Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_4638.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.98 Кб
Скачать

1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары

Микроқаржыландыру қызметінің негізгі түрі бола отырыпы, микронесиелеу, жұмыс істеп тұрғандармен қатар, жаңа кәсіпорындарды да қаржыландыруға бағытталған. Микронесиелік қызмет, өз бизнесін дамыту үшін дәстүрлі банктік несие алуға мүмкіндіктері жоқ, шағын кәсіпорындардың иелерінің қарыз қаражаттарына қолжеткізуне бағытталған. Бұған қоса, микронесие өз ісін ашқысы келетін, бірақ банк несиесін алуға мүмкіндігі жоқ, экономикалық жағынан тығырыққа тірелген кәспкрелерге беріле алады. Осылайша, микронесиелеу, тұрмысы төмен тұлғалардың бұдан кейін пайда табу мақсатында бизнесін құруы немесе дамытуы үшін беріледі.

Микронесиелердің негізгі сипаттарында бірнаша айырмашылықтар бар. Микронесиенің мөлшеріне қатысты жалпыға ортақ стандарттың жоқтығына қарамастан, микроқаржылық ұйымдар тәжірибесі көрсеткеніндей, аз мөлшердегі қаражаттың өзі аз қамтылған адамдарға үлкен көмек болады. несие көлемі біршама дамыған елдерде 5-тен 500 АҚШ доллары, ал орташа табысты елдерде 10 мың АҚШ доллары, ал орташа табысты елдерде 10 мың АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Микробанк қызметі бюллетенінде келтірілген есептеу бойынша, несиенің орташа көлемі 532 АҚШ долларын құрайды. Сөйте тұра апта сайын немесе тіпті күн сайын өтеу мүмкіндіктері қарастырылады. Коммерциялық банктер секілді, көптеген микроқаржылық ұйымдар жауапты несиеалушыларға түрлі, біршама тиімді тәртіп ұсынады. Мысалы, өтеу мерзімдерін ұзартады немесе несиеге қомақты қаржы береді. Микронесиелеу шығындарын жабу үшін, осылайша микронесие қызметінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, пайыздық үстеме, әдетте коммерциялық несиелер бойынша жоғары пайыздық үстеме, бірақ солай бола тұра, өсім алушыларға төменгі талап қойылады.

Соңғы 20 жылда микронесиелеудің тұрақталған әдістемесінің тез дамуы байқалуда. Бұл микронесиелеу ұйымдарына инновациялық және мейлінше жетілдірілген жаңа қызмет түрлерін ойлап табуға практикалық құралдар ұсынуда. Мұндай әдістемелердің ішінде біршама белгілі және тиімдісі топтық несиелеу. Бұл несие беру нысанында 3-10 адам ынтымақтастық топқа бірігеді. Топтың әрбір мүшесі өзінің несиелік міндетін орындайды, сонымен қатар топтың өзге мүшелері үшін, заңдық кепілдіктен, болашақта несие алу мүмкіндіктерін жоғалтуға дейін түрленіп отыратын қандай да бір жауапкершілікті бөліседі. Қарызгер топқа деген сенім, топтық несиелеудің шешуші факторы болып табылады және әдеттегі банкті кепілдікпен қамтамасыз ету процесінің орнын алмастырады, сондай-ақ топ мүшелерінің одан да ірі, жеке несие алуға өтініштерін қабылдамас үшін микроқаржылық ұйымдарға ол адамдардың қаншалықты сенімді екендіктерін тексеруге мүмкіндік туындайды.

Төмендегі талаптар орындалған жағдайда, тұрмысы төмен тұрғындарға несиелік қызмет көрсету біршама тиімді әрі жеңіл болады.

  • Несиелік қаражатты пайдалану неғұрлым икемді болуы тиіс. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтар несиелік қаражатты түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, мысалы, жеке ісін ашу үшін, балаларының оқу ақысын төлеу, жалдау ақысын өтеу үшін алады. Нәтижесінде, қаражатты жұмсау икемділігі, осындай тұтынушылар үшін қойылатын ең маңызды талап болады. Ақшаның мақсатты түрде жұмсалуына минималды бақылау қажет, сонымен қатар несие алушы мен оның несиені өтеу мүмкіндіктерін жақсы білуі де қажет. Бұл кезеңде адам коммерциялық жобадан да маңызды болады. несиенің белгілі бір талаптарымен шектеулі, несие беруші және алушы тарапынан да қосымша шығынды қажет етеді. Ал қажетсіз талаптар көрсетілетін қызметті шектейтін кедергі ретінде қарастырылады.

  • Несиенің операциялық шығындары мүмкіндігінше төмен болуы қажет. Кедей тұрғындарға экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін, қарапайым процедуралар мен ақшалай қаражатқа тез арада қол жеткізу маңыздырақ. Қажетсіз шектеулер, әкімшілік талаптар және несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтығы операциялық шығындарды ұлғайтады. Операциялық шығын мәселесі тұрмысы төмен адамдардың қажеттіліктерін түсінуде және олардың микронесиелеуден көретін пайдасын қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады. Сондықтан да, микроқаржылық ұйымдар үшінде, тұтынушылар үшін де ауыртпалық әкелетін операциялық шығындарды барынша төмендету қажет. Несие беру қызметінің негізгі сипаты несиеге тез қол жеткізу мен қиындықсыз әкімшілік талаптың болуы.

  • Топтық кепілді сияқты кепілмен қамтамасыз ету, несиені өтеуді қамтамасыз етудің балама талабы ретінде қабылдануы тиіс. Тұрмысы төмен халықта, әдетте банк саласынад кепілдікпен қамтамасыз етудің стандарттық тәжірибесі аясында талап етілетін меншік болмайды. Микроқаржылық ұйымдар, кепіл алу үшін қолданылатын балама әдістерге жүгінуі тиіс. Жоғарыда келтірілген топтық несие беру мысалы, несиенің өтелмей қалуын болдырмайтын және өз уақытындағы төлемді қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін, кепілмен қамтамасыз етудің түрлі балама жолдарының бірі болып табылады:

  • қауымдастықтағы қарым-қатынас;

  • әлеуметтік санкциялар;

  • топтық немесе бірлескен жауапкершілік;

  • репутация;

  • рәсімделген немесе жеке меншік;

  • микроқаржыландыру қызметін алудағы мүмкіншілік қызығушылық;

  • Несие тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Микроқаржылық ұйымдар, экономикалық орта мен жергілікті сұранысқа сәйкес келетін орта қызмет етуі тиіс.

  • Несие тек тұрақты және өмір сүру мүмкіндігі бар ұйымдарға берілуі тиіс. Тек тұрақты және жұмыс істеу мүмкіндігі бар ұйымдар ғана микроқаржылық қызмет көрсету келешегіне кепіл бола алады. Тұрақтылыққа жету мақсатында микроқаржылық ұйымдар, тек донор компаниялардың ғана көмегіне тәуелді болмауы тиіс, олар өз тұтынушыларына нарықтық бағаларды қолдануы тиіс. Бұл микроқаржылық ұйымдарға бәсекелестік жағдайында қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Табысты микронесиелер мына нәрселердің көмегімен қарызгерлердің экономикалық қауіпсіздіктерін жақсартуға мүмкіндік береді:

  • қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективада несие алушының қарызгердің өтімділігін көтеру;

  • несие алушының қарызгердің экономикалық қуатын көтеру;

ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]