- •1.1. Микронесиелік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
- •1.2. Микронесиелік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
- •1.3. Микронесиелік ұйымдардың қатынастары
- •2.1. Микронесиелік ұйымдардың қызмет негіздері
- •2.2. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері
- •2.3. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
- •3.1. Микронесиелік ұйымдарды дамытудың перспективалары
1.2. Микронесиелік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
Несиелік қызметтер нарығында микронесиелік ұйымдардың пайда болуы банктердің қызметтерімен салыстырғанда бірқатар басымдылықтарға ие, атап айтқанда:
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тіркеу үшін көзделген қарапайым процедураларды сақтай отырып, еліміздің барлық дерлік аймақтарында, соның ішінде ауылдық жерлерде микронесиелік ұйымдарды құру мүмкіндігі;
бұл ұйымдар Ұлттық банк тарапынан лицензиялау мен қадағалауға жатпайды, себебі олардың қызметі банктік қызметтің шегінен тысқары жатыр;
берілетін микронесиелер бойынша кепілдікті қамтамасыз ету мәселесі тараптардың өзара шешімі арқылы оңай анықталады. Банктер бойынша бұл мәселе аясында қадағалау органы тарапынан көптеген талаптар бар екендігі белгілі;
микронесиелер беруді рәсімдеу процедурасы жеңілдетілген, бұл жағдай микронесиелік ұйымдардың өзінің клиенттеріне жедел қызмет көрсетуін және әкімшілік шығыстарын қысқартуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Сарапшылардың ойынша, шағын және орта бизнесі жақсы дамыған әлемнің көптеген елдерінде осы дамуға микронесиелік ұйымдардың белсенді қызмет етуі сүйеніш болды деп есептейді.
Қазақстан Республикасында микронесиелеік ұйымдар құрылуының мақсатына орай екі түрлі нысанда тіркелуі мүмкін. Айталық, микронесиелік ұйым пайда алу мақсатында құрылса- коммерциялық ұйым болғаны. Ал шағын кәсіпкерлік субьектілерге көмек көрсету және олардың дамуын ынталандыру мақсатында құрылатын микронесиелік ұйым коммерциялық емес болып табылады.
Коммерциялық микронесиелік ұйымдарға толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін шаруашылық серіктестіктер жатады. Аталған серіктестіктер арасындағы негізгі айырмашылықтар қатысушылар статусына және олардың серіктестіктің қарыздары бойынша жауапкершіліктерінің сипатына байланысты. (қосымша 1)
Микронесиелік ұйымдардың жарғылық капиталының минималды мөлшері Заңмен анықталып, 1000 айлық есептік көрсеткішке тең (2014 жылға АЕК= 1852 теңге) болғандығына байланысты серіктестіктердің жарғылық капиталдарының минималды мөлшеріндегі айырмашылықтар қарастырылмады. [2]
Микроқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінен тұтынушыларына арналған максималды пайда тапқысы келеді және өз шығындарын, тәуекелдерін төмендету мақсатын алға қояды. Тұтынушылардың сұраныстарына жауап беру үшін микроқаржыландыру қызметі несиелеу мерзімдері, несие көлемі, пайыздық ставка, тұтынушының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуі қажет. Барлық размер бәріне келеді деген әдістеме болмағандықтан микроқаржыландыру ұйымдары қаржылық қызметке сұранысты бағалау үшін формалдық емес сектордың ерекшеліктерімен танысу қажет. Тұтынушының сұраныстарын толық қанағаттандыру және төмен оперативтік шығындар микроқаржылық қызметтің тиімділігін бағалаудағы ең жақсы критерий болып табылады.
Микроқаржылық қызметтің негізгі тұтынушылары, кәсіпкерлік потенциалы бар (оның ішінде жұмыссыздар да бар), бірақ банк қызметін пайдалануға мүмкіндігі жоқ тұлғалар. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті құру үшін негізгі кедергі қажетті қаржылық ресурстардың болмауы деп біледі. Микроқаржылық қызмет тек қалаларға ғана көрсетілгенімен, саудагерлер мен ауыл шаруашылық өндірушілер де одан аз пайда көруде. Біршама табысты микроқаржылық ұйымдардың жұмыс тәжірибесі, әйелдердің ең жақсы потенциалды клиенттердің бірі болып табылатындығын көрсетеді. Бұдан әрі осы тарауда сөз болатын микроқаржыландырудың гендерлік аспектісі, өзекті мәселенің бірі.
Аз қамтылған, тұрмысы төмен халық топтарына жоғары сапалы қызмет көрсету үшін микроқаржылық ұйымдар жұмыс барысында инстуционалды мүмкіндіктер мен мамандар біліктігілін арттыруға баса назар аударуы тиіс. Жоғарыда аталған шаралардан бөлек, нарықты жан-жақты бағалап, микроқаржылық ұйымның негізгі міндеттерін нақты түрде анықтау қажет. Мұндай сараптауды елдегі экономикалық және саяси жағдайға баға беруден, мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдаудан айтқанда, микроқаржыландыру туралы заң мен саясаты, сонымен қатар елдің экономикалық даму деңгейін анықтаудан бастау керек. Жаңа кәсіпорындарды ашу үшін, бірқатар негізгі талаптарды орындау негізгі шарт болып табылады: экономикалық тұрақтылық деңгейі рыноктың болуы экономикалық тұрақсыздықты бақылау деңгейі және микроқаржыландыру қызметі үшін ең маңыздысы дамуға қажетті потенциал. Ең соңында, талдау барысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдарды және оның клиенттерінің кедейшілік деңгейі мен тереңдігі, халықтың шоғырлану деңгейі, білім деңгейі және мәдени негіздері секілді сипатын анықтау керек. Клиенттердің мақсатын анықтау кезінде, тағы да әйелдердің потенциалды роліне және қала мен ауылдағы тұрмыстары төмен халықтың арасындағы айырмашылыққа назар аудару қажет.
