- •5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
- •13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
- •14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
- •59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы
- •60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.
- •61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
- •63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
- •64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
- •65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
- •66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
XIX ғасырдағы оқу-ағарту, кітап басу ісі. Оның ел әдебиетіне ықпалы. Әдеби дамуға тигізген әсері. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбүрыс бағыттар. Әдебиеттің жаңару, өзгеріс өрістері. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі өзгешеліктердің Абаймен жалгасуы. Жаңа жанрлардың тууы.
Мысал, сықақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лирика табиғатына енген еуропалық үрдіс, үлгі, көркем аударма, көсемсөз. Ән өлеңдегі өзгешеліктер.
XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік жүйе жөнінен қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп, зерделенуі. Зерттеу мәселелері.
XIX ғасырдағы әдеби жаңа түр, жанрлардың, жаңа жазба әдебиеттің туып қалыптасуының алғышарттары. Тарихи дамудың қазақ қоғамының алдына қойған міндеттері. Орыс үкіметі тарапынан жүргізілген діни ықпал саясатының ел арасында ислам негіздерін кеңірек насихаттауға жасаған ықпалы. Кітаби тілдің өрістеуі. Қазақ оянушылығының басталуы. Тіл тазалығы үшін, қазақ баласының орыстың тілін, білімін үйрену үшін ұмтылуы.
Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамының жайын зерделеуі. Әдеби мұраны ғылым нысанына айналдыруы. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Қазақ әдебиетіне Еуропа үлгісін енгізуі. Оның «Қазақ хрестоматиясы», «Шариат-ул-ислам» еңбектерінің қазақтың руханият тарихындағы, жаңа жазба әдебиет тілін, жаңа жазба тілді қалыптастырудағы орны. Абайдың әлеумет жайын қозғаған өлең, қара сөздерінің жаңа жазба әдебиет жанрларын, жазба әдеби тілді қалыптастырудағы тарихи орны. Қазақ әдебиетіндегі ұлт оянушылық ағартушылық сарындар.
Бұл бағытта шығармашылық мүмкіндіктері әртүрлі ақындардың еңбек етуі. Осы бағыттағы ақындарға тән басты белгілер: ақын-жыршылардың діни мектептерде оқып, мұсылманша білім алып, олардың түрлі әдеби мектептерді жетік біліп, озық үлгі дәстүрін, көркемдік тәсілдерінөз бойына үйір етіп, өз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынуы, бұлардың жас күнінен діни тақырыптағы шығармаларды, ертегі-аңыздарды, қисса-дастандарды жаттап, ондағы кейіпкерлерге еліктеп, сондағы өсиет-өнегеге тұшынып өсуі. Кейін діни ілім-білімге бой ұрып, ізденгендерін дін жолынан табуы. Бұлардың ірі медреселерде білім алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын жетік меңгеруі.
Бұл бағыттағы ақын-жыршылардың кейбірі Шәді Жәңгіров, Жүсіпбек Шайхулисламұлы, Шораяқтың Омары, Мәулекй Жұмашев т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысты, шығыс, ислам сюжеттеріне дастан жазып, нәзирашылдықты дамытты. Олардың діни сюжеттерден, діни кітаптардан аударып, өз бетінше жазған қисса-дастандарын мынадай топтарға бөлуге болар еді: Діни тақырыптағы қиссалар: «Зарқұм», «Сал-Сал», «Жұм-Жұма»; Қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар: «Шәкір-Шәкірат», «Сейфүлмәлік» т.б.; Ғашықтық қисса-дастандар: «Жүсіп-Зылиха», «Бозжігіт», «Таһир-Зуһра» т.б.; Батырлық қиссалар: «Ескендір», «Баһрам» т.б.
Діни сюжетке жазылған қисса-дастандар: «Зарқұм», «Сал-сал», «Дариға қыз», «Кербалының шөлінде», «Шәкір-Шәкірат», «Жүсіп-Злиха» т.б. Жүсіпбек қиссалары. Діни дастандардың имандылыққа тәрбиелеудегі баға жетпес құндылығын талдап жазған ғалымдар.
Мәлике қыз оқиғасында – орта ғасыр білімінің шағын энциклопедиясы баяндалуы. Бұл әңгіменің исламды қабылдаған елдер үшін дін ерекшеліктерін түсініп, еске сақтаудағы мәні. «Мәлике қыздың хикаясы» және «Мың бір түндегі» ғалым қыз оқиғасы.
В.В.Радлов кітабындағы діни сюжетке жазылған қисса-дастандар: «Құсайын», «Сақыпжамал», «Киін», «Шариар».
Қазақ «Жүсіп-Злиха» сюжеттерінің ежелгі мифтерден, Таурат пен Інжілден, Құран оқиғаларынан алынғандығы.
Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын суреттеп, оны үлгі етуге арналған шығармалар. Шәді Жәңгірұлының «Назым Сияр Шарифі». Шәдіге дейін араб, парсы, түрік тілдеріндегі жазылған туындылар.
Вахиди (XIII-IXғ), ибн Исқақ (VIIIғ), Ибн Нишам (IXғ), Махмуд бин әли (XIYғ).
