- •1.1. Микронесиелік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
- •1.2. Микронесиелік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
- •1.3. Микронесиелік ұйымдардың қатынастары
- •2.1. Микронесиелік ұйымдардың қызмет негіздері
- •2.2. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері
- •2.3. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
- •3.1. Микронесиелік ұйымдарды дамытудың перспективалары
2.1. Микронесиелік ұйымдардың қызмет негіздері
ҚР Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторларға экономиканың әсерін төмендету мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» 2000 жылғы 23 тамыздағы Жарғысын шығарды. Қойылған мақсатқа сәйкес ҚР Ұлттық қоры екі функция атқарады:
республикалық бюджеттің әлемдік бағалар коньюктурасына әсерін төмендетуді жүзеге асыратын тұрақтандыру функциясын;
болашақ ұрпаққа жинақ ақша қалыптастыру арқылы жүзеге асырылатын жинақтау функциясы.
ҚР Ұлттық қорының қызметі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Жарлығымен, ҚР Бюджет кодексімен, ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасымен, ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережемен, ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану ережесімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңымен реттеледі.
ҚР Ұлттық қорының қызметіне қойылатын негізгі талаптар Ұлттық қор табысын қалыптастыру тетігінің айқындығында және қаражатын елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне тиімді пайдалануға негізделген.
ҚР Ұлттық қоры туралы ақпарат ашық, оны Интернет арқылы ҚР Қаржы министрлігінің сайтынан «Мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор» бөлімінен алуға болады, онда Ұлттық қордың ай сайынғы түсімі мен шығысы туралы мәлімет сақталады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы күшіне енді, ол Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қалыптастыру тәртібін өзгертті.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес ҚР Ұлттық қорын қалыптастырудың негізгі көзі мыналар болып табылады:
- мұнай секторынан түсетін тікелей салық (жергілікті бюджетке есептелетін салықты қоспағанда), оған корпоративтік табыс салығы, асыра табысқа салынатын салық, роялти, бонус, өнім бөлігі бойынша үлес, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтін салықтың басқа түрлері тиісті бюджетке есептеуге жатады. Бұл ретте, мұнай секторының кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады;
- республикалық меншіктегі және тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
- ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де түсімдер мен табыс.
Ұлттық қорға төлеуші ретінде 6 компания анықталатын ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану ережесіне қарағанда, Тұжырымдамада мұнай секторының кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатқызылған, ал бұл «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қосымшада келтірілген 55 компания. Бұдан әрі, Бюджет кодексінде «мұнай табысына» берілген түсінік кеңейтілген, оған енді шикі мұнай мен газ конденсатын зерттеу, өндіру және сату жөніндегі жұмысты қоса алғанда мұнай операциясынан түсетін барлық түсімдер жатады. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық қорына төлеуші-кәсіпорындар саны 81-ге жетті, демек, ол білдіретін қоғам бюджетті бекіте отырып, ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру процесіне тартылған.
Қазақстан Республика Президентінің 1998 жылғы Жолдауына (30.09.1998) сәйкес Үкімет алдына сегіз нақты міндеттер қойылды, олардың анағұрлым маңыздылары мыналар болды:
жыл ішінде кемінде 30 анағұрлым қамтамасыз етілген азаматтарға бірінші кезекте ауылда жұмыс орындарын құру үшін 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына баламалы сомада микрокредиттер беру;
1998 жылдан бастап кемінде 100 миллион АҚШ доллары сомасында шағын және орта бизнесті дамытуға, фермерлік шаруашылыққа, жұмыс орындарын құруға кредиттер беру.
Осылайша, Елбасының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микрокредит берудің 1998 - 2000 жылдарға арналған бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.1998 жылы №14 Қаулысы) қабылдау үшін алғышарт балды. Осы Бағдарламаға сәйкес азаматтарға, ресми тіркелген жұмыссыздарға, олар мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың кез келген түрінен ерікті бас тартқан жағдайда өз ісін жасауға микрокредиттер берілді.Микрокредиттік жүйе құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда 2003 жылғы наурызда Қазақстанда «Микрокредиттік ұйымдар туралы» арнайы Заң қабылданды. Бұл Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастарды реттейді. Осы Заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдар коммерциялық ұйымдар - шаруашылық серіктестіктер және коммерциялық емес ұйымдар — қоғамдық қорлар нысанында құрылады. Кредит мөлшері 1000 мәрте АЕК мөлшерімен шектелген болатын. МКҰ микрокредиттер беруден басқа қызметтін, қосымша түрлеріне ие. МКҰ өз қызметі микрокредиттер беру ережелері бар болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы. Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілемелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу болып табылады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген жеке немесе занды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттің максималды сомасы 1,0 млн. теңгеден (1000 есе айлық есептік көрсеткіш — АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000 АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда езіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. (Мысалы: шаштараз немесе дүкен ашу үшін Астана қаласының жақсы ауданынан бір белмелі пәтер сатып алу, шамамен 50 000 АҚШ доллары тұрады, бұл 6,3 млн. теңгеге жақын. Осы пәтерді қайта жабдықтауға 1,0 млн. теңге және жабдық, мандайша және шикізат сатып алуға — қалған 1,4 млн. теңге қажет болады). Микрокредит беруді дамытудағы мақсат шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсімін ынталандыру болып табылатын мамандандырылған мемлекеттік орган ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акдионерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру. Қор, нәтижесінде елдің кредиттік жүйесінің үш деңгейінің біреуін айтарлықтай дамытуға қол жеткізілетін Қазақстанда микрокредит беруді дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда.
