- •1. Ғылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.
- •2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
- •3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
- •Даралар экологиясы- аутэкология
- •1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
- •2. Ағза және тіршілік ету жағдайы
- •3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары
- •4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
- •4.2. Температура.
- •Ылғалдылық.
- •Популяциялар экологиясы – демэкология.
- •Популяция – түрдің тіршілік ету формасы.
- •2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамалары
- •Биотикалық факторлар
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Синэкология - экологиялық қауымдастық
- •1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
- •2. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
- •Демография және экологиялық мәселелер.
- •Тұрақты даму және табиғатты қорғау
- •Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
- •Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
Ғылыми –практикалық көзқараспен қараған кезде экологияны теориялық және қолданбалы деп бөлу заңдылық.
Теориялық экология өмірді ұйыдастырудың жалпы заңдылықтарын ашады. Қолданбалы –экология - адамзаттың биосфераны білдірудің механикалық жағын оқытады, осы процессті алдын-ала болдырмаудың тәсілдерін және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану жолдарын дайындайды.
3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
Адамзаттың қызметінің маштабының және қарқындылығы соншалықты, дүние жүзін қоршаған, табиғи ортасының өндіріс қалдықтары, көлік, ешуақытта таусылмайтын шикізат көздері және энергия биосферадағы қайталанбайтын процестердің тозуы жалпылай жұтқыш болып қалатыны белгілі. Миллиондаған жыл өмір сүрген экожүйесі, адамзаттың жахандық деңгейде әсер етуін нәтижесінде, біршама өзгерістерге ұшырап отыр. Адамзат пен табиғат арасындағы арпалыс көз алдымызда тұр. Адамзаттың араласуы нәтижесінде табиғаттың табиғи процесстері өзгеріп, бұзылып жатыр, бұған дәлел ағаштардың кесілуі, завод-фабрикалардың түтіні мен автокөліктердің зиянды қалдықтары. Экологиялық кризистің ең негізгісі ол ғылыми техникалық революция және халықтардың өсуі.
«21 ғасырдағы күнделікті іс» бұл жай ала салған құжат емес. Бұның 4 саласында, қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды сақтау және оларды жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Құжатта, қалдықтарды жою, тұщы судың сапасын сақтау, гидросфераны, атмосфераны сақтау проблемалары көрсетілген. «Экологиялық қауіпсіздік» термині техногендік қызмет кезінде табиғи ортаны қорғау үшін қабылданған. Адамзаттың экологиялық қауіпсіздік түсініктемесімен басқа, кең түрде табиғатты қорғау және табиғи байлықты тиянақты пайдану деген ұғымдарға қолданылады.
Өзіндік бақылау сұрақтары.
Дәріс 2,3 (2 сағ.).
Даралар экологиясы- аутэкология
Дәрістің мақсаты-организм, экологиялық факторлар, олардың тірі организмдерге әсер ету ерекшеліктері және экологиялық мәні, толеранттылық, толеранттылық диапазоны, экологиялық сыйымдылық туралы түсініктеме беру.
Кілтті сөздер - аутэкология, организм, экологиялық фактор, ерекшеліктері, экологиялық мәні, толеранттылық, толеранттылық диапазоны, стенобионттар, эврибионттар, ортаның экологиялық сыйымдылығы.
Дәріс 2
Қарастырылатын сұрақтар:
Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
Ағза және тіршілік ету жағдайы, экологиялық факторлар.
Экологиялық факторлардың ағзаға әсер ету заңдары.
1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
Ген, клетка, мүше, ағза, популяциялар, қауымдастық (биоценоз)- тіршіліктің негізгі ұйымдасу деңгейлері.
Ағза экологияда қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторларымен қарым- қатынаста болатын бүтін жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық түр индивидуумдар сияқты бір- бірінен ерекшеленетін екі түрден тұрады. Олар да бір түрге жататын ұқсамайтын екі адам сияқты бір- біріне ұқсамайды. Бірақ олардың барлығын өзара байланыстыратын- бұл түр ішінде көбеюін қамтамасыз ететін генофонд болып табылады. Әр жеке индивид спецификалық ерекшеліктеріне ие болуына байланысты олардың орта жағдайларына қатынасы мен орта факторлардың әсерлері әр түрлі болып келеді.
Популяция- бір түрге жататын, өзара көбейе алатын, бір кеңестікте мекендейтін даралардың жиынтығы.
Биоценоз- бірге тіршілік ететін микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының жиынтығы. Белгілі бір территориядағы қоршаған ортаның жағдайлары: ауа, су, топырақ және тау жыныстары биотоп деп аталады. Биотоп компоненттері бір- бірімен әрекеттесіп, белгілі бір биологиялық жүйені түзеді. Оны академик В.Н.Сукачев биогеоценоз деп атаған. 1935 жылы ағылшын ботанигі А.Тенсли алғаш рет «экожүйе» деген терминді енгізді. Тенсли бойынша экожүйе-«бұл ағзалар комплекстері мен ортаның физикалық факторлар комплекстерінің, яғни мекен ету орта факторларының жиынтығы».
