
- •5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
- •13Дін және ақын, жыраулар мұрасы.
- •14.Ежелгі жыраулар туындыгерлері және қазақ елінің тарихы.
- •59.Бұхар жыраудың «Тілек» атты шығармасы
- •60Ахмет Иассауи – сопылық әдебйеттің көрнекті өкілі.
- •61Баласағұн,а.Иассауи,а.Құнанбаев шығармаларындағы өзара ұйқас жайлар.
- •63 «Алып – Ер Тұңғаны жоқтау» жыры.
- •64. Діни кітаптарда айтылатын Жүсіп туралы «Жүсіп-Зылиха» дастаны.
- •65 Алма Қыраубаева – ежелгі әдеби мұралардың зерттеушісі.
- •66 Ж.Баласағұнның «Құтты білік» туындысы һәм ақын, жыраулар поэзиясындағы дәстүр жалғастығы
1.Дәстүрлі ән-жыр мектептерінің көрнекті өкілдері.Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Қадым ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының тойы да “жар-жар”, “беташармен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г.Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек.Ұлтымыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқты халық композиторлары өлшеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биікке көтерді. Олардың мол шығармашылық мұрасы қазақ операсы мен балетінде және классикалық музыкалық туындыларда кеңінен пайдаланылып, әлемнің ең әйгілі музыкатанушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Жобада Арқа, Жетісу, Маңғыстау, Сыр өңірі, Батыс Қазақстанның дәстүрлі ән мектептерімен қатар, Қытай мен Моңғолияда тұратын қандастарымыздың шығармашылығының көрініс тапқаны антологияда халқымыздың дәстүрлі ән өнерінің мейлінше мол қамтылғанының белгісі деп білемін.Осы тұрғыдан келгенде қазақтың ғұрыптық өлең-жырларынан бастап, әйгілі халық композиторлары шығармаларын тұтас қамтыған “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” бірегей жобасын ұлттық музыка мәдениеті тарихындағы айтулы оқиға деп бағаланды.. Жинаққа енген халық әндерін К.Байсейітова, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, М.Ержанов, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенов т.б.Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір ән қазынасы ерекше орын алады. Қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүрге орайласа туған ғұрыптық ән, қара өлеңдерден тартып, адам баласының аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші мен жарқын үміт, қуаныш-шаттығын – сан-алуан сезім-күй, жан әлемін өрнектеп, формалық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түрленіп, биік кәсіби өреге жеткен дәстүрлі ән өнері ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын өзегі, ықылымнан бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқылмас қайнар іспетті. Тал бесіктен жер бесікке дейін әнмен, жырмен көмкерілер адам ғұмыры және бұл тағдырдың қазақ баласына қатысы туралы данышпан Абай: “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең”, – деп толғайды. Әнді осынша сүйген, әнге осынша мән берген халық, шын мәнінде, “санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де мақтануға тұрарлық қымбат дүние” (А.Жұбанов) – ұрпақтың ұрпағына кетер, тозбас, өшпес қазынасын жасады.
2Сыр бойы жыраулар мен жыршылар мектебі.Қазақ өнері ішіндегі ең көне, түп тамыры тіпті әрідегісі жыраулық, жыршылық өнер екені көпке белгілі. Ауыз әдебиеті шығарушысының бірі де, бірегейі де, өзі насихаттаушысы, тарихты түзуші, өзі өмір сүрген ортаның жылнамашысы, болашақтағы барлық жақсылықты аңсаушы өнер тұлғасы - жыраулар, жыршылар. Жырау деп, жыршы деп бөлек-бөлек етіп анықтамасын кейінгі кезде бұл өнерге қатысы бар да, қатысы жоқ та өз пікірлерін өткізуге тырысып баққан күн туған секілді.
Біздің Сыр бойында, оның төменгі ағысы жағындағы орналасқан ру-тайпаларға тән болып кеткен жыраулық қазір халықтық сипат алған. Бұл өнер Сыр өнерпаздарының маңдайына біткен жалғыз мәртебесі. «Сырдың елі - жырдың елі» деген қанатты сөз бүкіл Сыр бойын мекендеген халықтың эмблемасы секілді. «Қызылорда өңіріненмін» - десе, ә жырдың елінен екенсің деген атаққа бірден сені ие етеді. Бұл теңеу, не атақ бірден келе қойған жоқ. Сыр бойында өткен бұрынғы өнерпаз ата-бабаларымыз бен аналарымыздың еңбегі.
Кезінде «Халық ақыны», «Халық әртісі», т.б. сол атақтарды дәлелдейтін төсбелгісі мен куәліктердің жоқ кезінде, ешбір қаулы-қарарсыз-ақ, ешкімнің ықпалынсыз-ақ «сүлей», «дүр», «сал», «ақын», «жырау», «әнші», «күйші» деген атақтарды халық өздері таңдап өнерін бағалап, осы атқа лайық деген өнер иелерін тарихта қалдырған. Жазу, сызу аз кезде ауыл ақсақалдарының немесе кеңесі бойынша белгілі ақынға шығарма жаздырып, оны сол шығармашы деңгейіне жеткізіп халыққа ұсына алады деген жыршыға немесе жырауға тікелей тапсырмалары арқылы елге таратылып отырған. Сыр бойы жыр өнерінде шығарушы ақын мен сол ақын шығармасын халыққа тарататын жеке жыраулары болған. Қазіргі біз мақтан тұтып жүрген «жүз жырау» шыққан өңірде, шығармаларды орындаушыларға таңдап беру әдісі кешеге дейін келген.Бұл шығармашылыққа үлкен «қамшы» болған. Жыршы, жыраулар көп болғаннан кейін іштей өнер жарыстастығы қатты қалыптасқан. Қай жерде өнер жарысы болса, соншалықты даму болатыны белгілі.
Өткен ғасырдағы жыраулық, жыршылық өнерге,зиялы жандардың көзіне түсіп, Сыр бойындағы жыраулық өнердің әлі де өшпегенін дәлелдейтін Көшенейдің келуі - бұл құбылыс секілді болды. Жоғалтқанын тапқан жандай, Сыр бойында сол кезде тиіп-қашып, 10-20 адам бас қосқан жерде онша дабыра етпей жыр жырлап жүрген қарт жыраулармен енді-енді жолына түссем деген жас таланттарға үлкен серпіліс берді. Оның бергі жағында Көшекең армандаған жыраулық өнерді насихаттауға арналған Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет жанынан «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ашылуы, Сыр бойы жырсүйер қауымның армандарын асқақтататын жұмыс болды. Бұл тұрғыда белгілі жырау Алмас Алматов бауырымыздың еңбегі өте зор. Аумалы-төкпелі заманға тура келген бұл жұмыстың қиындығы да мол болды. Біреулер «Жырауға не оқу керек, жыр дегенді жаттап алып айта бермей ме?» деген тар мағынадағы түсініктер аяқтан шалмай қалған жоқ.
Соңғы кезде Қармақшы өңіріндегі мектептер жанынан ашылған жыршылық бөлімдер мен арнаулы Көшеней Рүстембеков атындағы балалар жыраулық мектебі бар. Бұған, әрине, қуанамын, болашақ жыраулар осылардан шығады деп үміттенемін. Ал Нартай мектебінде анда-санда өнер сайыстарына келіп жүрген 2-3 баладан басқа ешкім жоқ.
Енді жыраулық өнерді насихаттау, дамыту мақсатында не жасау керек деген сұраққа менің пікірім:
Қызылорда қаласында қалалық мәдениет бөлімі жанынан ба, облыстық филармония жанынан ба, облыстық халық шығармашылығы және продюсерлік орталығы жанынан ба жыраулар үйін ашу керек.
3.Нартай Бекежанов мектебі. Нартай Бекежанов 1890 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы 1990 жылдан бері өз атындағы ауылда туылған. Әке қамқорлығынан ерте айырылған бала Нартайдың рухани қамқоршысы, тәрбиешісі, анасы Бақтыгүл мен ағасы Мансұр болады. Нартайдың анасы Бақтыгүл ақынжанды, шешен тілді, парасатты жан болыпты. Ауыл арасындағы қысқа көлемді түре не қайым айтыстарда өткір тілді жырларымен Сыр өлкесінің атақты ақыны Бұдабайдың жақсы бағасың алады. Бақтыгүл Нартайды өлең ұйқастарына жаттықтыруда әуелі тұрмыс-салт өлеңдерін жаттатып, сол өлеңдердің пішініне сәйкес өлеңдер шығартуға жаттықтырады. 9 жастан бастап ауыл молдасынан үш қыс оқығаннан кейін ән-күй, жырға құмар Нартайдың ескі оқуға ынтасы болмайды. Сондықтан анасы Бақтыгүл баласының ән-жырға құмар ынтызар көңіліне орай өзі қатысып жүрген ауыл арасындағы айтыстарға қатыстырады. Нартайдың ақындық өнерге шыңдап бет бұруында ағасы Мансұрдың көп ықпалы болады. Мансұр Бекежанов (1875-1933) – арабша сауатты, Шығыс сюжетіндегі қисса-хикаяттарды («Сұлтан Махмұд Газнауи», «Әмір Темір Көреген», «Мұңды қыз», «Алтын балық», т.б.) көп білген ақын. Соларға еліктеп, өзі де дастандар шығарып, айтыстарға қатысқан («Мансұр мен Дәменің айтысы»). Сыр өлкесіндегі Қыпшақ Бұдабай, Балқы Базар жырау, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, т.б. шайырлардың шығармаларын жаттап, ақындық мұраларды ел арасына таратып отырған. Нартайдың ақындық қабілетін таныған ағасы Мансұр оған арнаулы тақырыптар беріп жырлатады, өлеңдеріне баға беріп, сынап, кемшіліктерін түзеп отырады. Нартай 1903-1913 жылдар арасында күнкөріс қамымен жалшылықта жүреді. Шиеліге келіп жүргенде теміржол жұмысшыларының ауыр өмірінен езілген халықтың қанаушылықтағы тағы бір сырын таниды. Ақындық жолда жүргенде Нартай Абай, Шөже, Әбубәкір Кердері, Майлықожа, Мәделі, Құлыншақ, Құлан, Мұса, Құлтума, Орынбай, Ақмолда, Мәшһүр Жүсіп, т.б. ақындық шеберліктерінен үйреніп, кейін өзін солардың ізін жалғастырушы ретінде жырлайды:
Бағамды көрсететін өлеңменен, Не пайда «Мен пәленмін!» дегенменен. Ілгергі өтіп кеткен ақындарша, Істейін бір қызмет төбемменен.
1934-1935 жылдары Нартай өзі тұратын «Үлгілі» колхозының шаруашылығы мен Шиелі ауданындағы мәдени-ағарту жұмыстарына белсене араласады. Аудандағы жетім балалар үйі мен мектептердегі талантты балаларды тауып алып, іріктеп, мектеп оқушыларының концерттерін ұйымдастырады. 1934 жылы маусымда Алматыда өткен көркемөнерпаздардың өлкелік тұңғыш слетінде Нартай ақындық дәстүрдің жәңа бір мектебінен өткендей әсер алады. Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы Жамбыл, әнші-ақындар Жаяу Мұса, Иса Байзақов, тікелей ұстазы Тайжан Қалмағамбетов, ақын Қазанғап Байболов, т.б. әнші, күйші өнерпаздарды көрген Нартай ақындық өнеріне жаңаша серпін, жауапкершілік жүгін арқалағандай болды. Ол осы слет сахнасында жүйрік ақындардың алдында бірінші рет импровизаторлық талантын сынға салып, «Замананың бұлбұлымын» (1934) деген толғау өлеңін шығарды. 1936 жылғы КСРО Конституциясының қабылдануы өзге ақындар секілді Нартай шығармашылығында да жырланды. Ел ішіндегі («Ұлы Совет сайладық» өлеңі) насихаттық мазмұнды сайлау жүйесіндегі бұқаралық мәдени-көпшілік жұмыстары Нартайдың халық ортасында жиі болуына себепкер болды. Бұл туралы өзі былай деп жазады: «… Мен … Шиелі ауданы, «Үлгілі» колхозындамын. ҚССР Ұлы Советінің сайлау науқанынан осы уаққа дейін колхоздарға шығып, мәдениет аттанысында жүрмін».1937 жылы Шиелі аудандық мәдениет бригадасының мүшесі боп жүргенде, облыстық концерт-эстрада бюросына шақырылады. Сөйтіп, Қызылорда облысы ғана емес, республика өміріндегі үлкен жаңалық боп саналатын халық ақыны Нартай Бекежанов бастаған облыстық ансамбль дүниеге келді.Нартайдың топтық өнер шеберлерін басқарып, халыққа мәдени қызмет жасауы – ежелгі ақындық дәстүрдің бүгінгі заманға ұштасқан, жаңғырған көрінісі еді. Нартай басқарған ансамбль халықтық өнердің бір арнада тоғысқан тұтасқан тұлғасын бейнелейді. Себебі ол басқарған концерттік үгіт бригадасының құрамында тек қана халық арасындағы импровизатор ақындар, эпик жыршылар мен термешілер, әншілер мен күйшілер, бишілер болды. Бұл – ақындық өнердің халықтық мәдениетпен біртұтас екендігін дәлелдейтін құбылыс. Нартайдың туысқан халықтарға кең танылуы 1939 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысып өнер көрсетуінен басталды. Көрменің концертінде Кенен Әзірбаев «Жаңа заң» әнін орындаса, Нартай «Отаным» атты өлеңін өзіндік әуенді әнімен сырнайға қосыла импровизаторлық шеберлікпен орындайды («Нартайдың әні», 1-2 түрлері, «Ленин Мавзолейінде», «Алтын көкем», «Толқын», «Бауырласқа», «Ахау, жалған», «Агигай», «Бейбітшілік», «Соңғы терме», т.б.) атап айтқанымызбен, Нартайды қазақ фольклортану, әдебиеттану, өнертану ғылымдарының бүгінгі жетістіктері тұрғысынан – өзіндік мақамы, сазы бар орындаушы – жыршы, әнші ақын түрінде бағалаймыз. Ол халық ауыз әдебиетінің эпик жырларын («Айтоты», «Гаухар-Жаухар»), ақын-жыраулардың толғауларын (Балқы Базар, Әбубәкір Кердері, Мұрат Мөңкеұлы), шайырлық жазба әдебиет өкілдерінің дастандары мен нақыл термелерін (Шәді, Тұрмағамбет, Мансұр, т.б.) орындағанда импровизация құдіретімен музыка мен жыр қосындысынан туған жыршылық өнер жолын да қалыптастырды. Лирикалық-дидактикалық өлеңдері, айтыстары, дастандары топтастырылған жыр жинақтары («Домбыра сазы», 1950; «Өлеңдері мен айтыстары», 1956; «Өсиет», 1982; «Аманат», 1990) жарық көрді. Нартай ақын атындағы ауылда оған арналған мұражай бар және мүсін ескерткіш орнатылған. Нартай бейнесі көркем шығармаларға да арқау болып, ол туралы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – А.Тоқмағамбетов «Нартай толғауын», Ә.Тәжібаев «Нартай» және «Нартайлар» деген екі поэма, «Батыр мен ақын» атты пьеса, «Есімдегілер» повесінде бір бөлім; жазушылар О.Сәрсенбаев «Шамшырақ» романының, О.Бодықов «Бұлбұл», журналист М.Рүстемов «Нартай», А.Достияров «Өздерің білер Нартаймын» атты деректі хикаяттар жазды. Қазіргі қазақ әдебиетінің алдыңғы толқын және қазіргі өкілдерінің бәрі де Нартай өнерін құрметтеумен келеді. Көптеген ақындар Нартай туралы арнау өлеңдер де жазды. Демек, ауызша ақындық поэзияның көрнекті тұлғасы Нартай Бекежанов дәстүріндегі қазіргі халық ақындары да тәуелсіздік жолындағы өркендеудің жаңа асуларын игеріп жатқан қазақ халқының ұлы тарих керуеніндегі мәңгілік өмірін асқақ шабытпен үздіксіз жырлай береді. Бұл – ғасырлардан өтіп, бүгінгі күнге жеткен халықтық ғажайып өнердің қазіргі жарқын ғана емес, сонымен қатар жарқын болашағы..
4. Батыс өңірінің жыраулар мен жыршылар мектебі.Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі. Батыс өлкенің кәсіби ән мектебі эпикалық дәстүр негізінде дамыған. А.Жұбановтың: “Қазақтың халықтық музыка мәдениетінде, оның ішінде, әннің дамуында жыршылар да үлкен рөл ойнады” деген пікірі ән мен жыр егіз ұғым саналатын осы өлкеге де қатысты. Батыс өңірдегі жыраулық-жыршылық өнердің жергілікті әншілік мектептің қалыптасуы мен өркендеуіне зор әсері болғаны анық. Ғұрыптық фольклор, қара өлеңдерден бастау алып дамыған мәтөк әндер, күлдіргі әндер, сағыныш әндер, қоңыр әндер деп аталатын лирикалық туындылар батыс өлке дәстүріндегі ән жанрының кең тақырыптық ауқымын көрсетеді. Батыс кәсіби ән мектебінің негізгі тұлғасы – әнші-композитор Мұхит Мералыұлы. Мұхит әндері – диапазон кеңдігімен, ішкі мазмұнының тереңдігімен қазақ ән өнерін биікке көтерген аса бағалы мұра. Композитор шығармашылығында сол өлкедегі ерекше дамыған жыраулық-жыршылық өнер мен Батыс Қазақстанның сол кезеңдегі шырқау шыңына жеткен күйшілік дәстүрінің ерекше әсері болғаны сөзсіз. Себебі, әннің ішкі табиғатын, болмыс-бітімін, характерін ашуда домбыра сүйемеліндегі айшықты қағыстар үлкен рөл атқарады. Батыс Қазақстан ән-жыр дәстүріндегі домбыра сүйемелі аспапты кәсіби деңгейде шебер меңгеруді талап етеді. Өйткені, күйдегі дәстүрлі қағыстар, оң қол және сол қолдағы әртүрлі әдіс-амалдар ән сүйемелінің негізі болып табылады. Мұхит әндерінің бір алуаны орта диапазонды, қоңыр әндер болып келсе (“Алуаш”, “Дүние”, “Қолжетпес”, т.б.), “Айнамкөз”, “Зәуреш”, “Үлкен айдай” тәрізді туындылары – орындаушылық үлкен шеберлікпен биік шырқап айтылатын, кең тынысты, күрделі әндер. Жинаққа Мұхиттың 21 шығармасы енді, олардың ішінде сирек айтылатын “Қоқыш”, “Көк жар”, “Шандоз” деген әндері бар. Батыс Қазақстан аймағының ән дәстүрі күні бүгінге дейін жете зерттелмей келгендіктен, осы өңірдегі небір тамаша әнші-композиторлар шығармашылығы елеусіз қалып келді. Бала Ораз, Қиса, Аманғали, Аухат, Сары, Қызыл, Молдабай, Өтеғали, Дәуке, Білек, Ажар, т.б. көптеген әнші-композиторлардың шығармалары дер кезінде жиналмауы себепті, көптеген әндер жоғалып, ұмыт болған. Олардың бүгінге жеткен бірде-екілі туындылары жинақталып антологияға енгізілді.Батыс Қазақстан әндерінің бүгінгі заманға бұзылмай жетуіне зор еңбек сіңірген әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиев болды. Мұхиттың әндерін оның немерелері Шайқы мен Шынтастан үйреніп, орындаушылық үлгілерін алған Ғ.Құрманғалиев өзінің ауқымды орындаушылық шеберлігі арқасында Қазақстанның Батыс аймағының ежелгі қара өлең үлгісіндегі халық әндерін кәсіби деңгейге жеткізді. Мәселен, ол “Әдемі қыз”, “Дариға” секілді халық әндеріне қайырма қосып, қосымша дыбыстар қолдану нәтижесінде бұл әндерге мол тыныс дарытып, кәсіби деңгейін көтерді. Ғ.Құрманғалиев – Мұхит дәстүріндегі әндердің шебер орындаушысы ғана емес, өзі де көптеген әндер шығарған тамаша сазгер. Оның мектебінен дәріс алған шәкірттері Қ.Бекбосынов, Ә.Еңкебаев, Қ.Құлышева, Қ.Рахимова, Ж.Сәрсенғалиев, Қ.Орашева, С.Таудаева, С.Рахметжанов, Г.Сүндетова, С.Абдрахманов, С.Жанпейісова, т.б. әншілер батыс ән дәстүрін жалғастырушы ізбасарлары болды. Ел ішінен шыққан асқақ әншілер Қ.Жұмалиев, М.Төрешов, Қ.Бердіғалиев, А.Ғұбайдуллин, Е.Мағазов, т.б. әншілер – батыс өлкеде қалыптасқан әншілік дәстүрдің айтулы өкілдері. Маңғыстау әндері жалпы Батыс әндерінен домбыра қағысының, әуен екпінінің жайлығымен ерекшеленеді. Маңғыстау жерінде XІX ғасырда “Жеті қайқы” деген атпен жеті өнерпаз өмір сүрген. Ол өлкеде “қайқы” деген сөз “сал-сері” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде Маңғыстау әндері деп айтылатын әндердің басым көпшілігі – әнші-күйшілігімен, ақындық, сазгерлік өнерімен елге белгілі Досат, Өскінбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман сияқты әнші-композиторлардың шығармалары. Маңғыстау жерінде бұдан басқа Хамит, Бораш, Ақбала, Қазихан, Смағұл, Қарабай, қосыла алмаған ғашығы Ақбөбекке арнаған әндерімен қазақ даласына белгілі болған Қайып Қорабайұлы деген өнерпаздар өткен. Маңғыстау әндерін осы күнге жеткізген Ізбасар Шыртанов, Күріш Тасболатов, Зәуреш Есбергенова, Жеткізген Сейітов, Бердіғали Срановтар болса, қазіргі кезде бұл дәстүрді Айгүл Қосанова, Елдос Еміл, Ақмарал Ерімбетова, Болат Шәулиев, Асанәлі Көшеров, Қыдырбай Жұмановтар жалғастырып жүр.
5.Мұхит Мералыұлы шығармашылығы.
Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит еді. Мералыұлы Мұхит (1841 – 1918). Баһадүр Әбілқайыр ханның ұрығы. Қаратай сұлтанның шөбересі. Сүйегі асыл.Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.
Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда көрдім шоқырағын,
Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып әкең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағым.
Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.
Атақты сал Мұхиттың осы «Зәуреш» әніндегі Зәуреш Ырғызда ғұмыр кешіпті. Исі қазаққа мәшһүр шығарманың хикаясы уақыт көшіне ілесіп, көз ұшындағы сағымдай бұлдыр тартып, ақиқат деректері зердеден өше бастапты. Ұмытылыпты. Осы күні аңыз іспетті.
Шығарма шұрайлы. Көркем. Тіліміздің қаймағы бұзылмаған сонау дәуірде, жиын-той, басқа да жағдай кезінде бір ауыз өлеңді табан астынан шығарып айта алмайтын қазақ болмаған. Әйтсе де «Зәуреш» – ақындық дарыны мол жанның шығармасы. Мұхиттікі. Шедеврдің тууына себеп – оның қайғылы оқиғаға тікелей куә боп, Медеттің қаралы халін көзімен көруі, сай-сүйекті сырқырата зарланып шығарған сөздерін құлағымен естуі. Солай деп санаймыз. Басқалай жөні жоқ. «Көзің бар жанарындай құралайдың», «Жайнаған жай тасындай көзің қайда» деген тармақтар бар өлеңде. Мұхит соған қарағанда, Зәурештің нұр сипатты жамалына қанық тәрізді. «Ақ бетің айдын көлдің алабындай, Қасың бар молдалардың қаламындай», – дейді тағы бір жолдарда. Зәуреш көркіне тоқталу әкесінен гөрі жасы шамалас әнші Мұхитқа, ақын Мұхитқа тән. Біреудің атынан жоқтау шығару – қазақта бар ғұрып. Бәрімізге белгілі. Мысалы, келіні Меңешке шығарып берген Аралбайдың жоқтауы, т.б. дәлел.
Затаевич Ғұбайдолланың өз аузынан «Зәуреш» әні хикаясын естіп, тыңдап, нотаға түсіріп алады. Ғұбайдолланың қызы Әсияның куәландыруынша, ол өте сауатты кісі екен. «Алаш Орда» партиясының идеясына қолдау білдіріп, қызмет еткен. Кейін жазықсыз жазаланады. Ағасы Мұсаның қуынуы арқасында түрмеден босап шығады. Орыс тілі мен әдебиеттің маманы екен. Соғыстың алдында Көкшетауда мектеп директоры болған. Ол 1896 жылы туып, 1944 жылы дүниеден өткен.
Арғы тегі – Әбілқайыр хан. Одан Нұралы. Нұралыдан – Қаратай сұлтан. Қаратай сұлтаннан – Еркін. Еркіннен – Мералы. Мералыдан – Мұхит. Мұхиттан он бес бала өреді. Оның ішінде Шоңнан (Мұқаметжан) – осы Ғұбайдолла. Туған, өлген жылдары турасында қайшы деректер бар. Қаратөбелік Жаулыбай Қосыбаев: «Ғұбайдолла (Құбай) Мұхитов (1895-1944) – мұғалім, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында мұғалім боп жүріп, ауырып, қайтыс болды», – дейді. Ал Затаевичтің жоғарыдағы түсініктемесіне редакция тарапынан енгізілген мәлімет – цифрлар басқаша. Дұрысы – Ә. Ғұбайдоллақызынікі.
Суреткердің шығармадағы басты идеясы – трагедиялы жағдайды бәдіздей келіп, дүниенің өткіншілігіне, баянсыздығына көз жеткізу, көңілге ой түсіру.
Әуеннің үзіндісі сайын жаңадан қосылып отырған тың әуездердің өзара гармониялық үйлесімділігі, байланысы әннің эстетикалық күшін өсіріп, эмоционалдық қуатын байытқан. Қоғамдық санаға айналуының ұйытқысы болған.
6.Қашаған жырау мұрасы.Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы, түрікмен жеріндегі Ташауыз қаласының іргесіндегі егіншілікпен айналысып отырған қазақ ауылында, кедей жалшының отбасында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айырылып, жетімдік пен жоқшылықтың ауыр азабын тартқан. Әкесінің жамағайын інісі Сәрсенбайға ілесіп, Маңғыстау жерінің Каспий жағасындағы Ешкіарал деген жерге келіп, Сәрсенбай ағасына балық ауласып, «өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген, аштықтың құрығынан құтылады.Қашаған Қарақалпақ, Түрікмен елдеріндегі қазақтар арасына кең таралған өлең-жырларды жаттап, оны шеберлікпен орындау жолында жастайынан машықтанған. Маңғыстау еліне келгеннен кейін ол балықшылықты да, малшылықты да кәсіп етіп қалған жоқ, ел аралап өзінің ақындық, жыраулық өнерлерімен таныла бастады. Ертедегі жыраулар мен жыршылардың, ақындардың дәстүрімен көп елдерді аралаған. Ол Хорезм, Маңғыстау аймағымен шектелген жоқ, Қазақстанның батыс облыстарында түгелдей болып өзінің өнерімен елге атағы жайылды. Қашаған Маңғыстауда «Құлат» деп аталатын мекенде дүние салды. Сүйегі «Қырықкез» әулиенің қауымына жерленген. Заманның қиындау кезі, халықтың күйсіз уақыты ақынның басына дұрыс ескерткіш орнатуға мүмкіндік бермесе керек. 1990 жылдары ескерткіш қойылмағанда орны жоғалып кету қаупі бар болатын. Жыраудың мүшелтойына шашу ретінде жерлестері мен Тұрсынғали Көшенов бастаған ұрпақтары күмбезді мазар орнатты. Күмбездің жобасын елге белгілі сәулетші Мақсұт Нұрқабаев жасап, құрылысты салу жұмыстарына да өзі басшылық жасады. Қазірде Қырықкез қауымы орналасқан биік қаражалдың төбесінен алыстан мен мұндалаған Қашекеңнің ақ күмбезі көрініп тұрады. Қашаған батыс өңірін аралай жүріп Нұрым, Ақтан, Аралбай, Мұрат, Сәттіғұл, Қашқынбай, Ізім шайыр, Құрманғазы, Бала Ораз, Қоспақ, Ығылман, Өмір, Жантолы, Жаскілең, Жылқышы сияқты елге танымал ақын-жыраулармен кездескен, дәмдес болған, жолдас болған, кейбіреулерімен жанаяспас дос болған. Қайсыбіреулерімен айтысқа түсіп, жеңіп отырған. М.Мағауин мен М.Байділдаевтың 1984-1985 жылдары шығарған «Бес ғасыр жырлайды» атты жинағына «Есқали сұпыға», «Осы күні жолдас болдым сексенменен», «Оразғали байға», «Байларға», «Тойбастар», «Бұл өмірдің мысалы», «Бұл дүниеде не жетім» атты өлең-толғаулары мен «Атамекен» дастаны енгізілген. Кейіннен 1991 жылы ғалым Қабиболла Сыдиықов пен Шәмшәдин Керімовтердің «Алқаласа әлеумет» атты жинағында 26 өлең-толғаулары, екі айтысы және екі дастаны жарық көрді. Ақынның Ізім шайырмен айтысының кейбір шумақтары күні бүгінде халық аузында сақталып келгенмен осы кезге дейін бір жүйеге түсіріліп жинаққа енбей келеді. Қашағанның өзінің кездесіп, бірге жүрген ақын-жырауларының ішінде Сәттіғұл Жанғабылұлымен, Мұрат Мөңкеұлымен көңіл қимас шын дос болғаны, бірінің өнерін бірі түсініп жоғары бағаланғандығы әңгімеленеді. Бұған дәлел ақынның Ізбаспен айтысында:
Шығарармын мысыңды, Ақымақтықпен білмедің, Айналдырар кісіңді. Сәттіғұл мен маған тигенің, Арылмай жүрген қырсығың. Жанқабылдың Сәттіғұл, Жүйрік еді қашаннан, Келе жатқан баға алып, Үстіне халық қамалып… – деп
Сәттіғұл ақынның жыры мен толғауларын өте жоғары бағалайтынын көреміз. Және де Ізбастың бір жерде Сәттіғұл ақынды сыртынан ғайбаттап айтқан әңгімесін Қашекең естіген көрінеді.Сол сияқты маңғыстаулық жырау Айтқұл Шыманұлынан 1954 жылы жазылып алынған бір естелікте Мұрат пен Қашағанның кездесуі әңгімеленеді.1899 жылы Маңғыстаудың Бозат деген жерінде отырған Қашағанға Атыраудың Өрлік деген жерінде тұратын Мұрат ақынның сырқаттанып, жүруге мүмкіндігі жоқ жағдайда жатқан хабары келеді. Мезгіл желтоқсан айының ішінде болса керек. Күннің суытып кеткен мезгілі, үстүрттің үстінде елдің болмауы, дұрыс көліктің де табыла қоймауы Қашекеңнің жолын байлайды. Неде болса, көктемді күтуге тура келеді. Қыс өтіп, көктем шығып, байлар малын қырдың үстіне қоздату мақсатында ерте көше бастаған мезгілде Қашакең де қосшы баласын ертіп жолға шығады. Сол кезде Мұрат та сырқатынан айығып, қасына жолдас ертіп Қашағанды көріп амандасу үшін ол да жолға шығады. Қашағанның Мұраттан екі жас үлкендігі бар екен. Қашекең қырдың үстіне көтерілгеннен кейін шыңырау құдықтардың бастарына орналасқан байлардың ауылына қона, түстене жүріп, «жол ақысы жүру деген» деп, тездетіп жол өндіргісі келгенімен, қонақ болған ауылдары жібермей, ән-жыр тыңдап, кідіртіп тастап отырған. Он алты жасынан жыр айта бастаған Қашағанның ХХ ғасырға дейінгі шығармаларының дені және көздеген нысанасы – сол кездегі қазақ ауылының күнделікті тіршілігі, жекелеген адамдардың мінез-құлқы, сараңдық пен екіжүзділікті әшкерелеп, сын, сатира түріндегі өлеңдері өткір кекесінмен айтылғанын көреміз Қашаған – құнарлы да қуатты, алмастай тіліп түсетін, найзадай түйреп өтетін халықтың жоғын жоқтаған бұқара жыршысы. Ілияс Жансүгіров «Қашаған –жүйрік жырау, елдің тілі» деп бекерге айтпаған.Соңғы 5-6 жылдың ішінде Маңғыстау облысың әкімі Қырымбек Көшербаевтың Елбасының тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жолындағы жан аямай жүргізген қызметінің арқасында облыста бұрын-соңды болып көрмеген экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, әдеби-мәдени шаралар кеңінен іске асырылды. Есімдері ұмыт болып бара жатқан аяулы азаматтардың өткендегі өнегелі істері жарық көрді. Халқының қамын ойлаймын деп жүріп, кеңестік жүйенің қанды шеңгеліне ілініп көз жұмғандар – Ж.Мыңбаев, Т.Әлиев, О.Көбеев, ғалымдар – Ш.Есенов, Е.Оразақов, облыс экономикасын көтеруге үлес қосқан мемлекет қайраткерлері – Т.Әшімбаев, Н.Марабаевтардың есімдерін елдің есіне мәңгі ұстайтындай шаралар ұйымдастырылды.Жалау Мыңбаев пен Шахмардан Есеновке Ақтау қаласының ортасынан ескерткіш мүсін орнатылды.
7.Нұртуған жырау мектебі.Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887, Арал ауданы Аманөткел ауылы Мырзабас мекені – 1930, сонда) – ақын. Атасы Еспембет суырыпсалма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін медреседе Мұхаммеди молдадан дәріс алған. 13 – 15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Алғашқы эпикалық туындысы – «Едіге» жыры (1910). 1910 – 20 жылдары «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», т.б. ірі эпикалық жырлары қазақ халқының өшпес мұрасына айналды. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін нақыл-терме, толғаулар, тарихи дастандар, тұрмыстық жырлар, т.б. жыр үлгілерін жазған. Ақын өмірінің сегіз жылын (1922 – 30) ауыр науқаспен өткізген. Нұртуған шығармашылық сан салалы, қазақ әдебиетінің бірнеше жанрына қомақты үлес қосқан, Оның Исатай – Махамбет туралы «Ақ Кете Шернияз», жоңғар қалмақтарының басқыншылығы жайында «Ақтабан шұбырынды» атты тарихи дастандары, «Адалдыққа не жетсін», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», т.б. терме-толғаулары, көптеген хат-өлеңдері бар. Нұртуған Арал өңірінде «Нұртуған мектебі» аталатын дәстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебін қалыптастырды. Ақын мұраларын Ә. Суханберлин, Б. Жүсіпов, А. Сақыпұлы, т.б. ғалымдар зерттеген.
Нұртуған мектебі – шығармашылық өнер ордасы. 1910 жылдар шамасында Нұртуған Кенжеғұлұлы негізін қалаған. Ол ел аралап, өлеңдерін табанда шығарумен айналысып жүрген дарынды жас ақындарды үйіне жинаған. Оларға 10 тармақтан тұратын қатаң талап қойылады. Ақынның 4 дастаны мен ондаған өлеңдерін жатқа айтатын алғашқы шәкірттерінің бірі – Бақытжан Жұбаназарұлы (1927 жылы 28 жасында өлді) болды. Одан басқа Жаңаберген, Дәріғұл, Еңсепбай, Көпжасар, Құлжан, Смағұл, Әбілхан, Кәрібоз, Жәмет, т.б. болды. Жәмет Сайымұлы Нұртуған мұраларын жеті күн жырлап, мектептің алтын босағасын 60-шы жылдарға дейін ұстап келген. Осы дәстүрлі мектептің жолын ұстанған ақын-жыраулар Арал, Қазалы аудандары, Ақтөбе облысы, Қарақалпақ жерлерінде көп кездеседі. Жетісу сазы - фольклорлық халық ансамблі. "Жетісу" кеңшары ауылдық мәдениет үйінің жанынан шаңырақ көтерген өнер ұжымы. 1989 ж. құрылды. 1991 ж. "халықтық" атақ берілді. КСРО халықтарының Украинадағы фольклөрлык өнер күндеріне қатысып, лауреат атағын алды (1990). 1992 жылы Монғол Халық Республикасында "Қазақ тілі" қоғамының шақыруымен өнер көрсетіп қайтгы. Оның репертуарында халық өндері: "Ахау-бикеш", "Ақ дариға", "Алқоңыр", "Дедімай-ау", "Қарағым-ай", "Дайдвдау", "Ақбақай", "Еркем-ай", "Жынқы ішінде бір ала", "Гауһартас", Абайдың өні "Көзімнің қарасы", қазақ комплары Н.Тлендиевтің "Кел, еркем, Алатауыма", КӘзірбаевтың "Ой, жайлау", М.Ыбыраевтың "Туған жер", М.Ілиясовтың "Анашыма", орыстың халық әні "Ах, Самара, городок", қыргыздың өні "Сагынам" және т.б. әндер бар. Республикалық теледидар қорында кондерттік бағдарламалары сақтаулы..
8.Жетісу ақын, жыраулар мектебі.Жетісу әншілік дәстүрі. Жетісу жеріндегі ән өнерінің қалыптасуына да осы өңірде ерекше дамыған ежелгі ақындық-жыршылық дәстүрдің зор ықпал еткені анық. Осы өңірдегі мейлінше көп айтылатын қара өлеңдер мен халық әндері кәсіби әншілік мектептің қалыптасуына негіз болды. Зерттеуші-ғалымдар Жетісуда Арқадағы Ақан, Біржандармен замандас Дәурен сал, Тәкен сал деген сал-сері, әнші-сазгерлер өткенін, бірақ шығармалары сақталмағанын жазады.
Осы әншілік мектептің қалыптасуына ұйытқы болған дара тұлға Кенен Әзірбаев шығармаларының көбі негізінен өз орындауында жетті. Ұзақ жасап, артына мол мұра қалдырған Кенен әндерінің тақырып ауқымы мол, құрылым-пішіні жағынан да әр алуан, тынысы кең, әуені өрнекті, сан құбылған ырғақты келеді. “Бозторғай”, “Көкшолақ”, “Бұлбұлға”, “Базар-Назар”, “Алатау алабында”, “Тік шырқау” сияқты әсем сазды, сұлу нақышты әндерімен Кенен Жетісу өлкесінде қалыптасқан әншілік дәстүрді кәсіби биік өреге көтерген қазақтың бірегей әнші-композиторы. Жамбыл, Сарбас, Балуан Шолақ сынды белгілі әнші-ақындардан үлгі-өнеге алған Кенен Әзірбаев өз өмірінде жүзден астам әндер шығарған. Оның осы антологияға енген әндері, өзінен басқа, қызы Төрткен Кененова мен кейінгі жас әншілердің орындауында берілді.
Жетісуға аты әйгілі болған әнші-композитор Қапез Байғабылұлы Ыстамбұлда білім алып, туған жеріне оралған соң, мектептер ашып, бала оқытқан. Кейіннен саяси қуғынға ұшырап, репрессия құрбаны болады (1937 ж.). Қапездің бізге жеткен “Айхой”, “Дүние-ау”, “Қоштасу”, “Үш Меркі” деген әндері өзгеше әуендік сипатымен ерекшеленеді. Кезінде айтуға тыйым салынғандықтан, ұмытылуға айналған Қапез шығармаларын зерттеуші-ғалым Сағатбек Медеубекұлы, әншілер Ғалымжан Досанұлы, Рамазан Стамғазиевтар жеткізген болатын.
Осы өлкенің тағы бір белгілі әнші-композиторы Пішән Жәлмендеұлы, заманында әншілігімен, күйшілігімен, ел басқару ісімен белгілі болған. Пішәннің соңында жан-жары Ғайшаға арнап, абақтыға айдалып бара жатқанда шығарған екі әні және “Дүние, шіркін” деген әндері қалды. Пішәннің әндерін осы күнге жеткізген әнші-ақын Әсімхан Қосбасаров еді.
Жетісу жеріндегі әншілік өнердің тағы бір өкілі Сәдіқожа Мошанұлы болатын. Тағдыры шырғалаңға толы әнші-композитор 27 жасында туған елден жырақ Қытай жерінде дүниеден қайтты. Оның “Ахау, айым”, “Сары бидай”, “Сағынсаң, қалқа, өзің кел” сияқты өзіндік өрнек-нақышымен ерекшеленетін сұлу сазды әндерін осы күнге жеткізген – Дәнеш Рақышев.
Жетісудың оңтүстік жағындағы Шу өңірінде жасаған Сауытбек Ұсаұлы, әнші-композитор ретінде, қосыла алмаған арманды ғашығы Ақбөпеге арнаған әнімен белгілі. Автордың соңында қалған жалғыз ән болғанмен, “Ақбөпе” – сезім тереңдігімен, көркем де күрделі бітімімен дәстүрлі кәсіби ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылар қатарынан орын алады. Осы күнге “Ақбөпе” әнінің екі нұсқасы жетті. Жинаққа оның бірі Жамал Омарованың, екіншісі Аяз Бетбаевтың орындауында кірді.
Жетісу өлкесінен шыққан және бір күміс көмей әнші, тамаша композитор Дәнеш Рақышев көптеген халық әндері мен халық композиторларының туындыларын тынбай насихаттап өтті. Әнші-композитордың “Саясында алманың”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Аяулым менің, арайлым”, “Балжан-ай” сияқты әсем әуезді өз әндері де жинақтан мол орын алып отыр.
Бұл композиторлардан басқа Жетісу әндері жинақта Бармақ, Үмбетәлі, Шалтабай, Қарға, Көдек, Әсімхан, Қырбай, Көбейбай, Бұлша, Қымбат сияқты әнші-композиторлардың шығармашылықтарымен толықтырылды.
9.Сүйінбай Аронұлы шығармашылығы.Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны. Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ <>i“Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[1] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”).
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған. Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы обласы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.
10.Жамбыл Жабаев мұрасы.Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды.1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған
Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.
11.Қалқа Жапсарбайұлы шығармашылығы.Қалқа Жапсарбаев - 1886 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Карл Маркс атындағы колхозда туған. Қосшылар одағында, аудандық үжымшар, кеңшар театрында, мәдени-үгіт бригадаларында жүмыс істеді (1938 — 1945), «Қалқаның әні», «Қалқаның желдірмесі», «Жайқоңыр» әндерін шығарды. Ертеректе Әжек, Қүрама, Омарбек, Қайрақбай тәрізді ақындармен танысқан.ШығармашылығыҰлы Отан соғысының түсы және одан кейінгі жылдар да Кенен, Үмбетәлі, Қуат, Ес дәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырды. Өлең-жырларымен қатар, «Орақ батыр», «Дана қыз», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Түрымбет туралы аңыз», «Партизан Шаймерден», «Мүсабек Сеңгірбаев» дастандары бар.«Жайқоңыр» (1959), «Таңдамалылар» (1962), «Жетісу жырлары» (1970) жинақтарында топтастырылады. «Мүсабек батыр» дастаны 1951 жылы жеке кітап болып басылды.
12.Ақын, жыраулар поэзиясындағы арғы тектік ұғымдар.Бүтін антология шеңберіндегі философия, психология және көркем әдебиеттің өзара қатынасы. Қазіргі кезеңде адамның ішкі дүниесінің бейнеленуі көркем сөзбен кестеленіп жеткізілуі қоғамның дамуына аздық етеді. Қазіргі адамның психологиясы мүлде басқаша көріністе дамуда және көрінуде. Барлық адамдардың өз ардақтысы болады: біреулер қадір-құрметті ұнатады, біреулер – пайданың құлы, ал көпшілігі рахатқа берілгенді қалайды. Сондықтан жырау заман талабына сай туынды әкелсе, ол тек қана көркем өнердің шебер суретшісі ғана емес – ол философиялық тұжырымдар айтушы философ.
Жыраулар поэзиясындағы арғы тектік ұғымдар. Арғы тектік ұғымдардың ақын жыраулар поэзиясында жаңғыруы. Қазіргі ұлттық әдебиеттегі рухани және философиялық стратегиялардың бүлінуі. Діни ренессанс негізінде әдебиеттегі неореализм мен неомифологизмнің қайта өрлеуі. Мифологиялық реализмнің дамуы және оның философиялық негізі.