Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қысқаша дәріс материалдары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.41 Кб
Скачать

2. Ағза және тіршілік ету жағдайы

Ағзаның мекен ету ортасы- бұл оның тіршілігіндегі абиотикалық және биотикалық жағдайларының жиынтығы. Ортаның қасиеттері әрқашан өзгеріп отырады, сондықтан әрбір ағза тірі қалу үшін осы ортаға бейімделеді.

Жер биотасымен үш негізгі мекен ету ортасы игерілген: су, жер-ауа, топырақ пен тау жыныстары. Биологтар төртінші мекен ету ортасын бөліп қарастырады- бұл паразиттер және симбиоттармен тіршілік ететін тірі ағзалардың өзі.

Ортаның әсерін ағзалар ортаның факторлары, яғни экологиялық факторлары арқылы қабылдайды.

Экологиялық факторлар- бұл ағзаларға спецификалық әсер ететін ортаның белгілі бір жағдайлары мен элементі. Олар абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар болып бөлінеді.

Абиотикалық факторлар- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне және таралуына әсер ететін ортаның барлық неорганикалық факторларының жиынтығы. Солардың ішінен физикалық, химиялық және эдафикалық (топырақты) түрлерін бөліп қарастырады. Абиотикалық факторлардың ішінен, сондай-ақ климаттық (температура, ауа ылғалы, жел және т.б.) және сулы ортаның гидрографикалық факторлар (су, ағыс, тұздылығы және т.б.)

Биотикалық факторлар- бір ағзаның басқа ағзаға және өлі мекен ету ортаға әсерлерінің жиынтығы.

Антропогендік факторлар- адам ықпалымен қоршаған ортаға тигізетін әсерлері (ластану, топырақ эрозиясы, орманның жойылуы және т.б.)

Уақытқа байланысты факторлардың өзгірісінің қайталанып отыруы периодты факторлар, ал кенеттен пайда болатын факторларды (вулканның атқылауы, жыртқыштың жемтікке бас салуы және т.б.) периодты емес факторлар деп аталады.

Адаптация (лат. бейімделу)- ағзалардың ортаға бейімделуі. Бұл процесс ағзалардың (түрлердің даралары, популяциялар) құрылымы мен функцияларын және олардың мүшелерін қамтиді. Ағзалардың қоршаған ортаның факторларына негізгі бейімделушілігі сонау тарихи кезден қалыптасқан. Олар биотаның тарихи- эволюциялық жолымен қалыптасқан және экологиялық факторлардың өзгерісімен бірге өзгеріп отырған. Ағзалар әрқашан әсер ететін периодты факторларға бейімделген, бірақ солардың ішінен біріншілік және екіншілік түрлерін қарастырып кеткен жөн.

Біріншілік- бұл жерде тіршілік пайда болғанға дейін әсер еткен факторлар: температура, жарық және т.б. Ағзалардың осы факторларға бйімделуі ежелден болып табылады.

Екіншілік периодты факторлар-бұл біріншілік факторлардан туындаған факторлар: температураға байланысты ауа ылғалдылығы; өсімдіктердің даму циклдеріне байланысты өсімдіктекті қорек; түрішілікте әсер ететін биотикалық факторлары және т.б. Олар біріншілік факторлардан кейін пайда болған және әрқашан да оларға бйімделу анық емес.

3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары

Лимиттеуші факторлар. Алғаш рет лимиттеуші факторлардың мағынасын неміс агрохимигі Ю.Либих 19 ғ. ортасында ашып көрсеткен. Осыдан ол минимум заңын ұсынды: астықтың өнімі ең аз, яғни минимум факторларына байланысты. Егер топырақта қажетті компоненттер тұрақты жүйені құраса, ал қандайда бір зат, мысалы, егер фосфор минимумға жақын мөлшерде болса, ол астықтың өнімін төмендетеді. Сондай-ақ, топырақта пайдалы минералды заттар көп, яғни максимум болса, ол да астық өнімін төмендетеді. Олай болса, факторлар максимум болса да лимиттеуші болуы мүмкін. Демек, лимиттеуші экологиялық факторлар дегеніміз оптималды мөлшерден тым көп не тым аз факторлардың болуы ағзалардың дамуын шектейді. Оларды кейде шектеуші факторлар деп те атайды.

Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету ауыртпалығы В.Шелфордтың толеранттылық заңында байқалады: факторлардың болмауы не ағзаның дамымауы фактордың жетіспеушілігімен (сапалық және сандық түрде) немесе, керісінше, тым көп болуымен анықталады, ал олардың деңгейі ағзалардың шыдамдылық шегіне жақын болуы мүмкін. Осы екі шекті толеранттылық шегі деп атайды.

Мына заңды бір фактордың әсері арқылы көрсетуге болады: қандайда бір ағза -5С-дан 25С температура аралықта тіршілік ете алады, олай болса оның толеранттылық диапазоны осы температуралар аралығында жатыр. Температура жоғарлауына толеранттылық диапазоны тар болып келетін ағзаларды стенотермді («стено»-тар) ағзалар, ал температура диапазоны кең болып келетін ағзаларды эвритермді («эври»-кең) ағзалар деп атайды.

Температура сияқты басқа да лимиттеуші факторлар бар, ал ағзаларды олардың әсер ету қатынасына байланысты стенобионттар мен эврибионттар деп атайды. Мысалы, бір ағза ылғалдылыққа стенобионтты болып келсе, екіншісі экологиялық факторларға эврибионтты болып келеді және т.б. Негізгі экологиялық факторларға эврибионтты болып келетін ағзалар жер бетінде кең тараған.

Ағзаның толеранттылық диапазоны бірқалыпты бола бермейды- ол, мысалы, егер қандайда бір фактор қандайда бір шекке жақын болғанда немесе ағзаның көбеюі кезінде көптеген факторлар лимиттеуші болғанда тарылады. Демек, экологиялық факторлардың әсері белгілі бір жағдайларда өзгере алады, яғни олар лимиттеуші болуы да, болмауы да мүмкін. Олай болса, ағза факторлардың лимиттеуші әсерін өзі өзгертіп, өзіне, мысалы, микроклимат (микроорта) жасай алады.

Сөйтіп, табиғи жағдайларда ағзалар қауіпті физикалық факторларға, өздеріне қажетті заттарға және ортаның осы не басқа да компоненттеріне, ағзалардың өздірінің толеранттылық диапазонына байланысты болып келеді.

Дәріс 3

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні.

4.1. Жарық

4.2. Температура

4.3. Ылғалдалық