
- •1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
- •1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі тиімділіктері
- •1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары
- •2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың қызмет негіздері
- •2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері
- •2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі тәсілдері
- •3.1. Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары
3.1. Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары
Қазіргі кезде «Ұлттық» қорының алдында мынадай стратегиялық мақсаттар тұр:
Ұлттық қаржыландырудың шағын және орта бизнестің барлық кредит қабілетті субьектілеріні қол жетімділігін қамтамасыз ету. Қор мынадй міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:
жүйеқұрушы екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының ұйымдастырушылық- техникалық мүмкіндіктерін кәсіпкерлікті қаржыландыруға тарта отырып, ШОБ субьектілері үшін кердит ресрустарын ұсынулағы қол жетімділік деңгейін және жылдамдығын көтеру;
ШОБ субьектілері арасынан әлеуетті қарыз алушыларды қамтуды ұлғайту және елдің барлық аумағында кредит ресурстарының біркелкі үлестірілуінің тиімді деңгейін қамтамсыз ету;
ШОБ субьектілері үшін кредит ресурстарының бағасын төмендету.
Экономиканың шағын және орта бизнес саласында әртараптануына жәрдемдесу.
Қаржы нарығының банктік емес секторын дамыту мақсатында, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту- мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауын орындау мақсатында Қор ҚР микрокердиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған шаралар Бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты елдегі кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі миркоқаржы секторының сапалы дамуына микрокредиттік ұйымдарға қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу.
Банктiң қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобаларға қатысуының салалық құрылымы: электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлу (22 %), көлiк және байланыс (жалпы көлемiнiң 17 %-ы), тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi (15 %), химия (13%), өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру, құрылыс материалдарын өндiру (12 %), машина және жабдықтар өндiру (9 %) және тамақ өнеркәсiбi (3 %) және экономиканың басқа да салалары (9%)
Қазіргі таңда Қазақстан Елбасымен белгіленген экономика, қоғам және мемлекетті жедел жаңарту бағытында шараларды жүзеге асыруда. Ел басшылығы тарапынан Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 50 ел қатарына қосу жөніндегі зор міндет қойылып отыр. Осы міндетті іске асыру үшін отандық кәсіпкерлік экономикалық өрлеудің қуатты көзіне айналуы тиіс. Бұл дегеніңіз қазақстандық бизнеске түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етеді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыру және олардың экономикалық өсуін ынталандыру және мемлекеттің шағын бизнесті қолдауға бағытталатын қаржы қаражатының тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында жабық түрдегі акционерлік қоғам түрінде банктік емес қаржы мекемесі ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысына сәйкес құрылған. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2006 ж. бастап – ұлттық даму институты, 100% акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі. «Даму»Қорының миссиясы –шағын және орта бизнестің, сонымен қатар Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қаржы және консалтингтік қызмет көрсету бойынша интегратор және оператор рөлінің сапалы дамуына жәрдемдесу. 2010 ж. бастап, «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының Қаржылық агенті қызметін атқарып келеді. 2011 ж. бастап, БЖК-2020 бағдарламасының 4-бағытын жүзеге асыру ісінде оператор болып табылады.
Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау, олардың әрбір үш жыл сайын өзгеруі Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесінің негізінде жүргізіледі. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемін есептеу кезінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік несие ескерілмейді. Егер, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) жергілікті бюджетте бюджеттік алулар мен субвенцияларды есептеу кезінде ескерілген шығыстар көзделмесе, онда Үкімет немесе облыстың жергілікті атарушы органы қаржы жылы ішінде тиісті өлшемге бюджеттік субвенцияны қысқарту немесе бюджеттік алуды арттыру туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттер мен несиені олардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер және ағымдағы нысаналы трансферттер болып бөлінеді. Дамуға арналған нысаналы трансферттер республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сома шеңберінде мыналар үшін жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер болып табылады:
- мемлекеттік немесе салалық бағдарлама немесе өңірлік бағдарлама негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламалард) іске асыруға;
- төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалардың іс-шараларын және жоғары тұрған мемлекеттік басқару органының құзыретіне жататын, экономикалық пайда көруге немесе әлеуметтік-экономикалық әсерге қол жеткізуге бағытталған республиканың даму жоспарларын орындауға.
Қорытынды
Қаржы құралдарына қол жеткізу микроқаржылық ұйымдардың қаржылық іс-әрекетіне және жекеменшік құрылымдарына байланысты ерекшеленеді. Барлық ұйымдар донорлық гранттарды пайдалана алмайды. Ұлттық ізгі ниеттілік талапқа байланысты ерікті жинақтарды пайдалануға жол бермейтіндіктен қаржы нарығының өкілі тұрақты микроқаржылық ұйымдар ғана әртүрлі қаржы қызметтеріне қол жеткізе алады. Микроқаржылық ұйымдарда қаржыландыру құрылымдары оның даму сатысымен тікелей байланысты, шынында, көптеген микроқаржылық ұйымдар ертелі-кеш донорлық қаржыларды қолданудан гөрі өздерінің коммерциялық даму мақсатына жету үшін нарыққа өтеді.
Микроқаржыландыру ұйымдарының қызметін бағалауда халықты қамту деңгейі мен тұрақтылығы бұл ұйымдардың қызметінің сапалылығын анықтайтын екі мазмұндама болып табылады. Халықты қамту деңгейі табысы аз халықтың қаржылық қызметтерді, коммеоциялық қаржыларды қолдану мүмкіншілігімен анықталады. Микроқаржыландыру ұйымдарының өмір сүру қабілеттілігі ұзақ мерзімді қаржылық қызмет көрсетуге бейімділігін көрсетеді және табысы төмен халыққа қызмет көрсетудің негізгі шарты болып табылады.
Халықты қамту микроқаржылық ұйымдардың табысы төмен халыққа қызмет көрсетуінің бағытын бағалау үшін қолданылады:
қамтылу масшатбы
қамтылу масштабының тереңдігі;
көрсетілетін қызмет сапасы
Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар құрылуының мақсатына орай екі түрлі нысанда тіркелуі мүмкін. Айталық, микрокредиттік ұйым пайда алу мақсатында құрылса- коммерциялық ұйым болғаны. Ал шағын кәсіпкерлік субьектілерге көмек көрсету және олардың дамуын ынталандыру мақсатында құрылатын микрокредиттік ұйым коммерциялық емес болып табылады.
Қазіргі кезде микроқаржыландыру микронесиеелуден, жинақ қызметін көрсетуден, сақтандыру мен ақша аударымдарынан тұрады. Әлемдік банктің қаржылық делдалдық деп аталатын қызметінің мұндай түрлері кейде, тұтынушыларға бизнес жоба дайындауда көмек көрсету мен бизнесті дамыту қызметтерімен толықтырылып отырады. Микроқаржылық ұйымдар сонымен қатар топ құру, көшбасшылыққа үйрету және бірлесе оқыту арқылы әлеуметтік және адамдық капитал құруға бағытталған, әлеуметтік делдалдық қызметтер де көрсете алады. Бұл тарауда микроқаржыландырудың барлық қызмет түрлерінің негізгі сипатына қысқаша шолу жасалады, бірақ одан әрі баяндамада микронесиелеуді талдауға баса назар аударылады.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады:
шикізаттық сектор субьектілерінің нақты тсүімдері мен олардың бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде;
шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруден түскен түсімдер мөлшерінде;
шикізаттық сектор субьектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде;
Жергілікті бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауыл шаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.
Қолданылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының «Микрокредиттік ұйымдар» туралы Заңы
2. Қазақстан Репсубликасының «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры
3. Бизнестің жол картасы- 2020 бағдарламасы
4. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы
5. С. Құлпыбаев, Қ. Ілиясов Қаржы Алматы, 2005
6.Финансы ІІІ часть Москва, 2008
7.В. Мельников Қаржының жалпы курсы Алматы, 2003
8. Г. Смағұлова Қаржы, ақша айналысы және несие Алматы, 2008
9. Микронесиелік ұйымдар Алматы, 2006
10. Г. Оспанова // Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдар: олардың жағдайы мен мәселелері / Экономика негіздері №3 2009
11. Г. Оспанова // Шағын кредиттік ұйымдардың аймақтағы алатын ролі/ Қаржы қаражат № 5 2010
12. Ж. Бабаева // Кредиттік ұйымдардың Қазақстандағы даму сипаты// Экономика негіздері № 3 2009
13. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының есептік мәліметтері 2010
14. Б. Акылжанова // Микрокредиттік ұйымдардың қызмет ету негіздері / Альпари №7 2010
15.www.aikin.kz
16.www.damu.kz
Қосымша
Қосымша №1
Шағын кредиттік субьектілерді жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша қаржыландыру көлемі
Ескерту- «Шағын кәсіпкерлікті дамыту» қор АҚ мәліметтері негізінде жасалған
Қосымша №2
Шағын кредиттік ұйымдардағы несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі
Көрсеткіштердің аталуы |
Жылдар |
|||||
2007 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
|
Экономика салалары бойынша барлық несиелер, млрд теңге с.і. – ШКС |
71,6
22,9 |
93,4
24,3 |
148,8
39,9 |
276,2
74,2 |
489,8
122,0 |
673,2
145,4 |
Несиелеу мерзімдері бойынша ШКС несиелері, млрд теңге - қысқа мерзімді - ұзақ мерзімді |
20,1 2,8 |
17,7 6,7 |
20,4 19,5 |
40,1 34,1 |
60,2 61,8 |
67,6 77,8 |
ШКС барлық несиелері,млрд теңге - ұлттық валютада - шетелдік валютада |
13,0 9,9 |
17,1 7,2 |
2,3 17,6 |
40,7 33,5 |
75,4 46,6 |
53,2 92,2 |
Ескерту – Қазақстанның Ұлттық банкінің 2005-2010 жылдардағы жылдық есептері мәліметтері негізінде жасалған |