Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маркетинг срс 3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.59 Кб
Скачать

5 Көрме кезіндегі туристік фирма персоналдарының жұмысы

Көрмелік қызметте табыспен қамтамасыз ететін айрықша рөлді стендисттер атқарады. Персоналдарды іріктеу кезінде олардың профессионалдық біліктілігіне көңіл аудару қажет,яғни психологиялық әдеттерге,бір немесе одан да көп шет тілдерін меңгеруіне және т.б. Негізгі стендистерден басқа, қосымша стендистер де болу керек. Керек болған жағдайда орындарын ауыстыру керек.

Туристік жәрмеңке кезінде персонал ұйымдастыру процесімен, жәрмеңкені өткізу кезеңдерімен, ресей, шет ел ұйымдары мен өкілдерімен сөйлеседі. Стендтағы көрме жұмысы кезінде турфирманың басшысы болғаны қажет. Егер басшы күні-бойы қатыса алмаса да, тым болмаса стендіде басшының болатын уақытының кестесі болғаны жөн. Әдетте көрме олардан бір-екі күн бұрын көрмені лауазымды, әлеуетті қонақтар, шетел делегациялары, БАҚ тілшілері, телевидения болатыны белгілі болады. Осындай күндері басшының стендке қатысу нәтижесінде ұтымды келісімдер жасалынуы, фирма қызметінің БАҚ –на белгілі болып, көпшілікке жарнамалануы мүмкін.

Персоналды жұмыс режимімен таныстырады, олардың алдында келесі міндетті нұсқаулар тұрады:

- жәрмеңкелер атауы;

- жәрмеңкеде қатысу мақсаты;

- жәрмеңкеде көрсетілетін қызмет тізімі;

- негізгі жаңалар;

- жәрмеңкедегі жұмыс тәртібі;

- стендке келушілермен кездесудің кестесі;

- келушілердің ескертулерін тіркеу формасы;

- жәрмеңкеде жұмыс істеген кезде жетіспеушіліктерді өзгерту;

- жәрмеңкеде қатысу эффективтілігінің есебі;

- жәрмеңкенің қаржылық есебі.

Жәрмеңкеде әр персоналға тапсырма беріледі.Міндетті түрде көрмеде стендпен жұмыс істеу барысында көрмеге жауапты маман қатынасу қажет. Көрме алдында стендист қажетті құжаттар мен ақпараттарды алады. Стендистке қатысты іс-әрекеттер:келушілерді жаяу тұрып,езумен қарсы алу.,бет-әлпеті қызығушылықты білдіретіндей әңгімелесуге даярлығы., келушілерге дұрыс сұрақ қою арқылы көмек беру.,фирманың қызметтері туралы дәл түсініктеме беру., киім кию үлгісі ыңғайлы әрі сәнді болу қажет. Стендистке қатысты емес іс-әрекеттер:өзге стендистермен басқа стенд қасында тұрып әңгімелесуге., өз достары мен туысқандарына стенд алдында кездесу ұйымдастыруға.,тамақ ішіп-жеуге.,өз-өзін дұрыс ұстай алмау., алкоголь қабылдау.

Көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысқан Я.Г.Критсотакис «Тауар көрмелері мен жәрмеңкелері. Қатысу техникасы мен коммуникациясы» атты кітабында келушілердің негізгі келесі типтерін көрсетеді.

Рационалистер, олар нақты бір стендті көруді алдын ала жоспарлайды. Және де көрме территорясында өзінің қолындағы «күн тәртібі» бойынша жүреді. Бұл типті келушілер – профессионалдар, және әдетте қарым қатынас жасауға суық болып келеді, соған орай оған жақындауда қатаң профессионалдық керек;

Фланерлер, көп халық баратын стендтердің бас июшісі болып табылады. Олар әртүрлі шаралар болатын жерлерде жүреді және оларды жақсы қарсы алғанда өте қатты қуанады. Олар өте сөзшең, бірақ нені қалайтынын өздері білсе де аңғал болып келеді. Келушілер құрамында бұлардың саны аз болмағандықтан, стенд алдында әрқашанда тірі атмосфера болуы керек.

Өзіне өзі сенімсіздер, өзіне деген сенімі жоқ адамдар, олар адамдар көп жиналған стенділерде жүреді. Олар күту керек болған жағдайда өте шыдамды бірақ соған қарамастан талапшыл. Оларға өзінің ой пиғылын жеткізу үшін уақыт керек. Олардың әлсіздігіне құрметпен қараңыз, оларға әсер қалдырыңыз. Себебі, олардың сіздің стендіңізді таңдауының өзі сіз үшін олжа.

Билік сүйгіш, өзінің шарттарын орнатқысы келеді. Олар өте менменшіл және өзінің өзімшілдігімен де ерекше көзге түседі. Алайда оларға дұрыс қарым қатынас жасаса, олар тез арада қол жетімді болады. Тек қана олар өздерінің мықтылығын сезінсе болды. Мұндай келушілермен сөйлескенде көбінесе «Сіздің талаптарыңызға орай...» деген секілді сөздерді қолданған жөн.

Нервоздылар. Стенд персоналы үшін өте қиын жағдай болып табылады. Олар қабылданған ұсыныстың сенімділігіне көз жеткізгенде ғана үйренеді.

Новаторлар. Жаңалықты іздейді және дәлелдемені қажет етеді. Соған қарамастан тәуекелге дайын және экспоненттің қарамағынан сүйеу күтеді. Көбінесе олардың өзінің новаторлыққа көзқарасы болады, және олар сонысымен мақтанады.

Консерваторлар. «авангард-новаторларға» қарама қарсы, олар «классикалық арсеналды» қалайды. Тұрақтылықты талап етеді, бағаға қатал және өз іштерінде жаңа бірдеңеден қорқып жүреді.

Кездейсоқтар. Экспонент өніміне еш қатыссыз қызығушылығы мол адамдар. Олар кездейсоқ жағдайға байланысты іс әрекет жасайды.

Туристер. Сөз өте маңызды әсер қалдыратын, бірақ шындығында арнайы қызығушылығы жоқ адамдар. Олар әдетте, әр түрлі шаралар өтетін стенд алаңында қандай да бір сувенир алу үшін топтасып жүреді. Оларда өте көптеген бос уақыт бар.

Қиялшылдар. Әдетте бұл келушілер кеудесін көтеріп жүреді, менменшілдер, стендистпен сөйлескенді өзінен төмен санайтын тек басшымен сөйлесуді қалайтындар.