
- •1. Ғылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.
- •2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
- •3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
- •Даралар экологиясы- аутэкология
- •1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
- •2. Ағза және тіршілік ету жағдайы
- •3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары
- •4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
- •4.2. Температура.
- •Ылғалдылық.
- •Популяциялар экологиясы – демэкология.
- •Популяция – түрдің тіршілік ету формасы.
- •2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамалары
- •Биотикалық факторлар
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Синэкология - экологиялық қауымдастық
- •1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
- •2. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
- •Демография және экологиялық мәселелер.
- •Тұрақты даму және табиғатты қорғау
- •Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
- •Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
Тұрақты даму және табиғатты қорғау
Дәрістің мақсаты- Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістерімен таныстыру.
Кілтті сөздер- ұтымды пайдалану, заңдар, принциптер, қалдықсыз технологиялар, биологиялық алуантүрлілік, қызыл кітап, ерекше қорғауға алынған территориялар, қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштер, ұлттық саябақтар, биосфералық резерваттар.
Қарастырылатын сұрақтар
Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатнастағы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бул іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер зыңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласумен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақстанда «Экологиялық Кодекс» 2007 жылы қабылданған. Осы кодекс қазіргі және болашақ ұрпактардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Коршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері;
-халактың денсаулығына, өміріне, енбегі мен демалысына колайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
-қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау ушін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
-экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кенінең қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;
-табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
-қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны ушін ақы төлеуді енгізу,
-биологиялық алуантүрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
-қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалыуна мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
-табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
-халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
Табиғатты тиімді падаланудың мынадай ерекшеліктері бар;
-табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтірумен қатар жүруі керек (орныңа қайта келетін табиғи байлықтар ушін);
- табиғи байлықтарды кешенді пайдалану;
- табиғи байлықтарды қайта пайдалану;
-табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
-қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды енгізу.
Орныңа қайта келетін табиғи байлықтар ушін қолданылатын шаралар.
Орман сақтау шаралар.
Ормандар аз аймақтардағы ормандарды қорғау шаралардың, олардың суқорғау, топырақсақтау, санитарлық-сауықтыру рольдермен байланысты, маңызы артып кележатыр. Тау ормандарға, олардың суреттеу және топыраққорғау функцияларымен байланысты ерекше қөніл аудару керек. Ормандарды қорғаудың негізгі мақсаты – бұл оларды тиімді пайдалану мен молықтыру. Бірінші ретті шараларға төмендегілер жатады:
орманкесу фондың гылыми негізінде есептеу және ораналастыру;
ағашты (сүректі) үнемді (үнемшіл) жұмсау;
ормандарды молықтыру және олардың өнімділігің арттыру;
ормандарды өрттерден, зиянкестерден және басқа колайсыз факторлардаң қорғау.
Жерді сақтау шаралар. Адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде құнарлы жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен қубырлар салу, т.б.) жүргізу нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырады. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды ауыл және орман-шаруашылықтарына қайтарудың жолдарын іздестіруде. Жерді қайта қалпына келтірудің- рекультивациялаудың екі негізгі этапы бар: тау-техникалық және биологиялық. Тау-техникалық рекультивацияның мақсаты –территорияларды жөндеуге дайындау. Бул кезде топырақтың беткі құнарлы қабаты сақталады, негізінен ізбестеу, гипстеу, дренажды жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Ал биологиялық рекультивацияуда топырақ құнарлылыгын қалпына келтіру арнайы агротехникалық шаралар мен тынайтқыштар беру арқылы топырақтың құнарлылыгын жоғарылату, қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырлады.
Қалдықсыз технологиялар. Көптеген авторлардың пікірінше, қоршаған ортаға түрлі зянды қалдықтардың әсері мен мөлшерін азайту үшін төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
-қалдықсыз технологиялық жүйелердің түрлі типтері мен қалдық суларды тазартуға негізделген су айналымы циклдарын енгізу;
-өндірістік қалдықтарды екінші реттік материалдық ресурстаға өндеу жүйелерін жасау;
-ресурстарды бірнеше қайтара пайдаланудың талаптарына сәйкес жаңа өнім түрлерін дайындау мен шығару;
-қалдық түзілетін кезендерін қысқартуға немесе мүлде жоюға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді құру.
Қалдықсыз технология дегеніміз –БҰҰ экономикалық комиссиянының Деклорациясына (1979) сәйкес адамзат қоғамының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін білім мен ғылымның жетістіктерін, түрлі әдістер мен құралдарды практикада қолдану болып табылады. Қалдықсыз өндіріс өндіріске енгізілген табиғи ресурстарды неғурлым тиімді және үнемді пайдалану үшін шешімдер қабылдау үшін қажет. Өндірісті интенсивтендіруге байланысты қалдықтар мен қосымша өнімдерді өндірісте қайтадан пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа экологиялық таза технологиялар пайда болды.
Қалдықсыз өнім өндірісінің мәні - жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзінде қалдықсыз өнім өндіруді жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнім өндіруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиімділігін арттыру, қолданылып келе жатқан технологиялық процестерді анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады. Қалдықсыз өнім өндірісінін енгізуден біз не күте аламыз? Практика көрсекендей, олар: биосфераға келетін шығынды төмендету, шикізат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикізат базасын кенейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т.с.с.
Қалдықсыз өнім шығару технологиясының ең жақсы мысалы –хромдау гальваникалық цехының қазіргі заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сініріліп, хромдау ваннасына қайтып келеді, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жүүға қайтадан қолданылады.
Қызыл кітап. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылуы фактілері белгілі. Адам рельефті, өзен арналарын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетті ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді. Түрлердің толық жойылулуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған тур жуйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы –Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. Қазақстанда 1978 жылы Қазақ ССР –нің Қызыл кітабының бірінші томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кему себебі, таралу территориясы (ареал), қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлақ түрлерді бірнеше категорияларға бөледі: жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралары қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлықа алуға негізі бар, бірақ олар туралы мәліметтер аз).
Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді, жануарларды сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, кіші қорықтарда қорғауға алады, бағалы және пайдалы түрлерді көбейтудің арнаулы іс-шаралары жасалынып, оларды аулауға шек қойылады. Егер жануар немесе өсімдіктің саны популяцияның минимальды мөлшерінен төмен болса (мысалы, гепард, берқара терегі), онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.
Ерекше қорғауға алынған территориялар. Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктедің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады. Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өнірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
жүйелі топтастырылған денгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дуниесін және микроорганиздерді сақтау.
Муны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттык парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Ерекше қорғауға алынған территориялар түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескеркіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді. Ерекше қорғауға алынған территориялардың ішінен қорықтардың орны ерекше, алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады.
Қорғалымдар – белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі. Табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Ланшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, плеонтологиялық болуы мүмкін.
Ұлттық саябақтар – табиғи тіршілік ортасын қорғайды, олардың негізгі міндеті –халықты рекреациялық қамтамасыз ету.
Табиғат ескеркіштері – айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мадени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгілер, әсем жартастар және т.б. жатады.
Биосфералық резерваттар - Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық резерваттар қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасу қажет. Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Биосфералық резерваттар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.