Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақын-жыраулар поэзиясы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
510.46 Кб
Скачать

59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы

Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) атақты жырау,қоғам қайраткері .Ел басына күн туған кездегі тарихи оқиғалардың куәгері болған ол ел бірлігін сақтауға ерекше мән берген.Қалмақ басқыншылығы тұсында жырау шашыранды қазақтың басын біріктіріп,жауға тойтарыс беруді толғаған. Абылайдың тарйхи тұлға ретіндегі әдеби бейнесін тұңғыш сыйпаттаған жырау. Бұхардың толғауларынан Абылайдың қандай хан болғанын ,қандай оң істердің басында болғанын аңғарамыз. Бұхар жырау халықты имандылыққа үндеуден жалықпаған.Тілек...

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаһқа жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз,

Әзәзіл,пасық,залымның,

Тіліне еріп азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкілсіз көйлек кимеске.

Төртінші тілек тілеңіз,

Төртінші төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз

Бес уақытты бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз,

Алты қанат ақ орда,

Ардақтаған аяаулың,

Күнінде барып біреуге,

Тегіннен тегін олжа болмасқа...деп,

Халқын Құранды шарйғатты біліп ұстануға,рухани білімін көтеруге шақырған.Данышпан жырау елдің өсіп өнуге рухани деңгейіне тәуелді екендігін түсіндіріп,жеткізуге ірекет етті.Халық үшін туғанасыл қария ұзақ жасап,1781 жылы қайтыс болған,сүйегі Баянауылдың Далба тауына қойылған.

60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.

Қожа Ахмет 1130 жылы туылған болады.Өмірімен шыққан тегі өскен ортасы ,әдеби дәстүрі туралы дерек аз сақталған.Ұлы ақынның өзі айтқандай ,жыиырма жетті жаста пікірді тапқаны да жөнге келеді.Сонда ол Ж.Хамаданинге 1130 жылы жолығып шәеірт болғанын айтады.Дәл осы тоқтамға тоқталсақ ұлы ақын 1103жылы туылып 1228 жылы қайтыс болады.Иасауи тануға үлкен үлес қосқан белгілі зерттеуші М.Е Массон

өзінің еңбегінде Қ.А.И дың қазіргі Түркістан қаласындағы орналасқан мекендегі көзге түсіп,түркі шайқы Арслан бабтың тәрбйесін алынған ,әкесі Ибраһимның түркі нәсілінен шыққанын айтады.Алайда ол Қ.А.И әигілі Фәтимамен Ысққақ бабтан тарайтынын шежіресі бор екенінде жазады,сүйте тұра мұны жалған шежіре деп көрсетеді.ал енді академик В.А Горделевский оған қарағанда шындыққа жақындай түседі.Еңбектерінде оның арғы аталары имам Әбу Ханифаға барып қосылатынын жаза отырып,А.И ұрпағымыз дейтін қожалар Заравшан өлкесіндегі Иабу Тоқшы қыстақтарда тұрады дегенді айтады.

Сопылық әдебиеттің ірі өкілі,әйгілі ақын кемкңгер ойшыл Қожа Ахмет Иассауи қат қабат қайшылығы мол,күрделі кезеңде өмір сүрді.Ақын мұсылман дінінің қайта өрлеу мақсатын көздеп ,өзінің мәнәі өшпес,әйгілі мұрасы «Диуани хикмет» атты (Ақыл, даналық кітабын ) жинағын сол кезде кең тараған шағатай тілінде көне түрік тілінде жазып тараттады.Мұндағы ойы: түсініксіз араб,парсы тілінде жазылған құран мен мұсылман дінінің қағйдаларын түрік тектес халықтарға кеңінен насихаттап түсіндіру еді.

«Диуани хикмет» ті ол көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілерін негіздей отырып жазды.Сопылық жол діни идеялдық көрініс соны іске асырудың тәсілі .Мұның арғы шығу тегі «Суфия» партиясымен Ас - Сари- Ас- Сакати ескі мата жыинаушы деген ұғымда тобындағылар өз жұмысын тастап,дін шындығымен Аллаға деген тазалығын,махаббатын білдіру үшін ,ел жұрт,үи ішін тастап азап қыйыншылығы мол кезбелекті таңдап алады.Сол арқылы құдаймен табысуды мақсат етеді.Сопылықтың ірі өкілдерінің бірі Әл-Жиһаз(255-869).»Дін ақын ең алдымен сопы болу керек « дей келіп,»Мен де өзгелер секілді не айқаи салуш едім,не қасида оқитын едім» деген екен.сол секілді жас Ахмет те ақындықпен ертеден әуестенген.