
- •5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
- •13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
- •14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
- •59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы
- •60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.
- •61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
- •63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
- •64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
- •65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
- •66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
Ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі Алма Қыраубаева «Шығыстық қисса дастандар», «Ежелгі әдебиет» секілді елеулі еңбектерді халық назарына ұсынды.. А.Қыраубаеваның «Шығыстық қисса дастандар» кітабы 1997жылы «Рауан» баспасынан басылып шықты. Ғалымның бұл кітабында «Шаһнама», «Тотынама», «Мың бір түн» желілері боынша қазақ дастандары талданды. Сондай-ақ Орта Азия сюжеттері және «Бақтиярдың қырық бұтағы» қисса-дастандары қарастырылған. Қыраубаева: «әдебиетіміздің бұл саласы-ұшы-қиырсыз, кең-мол рухани дүние» дей келіп, бұл салада зерттеулер жүргізген қаламгерлер М.Әуезов, Ақылбек Турабаев(Ибраһим қиссасы, Алтын балық, Бозжігіт т.б.), Жүсіпбек Шайхусламов(Шәкір-Шәкірат, Дариға қыз, Кербаланың шөлі, Қасым-Жомарт т.б.), Қашафут Шаһмарданұлының(Сұлу қыз уа Хаммал, Бәрсиса, Қажы-Баян т.б.) шығармаларында қарастырылған қисса-дастандар желісінің хал-жағдайы туралы біршама сөз етеді. Ғалым: «Біз ХІХ-ХХ ғасырдағы қисса-дастандарды: «Мың бір түн»- «Тотынама» желілері, «Шаһнама»желілері және Орта Азиялық желілер деп бөліп қарастырғанды жөн көрдік. Бұлардың сыртында Пекиннен басылған қисса-дастандар және «Бақтиярдың қырық бұтағы» туралы әңгімелейміз. Бұлайша болу қииса дастандардың қалыптасу жолдарын анықтауға септігін тигізеді», деген болатын. «Мың бір түн» дастаны туралы айта кетсек, бұл туынды Еуропа елдерінің тануы Энно Литманың, Галнанның есімдерімен байланысты.Қазақ тіліне Қалқаман Әбдіқадыров аударған және ол оқырмандардың қызығушылығын толығымен қанағаттандырды. А.Қыраубаева «Мың бір түн» сюжеттерінің ХҮғасырға дейінгі қалыптасу кезеңін 3топқа жіктеп қарастырды. Олар: 1.Индия сюжеттернінің элементі айқын көрінетәін парсының «Мын ертегісінің» негізінде Хғасырдың маңайында түзіле бастауы. 2. Х-ХІІ ғасырларда Бағдат төңірегінде тараған әңгімелердің жинақталуы. 3. ХІғасырдан бастап, ХІІ-ХҮІ ғасырларға дейін Египетте шығарылған әңгімелерінен, ХҮ-ХҮІІІғасырларда толық нұсқасының қалыптасуы. Осы уақыттар арасында ертегінің сюжетін мың бірге толықтыру мақсатында көптеген әңгімелер қосылған. «Мың бір түн»- мың жылға жуық уақытта түзілген ғаламат шығарма. Кейіннен, осы шығарманың желісінде көптеген шығармалар, соның ішінде ғашықтық дастандарды да дүниеге келтірген(«Зергер мен Кашмир әншісі», «Баһрам ханзада мен ад-Датме ханша» т.б. туындылар ).
Ал, «Шаһнама» туындысы Әбілқасым Фирдоусидың даңқты туындысы болып табылады. Бұл шығарманы 1860-1870жылдар деңгейінде Ораз молда қазақша сөйлете бастаған деседі. Кейіннен, Мұхаммеджан Сералин осы шығарманың «Рүстем-Зораб» тарауын өзінің Айқап журанлында басып шыққан көрінеді.
66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Ол философия, математика, медицина,астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі,әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі,Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.Үшіншісі, Огдүлміш қанағат-ынсап ие, Төртіншісі, Ұғдүрміш ақыл-параста иесі ретінде суреттеледі.
Жүсіп Баласағұни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән. “Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаһарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады. "Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
"Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.
Мұндай сарындар ақын-жыраулардың Жабыл Жабаевтың, Асан қайғының, Шортанбай Қанайұлының, Сүйінбай Аронұлының, Мұрат Мөңкеұлының, Шернияз Жарылғасұлы секілді қаламгерлердің туындыларында кездеседі.
67.Шәлгез (Шалкиіз) жыраудың «Шағырмақ бұлт жай тастар» туындысы. Шәлгез Темір би бұ дүниеден өткеннен кейін де халықтың өміріне араласып , әрқилы билеушілермен әрқалай қатынаста бола жүріп тірлік кешкен кісі. Арыстанғали Беркалыұғлының “Ақын” жинағында “Шағырмақ бұлт жай тастар” атты ұзақ толғауына байланысты берген түсіндірмесі бойынша жырау ноғайлы жұртының бес, алты ханның тұсында өмір сүрген адам. Жасы ұлғайған тұсында Мамай ханның жанына келіп өмір сүреді. Бірақ, мұнда да оны ноғайлының өзге билері күндеп , өлтірмек болады. Мамай оларға : “ Сендер өлтірмей ақ қойыңдар. Ертең елге жау тигенде өзін жаман торымен жіберейік. Сонда өзі ақ жау қолынан өледі.”,-дейді. Айтқанындай, ертеңіне елге жау тиеді. Шәлгезді жаман торыға мінгізіп , жауға қарсы жібереді, Бірақ, Шәлгез батыр жаудың қолбасы батырын өлтіріп, өзге әскерін қуып тастайды. Мұнан кейін тау басында осының бәрін қызықтап тұрған Мамайға келген жырау:
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғаділ төре ел бастар...
68. Шәлгез (Шалкиіз) жыраудың ислам дініне қатысты толғауы.
Шалкиіз ислам дінін ұстанған, оның тәңірісі көк емес, алла.
Тәңіріңнің үйі кебені
Ибраhим-Халил алла жасапты,
Ғазірейіл жан алмаға қасап-ты.
Шалкиіз құранға, ислам дінінің қағидаларына қаншалық жетік болғаны бізге мәлімсіз, алайда оның сауаттылығы күмән туғызбайды.
Қара сия ақ қағаз,
Дестерге өнер төктірдің. Алыс жерден мөhрлі шұбар хат келсе...
Әбсінде ғалым жидырып,
Ақ кітабын жайдырып...
69.Шәкәрім туындыларындағы адам концепциясы.
Шәкәрімнің ағартушылық ойларының мәнді өзегі-еңбек тақырыбы. Оның айтуынша, еңбек –жақсылық атауларының бастауы. Әсіресе, “Адамдық борышың ” өлеңінде бұл сипат айқын көрінеді. Шәкәрімнің пайымдауынша, еңбек ету , халқына пайдалы жұмыс істеу адам баласының ең бір мәртебелі парызы болмақ.
Шәкәрімнің ұғымындағы адамгершілік оп-оңай қол жеткізетін нәрсе емес . Адамгершілігі мол кемел адам болу үшін ең алдымен адамға тән бірқатар игі қасиеттерді бойыңа жинақтай білуің шарт. Ал олар қандай қасиеттер ? “Талап пен ақыл” деп аталатын өлеңінде Шәкәрім , міне, осы сауалға жауап іздеп , айналасындағы жастарға ғибратты бағыт сілтейді.
Бұл өлеңінде Шәкәрім кемел адамға қажетті жекелеген қасиеттерді санамалап көрсетеді. Атап айтқанда:
Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық,
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық,-
дей келіп, ақын осы аталған қасиеттерді бойына жинаған адам ғана мұратына жететінін айтады. Және де осы қасиеттердің әрқайсысының адам өміріндегі мән-маңызын түсіндіреді Дәлірек айтқанда, бойдағы ынсаптың адамды асып-тасудан сақтайтынын ,
рақымның айналаңмен қарым-қатынасыңды түзейтінін, ар мен намыс адам жанының айнасы болатынын , ұяттың өлімнен де күштілігін , сабырдың түбінде сары алтындай шыдамдылық жататынын, сақтық арқылы әркім өзінің әрбір құбылыс туралы пайымы
мен талғамын қалыптастыратынын айтады. Егер осылардың бәрі бір адамның бойынан табылар болса , ол адамның жеңбейтін қиындығы болмақ емес.
70.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы һәм ел тарихы.Қазақ поэзиясындағы аса көркем , терең, ғажайып шығарма М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” туындысы.Патша заманында отаршылық тепкі, езгіні көрген , кеңестік қуғын-сүргін бұлты басына төнген Мағжан жүрегінен шерлі, мұңлы жырлар төгілді. Әділетсіздікке , зорлық –зомбылыққа деген қарсылық, ақынның жәдігөйлік , келісімпаздық дертіне шалдықпаған жігерлі , ұят-иманды , намысты толғауларындағы сарындар “Батыр Баян” поэмасында бір арнаға құйып, бұрқырай тасқындады.Поэма сюжеті екі арнададамиды. Бірі-Абылай хан, оның айналасындағы белгілі батырлар , олардың қалмақ шапқыншылығына қарсы бүкілхалықтық күрес. Бұл бағыт ақындық шолу қалпында ,суретті жөргем түрінде беріледі. Екінші арна, шығарманың күре тамыры- батыр Баянның қалмақ елін шауып, Бөбек қызды қолға түсіруі , оған ғашық болу хикаяты айтылады. Сорға қарай, Бөбек өыз батыр Баянның інісі Ноянмен көңіл қосады, екі жас ғашық болып табысып жарасады да, қайын жұрт батасын алмақ ниетпен қалмақ еліне жол тартады. Бір жағынан , қызғаныш сезімі өртеген , екінші жағынан , туған інісі тұтқын қыз соңынан кеткені үшін намыстан күйген батыр Баян басындағы психологиялық күйзелісті , қат-қабат халдері аұын өз басындағы шындықтармен , заман мен ақын , тарих пен ақын, ел, намыс және махаббат , туыс сезімі және қызғаныш тәріздес шытырман әуездермен астастыра , құлпырта, толқыта, тербете бейнелеген . Қан-қазаны , зор күйзелісті көрсеткен “Батыр Баян” , түптеп келгенде , рухани сеніммен, келешекке көз тіккен үмітті серпінмен аяқталады.
71.Біржан сал поэзиясының қазақ әдебиеті мен өнеріне тигізген игі әсері. Ұлт әдебиеті мен мәдениеті тарихында ақын-композитор , импровизатор, әнші Біржан сал Қожағұлұлы өнернамасы айрықша құрметке ие. Руханият әлемінде сал-серілер поэзиясының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан ерен тұлға. Біржан ең алдымен әнші-сазгер, әнші-орындаушы ретінде бағаланып, ақындығы сол өнеріне көмекші дәрежесінде ғана айтылып келеді. Жаратылыс Біржан салға жоғары дәрежелі рухани қабілет, парасат-білік, суреткерлік қасиет, ұшқыр қиял, телегей шабыт сыйлаған. Тектілігі тағы бар. Ол орыс , қырғыз, башқұрт, ноғай, шүршіт тілдерінде шырқата ән айтқан. Егер де бір апта бойы жыр толғап, ән шақырса бірде-бір қайталау болмайды екен. Тайбурылдың шабысындай дауылша үдеп кетеді екен. Тұран баласы Ысмайыл қария: “Біржанның дауысы он-он бес шақырым отырған ауылға жетіп, даланы жаңғырықтырып жіберуші еді” –деп еске түсіреді. Біржан сал поэзиясының көркемдік –эстетикалық жүйесі, музыкалық бітімі тастүйін . Ақындық ой-сезім де мөп-мөлдір, тап-таза , сыңғылап құйылған мәтін де мінсіз , сәулетті де сәулелі сөз-образдар мен сөз-символдарға тұнып тұр.Біржан салдың ақындық жүрегінен төгілген “алтын мен күмістің нақысындай” толқынды жырлары мен сырлары ұлттық игілігіміз ретінде ғасырлар керуенімен аршынды қадаммен ілгері баса бермек.
72.Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі Ақан сері бейнесі. Ақан-кең байтақ жерін, қасиетті ел-жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалынына күйіп, , тынымсыз өмір кешкен , өршіл де ілгерішіл поэзияның шебері. Қоғам , адам өміріне өзіндік көзқарасы бар, таным-талғамы биік, көңілді, пафосты лирикалар қалдырған айтулы ақын. Ақан сері –лирик , әнші, ақын. Ақын қалдырған мұраның бәрі-түгел дерлік , жүрек отының жалынындай , терең толғаныстардың туындылары, адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия.Ақан-жастай оқып тәлім алған өнерлі, білімді жас . Өз замандастарының көбінен озық , араб-парсы, шағатай әдебиеттерінен де , сол әдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс , соған қоса, орыс тілін де білген мәдениеті жоғары өнерпаз адам. Момақан тау, шипа көл, бетегеден киіз төсегендей тыныш алаң, қыз қайың, жігіт қарағай арасында қу бас ілінген ағаштың көлеңкесінде бір шал отыр. Бұл Ілияс поэмасының қаһарманы. Ақан өмірінің трагедиялық беттері ақындық баяндауда кеңінен ашылады. Ілияс өз кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай, “Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған”,-деп ашық айтады.
73Жамбыл Жабаев туындылары һәм елдік мүдде мен ерлік рух.Жамбыл Жабаев 1846жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде көшпелі кедей отбасында туды. Оның “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық”, “Халықтың еркі кетті баласынан”, “Халық кетті” , сонымен қатар ерлік рухқа арналған “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр” дастандары бар. “Сұраншы батыр” дастанында Жетісу қазақтарының ХІХ ғасырдың орта тұсында Қоқан басқыншылырына қарсы күресінің ақиқаты елестейді, Сұраншы батырдың ерлігі мадақ етіледі.Сұраншы батырдың ата-тегін , батырлық әулетін мақтаныш етіп айта келіп, олардың қиын-қыстау кездерде бүкіл елдің намысын қорғап келген айбатына тоқталады, сондай елдердің кедейліктен көшуге көлік таба алмай қала беретіндіктерін баяндайды.Өтеген батыр есімі мен еңбегі Жетісу қазақтарының санасында мықты сақталғанын сипаттайтын дерек көп. Жамбыл “Өтеген батырдың” екі нұсқасын айтқан. Ақын Өтегенге қатысты әңгімелер ішінен халыққа мәңгілік құтты қоныс іздеуі туралы аңызды таңдап алуы кездейсоқ емес. Адам баласының бақытты өмір сүруін аңсаудан туған , асыл арманға құрылған ежелгі қиял аңыздың шындыққа айналуы мүмкін екендігіне сенген ақын Өтеген есімін халық үшін жанын пида ете білудің символы ретінде мадақ еткен.