- •1. Ғылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.
- •2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
- •3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
- •Даралар экологиясы- аутэкология
- •1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
- •2. Ағза және тіршілік ету жағдайы
- •3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары
- •4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
- •4.2. Температура.
- •Ылғалдылық.
- •Популяциялар экологиясы – демэкология.
- •Популяция – түрдің тіршілік ету формасы.
- •2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамалары
- •Биотикалық факторлар
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Синэкология - экологиялық қауымдастық
- •1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
- •2. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
- •Демография және экологиялық мәселелер.
- •Тұрақты даму және табиғатты қорғау
- •Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
- •Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
Гаузе принципі бойынша экологиялық қажеттіліктері бірдей екі түр бір территорияда ұзақ уақыт бәсекелеспей тура алмайды, яғни олар бір экологиялық қуысты иемденеді.
Түр аралық бәсекелестік кеңістік, қорек, биогендік заттар және т.б үшін болуы мүмкін. Түр аралық бәсекелестік нәтижесінде бір популяция екінші популяцияны ығыстырып орнын басады. Егер түрлер әр түрлі жерде тіршілік етсе олардың экологиялық қуыстары әр түрлі, ар бір жерде тіршілік етіп, қорегі әр түрлі болатын болса олардың экологиялық қуыстарында бір шама айырмашылық болады. Табиғатта бәсекеге түсетін түрлердің бірлесіп тіршілік етуі (экологиялық қажеттіліктерінде айырмашылық болса) мүмкін. Популяциялардың кеңістік пен ресурстарды бөлісу процесі экологиялық қуыстардың дифференциясы деп аталады. Экологиялық қуыстар дифференциясының басты нәтижесі – бәсекелестіктің азаюы. Көптеген жағдайларга байланысты антагонистік түрлер бірлесіп тіршілік етеді, алайда бұл кері әсерін тигізеді, себебі түрлердің бір - біріне әсері қалып, оларға өз қасиеттері мен мүмкіншіліктерін толық ашуға мүмкіндік бермейді.
6, 7 Дәріс (2 сағ.)
Синэкология - экологиялық қауымдастық
Дәрістің мақсаты-биоциноз, экожүйе туралы түсінік беру, экожүйедегі түрлер арасындағы байланысының негізгі формалары, экологиялық қуыс, экожүйедегі экологиялық қарым қатынас, қоректік тізбегі, экожүйедегі энергия, экологиялық пирамида.
Кілтті сөздер-биоценоз, биотоп, экожүйе, түр, түр аралық байланыс, нейтрамум, симбиоз, мутуализм, протокооперация, комменсализм, пәтерлестік, антибиоз, аменсализм, жыртқыштық, паразитизм, бәсекелестік, экологиялық қуыс, Гаузе принципі, продуценттер, консументтер, редуценттер, қоректік тізбек, қуат, экологиялық пирамида, сандық пирамида, биомасса пирамидасы, қуат пирамидасы, сукцессия.
6 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар:
Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік.
Экожүйедегі түраралық байланысының негізгі формасы (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм).
Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылғаню Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
Биоценоз – күрделі табиғи жүйе. Биоценоз деп – мекен ету ортасы бір, бір-бірімен байланысты түрінің жиынтығы («биос»- өмір, «ценос»-бірлестік). Бұл организмдердің бірлестігі бір- бірімен байланыста тіршілік ете отырып, белгілі абиотикалық жағдайлардың жиынтығына бейімделген. Ұсақ биоценоздар табиғаттың ірі бөліктерінің бөлшегі болып табылады. Мысалы, жерге құлаған ағаш бұтағы және сол бұтақта тіршілік ететіндер, орман биоценозының бір бөлігі болып табылады. Биоценоз үш бөліктен құралады: өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер. Мұндай жүйедегі жекелеген түрлер, популяция және түр бірлестіктері бір-бірімен еш кері әсерсіз алмаса алады. Ал, жүйенің өзі турлер арасындағы антагонизм тепе-теңдік күшінен тұрады. Бірлестіктердің тұрақтылығы бір түрдің екінші түрмен сандық тұрғыдан бір қалыпты боолуына байланысты болса, ал, олардың мөлшері сыртқы жағдайларға яғни, биотоптың біркелкі абиотикалық қасиеттері мен территорияның үлкендігіне байланысты. Биотоп- биоценоздың тіршілік мекені. Биоценоз бен биотоп үздіксіз бірлікте, байланыста болып биогеоценоз немесе экожүйені құрайды. Биоценоз, биотоп және экожүйе шектері бір-бірімен сәйкес.
Биотикалық қауымдастық (биоценоз)- оның құрамдас бөлігі болып келетін популяцияға қарағанда, бұл қауымдастықтың ең жоғарғы қадамы. Биоценоздың ішкі құрамы күрделі болып келеді. Биоценоз құрамына қарай: түрлік және кеңестік болып екіге бөлінеді.
Түрлік құрамы әр түрлі факторларға байланысты болып келетін түрлердің әртүрлілігі мен сандық қатынастарымен сипатталады. Негізгі шектеуші факторлар болып температура, ылғал және қоректік ресурстардың жетіспеушілігі табылады. Сондықтан шөлдердің, биік ендіктердің мен таулардың биоценоздары түрлерге кедей болады. Негізінен өсімдіктер мен жануарлардың он немесе жүздеген түрлері кездесетін болса, онда бұндай табиғи биоценоздар- кедей, ал бай- бұндай табиғи биоценоздарда бірнеше мың немесе он мың түрлері болады. Саны бойынша көп болып келетін түрлерді доминанттылар дейді. Бірақ. Олардың ішінде оларсыз тіршілік ете ала алмайтын түрлер де бар. Оларды эдификаторлар (лат.строители) дейді. Олар бүкіл қауымдастықтың микроортасын анықтайды. Мұндай өсімдктерге- шырша, қайың және кейде жануарлар жатады.
Түрлер биоценозда белгілі бір кеңістіктік құрылыс түзеді, әсіресе оның өсімдік бөлігінде-фитоценозда.Ең алдымен, қоңыржай мен тропиктік белдеулердің ормандарында тік ярусты құлылыспен анықталады.
