- •5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
- •13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
- •14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
- •59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы
- •60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.
- •61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
- •63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
- •64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
- •65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
- •66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
Йассауидың даналық ойлары Баласағұни мен Абай пәлсафасының орта тұсында жатыр.Сондықтанда осы үш ойшылдардың ұйқастығы өте ұйқсас.Үшеуіде бір арнадан бастау алып,бір дәстүрден сусындаған.Ол қазақ әдебиетінің терең тамырлары.Мысалы, Йассауй де, Баласағұни де, Абай да бес нәрседен қашық болуды айтқан.
Йассауи сақтандырған бес нәрсе мыналар.
1.Алланың ақ жолын мойындаудан қашық бол.
Өз көркіңе өзің мәз бола берме,
Өзіңе өзің сұқтанғаның сірә жөн бе,
Алланы айтып тәубе қылған ,жөнге кел де,
Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.
2.Менмен,тәкаппар болма .
Менмен болсаң,тамұқ күтіп алар алда,
Тәкаппардың хәлі ауыр,дозақ ол да.
3.Дүние мүлк үшін арыңды сатпа.
Дүние мүлкке құмартып,жаһан малын жыйғандар,
Құзғын жемін жегендер а рамға әбден батпақшы.
4.Армандықтан аулақ бол.
Арам жеген әкімдер,құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп,өкініш отқа жанбақшы.
5.Еріншек болма.
Еріншек болмай оқуға,алыңдар білім кеңінен,
Жоққа,әрине,дауа жоқ,бардың жолын табыңдар.
Ал,Абай шығармасында кездесетін өлең жолдарына назар аударсақ,онда бес нәрседен қашық болуды былай жазған,
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай бапптанба,
Құмарланып шаттанба ,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдыңда.
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек өтірік мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ
Бес дұшпанның білсеңіз.
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рахым ойлап қой.
62. Өмір үшін өліммен күрескен ежелгі тарихи қаһармандар туралы туындылар.
Өмір үшін өліммен күрескен тарихи қаһармандар туралы біршама жыр, толғаулар жетерлік. Солардың қатарына батырлық сарындағы, сондай-ақ тарихи жырларды атап өтуге болады.
Бұл батырлық жырларды пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтаймыз:1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).Мұнда батырдың жеңілмейтіндігін және оған зақым келмейтіндігін эпикалық дәстүр ретінде қарауға болады. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Бұл батырлық жырлардың барлығы да бір –бірімен сарындас болып келеді. Сюжеті, жалпы оқиғаларының мәні бір, барлығы да елі үшін күресіп өмір мен өлімнің арасында жанын қиып күрес жүргізеді. Сонымен қатар, мұндай желілер тарихи жырларда басты мәнге ие. Оларға «Қабанбай батыр», «Жәнібек», «Сұраншы батыр», «Досан батыр», «Жанқожа батыр», «Исатай- Махамбет», «Кенесары-Наурызбай» т.б. осы сарындағы шығармалар қатары енеді. Бұл тұста Жамбылдың, Мұсабайдың, Сәттіқұлдың, Ы.Шөрековтың есімдерін ескеруге тиіспіз. Жалпы, тарихи жырлардың ерекшелігі тарихи жырларда болған оқиғалар нақты, дәлелдеуді қажет етпейтін мәліметтер тізімі және мұнда сол тарихи кезеңдерді көзі көргендер жырлаған. Тарихи өлеңдердің қаһармандарына елдің өзі «батыр» деп қойған. Бұларды шын тарихи мезгілдің тарихи оқиғасы деп бағалаудан да баяғының батырының ісі деп баға беруді лайық көрген. Себебі, ел ұғымынша, баяғы батырлардың ісі де осы Кенесарылардың ісі болатын. Ел сынына баға беріп, ел ұғымынша жіктесек Кенесарылар кіші батырлардың ретінде де даусыз қосылады. Бұларды сол жікке қосқызатын бір себеп: кейбір тарихи өлеңдер жырлану ретінде де баяғы батырлар өлеңінше құралған.Шынында да ел қиялы Кенсарыларды батыр қылып жырлағысы келгені рас. Бірақ батырлар өлеңі бергі заманға жақындаған сайын жаңа өзгеріске түскен, өмірге жақындап, түр жағынан әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. Сондықтан Кенесарыларды баяғының батыры қылып қалай жырлайын десе де, олар көбінесе бүгінгінің адамы болып тұрып алып, кейін қарай шегінбей қойған.
