- •1)«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат»,«техногенді қауіп»,«экологиялық қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіз, оларды сипаттаңыз, мысал келтіріңіз
- •2) «Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері
- •3) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеті қандай? ақ және тж құрылымы, қызметі
- •5)Жарақаттану мен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек түрлері
- •7)Туберкулез ауруы: сипаттамасы, жұқтыру жолдары, диагностика, алдын алу жолдары.
- •8) Табиғи қауіптер. Сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні сипаты, пайда болу себептері.
- •9) Атмосфера,гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары
- •10) Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары
- •11)Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
- •12) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі, адам ағзасына қосарлы әсері
- •13) Жер сілкінісінің сипаттамалары. Магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі
- •14) Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •15) Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы, ағзаға әсері, қорғану жолдары. Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •16) Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері? Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •17) Электромагниттік өрістің ағзаға әсер, олардан қорғану.
- •18) Дезактивтендіру, дегаздау, дизенфекция, дезинсекция, дератизация деген не?тж да санитарлық тазалау қалайша өткізіледі?
- •19)Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау тж кезінде халықты көшіру және қоныстандыру
- •20) Шудың, дірілдің ағзаға әсері, олардан қорғану
- •21) Жер сілкінісі кезінде үйде, ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз. Қандай жерлер қауіпті? Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс әрекеті
- •21) Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеті
- •22) Халықтың су тасқыны кезіндегі іс әрекеті
- •23) Халықтың сел кезіндегі іс әрекеті
- •25) Халық қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі іс-әрекет.
- •26) Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •27) Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін өзі ұстауы
- •28)Компьютермен шығатын зиянды факторлар, қорғаныс шаралары.
- •29)Ұялы телефонның ағзаға әсері және қауіпсіздік шаралары
- •30) Тж кезінде қолданылатын жеке бас қорғаныс құралдары
- •31)Тж кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдары
- •32) Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті
- •33) Химиялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •34) Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс әрекеті
- •35) Радиациялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс әрекеті
- •38) Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс әрекеті
- •39) Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс әрекеті
- •40) Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс әрекеті_
3) «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеті қандай? ақ және тж құрылымы, қызметі
Қауіпті жағдайларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру: қауіпті және зиянды факторлардан қорғану және оларды жою жолдарын үйрету: болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптастыру. ТЖ жағдайларда адамдардың өзін-өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға үйрету.
Міндеті:
қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;
қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;
болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;
ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға уйрету;
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.
Адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиының біріктіру.
Қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін білм жетістігіне сүйіне отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау.
Тіршілік қауіпсіздігінің принциптері мен жалпы стратегиясын болжау, әр түрлі экспериментальды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу.
ТҚ нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және тж зардаптарын жою жүйесімен танысу, азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсетуге үйрету
Жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауакершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру.
Қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып оған баға беруіне дағдылану
Олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету
Өмір тіршілігіне қауіп төнгенде өз өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері. Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдағыш факторларын, сондайақ зілзаладан, ір авария мен апаттардан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қорғаныстың орны мен ролі елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жай-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды. Азаматтық қорғаныстың төтеншежағдайда халық тіршіліін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері: «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңында анықталған. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізгі буын болып табылатын шаруашылық объектілері маңызды. Шаруашылық объектілерінде АҚ барлық шараларының негізі қаланыды, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшілерді қорғау объектілер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару өзге де кешенді шаралар жүргізіледі. АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құралады. Аумақтық және объектілік б.бөлінеді. Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, обл құралады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншікті нысанына қарамастан ұйымдарда құрылажды. АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары – халық тіршілігін қамсыздандыру, аывариялық құтқару және шығу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқарту құрамаларын күшейту мен іс әрекеттерін жан жақтыв қамсыздандыру үшін құрылады.
Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт ж/е соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау б/ша республикамызда жүргізілетін барлық шараларджың аса маңызды мақсаты б.т. ТЖ ескерту ж/е іс әрекеттер жөніндегі республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабылетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп – экологиялық апат қаупі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда, өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жоюлыда. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын ж/е өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объ/лерімен өзге де объ/лер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери ж/е шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объ/рін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуіндегі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал ТЖды , сондай ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып халықты қорғаудың негізгі принціптері мен әдістьерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
4)Табиғи қауіптер.Боран, бұрқасын, дауыл, найзағай.
Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 300 м/с (108 км/c) жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, мал қырылып, материалдық залал келтіреді. Жылдамдығы 40 м/сек күшті дауыл 1998 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электрберу желілері үзіліп, үйдің шатырларын ұшырып әкетті. 11 ауданның үстінен өткен бұл дауыл 360 млн. теңгеге залал келтірді. Екі адам қаза болды. Жалаңашкөл метеостанциясының ауданында (Алматы облысы) 1958 жылғы 28 қаңтарында дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек. Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы ретінде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар дауылдарды қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған бойда мыналарды істеу қажет: 1. Панахананы, жертөлені әзірлеу; 2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; 3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын ашық қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту; 4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды алу; 5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; 6. Газды, электр энергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару; 7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну; 8. Ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау. Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті: - бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау; - ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн; - жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тыйым салынады; - далада қалған кезде ең жақын шұңқырды іздеу немесе жерде етпетінен жату керек; - орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу; - нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз; - дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз. Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері: - зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерін шығару; - жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару; - зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу; - шыққан өртті сөндіру; - өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою. Бұрқасындар мен қарлы борандар Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацианың, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататын биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді. Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлік пен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет. Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек. Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық түсті матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып тастау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып тынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін. Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі. Қар басу бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адам құрбандықтарына, малдың қырылуына және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді. 1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тіркеліп, оның 50%-ке жуығы тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды. 1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың ішінде 133 мм қар жауды. Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Үлбі өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын Қазақстанның «қар полюсі» жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді. 1969 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның оңтүстік-шығысында қалың жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін 1,5-2 метр қар жамылғысымен жапты. Осындай зілзала 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады. Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан жер бетіне шаңның, кұмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы. Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ дауыл Қазақстанның батысында, Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл дауылдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін. Дауыл адам организміне, қоршаған табиғат пен механизмге жағымсыз әсер етеді.1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шаңдақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлейтке айналды.Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды. Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынаны көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке таман дауыл басталды. Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы уақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен ешкім шыққан жоқ. Ауада шаң кұм және қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды белгісіз жаққа айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстау ауданының өзінде 0,5 млн кой мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды. Сақтық шаралары Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз.Үй хайуанаттарын оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек. Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет. Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұта болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы. Егер дауыл сіз елді мекеннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты, тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда жүру қажет.Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы. Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезенімықтап жауып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобиль корпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып, ауа сүзгісіндегі материалды алып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз. Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәйнегіңіздің бүйірін қолыңызбен жауып қорғаныңыз. Желден тығылатын қандайда бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қарлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандайда бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады. Күн ыстықта соққан шаңдақ дауыл кезінде (35º-тан жоғары) дененің ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 8 литр тұщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше тамшысын іше отыра организмнен тер бөліну процессін қамтамасыз ету керек. Мұндай температурада жүрісті тоқтатқан жақсы. Шаңның тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл кезінде дәкенің бірнеше қабатынан жасалынған ауыз жапқышты немесе бет орамалды ауызға байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса «Лепесток» немесе «Р-2» үлгісіндегі қорғаныс респираторын пайдаланыңыз. Дауыл кезінде атмосфералық электр мен найзағай ұшқыны болса, үйді, автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар аппаратурасының антеннасын жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс желілерін электр тоғынан қорғауды қамтамасыз ету керек. Электрберу желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан қорғанатын пана іздеуге болмайды. Найзағай – адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариялық ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін. Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралары: 1. Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте ұстау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі.Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті. 2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен - жотадан, төбеден төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтықта жасырынуға болады. 3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз. 4. Найзағай аймағында абдырап жүруге болмайды. 5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтықта қою керек. 6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз. 7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы. 8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электөткізгішке айналады. Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері: Көмекті кештірмеу қажет. Найзағайдың соғуынан адамның тірі қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылауды бір минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіде өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру керек.
