
- •5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
- •13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
- •14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
- •59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы
- •60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.
- •61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
- •63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
- •64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
- •65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
- •66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
19ғасырдағы қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет.Бұл кез әдебиет діуір көрінісі айқын бейнеленеді. Заман сыры жан-жақты ашылып,қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны,әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады. Патшалық,аға сұлтандық, өктемдіктерге жергілікті үстемдер озбырлығы қосылып,қалың ел, еңбекші бұқараның қасіреті молайып жатқан бұл кез поэзиямызда өзінің реалистік сипатын табады.Шыдамы таусылып, басұқа амалы қалмаған шаруалардың қолына қару алып,патшаға, аға сұлтандарға қарсы аттанғаны үлкен оптимистпен жырланады. Қазақ поэзиясы бұрынғы сарыннан арыла бастайды, батыл істерді жақтайды.Қазақ поэзиясы бұрынғы бірыңғай сарыннан арыла бастайды,батыл істерді жақтайды. Бұрынғы кейбір жыраулар алланың рахымын тілеп «жақсы патша», мейірімді хан-сұлтандарды ақылға шақырып, кем-кетік, жоқ-жітікке аяушылық жасап,мейірімді іс қылуға үндеп, әділет жолын меңзеп, адамгершілік ақылдар айтыпағайыншылыққа баулу немесе алыстан тоят тілеп, басқа бір қиялы өмірді, жайлы өңірді, жағасы жаз, суы бал «жер ұйық», күні нұрлы жанға рақат, малға жайлы «Жиделібайсын» сияқты мекенді армандау мен қанағаттанып келді.Бұл сарыннан жаңа дәуір поэзиясы түгел арылып кетпеседе, оның алдыңғы қатарлы өкілдері заманы, ұсынған жаңа талаптарға сай, зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы, батыл күрес идеяларын қолдап атой салып «Ереуіл атқа ер салуға» үндеді. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолында жеке авторлы поэзия ерекше орын алады. Әсіресе, шешен-билер, жыраулар мен ақпа-төкпе ақындар бұған көп үлес қосты.
Әдебиет қоғамдық санамен байланыста дамып отырады дедік. Ол әрбір тарихи кезеңнің философиялық, саяси-әлеуметтік, праволық, діни және басқа да наным-сенімдеріне, адамдар мен топтардың дүниетаным қабілеттеріне сай, соларға тығыз байланыста болады. Бұл сияқты жағдайлар біріншіден, әдебиетті өзінше бөлек дамитын тұйық құбылыс деп қарауға болмайтынын көрсетсе,екіншіден көркем әдебиеттің басқа мәдениет салаларымен байланыста болатынын таныды. Өнердің басқа салаларынан көркем өнердің өзіндік орны бар. Әдебиет қоғам өмірініңбейнелі ой елігінен өткізіп, көркем сөз арқылы суреттеп береді. Сөйтіп әдебиетте өнердің басқа салалары сияқты өзінің жетілу кезеңдерін басынан кешеді.өткен дәуірлерде жасалған сөз өнері жетістіктерін игеріп, оны ілгері дамыта отырып, көркем әдебиеттіңбүкіл адамзатқа ортақ классикалық туындылары өмірге келеді.Басқа әдебиетіндегі сияқты қазақ поэзиясының пайда болуы мен дамуында да өзіне тән өзгешеліктерін, даму жолын, оның заңдылықтарын танытатын ғылымды әдебиет тарихы дейді.әдебиет тарихы-ең алдымен, тарихи ғылым. Әр дәуірдің әдебиет қайраткерлеріне сол дәуір талабы тұрғысында баға беріледі, оның өзі өмір сүріп отырған заманның басты мәселелерін қаншалықты айқын танып, қоғамдықой мен өнердің дамуына қаншалықты үлес қосқанын айқындап алуға қажет етеді.
Әдебиет тарихы өткен дәуірлер суреткерлері жасаған көркем туындыларды талдап, поэзиямыздың қалыптасуына өз еңбектерімен ықпал еткен ақын, жазушылар творчествосын зерттейді.Олардың өнер тарихынан алатын орнын белгілейді. Бірақ әдебиет тарихын көркем шығармалар мен өткен дәуір жазушыларының ғана сабырына айналдыруға әсте болмайды. Өйткені әдебиет тарихы – күрделі де жанды процесс.Ол әрбір идеялық, көркемдік ағымдар мен бағыттардың, жеке топтар мен қайшы идеялық күресін, әдебиет жанры, стилі, әдістерінің есею,кемелдену, қалыптасу сатыларын, көркем сөз өнерінің даму кезеңдерін, тілдік құралдарының жетілу жолдарын т.б тарихи заңдылықтарын танытады. Белгілі тарихы дәуірлер көркемдік туындыларының тұтас бет алысын, негізгі нысанасын анықтау белгілі дәрежеде, сол бір халық әдебиетіннің тұтас даму процесін, бүкіл ішкі сырын ашу қажет болады.
15.Толғау жанры һәм жыраулар шығармашылығы.Ақын-жыраулар да өз шығармалары арқылы Аллаһтың жалғыздығын танып, мінажат ету сарыны, яғни Ихсанды толық түсіндіреді. «Ихсан – Аллаһ Тағалаға бүтіндей беріліп, барлық сенімімен Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу. Өтйкені, сен Оны көре алмасаң да, Ол, яғни Аллаһ Тағалаһ сені көріп тұрғанын біліп, естен шығармау керек. Сонымен қатар ғибадат-құлшылықта Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын сүннетіне еш қарсылық білдірместен, мейлінше сәйкес амал қылу». Алла Тағалаға мінәжат ету сарынын ақын-жыраулар поэзиясынан айқын аңғарамыз. Қазақ мемлекетінің қалыптасып, нығаюына хан Абылаймен бірге өшпестей із қалдырған жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілдерінің бірі Бұқардың «Ей, айтшы, Алланы айт» толғауы көзге көрінер көрінбес тіршілік тің мәңгілік иесі Жаратушы Иенің құдіретін жан дүниесімен түйсінген сүйген құлының ғана сөзі :
«Ей, айтшы, Алланы айт,
Аты жақсы Құдайды айт.
Төрт шадияр Мұстафа
Мұсқап ашқан ғаламды айт.
Тәңірім сөзі бұрқанды айт
Кәлім Алла Құранды айт,
Тәңірім салса аузыңа,
Жан жолдасың иманды айт.
Жамандыққа жақсылық,
Көктемеген Еділді айт.
Қара қылды қақ жарған
Наушаруандай әділді айт
Арсы мен күрсіні айт.
Лаухы менен кәламды айт
Құдіретімен жаратқан
Он сегіз мың ғаламды айт
Ислам дінінде рухани кемелдікке жетуді төрт саты бойынша қарастырады, олар: шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат. Ақын-жыраулар өз толғаулары арқылы тыңдарманға осы сатыларға жетудің жолдарын көрсетуді мақсат етеді.
Бұқардың «Тілек» атты атты толғауының «Бірінші тілек тілеңіз,бір Аллаға жазбасқа» деп басталуы тегіннен тегін емес. Жырау дін мұсылман баласының бар арман –тілегінің тоғысар тұсы Алламен ғана байланысты екенін аңғартса керкек. Жырау тағы бірде:
Алла деген ар болмас,
Ақтың жолы тар болмас.
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес,-
деп адам баласының адалдық өлшемін Аллаға шексіз берілгендігімен ғана есептеуге болатынын аңғартады.
Шал ақынның өлеңдерінде де Жаратушы Иенің бірлігіне, Оның құдіретіне иман ету басты парыз саналғанын аңғару қиын емес. Төменде келтірілген:
Тілеймін бір құдайдан әуелі иман,
Айрылсам иманымнан көрге сфыйман,
Бере гөр тілегімді, Хақ Тағала,
Құдай – ау, құдіретіңе жаным құрбан,- деген өлең жолдары ақынның қандай істің бастауында да Аллаһ Тағалаһ тұратынын терең түсіндіре алғандығын көрсетеді. Аллаһқа деген іңкәрлік, он сегіз мың ғаламның Иесінің құдіретіне бас ию қазақтың алтын ғасырына баланған ғасырдағы ақын жыраулардың шығармаларында да кеңінен өріс алды. Бұған қазақ даласында болып жатқан қоғамдық әлеуметтік өзгерістер, ислам дінінің, мешіт медреселердің көбеюі сияқты тірлі факторлар әсер еттті . қазақ зиялыларының басым бөлігі, соның ішінде ақын жыраулар ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың жолын ислам дінінің аясынан іздеді.
Қазіргі дәстүрлі ән-жыр мектептері. Арқа, Жетісу өңірінің әншілік мектептеріндегі философиялық толғамдардың жалғастығы. Сыр өңіріндегі жыраулық мектептердегі дәстүр жалғастығы. Өмір мен өлім жайлы толғамдар. Батыс аймағындағы Қашаған, Сүгір жыраулардың жыр дәстүрі және философиялық толғамдар.Әдеби шығарма мен әдеби процестің бүтіндігі. Мәдени феномен ретіндегі әдеби процесс. Әлемдік әдеби пороцесс және ұлттық әдебиеттің қалыптасуы. Абай философиясының бастаулары. Оның бүгінгі өмірмен сабақтастығы.Әдеби шығарманың бүтіндік параметрі. Қоғамдық пен жекешеліктің байлынысы.
16. Тарихи жырлардан елдік тарихқа көшетін деректер. Тарихи жыр әртүрлі көлемде В.В.Радловтың 1870 жылғы 3-томынан бастап жарық көріп келеді. Бірақ, ол Ш.Уәлихановтың дәрежесінде қазақ тарихи жырының мәнін ашып көрсете алды деп айта алмаймыз. Әйтсе де, оның қазақ ауыз әдебиетінің негізгі мұрасы болып саналатын көл-көсір қазынасын “тарихи жырлар”, “батырлар жыры”, “ғашықтық жырлар” деп ішкі мазмұнына қарай жіктеп-бөлмегені үшін кінәлау артық.Бұл ретте осы жанрда, яки тарихи жырға жататынтуындыларды хатқа түсіріп ел аузынан жинақтауда көл-көсір еңбек еткен Г.Н.Потаниннің, Ә.Диваевтың еңбектерін айырықша атау қажет. Ал, аталмыш жанрдың қазақ фольклористикасынан алатын орнын, жанр ретіндегі негізгі ерекшеліктерін айқындауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Б.Уахатов, С.Қасқабасов, т.б. біраз ғалымдар еңбек еткен. Олар тарихи жырдыңбатырлық жырлардан қандай айырмашылығы барлығын қадай айтады. Сөйтіп, бір кездерде тарихи оқиғалардың жаңғырығы терінде батырлық жырларда көрініс тапқан жайлардың оперативті жанр тарихи жырдың табиғатынан мазмұны мен көлемі жағынан ерекше болатындығын, өйткені, мұнда иелері бар, шапса қылыш өтпейтін, атса мылтық ала алмайтын ғажайып қаһармандар галереясы болмайтындығы жанрдың басты атрибуты болып айқындалады. Бұлардың қатарына “Қабанбай батыр”, “Бөгембай батыр”, “Жәнібек батыр”, “Олжабай батыр”, “Өтеген батыр”, “Арқалық батыр”, “Досан батыр”, “Бекет батыр”, “Жанқожа батыр”, “Сұраншы батыр” секілді туындылардағы тарихи қаһармандарды бейнеленген шығармалар жатады. Радловқа еңбегініне қарағанда, сол кісінің алғашқы томдары жарық көру кезеңінде «Едіге жырымен», «Манастың», «Көкетайдың» жырларын хатқа түсірудегі, сондай ақ қазіргі өлеңдерді жанрлық тұрғыдан, қазақ ақындары мен жырауларының жекелеген шығармаларын хатқа түсірудегі Ш.Уәлихановтың бұл тараптағы қызметі бүгінгі таңдағы әдебиет тарихына дейін де қарастырғаны мәлім.
Тарихи жырларды хатқа түсіру, зерттеу шаруасы бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл ретте С.Сейфулиннің, М.Әуезовтің, Х.Досмұхамедовтің, С.Мұқановтың, Қ.Жұмалиевтің, Б.Кенжебаевтің, Е.Ысмайловтың т.б зерттеу жұмыстарының жанр табиғатын танытып қана қоймай жекелеген тарихи тұлғалардың кім екендіктерін айқындау жолындағы рөлдері қанағаттанған сезімін атап өтуге болады. Тарихи жырлардың қатарында мына туындыларды ескеруіміз қажет. Олар «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Жәнібек батыр», «Өтеген батыр», «Арқалық батыр», «Досан батыр», «Бекет батыр», «Сұраншы батыр» және «Исатай, Махамбет туындылары» .
17 Ақын, жыраулар толғауларындағы адамдық, азаматтық концепция. Ақын-жыраулар поэзиясы өзінің әу бастағы көркемдік әсер ету қызметін адам жанын баурайтын тақырыптарға, келелі мәселелерге арналған болса, соның негізгі бір саласы қаһармандық рух жайына арналған. Өйткені ел болып, мемлекеттік құрылысты сақтау үшін ең алдымен, сол елдің басын біріктіретін тұтастық мәселесі сол қоғамның бас көтерер ақылшылары ретінде ақын-жыраулары мойнына түскен. Өйткені өсіп-өрбіп, бейбіт өмір кешу үшін кез келген мемлекеттің жасынан бастап еңкейген өкіліне дейін сол қауымның бодан болмай,тәуелді болмай өмір кешуі қажет болатыны айқын. Бұл батырлық жырларда өмірге келген шығармашылық тұлғалардың негізгі ұстанған үлкен принципті мәселесі болатын. Сол батырлық жырларда бірнеше концептуальды мәселелердің негізгі тыңдармандардың назарын аудартатын жай – қандай қиыншылық жағдай болса да ел қорғаған ердің жасйымай, асқан табандылықпен ойға алған мақсатын ойдағыдай орындап шығу үшін оған ең алдымен, ақыл мен жігер, қайтпас қайрат, қажымас құлық керек болатын болса, соның дем берушісі ата дәстүрді ерлікке үндейтін көркем шығармалары екені хақ. Ең алғаш рет бесіктегі сәбиге айтылатын сөздің өзі тек оны жұбатудың немесе уатудыі мазмұнындағы ұйқасты сөздер ғана емес, оны батырлық, қайсарлыққы үндейтін әуендерменен туыстас болып келетін жыр жолдарының өзі , ол перзенттің есейген тұсында еститін небір ерлікті паш ететін ертегілер мен өткен замандардың елеулі тұлғалары туралы аңыз-әпсаналармен , тарихи жадты жаңғыртатын шежірелік, танымдық көркем сөздерменен түбірлес болып келеді. Бұл әңгімелердің көркем жырлардың арасында тек бір ұлттың ғана емес, сол ұлт араласып жүрген қарым-қатынастағы халықтың басынан кешкен ғибратты жайлары да, сондай-ақ өздері жиі араласып тұрмаса да діні арқылы қарым-қатынасы бар елдердің адам жанын рухтандыратын батырлық, ғашықтық мәселелеріне өзектес хикаяттар да ұлт ұрпақтарының пайдалануына мүмкіндік туғызады. 18 Қартық пен жастық туралы ақын, жыраулар толғамдары.Сөз өнерін жалпы эстетикалық талғам тұрғысынан байыптау процесі антикалық дүние әдебиетінен басталады. Эстетикалық таным мен талғам, сыни көзқарастың нышандары сонау біздің эрамызға дейінгі өмір сүрген Сократ, Платон, Аристотель ойларынан көрініс алған. Ол әдеби шеберлік нормалары мен әдеби техника мәселелерін сөз етуден тұрды. Алғашқы кезде мұның бәрі философиялық диалог, көркем шығарма және поэтика мен риторика туралы трактаттардың шапанына орала отырып берілді. Әдеби сын жеке жанрлық түр ретінде комментарийлер мен алғы сөздерде көрініс тауып, алғашқы қадамдарын жасады.Халықтық эстетика, халықтық шығармалардың рухы таза, ойы анық, тілі көркем. Сонымен бірге халықтық эстетика сыни ойдың бастауы, яғни халықтың көркемдік түсінік-танымы мен талап-талғамының өресін байқатады. Әдебиет халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан этикет, эстетикасы. Өмірдің өзгермелігі, уақыттың бүкіл тіршілікке түсіретітн сәулесі мен көлеңкесі туралы ұғым ежелгі философтардан бастап, барша қаламгерлер ме туындыгерлердің кез келген шығармасында естен шығармай, ескеріп отыратын негізгі процесс болып есептеледі. Қазақ поэзиясындағы кәрілік, жастық тақырыбы – талай ақынның көңіл бөлген жайлары. Адам жасына байланысты Бұқар жырау, Шал ақын, Әбубәкір Кердері, Нармамбет, Қобылан, кейінгі қазақ қаламгерлері де аз сөз етпеген. Қобылан дәуірі мен оған дейін өмір сүрген ақындар творчестволарында да қарттық, кәрілік әңгімелері сөз болады. Мәселен, Бұқар Қалқаманұлы 95-ке дейінгі адам жасына тоқтала отырып, олардың кісіге сыйлар қуаныштары мен қысастықтарын әдемі суреттеп берген: 75 жасқа келгенде, Жылуы болмас қойныңның. Қаруы болмас сойылыңның, Өлмесең же жойылдың. 85 деген сор екен, Шындап тұрған пір екен... Аузыңдағы сөзді алар, Қолыңдағы істі алар, Өлмегенде не қалар ? 95 деген тор екен, Дүйім жанның қоры екен, Қарғиың десең қарбанып, Екі жағы ор екен... Ақын 25 жастағы адамның ең бір қажырлы кезіне лайық әсерлі сөз, өткір тіл тауып айқын образ жасайды. Қызықты күнде қыздырған, Асуды талқан бұздырған. Қызды ауылды көргенде Бұлаңдаған 25. Төстен қашқан түлкідей, Сылаңдаған 25. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінген 25... Шал ақын шығармалараныда да 25 пен 100 жастығ аралығындағы ер азаматтың қайрат-қауқары тәптіштеледі. Қысқасы, бұл авторлар өмірдің өзгермелілігін аңғарта отырып, елуден өткенше еңсең биік, ерлігің мен өрлігіңе ел разы болса, жасың ұлғайған сайын бағаң кеміп, бәсің түсе бермек дегенді негізгі айтар ойының қазығы етіп ұстанады. Ал, Қобылан кәріліктің қадірлі болмайтындығын кісіден қайрат пен қайсарлықтың жоғалатындығымен түсіндіреді. Ақын тек бір жерде «сексенге келіп селкілдеп» отыратындығын, бір тұста ғана «жетпістен асып сексенге» таяғандығын айтатыны болмаса, Бұқар мен Шал секілді сол жастардың бәріне бірдей сипаттама бермейді.
19 Арғы тектік ұғымдардың ақын, жыраулар поэзиясынан орын алуы. Қазіргі кезеңде адамның ішкі дүниесінің бейнеленуі көркем сөзбен кестеленіп жеткізілуі қоғамның дамуына аздық етеді. Қазіргі адамның психологиясы мүлде басқаша көріністе дамуда және көрінуде. Барлық адамдардың өз ардақтысы болады: біреулер қадір-құрметті ұнатады, біреулер – пайданың құлы, ал көпшілігі рахатқа берілгенді қалайды. Сондықтан жырау заман талабына сай туынды әкелсе, ол тек қана көркем өнердің шебер суретшісі ғана емес – ол философиялық тұжырымдар айтушы философ.Әдебиеттің ерте дәуіріндегі а.ж.мұрасын қарастырғанда , оқырманның бірден назарын аудартатын жағдай, автор қаһармандарының ерекше кие тұтатын , өзгеше таныммен қарауды қажет ететін негізгі бір мәселесі – дінге, ескі наным-сенімге байланысты жайлар. Соның ішінде мұсылман дінімен қатар, бұрынғы шаманизм дәкіріндегі отқа, суға, желге, сәулеге, жер бетіндегі әр түрлі табиғаттың ерекше құбылыстарының әсерінен өзгерістерге түскен үңгірлер мен ағаштарға, тау жыныстарының шоқыларына т.б. тотемдік наным-сенімдердің барлығы да бұрынғы адамдардың нанымдарының жалғасы болып есептелінеді. Сондай-ақ көз тию, тіл тию, қысқасы, адамдардың немесе сыртқы күштердің әр түрлі жастағы адамдарға әсер ету жағдайын да бұрынға наным-сенімдермен қарастыру орынды. Мұны қазіргі астрология және океанология сияқты салалық ғылымдармен қоса, психология, философия сынды адамдардың негізгі наным-сенімдерінің, жалпы адамзат баласының құлқына қатысты құлықтарды қарастыратын жағдайлардың әдебиеттегі сәулелену мәселелері, бергі замандағы ислам дініндегі пайғамбар мен сахабалар, әулиелер жайлы дастандар мен толғаулардың өмірге келу мәселелерімен байланыстыра қарастыру ғылым жолындағы негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада арғы дәуірдің , яки 19ғ.дейінгі кезеңнің ғана авторларының шығармаларында ғана емес, бергі тұстың Жамбыл, Қашаған, Нұрпейіс, Марабай, Мергенбай, Тұрмағанбет, Сәттіғұл т.б.белгілі ақындармен ғана шектеліп қана қоймай, осы дәуірдің Ш.Айтматов, О.Бөкей, Ә.Кекілбаев, Т.Әбдіков секілді т.б. әртүрлі ұлттың қаламгерлерінің шығармаларында да көрініс беруі түптеп келгенде, жалпы әлем құбылыстарына деген әр түрлі жанрда жазатын адамдардың өткен кезеңнің кейіппкерлерін суреттеудегі айту керек деп есептейтін елеулі жайлары болып табылады.
20. Асанқайғының жерұйықты іздеу сарыны. Халық қамын, елінің болашағын ойлап, үнемі мұңға батып жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «кайғы» деген сөз қосып, Асан Қайғы атап кеткен. Асан Қайғы — көптеген нақыл сөздердің, философия толғаулардың авторы. Асан Қайғы төңірегіндегі аңыздар негізінен үш жүйеге (Асанның алғаш танылуы, қайғы атануы, «Жерұйықты» іздеуі) бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең тандаулысы — Асан Қайғының «Жерұйыкты» іздеуі жайлы аңыз. Асан Қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, мекен еткен қоныстарын жерсінбейді, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты —«Жерұйық». Бұл — елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан Қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті баға беріп отырады. Ақыры таба алмай, өксіп кеп, Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден кешеді. Аңыз — қазақ халқының бақытты тұрмыс, сәулетті болашақ туралы армандарының жемісі. Сонымен қатар бұл — Асан Қайғының бақыт мекені «Жерұйық» жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да негіз бар. 21Доспамбеттің «Тоғай, тоғай, тоғай су» жыры. Доспанбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», .б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Доспамбет шығармашылығы – зерттелуі жағынан әзірше тың жатқан тақырып. Ақыннның қолда бар санаулы шығармалары жыраудың өнер жолын танытуға тапшылық етеді. Сүйтсе де қолда бар толғауынан көрінетін бір ақиқат – Доспамбеттің заманының шын ақыны екендігі. өлер алдында айтқан бір толғауының өзінен-ақ, ниет қоя оқып шыққан кісі, жырау бойын кернеген толассыз жырдың көзін тапқандай әсер алады. Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым, өкінбен, Толғамалы балта қолға алып Топ бастадым өкінбен . Тобыршығы биік жай салып, Дұшпан аттым өкінбен, Тоғынды сарты нар жегіп, Көш түзедім өкінбен. Бұл жолдар жыраудың ақындық мәдениетін таныта алады. өзінің өмір жолын шолып шыққан жырау сөздері арудың отыз екі маржан тісіндей тізбектеліп-ақ тұр.
22 Қазіргі кезеңдегі ән-жыр мектептері. Табиғат берген айырықша өнерімен ел ықыласына бөленген сал-серілер атанатын ерекше ақындар әулеті қазақ даласының қай аймағында да болған. Сондай өнерлі қауым өкілдерінің бір тобы – ХІХ ғасырда Алшынбай би, Құнанбай қажы, оның даңқты перзенті Абайдың төңірегінде болып, енді бір тобы Тезек төре, Барақ мырзаның, Әбілқайыр ұрпақтарының маңайында-Жәңгір мен Баймағамбеттер тірлік кешкен төңіректе Мұхит мектебі болып, Арқа, Жетісу, Сыр бойы, Батыс өңірі, Маңғыстау аймағы, т.т. болып қалыпты тірлік кешкен. Осылардың ішінде әсіресе, Біржан салдың, Ақан Серінің даңқы ерекше болған. Кешегі Шашубай, Нартай, Кенен, Иса ақын, Манарбек, Ғарифолла, т.б. өн бойына осынау өлең мен саздың (музыка), әртүрлі сахна артисінің өнері молынан кездесуі және осылардың түгелге жуық республика театрларының шамшырағы болулары сол ұлттық өнеріміздің дәстүр жалғастығымен байланысты. Бұлар ілгерідегі ұстаздары секілді өз бойларындағы қабілет дарынын жаңа көркемдік мазмұнмен дамытып, елдік мұраны жаңа сатыға көтере білді. Халқымыздың ұлы перзенттері Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаевтардың “Абай” , “Біржан-Сара” секілді операларында әртүрлі деңгейдегі Абай, Біржан-Сара секілді жеке адамдардың ғана емес, жалпы ұлтымыздың өнер адамдарының тұлғасы, соның ішінде сөз болып отырған сал, серілер, ақпа-төкпе ақындық өнердің табиғаты ашылған. Бұл тұрғыда осы өнерді зерттеп, зерделеген А.Жұбанов, Ә.Марғұлан, Ғ.Әбетов, Б.Ерзакович, Е.Байболов, Е.Ысмайылов, Б.Ғизатов, З.Қоспақов, Т.Мерғалиев, Т.Бекхожина еңбектерінің қадір- қасиеті ерекше.
23Ақын, жыраулардың тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері. Қазақ жыраулары ертедегi түркiлердiң жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдiк, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып, өркендеттi. Жыраулар поэзиясы филос. ой-толғамды, дидактик. насихатты жалғастыра отырып, отаншылдық, патриоттық сарынды, лирик., реалистiк суреттеудiң алғашқы белгiлерiн, әдебиетке халықтық сипат әкелдi, сөз өнерiнiң халық тарихы мен өмiрiне тығыз байланыстылығын, ел мұңын жырлау идеясын кiргiздi. Қазақ әдебиетiн кезеңдеу мәселесiнде бiрнеше ғасырлар бедерiн алып жатқан осы жыраулық поэзия дәстүрiне қатысты бiршама талас-тартыстар туындап, 20 ғ-дың 80-жылдары соңына қарай iшiнара лайықты бағасын алғанымен оның қазақ әдебиетiндегi орны мен идеялық бағыты кейiнгi кезеңдерде ғана толық зерттелдi. Алайда белгiлi бiр тарихи оқиғалар мен қоғамдық құбылыстар арасында пайда болған қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы сарындар мен ағымдарға, идеялық бағыт-бағдарға байланысты әдебиеттанушы ғалымдар арасында талас-тартыстар пайда болды.
24 Асанқайғының қазақ даласының елді мекендеріне берген бағасы. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған 25 Шәлгез (Шалкиіз) Тіленшіұлының Би Темірге айтқан жыры. ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Шәлгез Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз. Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды,жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.
Көп ішінде бір жалғыз Көп мұңайып жылайды. Күйбеңдеген көп жаман Сөзі тигенге ұқсайды.
26.Қазақ туындыгерлерінің ақындықты киелі өнер деп санайтындығы.Ақындық өнер - сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүрмен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі. Қай әдебиетте де поэзияға айрықша орын берілген. Ежелден-ақ қазақ халқы да өлең сөздің қасиетіне бас иіп, оны өнер атаулының ең биік шыңына балаган. Халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімін өлең сөзбен астасып жатыр. Абай өлеңдерінде ақындық өнердің, өлең сөздің құдіретіне соншалық мән берілуі осының айғағы. Өлең ақынның кеудесін кернеп, жүрегін тербеген қуатты ойдың жемісі, ойды сырттай сұлу етіп өрнектеп, көркемдеп жеткізу үшін ақындық шеберлік, шалқар шабыт қажет. Абай поэзиясында өлең сөзге, ақындық өнерге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамдағы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылар талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады. Ол шын мәніндегі өлең сөздің мақсатын нысана тұтқан, азаматтығы пендешіліктен жоғары тұратын ақынның ғана көкірегінен шыға алатын ғажайып құбылыс екенін айтады. Реалистік поэзияны қалыптастыру жолындағы ақындық мұратын білдіреді. Абайдың өлеңге, ақындық өнерге қоятын талабы аса биік. Ол, ең алдымен, өлеңнің көркемдік сапасына зер салады. Поэзиялық туындының сыртқы пішініне ішкі мазмұны сай келуін, «іші алтын, сырты күміс» болып, «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиюін қалайды. Өлең тілінің кіршіксіз таза болуын, бөтен сөзбен былғанбауын талап етеді. Осы орайда өзінің алдында өткен кей ақындарды сынға алады. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп, қазақ ішінде ақындардың көп екенін айта тұрып, «Сонда да солардың бар таңдамасы» деп, шын талантты танып, қастерлей білу қажеттігін ескертеді. Өлеңді жеке бастың пайдасы үшін жұмсап, еріккеннің ермегіне айналдырмау керектігін айтып, ақындар алдына биік талап қояды. Сол арқылы ұлы ақын өлең сөзге, ақындық өнерге деген эстетик, талаптың деңгейін барынша көтере түседі
27.Қашаған Күржіманұлы шығармашылығы. Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан.Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды. «Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді. Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының үйіне келгенде сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергендерге ақын:
Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім,
Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің,
Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң,
Сен-өлең,мен Қашаған болмас едім.
Осы үйге қона алмасам,маған сын,
Сұпыны шығара алмасаң,саған сын,-
дейді.
28.Асанқайғының Моғолстаннан Еділ-Жайыққа қайту сапары туралы жыры. Еділ бол да, Жайық бол Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер.
Ерегісіп ұрыспа!
Сенікі жөн болса да,
Алтын шықпас дұрысқа.
Өзіңе біреу тимесе,
Кейін қарай жылыста.
Мінезі жаман адамға,
Енді қайтып жуыспа,
Тәуір көрген кісіңмен,
Жалған айтып суыспа.
Өлетұған тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Орынсыз жерде жем болма.
Ашу-дұшпан, артынан,
Түсіп кетсең қайтесің,
Түбі терең қуысқа!
29.Әз Жәнібек туралы ел аңызы және Асанқайғы туындысы. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.Жыраудың толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады:
Қымыз ішіп қызарып, Мастанып неге терлейсің. Өзіңнен басқа хан жоқтай, Елеуреп неге сөйлейсің?
Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді: "Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?". Осы бейнелер арқылы орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегендік танытады.
30.Қазтуған жыраудың ерлік жыры. Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз портретін өзі жасап, ұтымды да дәл метафоралық салыстырулар арқылы әсем көмкерген. Ал, «Алаң да алаң, алаң жұртта» халықтың туған мекен ? Еділін тастап, шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Қазтуғанның туған жер, өскен елге деген махаббаты да кіршіксіз әрі шексіз. Ол «Кіндік кесіп, кір жуған» ата қоныс ? Еділдің дарқан байлығы мен шексіз де шетсіз қуатты мекен екенін сипаттау арқылы өз сүйіспендігін жайып салады. «Жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жерді» суреттегенде, оның елге қорған, мықты тірек болғанын да ұмытпайды. «Белгілі биік биік көк сеңгір» жырынан жауынгер-жыраудың өмір жайлы тыныс-түсінігі айқын аңғарылады. Бұл аталған жырлар қазақ әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан ғана емес, сыртқы түзілім-құрылыс тұрғысынан да ерекше дараланады. Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылған. Кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 5 том
Өзіне арнаған мадақ жырында Қазтуған былай толғайды: Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен көбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шәй жібек оққа кірісті, Айдаса – қойдың көсемі, Сөйлесе – қызыл тілдің шешені, Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы, Қалайылаған қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлыт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқа Сүйінішұлы Қазтуған!
31.Асанқайғының ғаріптік жайлы туындысы. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.
32.Пейілділік туралы Асанқайғы толғауы. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.
33Жыраулық поэзиядағы ұлттық идея. Жыраулық поэзия – ΧV–ΧVІІІ ғасырдағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ΧV ғасырдың орта шеңінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алады. Ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденеді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен – ақ кемелдікті көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шеңдесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман мен адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік жайлы сан – салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі,елдің бірлігі,бүтіндігі.Халқына жайлы қоныс,ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт,тыныштық өмірді өмірді қалаған. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге,ер – азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт – бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті.Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там – тұмдап болса да жеткен ақын – жыраулар творчествосы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады.Оларда ел өміріндегі елеулі оқиғалар,феодалдық қоғамның ащы шындығы,халықтың әдет – ғұрып,салт – санасы бейнелі тілмен көрініс тапқан.
34.Толғау жанры һәм ел тарихы.Толғау қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды. Ноғай мен құмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 - 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Дулат, Махамбет, Базар, т. б. Генетикалык жағынан магиялық функциясы болғаны байкалады. Хандык дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі -дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады.
35Қазтуғанның өзін таныстыру жыры.Қазтуған - Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі єдебиетінің ірі өкілі. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тілдес тайпалардың шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик ақын. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың алғаш өлеңдерін Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ұлы арман», Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көген «Поэтика Казахстана», «Поэты пяти веков» жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі єдебиет» хрестоматиясында басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М.Мағауин, Є.Дербісәлин, Қ.Сыдыиқов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы ғалымдар қалам тербеді.Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі бір көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді.Ақынның өлеңдерінен де оның өмірі туралы кейбір деректерді ұшырата аламыз.
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ ала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш,
Күйеу болып түскен жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған,
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт...
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Сәулетті менің ордам қонған жер...
Менен қалған мынау Еділ жұрт...
Бұл өлең жолдарынан Қазтуғанның үш өзенді жайлаған Еділді мекен еткен батыр болғанын, атасы Сүйініш, анасы Бозтуған екенін аңғару қиын емес.
Қабыршықты қара су –
Ол Қазтуғанның қонысы еді,- дейді.
Кейінгі ақындар, әсіресе Махамбет сияқты батыр ақын оған еліктеген. Қазтуған образдарынан тікелей үлгі алған. Мысалға Қазтуғанның төмендегі толғауын Махамбеттің «Мен едімімен» салыстырайық.
Мен өзім Бабай Омар баласы едім,
Қашаннан екі кенттің арасы едім.
Балқытты мені мынау қорғасындай,
Қашаннан тасты кескен алмас едім.
немесе:
Мен кеткенмін, кеткенмін,
Тайсойған менен дендерден,
Құралайдай шұбырып,
Күліп бір ойнап өткенмін.
Махамбет үшін өзіне дейінгі Қазтуған, Шалгез, Жиембет жыраулар барлық жағынан да үлгі болғанға ұқсайды. Бұлардың сөз саптаулары бірыңғай, әуендес. Себебі бұлардың алдында қойған мақсаттары ұқсас. Ел мақсаты үшін атқа мініп, найзаның ұшымен сөз күшін бірге жұмсаған батыр жыраулардың басқаша сөйлеулері мүмкін де емес.
Билер өтті би соңы,
Би ұлының кенжесі.
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан...
Сүйінішұлы Қазтуған!
Қысқасы, Қазтуған - заманының жаны пәк, толық қанды көркем сөз үлгісін өз поэзиясы арқылы бізге жеткізген әйгілі жырау. Оның шығармаларын іздестіріп, қалпына келтіру, толығырақ тану абзал. Қазтуған поэзиясы ХV ғасыр әдебиетінің жақсы үлгісі ретінде құнды.
36Мағауиннің Доспамбет туралы зерттеу еңбегі. Мағауин - ең алдымен прозашы үлкен романист. Әдебиетке араласқан қырық жылға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан, ғылыми еңбектерін есепке алмағанда, ондаған әңгіме « Тазының өлімі», «Қара қыз», «Бір атаның балалары» сияқты повестер, «Көк мұнар», «Көк балақ», « Аласапыран», « Сары қазақ», «Шахан сері» романдары және «Мен» атты мемуар туды. Бұл аз ба, көп пе? Кейбір жазғыштармен салыстырғанда, жұпыны көрінуі де ықтимал. Бірақ, жазушы еңбегі ешқашан санмен өлшенбейді. М.Мағауин XV-XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген. Содан кейін Қазақ ССР ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болған. ХҮ-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген қазақ ақын- жырауларының бір томдық жинағы «Алдаспанды» шығарды. Ең алғашқы 1958 жылы жарық көрген « Қобыз сарыны» деген әдеби зерттеу кітабы әдебиетіміздің тарихын үш ғасыр ары жылжытқан, қажырлы да қайратты еңбек болды. Шалкиіз, Қазтуған, Асан Қайғы, Бұқар жырау, Ақтамберді,Доспамбет сияқты баба жырауларымыздың бүгінгі ұрпағымен қайта табысуына үлесі мол. «Қобыз сарыны» 1968 жылы жарық көрген, ХV-ХVІІІ ғасырларда қазақ жырауларының творчестволық- тарихи тұлғаларын нанымды нақты сипатталған зерттеуі бар. «Қобыз сарыны» - Мұхтар Мағауиннің жиырма бес жасында тәмам болған екен. Алғашқы елеулі шығармасы және қалай, қанша жазса да, бірегей әрі мәнді еңбегі болып қала бермек.«Қобыз сарынының» жарыққа шығуы қазақ руханиятындағы көмескіні айқындаған, тың серпіліске, жаңа өрістерге жол ашқан ерекше оқиға болды. Кітап қазақ зиялылары тарапынан мейлінше қолдау тапты, ағымдағы баспасөзде жоғары бағаланды. «Қобыз сарыны», ондағы әдеби мұраға қатысты қаншама жаңалық, сол заман үшін мүлде тосын тарихи көзқарас пен өзгеше ұлттық сана, еңбегің өз тұсындағы ой-танымға әсер-ықпалы, бүгінгі күнге жалғасқан үлгі-өнегесі өз кезегінде болашақта қаншама соны зерттеуге ұйтқы болары күмәнсіз. Жыраулар поэзиясының дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз өнернамалары айрықша әсер етті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523 ж., өлген) шығармаларынан ортағасырлық жауынгер көшпендінің өр тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді, оның асқақ рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады.
37Ә. Марғұланның жыраулық мұра туралы пікірі. Ә.Х. Марғұланның халқымыздың өткендегі ұзақ сүрлеу-соқпағын бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ертелі-кеш жер астынан, ел аузынан, мұрағаттардан жинаған этноархеолог ретіндегі зерттеу еңбектері, архитектуралық ескерткіштерді зерттеуі, этнография саласындағы, ауыз әдебиеті саласындағы зерттеулері, қазақ жазуының тарихы туралы еңбектері, шоқантануға қосқан үлесі – бүгінгі рухани байлығымыздың алтын қоры. Филология саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде Ә.Х. Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде қарастырды.Ғалым Қазақстанды зерттеу барысында археологиялық қазба жұмыстарымен қатар, қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерін түсіне отырып, этнографиялық материалды қатар жинап бірімен-бірін байланыстыра анализден өткізді. Марғұланның 1950 ж. жарық көрген «Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана» атты монографиясында қазақ халқы таза көшпенді халық болмағаны, қазақта отырықшылық дәстүрдің ертеден келе жатқаны археологиялық, этнографиялық және сәулеткерлік материалдар негізінде көрсетілді. Ә. Марғұланның «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы негізінде жазылған «Ежелгі жыр-аңыздар» атты еңбегінде, «Шоқан және «Манас» атты еңбегінде батырлар жыры тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі мен көне дәуірдегі халықтардың аңыздары, ежелгі жырлардың ерлік бейнелері олардың тарихи негізі Манас жыры оның қай кезде шыққаны туралы қазақ пен қырғыздың қария сөздері, сонымен қатар тың зерттеулер ежелгі ғұн, сақ, түрік, оғыз, қыпшақ замандарында туып бізге дейін жеткен әдеби үлгілері сөз етіледі.Ә. Марғұланның басқаруымен Шоқанның таңдамалысы, Шоқан мұрасын көп жылдар бойы зерттеудің заңды жалғасы ретінде «Шоқан және «Манас» [23] атты монографиясы жарық көрді. Ал, Ә.Х. Марғұлан қазақ фольклорын, оның ішінде, қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйене отырып, тарих пен этнографияны байланыстырып, Қазақстанда тарихи фольклорды алғаш рет кешенді түрде зерттеген. Тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының этногенезін және өсіп өрбу жолдарын ашатын кеңес дәуірінде алғаш айтқан ғалымдар қатарына жатады. Бұған ғалымның «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы, «Ежелгі жыр-аңыздар» атты ірі монографиялық еңбегі дәлел Ә.Х. Марғұлан тарихи жыр-аңыздарға, хикаяларға, шежірелерге жаңа ғылыми тұрғыдан алғаш рет терең қарастыруға жол ашып берді, қазақ халқының тарихын тарихи жыр-аңыздар арқылы көрсете білді және жинап, талдап олардың алғашқы хронологиясын жасады. «Рухани мұраны сақтаудың бірден-бір жолы: тәлімгерлік, әке жыршыдан – бала жыршыға мирас етіп қалдыру» – деген пікірді Ә. Марғұлан жазды.Қорқыттың толғау айту дәстүрін, оның эпикалық жырын, күйін, сарынын, нақыл сөздерін мұра етіп, оны біздің заманымызға жеткізген жырауларды Марғұлан төрт топқа бөліп көрсетті. Көне ертегі-жырларда салт-дәстүрге байланысты алтын қазан іздеу салты, қазанның құлағына ақтық байлау, ас бергенде, Наурызда үлкен қазан көтеру, т.б. қазанның береке мен бірліктің белгісі екенін көрсетеді. Ас беру, той өткізу секілді үлкен жабдықтар ұлттың бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға, ел басын біріктіруде, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруда орасан зор роль атқарғанын көреміз.
38Сыпыра жырау шығармашылығы. Сыпыра жырау-жырау, тарихи тұлға. Сыпыра жыраудың жырлары бізге тікелей өз атымен сақталып жетпеген. Жыраудың толғаулары әр алуан аңыз, әңгімелер мен(«Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты», т.б.) эпикалық жырларда сақталған( «Ер Тарғын», «Едіге батыр», т.б.). Қазақ зерттеушілерінің Сыпыра жырауды ноғайлы дәуіріндегі көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы деп бғалауы да осыдан. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында Сыпыра жырау ел бірлігін көздеген дана қарт болып сипатталады. Ер Тарғын сынды ел қорғаны болған батырды екі рет алдаған Ақша ханды жұрт алдында аяусыз әшкерелеп, оның екі жүзді аярлығын бетіне басады. Сыпыра жырау-ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына да әдеби ортақ тұлға. Бұл елдер әдебиетінде де Сыпыра бірде 120, енді бірде біздегі секілді 180 жас жасап, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде суреттеледі. Сол халық әңгімелерінің ішінен ноғайдың «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңызын бөліп атауға болар еді. Мұндағы қара сөзбен аралас келіп, Сыпыра жырау атынан берілетін кесек-кесек жырлар өзінің табиға сипаты жағынан жыраудың біздегі «Мен қартыңмын, қартыңмын» әйгілі толғауына өте ұқсас, үндес. Бұларды толғаудың дәстүрлі көне үлгілері деп айта аламыз.
39Ежелгі дәуір әдеби мұралары мен ақын,жыраулар поэзиясындағы ой-арман бірлігі. Адамзат баласы өзінің ежелден жеткен негізгі мұраларында елдің бүтіндігін ел болу үшін күрескен жандардың бейнесін сомдаған туындылар мен ғасырларды көктей отырып, кейінге жеткен. Біздің түркілік жәдігерліктеріміздің басы болып есептелінетін Орхон-Енисей жазбаларында түрік қағанатының кіммен күрескендігі, кімді жеңгенінің тәптіштегенінің өзі тегіннен-тегін емес. Біздің жыраулық мұра ең алдыменен ел болудың проблемасын көтерген. Бұл қырғыздың «Манасында» айтылатын идеяменен өзіміздің «Алпамысымызда», сондай-ақ «Қырымының қырық батыры» жырындағы көтерілген мәселелерімен түбірлес екенін айқын аңғарамыз. Орыстың трубодолары, түрікменнің бақшылары, әзірбайжанның умудтары бұлардыі да айтатын жырлайтын мәәселелері елдікке байланысты әңгімелер. Шындап келгенде батырлық жырларды, сондай-ақ тарихи жырларды өмірге келтіруші авторлар, жыраулар болып табылады.Сол жыраулардың басы Сыпыра жырау. Ол жырлайтын Едіге менен Тоқтамыстың, Тоқтамыс пенен Темір .Тарағайдың, Темір Тарағай менен Едігенің ара қатынасын сол кездегі Сыпырадан бастап жыраулар қауымы елге түсіндіруге бар күшін алмай жұмсаған. Сыры айтылмаған кейінгі мәселелерді Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Абыл, Марабай сияқты жыраулар өздерінің айтқан лебіздерін кейінгілерге барынша қанық болумен жеткізуге күш салған Нұрымдар, Қашағандар, Нұрпейістер, Мұрын жырау арқылы толығып, бүгінгі оқырманның игілігіне айналып отыр. Бірақ бұл шығармаларда қамтылған мәселелерде толық ұғыну үшін халқымыздың сол дәуірдегі тарихын жете білуіміз керек. Бұл мәселелер жайлы Ш.Уалихановтың, Карамзиннің, Тынышбаевтың, Иваниннің, Сәтпаевтің біздің осы тақырыпқа көркем шығарма жазған І.Есенберлиннің, С.Сматаевтың, М.Мағауинның, Ә.Кекілбаевтың, Қ.Жұмаділовтың, Зейнолла Қабдоловтың, Тілепжановтың т.б. қаламгерлердің еңбектерін салыстыра, салғастыра отырып жөн. Біздің ұлттық әдебиетіміздің ақын-жыраулар мұрасының негізгі ой-арман бірлігі тек ел қорғау мәселесімен ғана шектеліп қалмаған.Жеке адамдар адресіне қаратылып та айтылған.
40Ақын, жыраулар поэзиясы және ислам философиясы. Дүние жүзі халықтарының тарихи мәдениетінде сол елдердің өздері тұтынатын дініне байланысты танымдық материалдар кездеспей тұрмайды. Қалай болғанда да өзін сауатты, білімді санйтын адамдар өз халқын тәрбиелеу жолында сол елдің діни қағидаларына сүйенуге мәжбүр. Бұл мәселені сонау Асан қайғы, Шалкиіз,Бұқар жыраулар молынан пайдалануға мәжбүр болған. әрине толғау жанрында діни аңыз-әпсаналарға,болмаса ғылыми теологиялық трактаттарға, тіптен дін қағидаларын жіліктеп көрсететін қисса дастандардағыдай бұл жанрда, яғни түгел қамтып айтуға мүмкіндік берілмеген. Бірақ сол қысқа қайырымды тирарлардың өзінде де елді құдайдан сескеніп, адамгершілік жолын тұтынуға уағыздайтын қысқа мәліметтердің өзі де тыңдармандарына мейлінше түсінікті болып келген. өйткені тыңдармандар сол жанрдың тілімен айтылатын ұғым мәліметтерді өз дәрежесіне қабылдайды. Мәселен, «Бірінші тілек тілеңіз»деп келетін Бұхар сөзінің алғашқы айтар сөзі бір аллаға жазылған. Яғни құдай алдында күнаһар болып қалмау, содан кейін «Бесінші сөз» мұсылман парызына , соның басты мәселелерінің бірі намазға байланысты болып келеді. Дін тұрғыдан алғашқы болып әлемнің жаратылысын өлім мен ерлік деген автор Шал ақын болып табылады. Мәселен мына жолдар соған куә:
Жаратқан Мұхамметтің нұрын құдай
Ғаламнан 18 мың бұрын құдай
Өз қарындасын өзіне достық қылып
Мұндай артық сүйер құлын құдай
Әуелі құдай пайғамбар нұрын қылған
Ғаламнан 18 мың бұрын қылған
Нұрынан екі тамшы нұрын алып
Екі тамшы нұрдан ай, күнін қылған
Ақын ,әрі жыршы Шортанбай Қанайұлының «Атамыз- Адам пайғамбар,топырақтан жаралды» деп келетін өлеңінде құбылаға бас қойып намаз оқуға, орза ұстауға, ұрлық пен өтірік , ғайбаттан аулақ болуға, жақсылық пен жамандық жайлы айта келе:
Құдай деген мүһминнің
Ауыздан кетпес тобасы
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы
Дейді. Сонымен қатар ,
Медресе, мешіт салдырып
Мүфтиге берсең балаңды
Азан тәкбір айттырып
Мешітке қойсаң молдаңды
Сираттың желі соққанда
Ораза-намаз панаңды
Тірлікте есіңе ал
Өлген жанға пайдалы
41Академик Қ.И.Сәтбаевтың «Ер Едіге туралы еңбегі» Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) , Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.1927 ж.жиырманың ішіндегі жас жігіт , Томск технологиялық институтын бітірген , тау-кен инженері Қ.И.Сәтбаев москва қаласынан «Ер Едіге» атты кітап шығарды. Жинаққа жазған алғысөзінде келешек ұлы ғалым Едіге әңгімесінің бір шеті Алтайды, бір шеті Қырымды мекендейтін түркі нәсілдерінің барлығында айтылатындығын ескерте келіп , өзі шығартқалы отырған аталмыш кітаптың 1842ж Шыңғыс Уалиханов пен баласы Шоқанның қыпшақ Арыстанбай мен Жұмағұлдардың аузынан хатқа түсіріліп,1905ж Санк Петербургте П.М. мелиоранскийдің кітап етіп шығартқан нұсқасын Қаржас Қопабай дейтін ақсақалдың айтуындағы жырмен салыстырып,бірсыпыра қазақшаланған түрі екндігін еске салады. Ғалымның жырдың негізінен дүниеге келуіне себепкер болған Алтын Орданың билеушісі Тоқтамыс пен Едігенің өзара қарым-қатынасына арнйы тоқтала келіп айтқан мына пікірлері: біріншіден, «тарихи жағынан алғанда Едіге батырдың әңгімесі XIV ғ ішінде басталуы керек» дейтін, екіншіден, араб тарихшысы Ибн-Арабшахтың пікіріне қарағанда Тоқтамыс пен Темірдің арасындағы жанжалға ту баста Едіге себепші болса керек, Едігенің сүйенгені Орыс ханның баласы Құтлұғ Темір дейтін сұлтан болған, дей отырып, сондай-ақ, Темірдің Тоқтамыс ордасына ауыр қолмен аттануына Ақорда мен Алтынорданы жеке билеген Тоқтамыстың баққа мастанып 1388 жылы Түркістан жағына шеру тартқандығын айтатын, үшіншіден, Едіге әңгімесінің әртүрлі түркі халықтарында барлығын ескере келіп «қай жұртта болсын, барған сайын басқы сөзге өз тұсынан әр түрлі жалғаулар қосып отырмақшы» дейтін, төртіншіден, ел біреуді сүйсе оның бойына тығылмаған жақсылық болмайды; Едіге осындай ел сынының шын сүйген, шын ардақтаған ерлерінің бірі дейтін, бесіншіден, «Ел аузында тарап жүрген Едіге туралы тағы да сораптар бар шығар, солардың бәрі де тегіс жиналып қағаз бетіне түссе, Едіге батырдың толық саны сонда айқындалар еді»деген.
42Толғау жанры хақындағы Дербісалин еңбектері . Қазақтың көрнекті әдебиеттанушы ғалымы Әнуар Дербісалин бүгінгі орта жас деп межеленген кезеңге, алпыс жасқа да жете алмай, өмірден озып кетті. Саналы ғұмырын түгелге жуық әдебиеттану ғылымына арнаған зерделі ғалымның артында қалған мұрасының өзі қомақты. Тек өзі өмірлік мақсат етіп алған әдебиеттану ғылымының бір саласымен ғана шектеліп қалмай, қаламының оңына келген талай тақырыпты зерттеген ғалым. Тек жай ғана зерттеп қоймай, кейбір жекелеген мәселелерін індете қарап, тұжырымды да тиянақты пікірлер қалдырып кеткен. Соның нақты көрінісінің бірі – қазақтың атақты ғұламасы, ұлы ағартушысы әрі қаламгері Ыбырай Алтынсарин мұрасына қатысты еңбектері. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының өзінде жап-жас Әнекең осы ғұламаның шығармаларын індете зерттеп, Ыбырай Алтынсарин жайлы арнаулы еңбек жазып, өз тұсындағы оқырман қауымның назарын аудара білді. Ғалымның бұл кітабы сол кезең үшін көп жаңалықтар әкелген, ыбырайтану саласын соны деректермен толықтырған еңбек болғанын бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың еңселі төрінен тағы да қайталап атап өткен абзал болар. Ә.Дербісалин қазақтың осынау ғұлама ағартушысының артында қалған мұрасы мен шығармашылық өмір жолы туралы көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келгені мәлім«Ыбырай Алтынсарин» деп аталатын алғашқы кітабында қазақ оқырмандары осынау көрнекті тұлғаның жеке жазбаларымен, өзінің пікірлес, бағыттас дос-жарандарымен жазысқан хаттарымен танысқан болатын. Кітап авторы Ыбырайдың өзіне жазылған жауап хаттарды да ретімен келтіріп отырған. . Сол кездегі оқырман қауымы осы хаттар арқылы бетке ұстар ағартушы ғалымымздың рухани әлемінен, өмірлік мақсат-мүддесі мен жасап жатқан саналы әрекеттерінен жақсы хабардар болды. Бұл еңбектің өз заманында оқырмандар арасын да белгілі бір қозғалыс туғызып, түрлі пікірлерге түрткі болғаны тегін емес. Ә.Дербісалинның ұзақ жылдардан кейін жарық көрген «Ыбырай Алтынсарин» атты келесі бір кітабы алдыңғы еңбегін қайталамайды және оны жоққа да шығармайды. Енді автор бұл еңбегінің жанрлық анықтамасын «өмірбаяндық очерк» деп белгілепті. Оның мазмұнынан қарап отырсақ, «Тамаша адамдар өмірі» атты серияның талаптары мен шарттарына толық келіп тұрған еңбек. Сондықтан да оны бір тақырыпқа арналған бөлек-салақ мақалардың жиынтығы немесе очерктер циклі деп айқындасақ, қателескен болар едік Келтірілген деректерге қарағанда, Ыбырай Алтынсаринның өз халқын қараңғылықтан жарыққа сүйрейтін қуатты тұлға болып қалыптасып шығуына Алла тағалының өзі алдын ала дайындаған сияқты болып көрінеді. Ә.Дербісалин Ыбырайдың жазушылық дарыны жайлы айта отырып, оның қазақ әдебиетіндегі алатын орынын тіпті нықтып, жоғарылата түседі. «Бай баласы мен жарлы баласының» әдебиетіміздегі орыны ерекше, – деп ойын тарқатады зерттеуші.
43.Табиғаттың ерекше құбылыстарына , діни наным –сенімге байланысты ақын, жыраулар туындыгерлері.Ақын-жырауларымыз діни наным-сенімге байланысты көптеген шығармалар жазған. Соның бірі Көкшетау өңірінде 1748 жылы туған Шал ақынның мына бір туындысын мысалға келтірейік:
Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың, Хақ деген пендеі болса тастамайсың Су құйса төгілмейтін бозжорған Аяғын аңдайсызда қақпағай Құдая, жаманыңмен теңді қылма, Құрбымнан өзім теңді кемді қылма. Жаратқан барша жанды пәруәрдігер Өзімдей пенделерге пенде қылма,-деп Құдайдың бар екендігіне иланып, жырлаған, жалбарынған.
Сонымен қатар, Әріп Тәңірбергеновтің де жырларынан діни наным-сенім ұшқынын көреміз. Әріп 1856 жылы СЕмей облысының Жарма ауданында, кедей шаруаның үйінде туған.Әріпті оқуға беруге әкесінің қаражаты болмаса да, ол бай баласының орнына жалданып барып Семей қаласындағы миссионерлік мектепті де, сонымен қатар медресені де бітіреді.Жасынан зерек, ыждаөатты Әріп ана тілімен бірге орыс, қытай, араб, парсы тілдерін де үйренеді. Оқуын бітірген соң алғашқы кезде мұғалім болып бала оқытады, кейінірек Қытайдағы Шәуешек қаласында орыс консульствосында бірнеше жыл тілмаш қызметін атқарады. Сонан соң Алматы, Фрунзе қалаларында әр түрлі қызметте болады.
Ей, ғапыл, иман демек, шынға нанбақ, Шындықты нысап тұтып көңілге алмақ Жүректі адалдыққа анық байлап Тартынып арамдықтан таза қалмақ. Ақ сүйіп, адалдықты анық білмек, Тілмен айтып, көңілмен тұтып жүрмек . Арамдықты шығарған жүрегіңнен, Жолына адалдықтың басты бермек. Осындай шын ниетпен қылсаң пікір, Жүрекке тұтпақ керек шындық пікір Жолынан әділдіктің айнымасаң, Иман деп соны айтады сансыз шүкір.
Орынбай Бертағыұлы 1813 жылы қазіргі Көкшетау облысы, Айыртау ауданында туып, 1891 жылы қайтыс болған. Орынбайдың өз әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы- ақын, жыршы болған. 13-14 жасынан өлең шығарып, ақын атала бастаған Орынбай кезінде Арыстан, Сералы, Шортанбай, Сақау, Шөже, Балта, Дана, Ақан сері, Тоғжан, Құлтума т.б. ақындармен айтысқа түскен.Орынбай ақын да аталмыш тақырыпқа қалам тартқан. Мысалы:
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді, Мынаны бер, мынаны ал демейді Басына бай кісі өлсе, жастық тастап, Астына қалың көрпе сал демейді. Жарлыны, кәне байдан кем көргені, Бетіне бірдей қылып өң бергені. Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек тастап, Құдайдың осы емес пе тең көргені. Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды, «Құдай»дегенпендесін жарылқайды. «Адам басы-алланың добы» деген, Соқса да қалай қарай домалайды,- деген өлеңі осыған дәлел.
44Батырлық жырлардағы қаһарманның өз қарсыласы алдында толғайтын асқақ жырларының жыраулар поэзиясымен туыстығы. Батырлық жырлар, батырлар жыры— ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов], т.б. болды.Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”, “Тоқтамыс”, т.б. эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”, “Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды. XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты. Ондай оқиғалар – ХҮІ ғасырларда Қазан хандығының құлдырауы («Қобыланды жыры»), ХҮ-ХҮІ ғасырларда Қырым хандығында рулық соғыстар («Ер Тарғын» жыры), қазақтар мен ноғайлының ХҮІ ғасырда бірлесіп жасаған жорықтары («Ер Сайын», «Алпамыс» жырлары), қазақтар мен өзбектердің жорығы («Қамбар» жыры).
45Назирагөйлік және дәстүрлі әдебиет. Дүние жүзініңетінеде көптеген елдерінде назирашылдық дәстүрі әр түрлі сатыда болса да, әдебиеттегі үрдіс гі кезге дейн ретінде өз өмірлерін кейінгі кезге дейн Жалғастырып келген . бұл екінші бір елге келгенде, өзінің тақырыбын идеялық діттеген ойын түгелдей жалңғатпайтын шығармашылық өнер жалғаста болғанмен мұны таза тәржима деп қабылдауға болмайды. Көбінесе жайшылық өмірде көп бола бермейтін тосын, ерекше жағдайлады жырлайтындығымен назира өнері қаламгерлердің шығармашылық бетімен қабілетіне әр қилы зерттеушілердің назарын аударып келген шығармашылық урдісі ретінде қабылданады. Мәселен әлемдегі алып билік иесі А.Македонский туралы еуропалық қаламгерлердің проза турде жазған көптеген тарихи мәлімметтер бар. Сол деректерді пайдалана отырып қалам тартқан дүние жүзінде көптеген ақындар өмір сүрген. Солардың қатарында әзірбажаның Низами ганжауи, парсының Абдрахман жали өзбектің Алишер Науаи, қазақтың Абай Құнанбаев т.б. қаламгерлер бар.
46Нәзирагөлік туралы М. Әуезов пікірлері.Шығыста бір ақын жырлаған тақырыпты келесі буында тағы бір ақын қайталап әңгімелеу, тың дастандар шығару-ертеден келе жатқан дәстүр. Бұл туралы академик жазушы М.О: Әуезов: « Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек алдынғыеһның өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғаларды негізінде пайдаланса да көп жерде еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап шығаратыны болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталануын еш уақытта аударма деп танымау керек. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді»- дейді.
47Құнанбаевтың « Ескендір» поэмасы һәм шығыс нәзирагөйлігі.«Ескендір» поэмасында А. Македонскийдің озбырлығын, соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын әшкерелейді. Ескендірге қарсы ақыл иесі Аристотнльді алып, өзі сол дана философ жағында екенін көрсетеді. Ескендірдің жорығы баяндалады. Сол жорықта біраз елді күшпен қаратқанын да айтады. Осы сапарда Ескендір қолымен шөл далаға кезігіп қиындыққа ұшырайды. Сонда патша тым қатал әмір беріп, жауыздық тоқтамға келеді. өзіне жәрдем беріп, жанына еріп келе жатқан қызметкерлерін қыруға бұйрық береді. Абай Ескендір патшаның қара ниетін көрсетіп, патшалар үшін адам өиіі ешнәрсе емес, олар өзін қорңап жүргендерге осылай жасағанда, өзгелерге не істемейді деген ой туғызады. Ақыры су табылады. Бәрі де қуанып ішіп, өлімнен аман қалады. Шөлі қанып демін алған патша, енді елге қайтудын орнына, сол судың басын іздеп, қожасын тауып өзіне бағындырмақ болады. Бұл әрекет Ескендірдің данққой, зұлым екенін одан әрі айқындата түседі.
48Ақын-жыраулар шығармасында ерекше мән берілетін жиырма бес тақырыбы. өмірдің өзгермелілігін уақыттың бүкіл тіршілікке түсіретін сәулесінің көлеңкесі туралы ұғым ежелгі философтардан бастап барша қаламгерлер ментуындыгерлердің кез-келген шығармасында естен шығармай екеріп отыратын негізгі процесс. Ұлы Абай қартайдың, қайғы ойладық ұлғайдй арман дейтін туындысымен « келдік біраз жерге енді» деген шығармаларында ақын ушін алпыстың ауылы тым алыс болатын бірақ, ұлы ойшыл осы жастардың өзі әрбір саналы жанды қатты толғандырып берісі өзінің ақарған ісіне, әрісі қоғам алдында есеп беруге мудделі ететіндігін айтқандағы деп түсәну ләзім. Адам жасына байланысты Бұқар жырау да, Шал ақын да, Әбубәкір Керделі де. Нармамбет те, кейінгі қазақ қаламгерлері де сөз етпген. Мәселен, бұқар жырау абылайға қаратып айтылған «әй Абылай, сен 11 жасында» деп келетін туындысына, 65 жасқа дейінгі жағдайларды айта келіп, Абылайдың біраз қазақ қоғамы алдында атқарған қызметіне шолу жасайды. «Жиырма бес» туралы:
Екі ауылдың арасын, Қиқулатқан жиырма бес. Бұғалақсыз асауды, Құр-құлатқан жиырма бес. Жалтарғаны жаздырмай, Қыран шалған қояндай, Бұлтылдатқан жиырма бес. Ақысы кеткен кісідей... Күн-түн қатқан жиырма бес...
49 Фольклорда көрінііс тапқан елдік мүдде, оның ұлттық ідебиетке түсірген сәулесі.Қазақ халқының тарихи жырлаын хатқа түсіріп, кітапқа жариялауға Радловтың еңбегі ерекше. өз кезінде қазақтың ауызша айтылып ұрпақтан ұрпаққа тарап келген ерлік жырын, батырлық, тарихи жырлары деп немесе лиро-эпостарын ғашықтық жырлар деп классификация жасағанымен 1870ж 3 томдағы халқымыздың елдік мұрасының ұрпаққа жеткізілуінде сондай-ақ қазақтың сөз өнерін зерттейтіндер үшін бұл автордың еңбегі алғыс айта отырып еске алуға лайық болады. Сырт қарағанда, барлығы да батырлар туралы шығармалар болғандықтан, кейінгі кезге дейн ғылымда осы туындылардың негізінен батырлық жырлар немесе байырлар жыры деп аталынады. Кейін бұл көзқарас біраз жаңарды. Жұрттың билігі жүріп бұрған кездегі идеологиялық қытымыршылдықтың салдарынан халыққа жария етуге мумкіндік болмаған кейбір тарихи жайлардың шынайы көрінісін тарихи жырлар арқылы дәлелдеуге сөтіп азаматықттарихқа азды-көпті жаңалықтар қосуға мүмкіндіктер туғызады.
50Рабғузи қиссалары және қазақ әдебиеті.Рабғузидың ең негізгі қиссалары болып «Адам ата хауа ана иссасы мен Пайғамбарлар қиссасын» атап айтуға болады. Мұнда дүниенің жаратылысынан бастап Адам атның жерге түсірілуі және көп ұзамай қабырғасынан серігі етіп хауа ананы жаратушы, хақ тағала адамға деген нығметтерін кемеліне жеткізеді. Жұбай хауа ана екеуін пейіштің төрінен мәртебелі орынға ие етті. Жұмақтың жемісін жемеуді бұйырады, бірақ ашайтанның озғыруымен олар Алланың қойған шектеуінен шығып жерге түсіріледі. Он сегіз мың ғаламда Алланың ақ жолын ұстанған жиырма төрт мың пайғамбар бар, олардың есімдері өздерінен кейінгі ұрпақтарына қойылмаса өз ішінде екі рет қайталанбаған екен. Құран кітаптарында пайғамбарларлардың 25 ғана аталған. Рабғузидың пайғамбарлар жайлы қиссаларында олардың әрқайсысының өмірге келуі мен ерекше моғжизалары, жайлы айтылған. Мысалы: мұса пайғамбардың аса таяғы, Жүсіптің сұлулығы мен түс жоруы, Исаның туа сала сөйлеуі т.б.
51Ақын-жыраулар туындыларындағы адам концепциясы мен адамгершілік принциптері.Ақын-жыраулар халықты адамгершілікке жақсылыққа, адам болуға шақырады. Кез-келген ақын-жыраулар шығармасында адамгершілік мәселесі кездеспей тұрмайды. Ақын-жыраулар шығармасының ішінен адамгершілік тақырыбына байланысты ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Абай Құнанбаевтың шығармасына тқталайық. Ол өз шығармасын ойлы, қырлы, тілге жеңіл, көңілге қонымды, аса көркем шығарма жасауға шақырады. Оның достық туралы пікірлері оның адамгершілік, гуманизм идеяларыменен тығыз байланысты. Абай адамның бәрі бірдей, оның туысы, өлімі бәрі бір. Оларды айырмасы ақылында, мінезінде деп бағалайды. Басқа дәулет дәрежемен оздвм деу бос кеуде керушілік орынсыз және надандық деп біледі. өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде. Абай: өмірде ең қызық нәрсе- адамды сүюшілік, одан өзге нәрсе жок дейді. Адамды сыйлап бауйр тұтуды керек етеді.Адамзаттың бәрін сүй , бауырым деп деген олеңімен осылайша адамгершіліктің туын жоғары ұстаған ұлы гуманист жазушы. Ол әр уақытта халыққа: « мақтан қума, ойсыздарға қосылма»,- деп ақыл береді.
52Жұмақ пен тозақ ұғымдарына байланысты ақын, жыраулары шығармалары.Ақын-жыраулар шығармаларында дүниенің жаратылысы мен қиямет күні жайлы толғамдармен қатар жұмақ пен тозақ жайлы да толғамдар көптеп кездеседі. Ақын-жыраулар шығармаларында өзекті мәселе адамгершілікке жақсылыққа үндейді. Соның ішінде жүмақтың кереметі жайлы, және оған қалай жету керектігі жайлы айтылады. Ал тозаққа қандай адамдар кіретіні жайлы және оның қиындықтары, айта келе тозаққа туспеуді тілек етіп, оған бармауға амал жасаудың шараларын толғайды. Мысалға Орынбай ақынның тамұқ жайлы толғамы былай басталған:
Тамұқты сонша тернң еткен дейді, Аузынан бір тас түсіп кеткен дейді. Зымырап сол түскен тас нақ түбіне, Екі жүз елу жылда жеткен дейді.
53Ислам парыздарының ақын –жазушылар поэзиясында көрініс табуы. Өздерін білімді санайтын қай халықтың болмысын сауатты адамдары өз халқын тәрбиелеу жолында сол елдің діни қағидаларына сүйенуге мәжбүр болып отырған. Бұл мәселені сонау Асан қайғы ,Шал киіз, Бұқар жыраулар молынан пайдаға асырып отырған. Құдайдан сескеніп адамгершілік жолын тұтынуға уағыздайтын қысқа мәліметтердің өзі детыңдармандарға мейлінше түсінікті. Өйткені тыңдармандар сол жанрдың тілімен айтылатын ұғым мәліметтерді өз дәрежесінде қабылдайды . Мысалы: “Бірінші тілек тілеңіз Бір аллаға жазбасқА Бесінші тілек тілеңіз Бес уақытты бес намаз Біреуі қаза қалмасқа”
Бұл жерде Бұқар жырау, Құдай алдында күнахар болиауға және мұсылман парызына соның сондағы басты мәселе бес парыз, намаз жайлы айтып өткен.
Бұл тұрғыдан алғашқы болып әлемнің жаратылысын өлеңмен өрнектеген автор XVIII ғ перзенті Шал ақын болып табылады . Жаратқан Мұхамметтің нұрын құдай Ғаламнан он сегіз мың бұрын құдай Өз қандасын өзіне досты қылып Мұнша аптық сүйер не құлын құдай.
54Шығыстың сюжет те жазылған дастандарды зерттеген ғалымдар еңбегі.Мың бір түнде 1930 ж. Бастап Қ.әбдіқадіров араб, парсы,түрік , монғол тілдеріне басылымбарымен салыстыра отырып аударған. Жинаққа беріліп отырған бұл хикая 1895 ж. “Дала уәлаяты” газетінің 41-49 сандарында жарияланған. Жырлаған Мейра Жанайдарұлы деп көрсетілген. Мұңлық-зарлықтың Жүсіпбек Шайхумус нұсқасы Ламов жазған қазан қаласында бастырылды. 1903 ж. Кәриния баспасында , 1905 ж.университет баспасында И.Н Шамсуддинов бастырды. Жүсіп – зылиха қазақ тілінде басылған нұсқалары “қисса-и хазірет Жүсіп ғаләйриссәләм мен зылиха мәселесі” деген атпен 1898,1901,1904,1907 ж. Университет баспасында Ш. Хусаинов мұрагерлері басып шығарған. Жүсіп-зылиха жырын қазақ тілінде жырлаған Ж.Шайхумис –ламов болды.Шаһ-наме- батыста XVIII ғ. Өз тіліне аударып, таныса бастаған А. Фердауси. Ал орыс тіліне алғаш аударған ақын В.А. Жуковский.
55Т.Ізтілеуовтың «Шах-наме» дастанының қазақша сөйлеу үлгісі.Тұрмағамбет әлем оқырмандарының назарын ерекше аударған «Шығыс имадасы»-«Шах-неме» шығармасының сюжетін алып,оқиғасын өз шеберлігімен суреттеп, қазақ ұғымына түсінікті етіп жазып шыққан. Осы «Рүстем дастанның» алғы сөзінде академик жазушы Әуезов “Рүстем дастан” жыры Фирдаусидің «Шах-немесінен» жасалған аударма емес. Ол арғы-бергі ауызша да,жазбаша да хикаялардың бәрінен құралып қазақ халқы арасында ертегіше тарап кеткен батыр жорықтарының жиынтық жыры. Өлеңмен жыр етуші Тұрмағамбет ақын бұл жөнінде 19ғ. Қазақ ортасында көп жайылған шығыс аңызшыларының өлеңге айналған дәстүрін қолданған » деген Бұл дастан Тұрмағамбет Ізтілеуовтың творчествасының шоқтығы биік елеулі шығармасы болып саналады.“Шах-неменің” Тұрмағамбет ақын жырлаған нұсқасы “Рұстем-дастан” деген тақырыппен 1961ж. жеке кітап болып басылды.
56Шал ақын Құлекеұлының әлемнің жартылысы жайлы туындысы.Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілінің бірі-Шал. Ол негізінен өмірдің ,дүниенің өткіншілігін, құбылмалылығын өлімнің құтқалмайтындығын айта отырып , дүние бір жола құрып кеткелі тұр деген писсимистік түсініктерге ұрынбайды. Адамның қартайып олуін заңдылық деп санап, дүние ,табиғат өлген адаммен бірге құрымайтынын ,оның мәңгі жасай беретіндігін, ал адам сол табиғаттың қонағы сияқты келіп кететінін айтады.М-ы.
1)Жаратқан Мұхаммедтің нұрын құдай. Ғаламнан он сегіз мың бұрын құдай, Өз қандасын өзіне досты қылып, Мұндай артық суйерме құлын құдай Әуел құдай пайғамбар нұрын қылған, Ғаламнан 18-мың бұрын қылған. Нұрынан екі тамшы нұрын алып Екі тамшы нұрдан ай,күнін қылған
2)Жер түрлентіп жараттың, Желкілдеген бозымен. Қойтүрлентіп жараттың, Бауырында емген қозымен. Ағашты да түрленттің, Жапырағын жайқалтып. Құстарды да түрленттің, Жұмыртқасын шайқалтып.
57Сыр бойының жыраулық дәстүріCыр өңірі қашаннан хас таланттардың отаны болып табылады. Бұл өңірден түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлардың, ақындардың санында шек жоқ, әсіресе, сыр бойының рухани орталығы болып есептелінетін Қазалы ауданы – ата–бабаларымыздан мирас болып келе жатқан ақындық дәстүрді іргелі жалғастырушы қасиет қонған ірі өнер ордасы, жыр қазанын қайнатқан қара шаңырақ. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт бабалардан бастау алған Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрімен өзге аймақтардан ерекшеленіп тұрады. Өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны аруақтай құрметтеп, жақсы жыр тудыруды басты мақсат тұтқан. Міне, осы жыр додасында ерен дарындылығымен суырылып алға шыққандарды халық - дүр ақын, Сыр сүлейлері деп атады. Олардың есімдері ел аузында жатталды. Жалпы, Сыр сүлейлері туралы ғылыми еңбектер, мақала, очерктер соңғы жылдары көптеп жарық көруде. Ешқашанда Сыр сүлейлерінің шығармалары зерттеушілердің назарынан тыс қалып көрген емес. Әрине бұл қуанарлық жайт. Оларды атап өтер болсақ, Ешнияз сал, Балқы базар, Күдеріқожа Көшекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Құлан Алдабергенұлы, Шораяқтың Омары, Шәрі Сеңгірбайүлы, Тұрмағанбет, Жәмет жырау, Қали Нүрпейісов, Байназар Өтепов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Зейнолла Шүкіров, Қалжан Нұрмақанов, Сейіл Боранбаев, Рүстем Жанаев, Балтабай Тәжімбетов т.б. Қарасақал Ерімбет, Нұртуған секілді ірі шайырларымыздың есімдері аңызға айналып, бүгінде шығармалары Республика көлемінде кеңінен насихатталып жүр. Осындай ірі таланттар мектебінен шыққан жер-жерде, ауыл-ауылда қаншама сөз зергерлері бар. Олардың есімдері белгісіз, жырлары ел арасында, көнекөз қариялардың аузында жүр. Оларды зерттеп, жинақтау - біздің парызымыз.
58Қазақ дастандарындағы мың бір түн шығармаларының сарыны.Мың бір түн араб әдебиетінің классикалық мұрасы. Мың бір түннің шығу төркіні жайлы айтар болсақ, Қазақ кеңес энциклопедиясында мынадай мәлімет берілген: «Мың бір түннің түп негізі жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Біреулер парсының «Мың ертегісінен» таралған десе, енді бірсыпырасы Масудидің «Алтын тоғай» атты шығармасы әсерімен пайда болған деп есептейді».Лубнанның (Ливан) астанасы Бейрутте «Әл-Мактабат әл-сақафия» баспасынан араб тілінде шыққан «мың біртүн қиссасы» кітабының алғысөзінде мынадай мәлімет берілген:Аудармасы: «Шаһрияр патша әйелінің өзіне жасаған қиянатын біліп қалып, оны өлтіреді. Содан соң өзіне әр түні жас бойжеткенге үйленіп әрі сол түні оны өлтіріп тастауды серт етеді. Осы жағдай үш жылға созылады. Уәзірдің екі қызынан басқа қаншама адамның қыздары жастай кетеді. Үлкені алдыңғы өткен қауымдар тарихын, әдебиетшілер, ақындар жайында айтып беруші еді. Есімі Шаһризад. Кішісінің аты Дунязад. Шаһризад әкісінен өзі патшаға күйеуге беруін өтінген болатын. Өмі өлтірмек болғанда Дунииязад түн өткізіп әпкесінің жанын аман сақтап қалу ойымен, патшаға қисса айтып беруді өтінді. Шаһризад Шаһриярдан рұқсат алып, осылайша мың біртүн қиссасы басталып кетті».Қазақтың белді, белгілі, қарымды жыршы-ақындарының ішінде мың бір түнге ден қоймағаны некен-саяқ, тіпті жоқтың қасы. «Мәлік-Хасан», «Шәкір-Шәкірат», «Орқа-Күлше», «Қасым-Жомарт», «Шахмаран», «Иранғайып-шаһ Ғаббас», «Сейфүлмәлік» тәрізді қисса дастандар тікелей мың бір түн сюжеттерінен іріктеліп алынған. Алайда, бұл туындылардың бәрі ұлт ақындарының өңдеп, әрлеп толассыз жырлауы арқылы қазақтың бай ауыз әдебиетімен ұштаса келе, төл туындыларымыз тәрізденіп, біржола сіңісті болып кеткендігін естен шығармағанымыз жөн.