- •1.1. Микронесиелік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
- •1.2. Микронесиелік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
- •1.3. Микронесиелік ұйымдардың қатынастары
- •2.1. Микронесиелік ұйымдардың қызмет негіздері
- •2.2. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері
- •2.3. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
- •3.1. Микронесиелік ұйымдарды дамытудың перспективалары
ЖОСПАР
Кіріспе .......................................................................................................................................3
І бөлім Экономикадағы микронесиелік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Микронесиелік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі.....................................5
1.2. Микронесиелік ұйымдардың негізгі тиімділіктері.........................................................9
1.3. Микронесиелік ұйымдардың қатынастары...................................................................10
ІІ бөлім Қазақстандағы микронесиелік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Микронесиелік ұйымдардың қызмет негіздері............................................................13
2.2. Микронесиелік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері.....................................15
2.3.Микронесиелік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері...................................................................................................................................19
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы микронесиелік ұйымдардың дамыту мен мемлекеттік қолдау
3.1. Микронесиелік ұйымдарды дамытудың перспективалары....................................25
Қорытынды.............................................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................................29
Қосымша.................................................................................................................................30
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты секторының дамуына жағдайлар жасады.
Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы көрсетілген шаралар респубилканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады.
Мемлекет саясатының негізгі бағыты орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау болып табылады. Басты назар ақпараттық инновациялық технологияларды енгізуге, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдайлар жасайтын заңдық актілердің қабылдауларына аударылады.
Тақырыптың өзектілігі: Микроқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінен тұтынушыларына арналған максималды пайда тапқысы келеді және өз шығындарын, тәуекелдерін төмендету мақсатын алға қояды. Тұтынушылардың сұраныстарына жауап беру үшін микроқаржыландыру қызметі несиелеу мерзімдері, несие көлемі, пайыздық ставка, тұтынушының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуі қажет. Барлық размер бәріне келеді деген әдістеме болмағандықтан микроқаржыландыру ұйымдары қаржылық қызметке сұранысты бағалау үшін формалдық емес сектордың ерекшеліктерімен танысу қажет. Тұтынушының сұраныстарын толық қанағаттандыру және төмен оперативтік шығындар микроқаржылық қызметтің тиімділігін бағалаудағы ең жақсы критерий болып табылады.
Микроқаржылық қызметтің негізгі тұтынушылары, кәсіпкерлік потенциалы бар (оның ішінде жұмыссыздар да бар), бірақ банк қызметін пайдалануға мүмкіндігі жоқ тұлғалар. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті құру үшін негізгі кедергі қажетті қаржылық ресурстардың болмауы деп біледі. Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру;
қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері —кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту;
өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған жіктерін қаржыландыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар туралы сипаттама берумен оның экономикадағы ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
берілген тақырыптың жан-жақтылығын ашу;
экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың сипатын ашу;
шағын кредиттік ұйымдардың жұмыс процестерін көрсету;
экономика секторындағы шағын кредиттік ұйымдардың орнын көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І бөлім Экономикадағы микронесиелік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Микронесиелік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
Экономиканың өсуін, оның ішінде нақты сектордың дамуын, кәсіпкерлікті дамытуды мемлекет өз тарапынан тұрақты қолданса да жұмыссыздық әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр.
Мұндай жағдайда микронесиелеу халықты қолдаудың итімді тұтқасы болып табылады. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудағы, қаржы секторына жеке меншік капиталды тартуда оның алатын орны ерекше.
Микронесиелеу ұйымдары жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлер субьектісін дамыту мен қолдау институты болып табылады.
Микронесиелеу ХХ ғасырдың 70-ші жылдары оны өзгелей алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға несие беру әдісі пайда болды. Микронесиелеу тар мағынада қолданылады, бұл ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында әлеуметтік бағдарланған үкіметтік емес ұйымдармен әзірленген әдістемені пайдалана отырып, бейформалды шағын кәсіпкерлердің және тұрмыс жағдайы төмен халықтың кең тобына микронесиелеуді беруді білдіреді.
Микронесиелеу Орталық Азияда тек 90 жылдың басында ғана қалыптаса бастағандықтан, бұл сектордың дамуы басқа елдермен салыстырғанда артта қалуда. Бірақ та микронесиелеу дің Орталық Азияда кеш басталуына қарамастан бұл сектордың әлемде дамуы тез қарқынды болғандықтан, өз дамуын тездетті. [1]
Дүниежүзілік банктің бағасы бойынша, қазіргі уақытта микронесиелеу саласында әлемнің 56 елінде шамамен 16 миллион адамға қызмет көрсететін 7000-нан астам ұйым бар. Қазіргі уақытта микронесиелеудің әлемдік индустриясында жағдай өзгеріп жатыр осы секторда әртүрлі әдістемелер қолданылатын болды, қаржылық қызметтердің диапазоны жинақ депозиттерінің, сқатандырудың, ақша аударудың есебінен кеңейе бастады. Заемдар топтық және жеке негізде ұсынылатын болды, ал сомалар мен несиелерді өтеу мерзімдері әрі клиенттердің қажеттіліктеріге бейімделген болды. Туындап жатқан қажеттілікреге жауап ретінде, микронесиелеу ұйымдар жаңа өнімдерді әзірлеуде.
Қазақстанда қажетті құқықтық реформалардың үлкен бөлігі қарастырылып, ол «Микронесиелеу ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелді. Бұл заңда микронесиелік ұйымдардың жалпы жағдайлары көрсетілген.
«Микронесиелеу ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микронесиелік ұйым Заңда белгіленген тәртіппен микронесиелер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Дүние жүзіндегі барлық дерлік халықтардың қаржы қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі жоқ, солардың ішінде табысы төмен халықтың мүмкіндігі өте төмен. Барлығын қамтитын қаржылық секторды қалыптастыру үшін өмір сүріп жатқан жеріне, табысына, меншіктегі мүлкіне қарамастан қаржылық қызметтерді қажет ететін барлық адамдарға тұрақты және экономикалық тиімді негізде қаржылық қызметтерді алуына жаңадан жағдай жасау қажет. Микроқаржыландыру барлығын қамтитын қаржылық секторды құрудың нақты әрекеті болып табылады. Ол кедейлікті азайтып, аз қамтылған адамдарға өздеріне-өздері көмектесу мүмкіндіктерін беру үшін жасалады. «Микроқаржыландыру ұйымдары» термині тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға қаржылық қызмет көрсететін әртүрлі ұйымдарды көрсетеді.
Микроқаржыландырудың негізгі мақсаты кедейлерге көмектесу мен қаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту мен қаржылық, әлеуметтік делдалдықты клиенттерге көрсету арқылы кедейлікті төмендету. Дегенмен, микроқаржыландыру тек қана қаржылық қызмет емес, ол кедейлік және әлеуметтік маргинализациямен күресудің елеулі құралы болып табылады. Жетістіктердің тарихын көрсеткендей, микронесиелеу мен жинақтау қызметі адамдардың таңдау қабілетін жоғарылату және әлсіздіктерін төмендетудегі тиімді құрал бола алады. Табысы төмен халық топтары қаржылық қызметтерді экономикалық мүмкіндіктерін жоғарылату үшін қолдану, тәуекелдерді төмендету мен табыстарын өз болашақтарына және балаларының болашағыни инвестициялау арқылы әлеуметтік қорғалмай қалу жағдайын төмендету мүмкіндіктеріне ие болды. Қазіргі таңдағы көп мөлшердегі экономикалық мүмкіндіктер арқасында микронесиелеу қарыз алушының денсаулық сақтау, тамақтану, білім алу, тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстарын өсіру арқылы оның өмір сүру деңгейін және жанұя табыстарын көтере алады. Дағдарыс жағдайды игеру мен және өз бизнесін қуаттау үшін де несиелерді қолдана алады. [1]
Микроқаржыландырудың тарихына қысқаша шолу жасау, бұл саладағы соңғы даму процестерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың басында тұрмысы төмен тұрғындарға субсидия негізінде тікелей несие беріледі. Бұл алғашқы бағдарламалар өзінің табиғатынан инновациялық болғандығына қарамастан, ұзақтығы және ойластырылуы, қолдану ауқымдары бойынша шектеулі еді. Аталған бағдарламалар әрі шағын, әрі сыртқы ортадан оңашаланған және жобаға тым тәуелді болды. Донорлардан алғашқы капитал алған көптеген микроқаржылық ұйымдар, соңыра банкротқа ұшырады, ол өз кезегінде ұйымдардың жаңа несие берулеріне мүмкіндік бермеді. Тұрақсыздығымен қатар, мұндай алғашқы тәжірибемен тұрғындарды толық қамту жеткіліксіз болды. Әдеттегідей, бұл ұсынылған қызметтен кедейлердің ішіндегі табысы айтарлықтай төмен емес халық топтары ғана пайда тапты, қаржыны жергілікті жеке нарықта бұрмалау кең таралды.
Бангладештегі «Грамин Банк» және «Ракьят Индонезия» банкі секілді ұйымдардың жетістігі, тұрмысы төмен тұрғындарға қарағанда қаржылық қызмет көрсету, кедейшілікті төмендетудің оңтайлы құралы бола алатындығына бірінші рет дәлел болды. Бұл алғашқы үлгілердің шешуші шарты болып өзіндік жеткілікті қамтамасыз етуге жағдай жасады. Тәжірибенің сәтті болуына, біріншіден, құрылтайшылардың халықтық қажеттілігін түсінуі, екіншіден тұрғындарға тиісті де сапалы қаржылық зызмет көрсетілуі, үшіншіден, олардың дұрыс әдіс-тәсілдерді ойлап табуы себеп болады. мысалы, топтық несие берудің әдістемесін жасау микроқаржыландыру тарихындағы үлкен жаңалық болып есептеледі. Бұл табысты бағдарламалардың тарихы, әдістемесі және ұйымдастыру құрылымдары қысқа мерзім ішінде зерттеліп, мейлі жаңа қаржылық ұйымдар болсын, мейлі донор компаниялары болсын, олардың жұмыстарының негіздерін қалады. Көп ұзамай, бүкіл әлемде неғұрлым жетілдірілген және жаңа жұмыс әдістері жергілікті жағдайларға икемделген инновациялық микроқаржылық ұйымдар пайда бола бастады.
Бүгінде микроқаржыландыру индустриясы бүкіл әлемге тартылып, тұрмысы төмен 80 миллион, аз қамтылған азаматқа қызмет көрсететін 10-нан 15 мыңға дейінгі ұйымды қамтиды. Кедейлерге көмек көрсету жөніндегі Консультативтік топтың есебі бойынша, бұл саланың даму көлемі бұдан да жоғары: альтернативтік қаржылық ұйымдарда 750 миллионға тарта шот (жинақ және несие) ашылған. Бұл екінші деңгейдегі банктермен қатар, микронесие нарығын жалпылай алғандағы көрсеткіш болғанымен, ауылшаруашылық банктер, даму банктері мен пошталық банктер, СGAR анықтамасы бойынша, осындай микроқаржылық емес ұйымдардың негізгі клиенттері өмір сүру деңгейі төмен адамдар болып келеді. Дегенмен де, соңғы жиырма жыл ішінде халықтың микроқаржыландырумен қамтылу елеулі түрде кеңейді, сол сияқты микроқаржылық ұйымдарының клиенттерінің арасында өмір сүру деңгейі өте төмен азаматтар саны өсуде. Ауылшаруашылық банктер, даму банктері және пошталық банктер, СGAR бекітуі бойынша, осындай микроқаржылық емес ұйымдардың негізгі клиенттері өмір сүру деңгейі төмен адамдар болып келеді. Дегенмен де, соңғы жиырма жыл ішінде халықытң микроқаржыландырумен қамтуы елеулі түрде кеңейеді, сол сияқты микроқаржылық ұйымдарының клиенттерінің арасында тұрмыс деңгейі өте төмен азаматтар саны өсуде.
Микроқаржыландырудың келешектегі шапшаң даму үрдістері байқалады: оның мүмкіндігі әлі толығымен пайдаланылған жоқ. Ол негізінен, осындай қызметтерді ұсынудың шектеулілігіне байланысты. Кедейлердің басым бөлігі қазірдің өзінде ресми емес қарыз берушілерге қымбат және сапасы төмен қаржылық өнім үшін төлем төлеуде, микроқаржылық ұйымдардың тәжірбесі көрсеткендей, клиенттер сапасы жоғары әртүрлі қызметтер үшін ақша төлеуге дайын. Нарық мүмкіндігінің әлі де потенциалы жоғары: есептеулерге сәйкес 1-2 млрд адам негізгі қаржылық қызметтерге қол жеткізуге мұқтаж болып отыр. Сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын, сол сияқты халықтың микроқаржылық қызметтерді қамтуына әсерін тигізбейтін, жетістігі жоғары әдістемелер жасалынды. Тұрақтылықтың маңыздылығын ескермеуге де болмайды. СGAR соңғы стратегиялық құжатында айтылғандай. «Тұрақтылық микронесиелеудің салыстырмалы кішігірім донорлық қаржыландыруды тиімді қолданыла алатындығын білдіреді. Яғни ол жеке капиталдың ауқымды көлемін тарту, соның арқасында кедейлердің көп бөлігін қамту масштабтарын ұлғайту арқылы жүргізіледі».
Уақыт ағымдарына байланысты микроқаржыландыру ұғымы және масштабы өзгерді. Қазіргі кезде бұл термин табысы төмен клиенттерге бағытталған қаржылық қызметтерге (несиелеу, жинақтау, сақтандыру, ақша аударымдары қызметтерін қосқанда) қолданылады. Микронесиелеу көп қызметтердің бірі ғана болып қалады. Жинақтау мен сақтандыру қызметтерінің ролі ерекше маңызды болды, өйткені бәріне дерлік несие керек емес, көп адамдар үшін ақшаны жинақтау мен өзін тәуекелден сақтау анағұрлым қажет.
Барлық мүмкіншіліктерге микроқаржыландыру барлық проблемалардың шешімдері бола алмайды. Микроқаржыландыру ұйымдары экономикалық мүмкіншіліктерді материалдық негізге аудара алады, бірақ кәсіпкерлікті дамытуда қолайлы жағдай болмаса бизнесті жүргізе алмайды. Халықтың ең аз қамтылған топтарына несиені қолдануға және өз бизнестерін құруға басқа да көмек қажет. Микроқаржыландыру әлеуметтік және экономикалық дамудың бірден бір тиімді тәсілі болып қалады.
Микроқаржыландыру ваккумда өмір сүрмейді. Қаржылық қызметтерін алу мүмкіншілігін жақсартатын құрал болып табылады, бірақ та айта кету қажет, барлығына несие қажет емес. Бірінші тәжірибеден алған сабақтар микроқаржыландыру ұйымдарының, оның саясатының негізін қалады. Бүгінде микроқаржыландыру ұйымдарына әртүрлі өзекті мәселелер бойынша қол жеткен жетістіктермен танысуға мүмкіншілігі бар. Бірақ бәрі бір тәжірибелік құралдар толығымен қабылданбайды және қолданылмайды. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін микроқаржыландыруға интеграцияланған, мақсатты бағыттағы стратегия мен тек қана қарызгерлер мен қарыз берушілердің ғана емес, барлық қатысушылардың қызығушылықтары қажет.
Микроқаржыландыру ваккумда өмір сүрмейді. Қаржылық қызметтерін алу мүмкіншілігін жақсартатын құрал болып табылады, бірақ та айта кету қажет, барлығына несие қажет емес. Бірінші тәжірибеден алған сабақтар микроқаржыландыру ұйымдарының, оның саясатының негізін қалады. Бүгінде микроқаржыландыру ұйымдарына әртүрлі өзекті мәселелер бойынша қол жеткен жетістіктермен танысуға мүмкіншілігі бар. Бірақ бәрі бір тәжірибелік құралдар толығымен қабылданбайды және қолданылмайды. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін микроқаржыландыруға интеграцияланған, мақсатты бағыттағы стратегия мен тек қана қарызгерлер мен қарыз берушілердің ғана емес, барлық қатысушылардың қызығушылықтары қажет.
Атап айтқанда, үш деңгейдің арасныдағы үйлестіруді іске асырған жөн: микродеңгейде бұл деңгейде мемлекет заңдылық шеңбердің шегін анықтайды, орталық деңгей-бұл деңгей барлық инфрақұрылымды қамтиды, бұл микроқаржыландыру ұйымдарының өз қызметтерін ұлғайтуға жағдай жасайтын қызметтер, микродеңгей немесе қаржылық қызметтерді бөлумен айналысатын деңгей 1.2. суреттерде көріп отырғанымыздай кедей халық осы модельдің ортасында орналасқан. Табысы аз азаматтар бенефициар да, клиенттер де бола алады, сондықтан олардың қажеттіліктерін анықтау барлық қатысушылардың қызметінде басым бағыт болуы қажет.
Донорлардың бұл модельге қатысу себебі, микроқаржыландырудағы олардың атқаратын ролін көрсету, бірақ олар бөлініп көрсетілді, өйткені олар тек қолдаушыларға ғана жатады. Донорлар микроқаржыландыру ұйымдарының мақсатқа жетуіне септігін тигізетін инвесторлар болуы қажет.
Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ орта және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін- өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру түсініледі. Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: 1)бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру; 2)қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері —кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту; 3)өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған жіктерін қаржыландыру. Бұл жерде табыс деңгейі төмен, жұмыссыздар және кәсіпкер-әйелдер туралы әңгіме болып отыр. Микроқаржыландыруды және микрокредит беруді зерттеу халықтың аз қамтылған санатына қаржылық қызметтер көрсететін микроқаржылық институттар қызметінің жалпы үлгерімділігін көрсетеді. Бұл жағдайда микроқаржылық ұйымдар қызметінің және бағдарлама клиенттерінің өмір сүру деңгейін арттырумен байланысты қаржылық көрсеткіштерден туындаған экономикалық әсердің үйлесімі байқалады. Микроқаржыландыру үй шаруашылығы мен жеке дара кәсіпкерліктің жыл сайынғы табысының деңгейін біртіндеп көтере отырып кедейшіліктің тамырын жоюға ықпал етуі мүмкін. Микроқаржыландырудың халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер етуінің негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:
Қарыз алушылардың ұтқырлығын арттыру;
Олардың экономикалық қауіпсіздігі;
Олар жасайтын сатып алулар мен тұтынатын қызметтерінің көлемі мен құнының өсімі; Отбасындағы беделінің өсуі;
Әртүрлі әлеуметтік-саяси бағдарламаларға және т.б. тарту.
Микроқаржыландыру институттарының ұйымдық-құқықтық нысаны әртүрлі болуы мүмкін (мемлекеттік коммерциялық емес мекеме, коммерциялық емес қор, өзара кредит берудің кооперативі және т.б.) және қаржыландыру көзімен, қолданыстағы заңнамамен және салық салумен айқындалады.Микрокредит беру жүйесінің қалыптасу проблемасын шешуде мәні өндірісті дамыту үшін қолайлы салықтық және инвестициялық климат жасау, қаржылық институционалдық инфрақұрылым құрудағы бизнесті кеңейту, кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған мемлекет маңызды рөл ойнайды. Шағын кредиттеудің негiзгi қағидаларына мыналар кіреді: бiрiншi – бағдарламаның кең көлемде таратылуы, екiншi – микроқаржыландыру ұйымдарының қаржы табысының орнықтылығына қол жеткізу. Бұл микрокредиттеу әдістемесінің дамыған қаржылық институттардың арасында бірегей болуына ықпалын тигізеді. Микроқаржыландыру қызметтерінің басты артықшылығы қысқа мерзімге берілетіндігі және ұзақ қарым-қатынастарға есептелген. Бүкіләлемдік Банктің бағалауынша, қазіргі кезде әлемде микроқаржыландыру аясында 7 000 астам ұйым жұмыс істейді, олар әлемдегі 56 мемлекеттің 16 млн. тұрғынға қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде әлемдік қаржыландыру индустриясында жағдай өзгеруде – осы секторда әр түрлі әдістемелер қолданылады, қаржы қызметтерінің ауқымы жинақтау депозиттері, сақтандыру, қаражаттар аударымы есебінен кеңейді. Кредиттер топтық, сондай-ақ жеке тұлғаларға беріле алады, ал кредиттердің сомалары мен оларды қайтару мерзімдері клиенттердің қажеттіліктеріне қарай оңтайлы және барынша бейімделіп келеді.Қалыптасқан қажеттіктерге қарай, микроқаржыландыру ұйымдары жаңа өнімдерді жетілдіруде. Жалпы алғанда, микроқаржыландыру тұрмысы төмен адамдарға донорлық құралдардың есебінен кредит ресурстарын ұсыну жүйесін тоқтатып келеді. Ол қаржы делдалдығының нақты құралы болып қалыптасып келеді. Жаңашылдық тек кредит бағдарламаларына ғана әсер еткен жоқ. Жинақтаулар төңірегіндегі жаңалықтар – бұл жылжымалы қызметкерді күнделікті саудагерлердің табысын жинау үшін пайдалану және сауатсыз клиенттерге өз есепшоттарына қол жеткізу үшін ауылдық жерде саусақ таңбаларын ажырата алатын банкоматтарды орнату. Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет көрсету стратегияларының қалыптасуы сияқты,микроқаржыландыру да көп елдің тұрмысын жақсартуға өз ықпалын тигізуде.
