- •5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
- •13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
- •14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
- •59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы
- •60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.
- •61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
- •63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
- •64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
- •65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
- •66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
«Алып-Ер Тұңға»-түркі халықтарының арғы тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сәкес өмірге келген қаһармандық жыр. Бүгінгі күнге дейін «Алып-Ер Тұңға» дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтседе сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бұл дастанның сюжеттік желісін, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы- Алып Ер Тоңға. Ол Тұран елінің билеушісі, сақтьар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда ол елдің көреген көсемі түрінде де бейнеленеді. «Алып»-сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Кезінде Иран мен Тұран елдері араында болған соғыстарда Алып ер Тұңға сан рет Тұран әскерін басқарып, талай рет ғажайып жеңістерге ждеткен. Бұл жайында Фирдоусидың «Шаһнамасында» кеңінен толғанады. Оны Фироуси өз дастанында Афрасиаб деп атаған. Көне парсы тілінде «Афрасиаб» дүлей қар күш иесі деген мағына береді. Алып ер Тұңға туралы кезінде бу Райхан әл-Бируни, Оашид ад-дин, т.б. пікір айтқанг. Бұлардың бәрі де оны сақтар дәуірінде өмір сүрген қайраткер ретінде көрсетеді. «Алып Ер Тұңға» дастанының мүлдем ұмытыла бастаған конструкциясын белгілі бір дәреже де айқындап алуға Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Рашид ад-диннің Фазаллахтың «Маджма таурих», Әбу Райхан әл-Бирунидің «Сувар и акалим» сияқты орта ғасыр жазылған еңбектерінің пайдасы тиді. Сондай-ақ Алып Ер тұңға дастаныф жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бұл салада жемісту еңбек еткен Түркия елінің Б.Аталай, Р.Арат, И. Ертайлан, Ф.Көпрүлуздазе, Н.Банарлы сияқты тарихын зерттеуші ғалымдарыдң еңбектері де көмектісті.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының 277-286-шы бәйіттерні түгелдей Алып ер тұңғаны мадақтауға арнаған. Ақын өз дастанының осы бөлімін «Ізгі қасиеттерінің сипаты» деп атаған. Бұл бөлімсінде негізінен көне түркі бектерінің бойындағы адамгершілік қасиеттер жырлаған. Ақын ел юбасқарған бектерге білімді, парасатты, зерек, өз халқына қамқоршы, әділ болу керек деген үндеу тастайды. Міне, осындай ел билеген бектердің ғажайып үлгісі ретінде ақын өз оқырманына Алып Ер Тұңғаның бейнесін ұсынады: Назар салсаң, бұл түркінің бектері,
Жаһанның әз бектері, асыл тектері.
Түрік бект ері ішінде атын асырған,
Алып Тұға Ер еді, құты тасыған, -деп жарлайды.
«Алып Ер Тұңға » дастанын ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн да түпнұсқадан оқып, өзінің атақты Құтты білік дастанында оның жеке-жеке үзінділерін зор шеберлікпен пайдаланғаны күдік тудырмайды. Бұл туралы түріктіңғ Ф.Көпрүлзаде, А.Инан, Р.Арат, С.Банарлы сияқты әдебиет тарихын зерттеушілері өз еңбектерінде талай рет атап көрсеткен.
64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
Құран және Құран Кәрім сияқты дін Исламды уағыздайтын кітаптардағы фольклоризм мәселелері әлі күнге дейін терең зертелмей жатыр. Соның бірі «Жүсіп – Зылиха» дастанының Құрандағы Юсуф сүресіндегі Жүсіп пайғамбар қиссасымен байланыстылығы.«Жүсіп – Зылиха» дастанының қазақ ауыз әдебиетіне келуі көп дәуірлерді қамтиды және бірнеше мәселелер арқылы зерттеуді талап етеді. Жүсіп Зылиха дастаны гуманистік идеяға толы, қарапайым көркем шығарма. Дастанның ауыз әдебиеті нұсқаулары мен жазба түрлеріде (сирия, араб, парсы әдебиетінде, түрік тілдес халықтардың әдебиетерінде) кездеседі. Дүние жүзілік аңызға айналып кеткен «Жүсіп – Зылиха» дастанының сюжеті милади жыл санағынан бұрын ІҮ ғасырда яғни, Иса (алайһис сәләм) пайғамбар туылмастан жеті ғасыр бұрын пайда болған екен. Содан бері қанша заман өтсе де, бұл дастан шығыс ақындарының көбінің шығармаларына өзек болып келді. «Жүсіп – Зылиха» дастанын Фирдауси жазған деген пікір бар, бірақ кейбір ғалымдар бұған қарсы. Дегенмен Фирдаусиден кейін «Жүсіп – Зылиха» дастанына көптеген ақын – жазушылар қалам тартқан. Алғаш Жүсіп пайғамбар туралы лирикалық ән-өлеңдер негізінде жырланып келген болса, бірте – бірте дастан, қисса үлгісінде көлемді туындыға айналған. «Жүсіп – Зылиха» дастаны – шығыс ақындары көп жырлаған, халық арасында кең тараған жыр. Қазақ тілінде басылған нұсқалары «Қисса – хазірет Жүсіп ғалейһиссәләм мен Зылиханың мәселесі» деген тақырыппен 1898, 1901, 1904, 1907 жылдары Қазан Университет баспасында, 1913 жылы Домбровский баспасында, 1918 жылы «Орталық» баспаханада Ш. Хусаинов мұрагерлері басып шығарған. Қиссаның соңында «Қисса-и Мұса ғалейһиссәләм мен Карун хикаясы» деген өлең қосылып басылған. «Жүсіп – Зылиха» жырын қазақ тілінде жырлаған Жүсіпбек Шайхулисламұлы туралы кітап соңында мәліметтер берілген, онда: «Дастан қылып шығарушы қожа Жүсіпбек Шайхулисламұлы Айтхожин тарих һижриәтінің 1315 жылы мухаррамның 21 күні жазылды.
«Жүсіп – Зылиха» дастанын тек қазақ халқы ғана емес түркі тілдес халықтар жырлаған. Шығыс ақынадары жырлаған. Жүсіптің туылған жері Канған елі. Бұл қазіргі Ирақ, Сириямемлекетттері орналасқан жерлерде. Дастанның кіріспесінде, ұзын – ырғасында Ислам діні, мұсылманшгылық, Аллаһ тағала жайында, Жебірейіл періште жайында да бар, пайғамбарларларды мадақтайтын шумақтар көп кездеседі. Парсы әсіресе араб сөздері көптеп кездеседі. Дастанның негізгі идеясы діни, Ислам дінінің идеологиясын негізге ала отырып адамгершілікті, гуманизмді уағыздайды. Зылиханың Жүсіп пайғамбарға деген махаббаты жырланады. Махаббат деген ұлы ұғымды Зылиханың Жүсіп пайғамбарға деген махаббаты арқылы суретеледі. Жүсіп пайғамбар жайында тек түркі тілдес халықтар ғана жырламаған, сонымен бірге «Жүсіп – Зылиха» дастаны парсы, араб тілдерінде де жазылған. Жүсіп ол пайғамбар, Аллаһ тағаланың елшісі. Жүсіп пайғамбар жайында Құран Каримде де сүре бар. Бірақ ақын – жыраулар айтқандай ол дастан, жыр немесе хикая емес. Ол Алланың сөзі Қасиетті Құранның аяты, Аллаһ тағала Құранда Юсуф (алайһис сәләм) (Жүсіп пайғамбар) сүресінде Жүсіп пайғамбарды мұсылман қауымына үлгі еткен .
Осы себептерге байланысты дастанда Ислам тағылымдары, пайғамбарларды мадақтау көбірек кездеседі. Жүсіп пайғамбар ағайынды он екі ұл болады. Әкесінің аты Яғқуб (алайһис сәләм) (Жақып) ол кісіде пайғамбар болған. Арғы атасы Исхақ (алайһис сәләм) пайғамбар. Ибраһим (алайһис сәләм) пайғамбардың екі ұлы болған бірі Исмаил (алайһис сәләм) екіншісі осы Жүсіп пайғамбардың атасы болып келетін Исхақ (алайһис сәләм) пайғамбар.
Жүсіп пайғамбар жайында жазылға дастан қазақ еліне, қазақ тілінде жетіп келгенше біраз өзгерістерге түскен. Ұлттық Ғылым Академиясының кітапханасында Шейхул Ислам ибн Юсуфбектің Қазанда 1915 жылы шыққан «Қиссаи Юсуф алайһис сәләм илән Зулайханың мәсәләси» деген кітабы, және араб тілінде жазылған «Юсуф Зулайха қиссасы» деген кітап сақтаулы. Бұ кітап араб тілінде жазылған. Бірақ авторы және шыққан жері жоқ. 2409 папкада сақтаулы. «Жүсіп – Зылиха» дастаны лиро – эпостық туындылар қатарына жатады. Сонымен бірге мұсылманшылыққа тән кейбір мәселелер қозғалған. Сол замандағы Канған елінің жағдайы, Жүсіп пайғамбар мен ағаларының арасындағы жағдай кейін Жүсіп пайғамбардың Мысыр еліне келуі жайында айтылған.
Дастандағы негізгі қозғалған мәселе ол махаббат яғни, Жүсіп пайғамбардың сұлулығы, сол сұлулыққа ғашық болған Зылиха жайында. Дастандарда «Жүсіп пайғамбар мен Зулайханың» махаббаты жайлы айтылады. Ал Құран Кәрім бұл махаббаттың бастамасын Зулайха уәзірдің әйелі бола тұра, күйеуінің көзіне шөп салмаққа дейін барағандығы жайлы айтады. Оның негізгі себебі Жүсіп пайғамбар аса көрікті әрі өте сұлу жігіт болатын.
