Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маркетинг срс 3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.59 Кб
Скачать

4 Көрмелік стендті әзірлеу, безендіру

Көрмелік стенд-бұл фирманың жүзі. Стендті дайындаған кезде стенд дайындаушы мамандардың, дизайнерлердің қызметін қолданған дұрыс. Олар стендті жалғыз атмосферасы бар қайталанбас, турфирманың сенімділік, беріктік, сапа рәмізі болатын стилі мен имиджін көрсететіндей қылып жасайды. Қағаздағы эскиз экспонаттың болашағын және орнын көрсететін көрнекті үлгісі болып табылады.Стендты шеберлікпен безендіру, келушілердің қызығушылығын тудыру-бұл ең маңызды орынды алады. Жалпы түрде туристік фирманың стендтерін ұйымдастырған кезде екі консепция қолданылады. Соның біреуі, бұл латын америкалық,азиялық,таяу шығыстық елдерге тән, көзбен шолу аспектісіне сүйенеді. Әдетте осындай түрдегі стендттер сән-салтанатты безендіріледі. Келушілердің назарын аудару үшін ойын элементтері қолданылады. Бұл кішігірім қойылым ретінде немесе ойын түрінде өткізілуі мүмкін. Ал екінші консепция болса, ақпараттық аспектілерге көп көңіл бөледі. Стенд қарапайым әзірленген, бірақ өнім жарнамасы мен ақпарат талғаммен жасалынады.

Стенд безендірудің арнайы орнатылған стандарттары жоқ, дегенмен де туристік фирма экспозицияның нақты жоспарын анықтау керек. Стендтің бейнеленуі бірыңғай стильде болуы керек. Тәжірибе көрсеткендей стендтің әдемілігі, келушілерге стендке жақындамас бұрын-ақ әсер етеді. Сондықтан стендтің әдемілігі экпозицияның екпінді бөлігі болып табылады. Сол себепті, стендке неше түрлі плакаттар, суреттер көмектеседі. Бірақ олардың саны тым көп болмауы керек. Санының тым көп болуы келушілерге дұрыс қабылданбайды, олар суреттердің басқа мәліметтің көптігінен оған мән бермейтін болады.

Барлық көрмелік экспозиция бірнеше зонаға бөлінеді:

-Көпшілік (экспонаттар тұратын ауданы бойынша ең үлкені, онда келушілермен қарым-қатынас жасалынады және стендшілер жұмыс істейді)

-Жұмыс (фирма өкілдерінің потенциалды серіктестермен, клиенттермен келіссөздер жүргізеді)

-Қызмет (қосымша орын, онда экспонаттар, жарнама адебиеттері, киімдер, жұмысшылар демалу және сусын дайындайтын орын)

Көптеген көрмелерде жарнама мәліметтерін келушілер өзімен алып кету үшін, оларды көптеп көзге көрінер жерге қойып қою қабылданған. Бұл мәліметтердің қоры көрме стендісінде болуы керек. Сақталу орнын жарнама мәліметінің көлемі мен санына байланысты сақтайды. Тікелей арнайы ашық стеллажда немесе шкафта көрме алаңында сақтауға болады. Тарату үшін жасалған жарнама буклеттерден, проспектерден, каталогтардан, сувенирлік заттардан, жарнама қағаздарыан тұруы мүмкін. Бұның өзі потенциалды клиенттерге фирманың мекен –жайының және телефон нөмерінің таралуының ең қолайлысы болып табылады. Жалпыға ортақ материалдардан басқа тұрақты және әлеуетті клиенттерге, яғни басқа фирмалардың басшыларына арналған жарнама және ақпараттық мәліметтер де стендте орналасады. Бұл мәліметтерді көбіне келіссөздер жүргізуге қолайлы болуы үшін жұмыс зонасында сақтаған дұрыс.

Стенд жеке жарнама элементтері көмегімен көркемделеді, олар :

-Стендтің фризіндегі жазулар(фирманың аты, тауар белгісі, кейбір жағдайларда телефон номері)

-Стенд қабырғасын көркемдейтін плакаттар

-Суреті немесе жүгіруші жолы бар экрандар

-Жарнама роликтерін көрсетуге арналған мониторлар.

Осындай түрдегі жарнаманың негізгі мақсаты – қатысушыларды қызықтыру, қызмет түрімен таныстыру, ұсынылған туристік өніммен жете танысуға ерекше қызығушылығын тудыру.

Көрме ашылған соң стенд жұмысы аяқталды деп ойлауға болмайды. Бірінші күннің кей жағдайда сағаттың жұмыс тәжірибесі арқылы өз шешімнің қате екенін көрсетуі мүмкін. Экпонаттарды ауыстырып қоюға, жазуларды толықтыруға, немесе басқа өзгерістерді енгізуге ешқашан да кеш болмайды. Егер ол мүмкін болмаса кеткен қателіктерді болашақта жасаған жұмысында қайталанбайтындай болуы керек.

Кез-келген көрме оқу процесі екенін есте ұстаған жөн. Фирманың қызметкерлері үйренеді, бәсекелестер үйренеді, және іскер серіктестер де үйренеді. Әр кезде көрмені көркемдейтін тәсілдері мен көрме дизаины өзгеріп отырады. Көркемдеуде электронды жаңа заттар пайда болады. Пайда болғанымен қоса жоғалып кетеді, себебі, барлық көрмеде қойылған соң оларға деген қызығушылық азаяды. Сондықтан, стендті көркемдеуде нақты бірыңғай ұсыныстар жоқ. Мұнда біркелкі шешімдер жоқ.

Туристік кәсіпорын үшін мұндағы негізгі ұсыныс жаңа тенденцияларды пайдалану және де бірінші болмасам де өзіндік бір ерекшелікпен бол деген қағида болып табылады. Тағы да экспоненттің жолығатын проблемасы ол – стендтің орналасу орны. Бұл проблеманың күрделілігі ол орынды анықтау, және соған байланысты көрмені ұйымдастырушылар міндеттерімен де қиындықтар болуы мүмкін.

Әрбір көрмелік экспозиция өзінің маманданған ерекшеліктеріне ие және бірде ұтымды болған келесіде күткендей болмауы мүмкін. Сонымен қоса келушілердің табиғи жүру бағыты бойынша жалпы ережелер бар, - дұрысы сағат тіліне қарсы кіре берістен ортаға қарай. Сондықтан ең ұтымды орындар кіре берістің оң жағы және орталық. Орналасу орнын таңдағанда бәсекелестердің де орнын көрген жөн. Мүмкіндікке қарай стендтің шығар есіктен алыс орналасуын үлкен калонналардың және баспалдықтардың артында орналасуын болдырмау керек. Тамақ кәсіпорынмен де көрші болу бірқатар кемшіліктерге ие. Алайда, практика көрсеткендей, бұл жағдай табысқа жетуге көмектеседі. Стендтің орналасу орнымен қатар оның түрі де маңызды орын алады. Себебі, стендтің түрі арқылы қоршаған орта территорясына бақылау жүргізуге, алаңның бос орнын анықтауға және назар аударарлық нақты орындарды анықтауға мүмкіндік береді

Көрме (жәрмеңкелерде) стендтердің әртүрлі түрі қолданылады. Сызықтық стенд бір ғана көру жағы бар, және бұлар стендшілер арасында кеңінен қолданылады. Экспонаттарды орналастыруға арналған үш жақты қабырғаның болуының артықшылығымен қоса, кемшілігі де зор. Себебі стендтің тек бір жағы ашық болғандықтан келушілердің шығу бағытын анықтай алмайды және назар аударатын күшті нүкте ұрылуына кері әсерін тигізеді.

Бұрыштық стенд ең ұтымды шешім болып табылады, әсіресе, шағын және орташ фирмалар үшін, себебі ол жеңіл жобаланады және екі жақтан өтуге өте қолайлы.

«Арал» : егер жобалаушы оның артықшылықтарын пайдалана алса, бұл стенд түрі ірі фирмалар үшін ұлттық қатысуда таптырмас шешім болып табылады. Барлық жағы ашық болғандықтан, ол көпшілікті бақылауға мүмкіндік береді.

«Жартылай арал»: стенд жартылай арал секілді үш жақтан ашылған. Соған орай экспонентке келе жатқан келушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай стендке жобалауды мұқият жасау керек, және де бұл стендтің көпшіліктің назар аудартатын артықшылығы бар, сондай ақ жарнамалық сипаттағы көрсетілімдерді көрсетуге өте ыңғайлы.

«Визави» бір біріне қарама қарсы тұрған, әдетте, сызықтық стендтерден тұрады. Бұл экспонент үшін амалсыз жасаған әрекет. Бұл стендтің артықшылығы екі жақты есікке шығатын екі «фасадтың» болуы, бірақ соған орай оның біршама кемшіліктері де жетерлік.

+Стендтің ішкі ұйымдастыруында проблемаға жолықтырады;

+Қосымша персонал құру қажеттілігі;

Екі жеке стенд көзқарасын тудырады, ол әрине оны таңдау орнын ең соңғы орынға қояды.

«Желдетпелі» екі жақты қабырғадан айырылған, алайда екі жақты өту есігі бар. Және ол экспонент үшін қолайлы «көру алаңын» тудырады. Бұл ерекше жобалауды қажет етеді, себебі кез келген орташа келушілер кірген есігінен шығу есігіне қарай жүруді көздейді. Бірақ бұл стенд түрі оны функциялау кезінде біраз проблемаларға кездеседі.