
- •1. Ғылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.
- •2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
- •3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
- •Даралар экологиясы- аутэкология
- •1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
- •2. Ағза және тіршілік ету жағдайы
- •3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары
- •4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
- •4.2. Температура.
- •Ылғалдылық.
- •Популяциялар экологиясы – демэкология.
- •Популяция – түрдің тіршілік ету формасы.
- •2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамалары
- •Биотикалық факторлар
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Синэкология - экологиялық қауымдастық
- •1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
- •2. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
- •Демография және экологиялық мәселелер.
- •Тұрақты даму және табиғатты қорғау
- •Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
- •Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндеі даралардың жалпы саны. Ол еш үақытта тұрақты болмайды және ол көбею (өнімділік) мен өлімнің интенсивтлігінің қатынасына байланысты. Қөбею процесінде популяциясының өсуі жүреді де өлім оның санының кемуіне әкеледі.
Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы (соотношение) даралар санымен (немесе биомассамен) анықталады. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.
Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тіріағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай жылдадықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады. Бір бақ-бақ өсімдігінің барлық тұқымдары өнетін болса 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүқіл дүние жүзін алып кетер еді. Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.
Өлім – белгілі бір қезенде өлген даралардың саны. Өлімнің үш типін көрсетуге болады (сурет). I барлық жастағы өлімді сипаттайды (гидра), II даралардың дамуының ең ерте қезенде өлімнің жоғары болуымен (айқулақ – устрица), III ересек )қарт) даралардың өлімінің жоғары болуымен сипатталады (адам).
Өлім кисықтары. Макфредьен бойынша.
Популяцияның өсімі – туылу мен өлімнің арасыгдағы айырма; өсім оң немесе тері болуы мумкін.
Өсу жылдамдылығы – уақыт бірлігіндегі орташа өсім. Егер R0 арқылы берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек )таза көбею жылдадығы(, онда:
R0 > 1 популяция өседі (ұсақ жануарларға тән);
R0 = 1 популяция саны тұрақты;
R0 < 1 кеміп бара жатқан популяция (кәсіптік (промысловые) жануарлар).
Популяциялардың жыныстық және жастық құрылымы. Жыныстық (половой) популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бул көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайларды популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ығағы (ритм) және мінез-құлқы (поведение) әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, көптеген масалардан байқағанымыздай, кенелердің (клещ) аналықтары (матери) (ұрғашы-самка) – қансорғыштар, ал аталықтары (отцы) (еркек –самец) гүлдің тозаңымен қоректенеді немесе сусардың (куница) аналығы, аталығымен салыстырғанда, барлық азық түлік түрімен де қоректене береді, ал аталығы негізінен тиінмен (белка), ірі құстармен қоректенеді.
Популяцияның жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардын аусуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жаңару жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара эсерін көрсетеді:
жаңадан туылған;
жас- өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;
жартылай ересек (взрослый) – жыныстық жетілуге жақын;
ересек –жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;
қартайған – көбеюге қабілеті жоқ даралар.
Әдетте популяцияда барлық жастық топтар болады. Олар біртіндеп (по-одному) бір-біріне өтіп отырады және үнемі жанарып отыруы популяцияның оптимальды санын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы да мүмкін: қандай да бір жастық топтың санының кемуі популяцияның деградациясына немесе керісінше, шектен тыс артыуна әкеліп соқтыруы мүмкін. Жастық топтардың сандық қатынасы популяция күйінің және оның биогеоценоздың болашағының көрсеткіші болып табылады.