазақстанда да кедейшілікпен күресу емес, керісінше халықтың экономикалық белсенді санатындағыларының кәсіпкерлік бастамашылықтарын қолдау болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан микрокредит секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның жұмыс істеуіне жағдай жасау, орнықтылығын арттыру, шағын кәсіпкерлік пен халықтың қаржылай қолдау көрсету қызметтермен қамтылуын кеңейту қажеттілігі маңызды аспект болып табылады. Қазақстан жағдайында микроқаржыландыру жүйесіндамыту мен оны практикада қолдануда әр елдегі халықаралық микрокредиттеутәжірибелері неізге алынды. Қазақстан Республикасында микрокредит беру жүйесі 1990-шы жылдардың ортасында пайда болды. Халықаралық жобалар шеңберінде құрылып, кейіннен қоғамдық қор болып қайта құрылған коммерциялық емес ұйымдар бірінші микроқаржы ұйымдары болған. Олар кедейшілікті жеңу және жобалық аймақтардағы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді алдарына міндет етіп, шектеулі аумақта халықтың белгілі бір мақсатты тобына халықаралық донорлар дереккөздерін пайдаланып, микрокредит берумен айналысқан.
Шағын бизнесті дамыту және микроқаржы ұйымдарын көлеңкелі сектордан алып шығу мақсатында, 2003 жылдың 6–наурызында «Микронесиелік ұйымдар туралы» ҚР заңы қабылданды. Оның басты мақсаты Заңның бірінші редакциясында анықталғандай, микроредитті алушылар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы керектігіне байланысты, кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдіруші тұлғаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болатын. Қазіргі уақытта осы шектеулі талаптар заң жүзінде алынып тасталды. 2011 жылғы 28 қаңтарда Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолауында: еліміздегі ауылдық елді мекендердің жоғары әлеуетін қамтамасыз ету мен ауылдық инфрақұрылыдарды дамыту, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, кәсіперлік жаңашылдықтарды оқытуды ұйымдастыруда микрокреиттік бағдарламаның маңызды екендігін және олардың оң нәтиже көрсете бастағандығын атап өткен болатын. Дегенмен, Елбасы қазіргі кездегі микрокредиттік мекемелердің басым бөлігінің тұтыну мақсатындағы қызметтер көрсететіндігін және болашақта бұл мекемелердің қызмет ету бағытын өзгертуі арқылы олардың ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталуы керек екендігі баса айтылды. 2010 жылдың ақпан айында Қазақстан Респбликасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко микрокредиттікмекемелердің жұмысы туралы мәселе қозғады. Онда қаржылық бақылау агенттігі мен Ұлттық банктің бұл секорды бақылаудан бас тарта отырып, олардың дамуы үшін кәсіпорындарға уақыттың қажет екендігі айтылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы шеңберінде жасалған Қазақстандағы микроқаржыландыру мәселесіне арналған есепте, елдегі микроқаржыландыруға қатыса алатын клиенттердің тек жартысына ғана аталған бағдарлама бойынша қызмет көрсетіліп келетіндігі анықталған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Еуропамен ТМД елдері үшін аймақтық бюросының директоры Калман Мижей «Соңғы 30 жыл ішінде әлемдегі микроқаржыландыру ұйымдары кедейлердің өміріне нақты өзгерістер енгізіп, оларға тұрмыс деңгейін көтеруге және жеке меншіктерідің санын көбейтуге мүмкіндіктер берді. Сондықтан Қазақстандағы кедей адамдардың да қаржы қызметтеріне қол жеткізуі даму саласында жұмыс істейтін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы үшін де бұл ретте басты әрі маңызды мәселе» дейді. Сондай-ақ Калман Мижей мырза Қазақстандағы микроқаржыландыру мәселесіндегі негізгі проблемалар ретінде аталған қызметтің кедей азаматтарға жетпей жатқандығы мен бұл жоба бойынша қаржыландыру шеңберін кеңейту қажеттігін айтады. Ал Қазақстан микроқаржыландыру ұйымдары қауымдастығының президенті Шалқар Жүсіпов Қазақстан сияқты халқы аз қоныстанған елдің бұл мәселедегі ең өзекті проблемасы - басым бөлігі кедейшілік деңгейінде өмір сүріп отырған ауылдық аймақтарды микроқаржыландыру қызметімен қамту болып отыр дейді. Дегенмен, Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының директоры Бекет Көпбосынов бұл мәселеге қазір мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп отырғандықтан ауылдағы елді мекендерге дейін микроқаржыландыру қызметімен қамту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтады. Алайда жалпы Қазақстандағы микроқаржыландыру жүйесін жетілдіру үшін ең алдымен бұл ретте аталған саланың заңнамалық жағынан уақыт талабына сай болуын қолға алуымыз қажет дейді Қазақстан микроқаржыландыру ұйымдары қауымдастығының президенті Шалқар Жүсіпов. Сондай-ақ қазақстандық мамандар Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы әзірлеген Қазақстандағы микроқаржыландыру мәселесіне арналған толық мәліметтерді қамтитын «Қазақстандағы микроқаржыландыру: баршаға арналған мүмкіндіктер» атты есебімен өздерінің келісетін де, келіспейтін де тұстары бар екенін айтады.
Микрокредиттік мекемелердің тіркелу тенденциясын ескере отырып, олардың
қызметтеріне 2006-2009 жылдар аралығында сұраныстың өте жоғары болғандығын байқауға болады. Қазақстан Респбликасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылдың шілде айында еліміздегі тіркелген микрокредиттік мекемердің саны 1735 болды. Егер 2006 жылы микрокредиттік мекемелердің саны 356 болса, 2007 жылы-730, ал 2008 жылғы жағдай бойынша 1086 микрокредиттік ұйымдар, 2009 жылы 1712 ге артып отыр, бұл шамамен жылына 300 микрокредиттік мекемеге артып отырғандығын көрсетеді. Ал 2010 жылы елімізде тек 68 микрокредиттік мекеме ғана тіркелген. Демек, бұл мәліметтер 2010 жылға қарағанда 2011 жылдың шілде айына дейінгі тіркелген микрокредиттік мекемелер санының 11 ге аз екендігін көрсетеді. 2012 жылы 1783 болса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 1735 ұйымға дейн азайды. Жалпы алғанда келтірілген мәліметтер микрокредиттік мекемелер санының соңғы екі жылда төмендегендігін көрсетеді. ҚР микрокредиттікмекемелерқызметін талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіншілік береді: Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолауында айтылып өтілгеніндей, микрокредиттік мекемелердің басым бөлігінің тұтыну бағытында қызмет көрсетіп қана қоймай, олардың қызметінің халықты өзін–өзі жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталуы, еліміздегі микрокредиттік мекемелердің қызметін реттеу тетіктерін жетілдіріп, бақылау шараларын арттыру қажет екендігін айқын көрсетеді. Дегенмен бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік сегменттерінің заем қаражаттарына қол жеткізушілік проблемасы әлі де болса орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде көрінеді. Микрокредит беру секторының сапалы дамуына кедергі болып отырған көптеген проблемалар осы уақытқа дейін шешусіз қалып отыр, атап айтқанда:
- микокредиттік ұйымдар үшін берілетін қарыздың жетіспеушілігі және пайыз мөлшерлемесінің жоғарылығы;
- микокреиттік ұйымдардың өз қаражатының жеткіліксіздігі;
- микокреиттік ұйымдар үшін білікті мамандардың жетіспеушілігі;
- әдіснаманың және микрокредит беру жүйесіне қатысушыларға оқытубағдарламаларының жеткіліксіздігі;
- микокреиттік ұйымдар техникалық базасының төмендігі;
- микрокредит беру мүмкіншіліктері мен шарттары жөнінде халықтың аз ақпараттандырылуы.
Сол себепті Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен еліміздегі микокреиттік ұйымдарды әрі қарай қолдау, оның ішінде халықтың жұмыспен қамтылушылығы сияқты халықтың кәсіпкерлік бастамашылығын қолдау мақсатында микрокредиттеудіңқолжетімділігін арттыру жөніндегі шараларға баса көңілбөліп, мемлекет есебінен қолдау көрсету қажеттілігі туралы тапсырмалар берілген. Аталмыш факторлар Қазақстан Республикасындағы микрокредит беру жүйесін әрі қарай дамыту жөніндегі жаңабағдарламаны әзірлеу қажеттілігіне негіз болады. Ол Микрокредит беретін субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы. Бұл бағдарлама «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасындағы микронесиелік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008 –2012 жж. арналған шаралар бағдарламасы негізінде жүргізілді. Бағдарламаның іске асырылуы келесідей нәтижелерге мүмкіндік беретіндігі көрсетілген. Экономикалық нәтижелер:
-2008-2012 жж. аралығында Қор жылсайын МКҰ (микрокредиттік ұйым) қаржы ресурстарына 10%
-дан көбірек қажеттілігін қанағаттандыратын болады;
-қаржы ресурстарына қол жеткізген клиенттер саны өсетін болады, және осы Бағдарламаның іске асырылуынан ғана кемінде 287 000 микрокредит берілетін болады.
Әлеуметтік нәтижелер:
-МКҰ әдеттегі клиенттері орташа есеппен кәсіпкерлік бастамашылығы бар жеке тұлғалар болатынын есепке алатын болсақ, кемінде 140 000 жұмыс орны құрылылатын және құпталатын болады. Микрокредиттік секторды:
-микрокредиттікұйымдардағы ақпараттық технологияларды дамыту;
-оқытатын бағдарламаларды іске асыру;
-МКҰ қызметінің заманауи стандарттарын енгізу арқылы институттық күшейту
Жалпы айтқанда, қазіргі таңда Қазақстанда микроқаржылндыру жүйесі шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру аясында іске асырылуда. Қазіргі кезде Қазақстанның микроқаржыландыру саласын дамытудағы жетістіктері ТМД елдерінің микроқаржыландыру қауымдастығының Халықаралық үйлестіру кеңесі тарапынан жоғары бағаланып отыр. Болашақта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микроқаржыландыру деңгейін одан ары дамытып мемлекет тарапынан қолдап отырған жөн. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау арқылы мемлекетіміздің әл-ауқаты біршама өсіп, ел экономикасы да дамиды. Қаржыландыру есебінен жалпы микроқаржыландыру деңгейі де көтеріледі. Мысалы, Астанада өткен Дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Ақышев «Қазақстанда микрокредиттік ұйымдарды дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру», Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры Рүстем Құрманов «Ауыл халқын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шағын несиелеу жүйесін заңдық және институттық дамыту», Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығының директоры Анатолий Глухов «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау құралдарын кеңейтсек - микроқаржыландыруды дамытамыз» тақырыбында баяндамалары болашақ микроқаржыландыру деңгейінің дамуына үміт артқызады. Елбасының жыл сайынғы жолдауларында айтылатын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелері мұқият қаралып және орындалатын болса, микроқаржыландыру ұйымдарынының жұмысы алдыға қарай дамып Қазақстан бойынша микроқаржыландыру деңгейі қарқынды түрде дамиды.
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы микронесиелік ұйымдарды дамыту мен мемлекеттік қолдау
