- •1. Ғылым ретіндегі экология Мәні, міндеттері, бөлімдері, әдістемелері.
- •2. Практикалық міндеттерді шешудегі экологиялық ролі.
- •3. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы
- •Даралар экологиясы- аутэкология
- •1. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
- •2. Ағза және тіршілік ету жағдайы
- •3. Экологиялық факторлардың ағзаларға әсер ету заңдары
- •4. Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні
- •4.2. Температура.
- •Ылғалдылық.
- •Популяциялар экологиясы – демэкология.
- •Популяция – түрдің тіршілік ету формасы.
- •2. Популяцияның статистикалық сипаттамалары
- •3. Популяцияның динамикалық сипаттамалары
- •Биотикалық факторлар
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Синэкология - экологиялық қауымдастық
- •1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
- •2. Экожүйелердегі түраралық байланыстардың негізгі формалары
- •3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
- •Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
- •Демография және экологиялық мәселелер.
- •Тұрақты даму және табиғатты қорғау
- •Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері
- •Қоршаған ортаны қорғаудың әдістері
3.Экологиялық қуыс: потенциалдық және жүзеге асырылған. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі.
Гаузе принципі бойынша экологиялық қажеттіліктері бірдей екі түр бір территорияда ұзақ уақыт бәсекелеспей тура алмайды, яғни олар бір экологиялық қуысты иемденеді.
Түр аралық бәсекелестік кеңістік, қорек, биогендік заттар және т.б үшін болуы мүмкін. Түр аралық бәсекелестік нәтижесінде бір популяция екінші популяцияны ығыстырып орнын басады. Егер түрлер әр түрлі жерде тіршілік етсе олардың экологиялық қуыстары әр түрлі, ар бір жерде тіршілік етіп, қорегі әр түрлі болатын болса олардың экологиялық қуыстарында бір шама айырмашылық болады. Табиғатта бәсекеге түсетін түрлердің бірлесіп тіршілік етуі (экологиялық қажеттіліктерінде айырмашылық болса) мүмкін. Популяциялардың кеңістік пен ресурстарды бөлісу процесі экологиялық қуыстардың дифференциясы деп аталады. Экологиялық қуыстар дифференциясының басты нәтижесі – бәсекелестіктің азаюы. Көптеген жағдайларга байланысты антагонистік түрлер бірлесіп тіршілік етеді, алайда бұл кері әсерін тигізеді, себебі түрлердің бір - біріне әсері қалып, оларға өз қасиеттері мен мүмкіншіліктерін толық ашуға мүмкіндік бермейді.
13 Дәріс (1 сағ.)
Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және Тұрақты даму
Дәрістің мақсаты- әлеуметтік-экологиялық проблемалар туралы түсінік беру.
Кілтті сөздер-.
Қарастырылатын сұрақтар:
Демография және экологиялық мәселелер.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен адам денсаулығы.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.
Нитраттар мен азықтық қоспалар туғызатын аурулар
Қала және адамның денсаулығы
Демография және экологиялық мәселелер.
Демография (грек. демос – халық) – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары – экологиялық демография немнесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. Адамға жақын. Табиғаәқ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Сонғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазірөмір сүретін адамдардың ¾ -і сәйкес келеді№ Ғасырдың екіншіжпартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млнөға артып отырады. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторанынаң басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. Әқ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады.
Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсіуне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе? Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған. Ейбір Африка мемлекеттеінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек – 21 ғасырда байқалған. Бул елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер –кеделенуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.
14-15 Дәріс (1 сағ.)
