- •1. Ғылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.
- •2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
- •3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
- •Даралар экологиясы- аутэкология
- •1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
- •2. Ағза және тіршілік ету жағдайы
- •3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары
- •4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
- •4.2. Температура.
- •Ылғалдылық.
- •Популяциялар экологиясы – демэкология.
- •Популяция – түрдің тіршілік ету формасы.
- •2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамалары
- •Биотикалық факторлар
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Синэкология - экологиялық қауымдастық
- •1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
- •2. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
- •Демография және экологиялық мәселелер.
- •Тұрақты даму және табиғатты қорғау
- •Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
- •Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
Ортаның абиотикалық факторлары Жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін анықтайды, олардың табиғаты физикалық-химиялыққа жатады. Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жарық
Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық тұрғыдан қарайтың болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электомагниттік табиғаты бар фактор.
Қөрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер –жылулық, көк және күлгін – биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, белседілігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әрбір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен анықталатың белгілі бір жарық режимімен сипатталады.
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударғанда helios – күн, phyton - өсімдік), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia – көлеңке), және көлеңкеге төзімді өсімдіктер - факультативті гелиофиттер (латың тілінен аударғанда facultatis – мумкіндіғі бар).
Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) –жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі (бидай, қарағай (сосна), майқарағай (......), күнбағыс-(подсолнух), итошаған (череда), қойжелкен (.......)).
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – күшті жарықты көтере алмайды, үнемі (всегда, постоянно) көлеңкеде, орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер). Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) – жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары).
Жануарлар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда (сумерки)тіршілік ететін жануарлар болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді қөтере алмайтын, тек қараңғыда тіршілік ететін (топырақ жануарлары, ұнгірлер (роющие норы көртышқкан -крот) мен терең жерлерде мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де бар.
4.2. Температура.
Организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтлігіне әсер ететін аса маңызды экологиялық факторлардың бірі – температура. Ол тірі организмдердің биосферада таралуына үнемі әсер етуші фактор. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттунің анатомо- морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған. Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтары болмайтың өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан. Көптеген шөл өсімдіктерінде ақшыл-түкті (белесый- волосяной) жабыны болады. Бұл бейіделушілік күн сәулелерін шағылыстырып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден қорғайды (құм қарағайы) (...........).
Пойкилотермді ағзалардың (грек. тілінен аударғанда poikilos - алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жок. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.
Гомойотермді ағзаларға (грек. тілінен аударғанда homoios –бірдей) –зат алмасу денгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде турақты болуын қамтамасыз етеді.
Салқынқынды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі
Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура аутқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады.
Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қаурсындар (перья), жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді.
Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өқілдері (представители) ретінде –сарышұнақ (грызуны), кіріп (ежик), жарғанат (летучая мышь), аю, үйректұмсық (утконос), кенгурулар мысал бола алады.
