
- •Инновациялық қызметтің мемлекетке қолдаудың шетелдік тәжірибесі
- •Қазақстан Республикасының инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау
- •Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары
- •Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым
- •Үндістанның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Үндістанның инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау
Әлемдік Экономикалық Форумда жарияланған мәліметтер бойынша, 2010-2011 жылы Global Competitiveness Report бәсекелестіктің әлемдік рейтингісі бойынша 139 елдің ішінде Үндістан 51-орында (Ресей – 63-орында). Ал "инновация және білім мен экономиканың дамуы" жөнінде ол 42 орынды алады (Ресей болса 80-орында).Экономикалық Қызметтестік пен Даму Ұйымының рейтингісі негізінде инновациялық сектор көлемінен Үндістан әлем бойынша 8 орынды алады. 1995 жылдан бастап инвестиция көлемі жылына 8% өсті. 2004 жылы олардың сомасы 24 миллиард доллар болды. Көптеген жаңа зерттеулер Үндістанды инновациялық салаға салым салу үшін ең қолайлы жер болып табылады дегенді көрсетеді.
Сонымен бірге инновациялық көрсеткіш салаларының бірі - ғылыми жариялаудың саны төмендеуде. 1995-2005 жылы Үндістан 13-орынды иеленген болатын. Ал 1980 жылы Үндістанда жарияланатын мақалалар саны 15 мың болса, 2000 жылы 12 мыңға дейін төмендеді.
Шын мәнісіндегі Үндістанның Ұлттық инновациялық жүйесінің құрылуын Британдықтардың отарынан құтылып, тәуелсіздік алған кезден басталады десек болады (1947). Алайда, инновациялық құрылыстың маңызды бөлшегі 1942 пайда болған. Елдің басшылығымен Ғылыми-өндірістік зерттеу кеңесі (CSIR) ұйымдастырылады. Ол автономды ұйым болған, бүгінгі таңда да Үндістандағы ең ірі ҒЗТКЗ орталығы болып табылады. 1947 жылдан бастап CSIR ғылыми-зерттеулер зертханасының ұлттық жүйесіне басшылық етеді. CSIR-ға тек мемлекет бөлетін қаржы ғана бөлініп қоймай, өндірістің ірі өкілдері де оны қаржыландырып отырады.
Технологиялардың импорты мемлекет тарапынан рұқсат алу рәсімін талап етті. Сонымен бірге үнділік патент заңнамалары батыс технологияларын көшіруге тыйым салмады. Бұл көптеген үнділік өндіріс орындарының, әсіресе фармацептикалық концерндердің дамуын қамтамасыз етті. Бірақта осы арқылы үнділік ашылымдар тоқырауға ұшырап отырды.
1974 жылы үнділік басшылық ең алғаш рет Ұлттық ғылыми-техникалық комитет жасап шығарған ғылыми-техникалық дамудың алғашқы бес жылдық жоспарын қабылдады.
1980 жылдың басында ғылым және технологияның дамуына мемлекет жете назар бөлді. Министрлер кабинеттерінің алдында ғылым жөнінде кеңес беретін коммисия құрылды. Ол – әр түрлі қызметтерді үйлестіретін, яғни міндеттерді бөліп, дамудың бағыттарын анықтайтын ұйым.
1982 жылы Үндістан ғылым және техника департаментінің алдында ғылыми-техникалық мекемелер дамуының ұлттық бюросын құрады (NSTEBD). Бұл бюро ғылыми және жоғарғы технологиялық мекемелердің құрылуын ынталандырады.
1983 жылы жеке сектордағы ҒЗТКЗ қаржыландыратын техникалық саясат, мемлекеттік ұйымдармен әріптестік қатынас орнататын тәуелсіз зертханалардың құрылуы туралы Ереже шықты. Осыдан барып техникалық ақпараттарды болжамдау және сараптау жөнінде кеңес құрылды (TIFAC) (1988).
Сонымен қатар мемлекет импортталатын технологияларға бес пайыз салық салу арқылы, еншілес капитал фондын толтырып отыруға тырысты. Жиналған қаржыдан технологиялық шығаруларды қаржыландыруды индустриялды даму жөніндегі Үндістан банкі жүзеге асырды.
1990 жылдары Үндістанда бюджет тапшылығы, инфляцияның жоғарлауы, төлемдер теңгерімінің тұрақсыздығы белең алды. Елдің экономикасы күйреу үстінде еді. Халықаралық валюта қоры көмекке айырбас ретінде экономиканың либерализациясын талап етті.
Реформалар инновациялық жүйенің дамуына маңызды түрде ықпал етті. Өнеркәсіптік лицензиялау күшін жойды (олар қысқартылған күйде, тек бірнеше салада сақталды), жарғылық капитал көлемі 51% болатын шет елдік инвестициялар құпталды.
ҰИЖ дамуының маңызды факторы «Патент жайлы» деп аталатын 1970 жылғы Үнділік заңнама болып табылады. Ол 1990, 2002, 2005 жылдары өзгеріске ұшырады, соның арқасында бүгінгі таңда халықаралық құқық талаптарына сай.
Бүгінгі таңда Үндістанның ҰИЖ құрылысы тармақталған. Мемлекеттік деңгейде әлі де бірінші болып Ғылыми-өндірістік зерттеу кеңесі тұр (CRIS). Сол арқылы мемлекеттің қаржысының бір бөлігі инновациялық саласын қамтиды.
Технопарк желісі – үнділік инновация жүйесінің ең атақты бөлшегі – 1984 жылдан бастап құрыла бастаған. Елде 35 мемлекеттік және 25 жеке меншік технопарктер бар. Технопарктер жоғарғы технологиялық және ғылымды қажет ететін тауарларды экспорттайтын мекемелерге қолдау көрсететін тағы бір шара болып табылады.
Үндістандағы екі сала жоғарғы технологиялы: фармацевтика және ақпараттық технология – осы екі сала тіркелетін патенттердің 70% ие болуда.
Үндістандағы IT нарығы дәстүрлі түрде аутсорсинг және оффшорлық бағдарламалау негізінде құрылды. Техникалық жоғарғы оқу орындарында сапалы мамандарды дайындау, жоғары квалификациялы, әрі арзан жұмыс күші Үндістандағы IT-корпорацияларын дамыту үшін алғы-шарттарды жасады. Елде өз уақытында IBM, Texas Instruments және т.б. филиалдардың пайда болуы, IT нарығының дамуына өз ықпалын берді. Соңғы уақыттары компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін жүргізілген мемлекеттік бағдарламалар да маңызды рөл ойнады.
Бүгінгі таңда Үндістанға ІТ-аутсорсинг нарығының 65 % үлесі кіреді. Ұлттық софтверлік және сервистік ассоциациясының мәліметтері бойынша, 2007 жылы ІТ үндістандық секторының жалпы көлемі 48 миллиард долларға тең болды. Бұл салада 2,5 миллион адам жұмыс істейді және оның үлесіне ЖІӨ-ң 6%, импорттың 16% тең.
Үндістандық білім беру жүйесі сарапшылардың жоғарғы бағасына ие болады. Дайындаудың деңгейі мен сапасы халықаралық стандарттарға сай. Global Competitiveness Report бәсекелестіктің әлемдік рейтингісі мәліметтеріне сүйенсек, 2007-2008 жылдары Үндістан математиканы оқыту бойынша әлем бойынша 11-ші орынға ие болыпты (Жапония – 29, Германия – 36, АҚШ пен Ұлыбритания – 45 және 46 орында).
Жалпы Үндістанда 250 университет бар, оның 20-30 ең үздігі. 2004 жылы Үндістанда жоғарғы оқу орындарын бітіргендер саны 53 миллионға жетті (халықтың 4,5%).
Үндістан бірнеше жоғарғы технологиялық қызметтер бойынша, ең үздік әлемдік орталыққа кіреді: софтверлік, бизнес, аутсорсинг, инжиниринг.
Үндістанда университеттер ғылыми орталықтар болып есептелмейді. Тек техникалық білім беруге көңіл бөледі.
5. Мемлекеттік саясат: бағдарламалар, қаржыландыру, перспективалық жоспарлар
2003 жылы Үндістан үкіметі ұлттық ғылыми-техникалық саясаттың дамуына шаралар белгіледі:
- Автономияларды кеңейту және мемлекеттік ғылыми мекемелердің бюрократтық аппараттын қықарту
- Шенеуліктерді ғылыми министрлермен және ғалымдар департаментімен алмастыру
- 2007 жылға дейін ҒЗТКЗ-ғы инвестициялар көлемін ЖІӨ-ң 2% дейін көтеру
- Университеттер мен зертханаларға технологияларды табыстау құқығын беру
- ҒЗТКЗ жүйесіндегі қаржы ынталандырмасын құру
- Зияткерлік меншік жайында заңнамалық реформа
2007 жылы Үндістанда 299 келісім тікелей еншілес жобаларды инвестициялауға бағытталыпты. Олардың көлемі 7,5 миллард долларға жетіпті. Үндістандағы еншілес компанияға бағытталатын басты салалар – ақпараттық және коммуникациялық технология, ритейл, биомедицина.
Осылар арқылы Үндістан инновациялық салада үздік ойыншы атанды. Осы рөл ары қарай да сақталмақ. Он бір реттік бес жылдық жоспарда, яғни 2007-2012 жылдарда, мемлекет инновациялық ашылымдардың негізін қалау мақсатында – инфраструктура және білім беру саласын дамыту үшін бірқатар инвестиция бөлуді көздеп отыр.