Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_4638.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
263.68 Кб
Скачать

2.2. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері

Бюджет кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес ҚР Ұлттық қорына сондай-ақ мыналар жатқызылады:

- шикізат секторының кәсіпорындары жасаған басқа операциядан түсетін ықтимал түсімдер;

- Өнім бөлімі туралы келісім бойынша төлем, ол Қазақстан Республикасының үлесі бойынша түсім сомасы келісім-шартта берілген мәннен төмен болса.

Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.

ҚР Ұлттық қоры жұмыс істеген уақытта табыс құрылымының қалай өзгергені суретте көрініп тұр. Бірінші жылы табыстың көпшілік бөлігі заңнамада тиым салынбаған өзге түсім - 50%, корпоративтік табыс салығы - 34%, роялти - 10%, инвестициялық табыс - 5% есебінен қалыптастырылды. 2002-2004 жылдары өзге түсім үлесі 45-тен 13%-ға, 2007 жылы - 0%-ға қысқарды. 2007 жылы Ұлттық қорға түскен түсімнің негізгі көзі корпоративтік табыс салығы – 60,8%, роялти - 15%, инвесттабыс - 8% және үстеме пайдаға салынатын елеулі салық – 10,2% болып табылды.

Ұлттық қорға бағаның жоғары коньюктурасымен туындаған қосымша түсімдер шоғырландырылғандықтан, ҚР Ұлттық қорының жинақ ақшасының өсімі байқалады: 2007-2013 жылдары қорға шамамен 21,5% ЖІӨ жинақталған.

ҚР Ұлттық қорының қаражаты (жылдың соңына)

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

ЖІӨ, млрд теңге

3250,6

3776,3

4612

5870,1

7590,6

10139,5

12726

ҚР ҰҚ қаражаты

млрд теңге

189,2

299,1

528,2

667

1080

1853,4

2733,4

% ЖІӨ-ге

5,8

7,9

11,5

11,4

14,2

18,3

21,5

Тұжырымдамаға сәйкес Ұлттық қордың ең үлкен мөлшері шектелмейді. Бұдан басқа, Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшін кемітілмеген қалдық белгіленеді.

Тұжырымдаманы қабылдау ҚР Ұлттық қоры қаражатының жұмсалу тәртібіне де өзгеріс енгізді: кепілдік берілген трансферт болашақ ұрпақ та пайдаланатын жобаларды инвестициялауды көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шығысын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиіс.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналға шығыс республикалық бюджетке экономиканың мұнай секторынан аударылатын аудару есебінен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттің белгілі шығыс бөлігі белгіленген шектеулер шеңберінде қарыз алу (сыртқы және ішкі) есебінен де жабыла алады.

3-сурет. ҚР Ұлттық қорының қаражатын пайдалану

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қорының қаражаты 2012 жылғы 31 желтоқсанға 5 704 444 289 мың теңгені құрады (5 098 527 845 мың теңге аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен). 2010 жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық қорына 2 407 723 392 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйым­да­ры­нан түскен тікелей салық­тар­дың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 2 256 345 640 мың теңге, оның 1 046 873 819 мың теңгесі (7 106 300 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айыр­бас­тау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алын­ған шетелдік валютадағы тү­сімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асы­ра­тын операциялардан түсетін бас­қа да түсімдер (жергілікті бюд­жеттерге есептелетін түсімдерді қос­пағанда) – 16 678 239 мың тең­ге, ауыл шаруашылығы мақса­тын­да­ғы жер учаскелерін сатудан тү­се­тін түсімдер – 525 872 мың теңге, Қазақстан Республикасы­ның Ұлт­­тық қорын басқарудан түскен ин­вестициялық кірістер – 134 173 641 мың теңге.

Ұлттық қорды басқаруға бай­ланысты Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 3 982 229 мың теңгеге шығыстар жүргізілді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жыл­дарға арналған кепілдендірілген трансферті туралы» Қазақ­стан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес 2010 жылы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ұлт­тық қорынан рес­пуб­ликалық бюджетке ағымдағы бюд­жеттік бағ­дар­ламаларды және бюджеттік даму бағдарламалары­ның шығыста­рын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған.

Үздік әлемдік тәжірибе инфрақұрылымды дамыту экономикалық белсенділікті қолдау және дағдарыс кезінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі барынша тиімді құралдардың бірі болып табылатындығын көрсетіп отыр.

Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға « Самұрық - Қазына » қоры қосымша 1 млрд. АҚШ долларын бөледі және 2009 жылы 3 млрд. АҚШ доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылатын болды. Бұдан басқа,”Самұрық – Қазына” қорының жобаларын қаржыландыруға зейнетақы қорларының қаражаты тартылатын болады.

Электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Үкімет келесі жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың итарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергиясындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жанартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады.

Ал енді «Самұрық-Қазына» құрылғанынан бері қандай пайда әкелді дегенге келсек: Біріншіден, холдингтің арқасында шығындар үнемделді. Себебі, әр мемлекеттік компания өз бетінше кезінде есепсіз шығындар жасаған. Және мемлекеттің ол компаниялардағы қаржысының қалай жұмсалғаны дұрыс қадағаланбаған. Бірыңғай бюджеттік жоспарлау жүйесінің арқасында бізге қарасты барлық компаниялардағы шығындар азайтылды. Екіншіден, холдингті құру арқасында біз еліміздегі аса ірі инвестициялық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Мысалы, Балқаш жылу электростанциясы, Бейнеу-Бозой газ құбырын құру, Батыс Қазақстан облысында газ-химиялық кешен құрылысын салуға мүмкіндік туды. Бұлардың әрқайсысы 2 млрд. АҚШ долларынан артық қаржыны талап ететін жобалар. Мұндай қаражатты ұйымдастыру—жеке компаниялардың мүмкіндігіне сай келмейді. Сондықтан, үлкен қаражат тарту және қаражатты тиімді жұмсау—осындай ірі холдинг арқылы жүзеге асырыла алады. Үшіншіден, холдингтің арқасында мемлекет ірі бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Ол бағдарлама осы «Самұрық-Қазына» холдингінің арқасында жүзеге асты.

ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт мөлшері бөлек алынған кезеңде алдағы жылдардағы жинақтау мөлшеріне байланысты. ҚР Ұлттық қорына түскен түсімдер республикалық бюджетке бағытталған сомаға әсер етпейді. ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке трансферттер көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

ҚР Ұлттық қорының таусылуына жол бермеу мақсатында кепілдік берілген трансферт мөлшері қор активінің үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Егер де, кепілдік берілген трансферт мөлшері осы шектен шықса, онда ҚР Ұлттық қорынан алынатын ең үлкен сома тиісті жылдың басына қор активінің үштен бір бөлігінің эквивалентін, ал қалған үштен екі бөлігі болашақ ұрпақ қоры ретінде жинақталады, бұл ҚР Ұлттық қорының басты мақсатының біріне сәйкес келеді.

ҚР Ұлттық қорының орта мерзімге кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері (2011 -2013 жж)

2011

2012

2013

Кепілдік берілген трансферт

млрд теңге

301,7

461,4

337,0

% ЖІӨ

2,37

2,89

1,88

Осылайша, мұнайдан түскен табысты сауатты басқару мемлекеттің қауіпсіздігін анықтайтын қол сұғылмайтын қорының болуын қамтамасыз етеді.

Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар жүргізілді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2008 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461,4 миллион теңгенің 461,4 миллион теңгесі аударылды. Ол жоспардың 99,9%- ын құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5,1 миллиард теңгенің 3,5 миллиард теңгесі аударылды, бұл 69,1%-ды құрайды.

Ұлттық қорға 2009 жылы жоспардағы 1 394,9 миллиард теңгенің орнына 1 378,1 миллиард теңге қаржы түсті. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке дағдарыска қарсы іс-кимыл шараларын қаржыландыру үшін жыл ішінде 1 107,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Атап айтқанда, 843,1 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт және 261,5 миллиард теңге мақсаты трансферт. Қорыта айтқанда, 2009 жылы Ұлттық қордың өсімі 270,6 миллиард теңгеге жетіп, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша жалпы мөлшері 4 542,8 миллиард теңгеге жетті.

Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ішкі жалпы өнімнің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылга арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607,5 миллион теңге аударылды. Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2010 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 66,2 миллион теңгені құрады. Еске салсақ, Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін кепілденген трансферт 3 жыл бойына жыл сайын Т1,2 трлн мөлшерінде. Президенттің тиісті жарлығымен республикалық бюджетке кепілденген трансферт 2010 жылдан бастап $8 млрд деңгейінде бекітілген. «Сонымен қатар, 2012 жылы кепілденген трансфертті бағыттағанда ішкі жалпы өнімнің 20 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық қағидаты сақталады. Бұл Ұлттық қордың тұжырымдамасында анықталған және болжам бойынша 30,1% (немесе Т8708,2 млрд)» теңгені құрайды. Сөйтіп, 2011 жылдың 1 қазанына Ұлттық қор қаражаты Т7197,8 млрд-ты құрады. Бұрын хабарланғандай, Ұлттық қордың активтері 2010 жылдың соңына  Т5691,246 млрд. болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]