- •1 Көрме шараларының сипаттамасы
- •Туризм сферасындағы негізгі көрме шараларының сипаттамасы, түрлері және ерекшеліктері
- •2 Көрме шараларының классификациясы
- •3 Туристік фирманың көрме жұмысына қатысу процесі
- •4 Көрмелік стендті әзірлеу, безендіру
- •5 Көрме кезіндегі туристік фирма персоналдарының жұмысы
- •Қорытынды
- •2. Дурович а. П., Копанев а. С. Маркетинг в туризме: Учеб. Пособие /Под общей ред. 3. М. Горбылевой.—Мн.: «Экономпресс», 1998.—400 с.
- •3. Http://info-tour.Kz/korme.Html/
Туризм сферасындағы негізгі көрме шараларының сипаттамасы, түрлері және ерекшеліктері
Шаралардың түрлері және сипаттамсы |
Негізгі мақсаты |
Негізгі мақсатқа жету жолы |
Өткізу уақыты |
Халықаралық деңгейдегі салалық көлемі бойынша ірілері |
Көрме-туристік өнімнің иллюстрациялық көрінісі |
Халыққа және көтерме саудагерлерге туристік өнімді таныстыру |
Туризм сферасының болашақ перспективалы жағдайларын анықтау |
Жылына 2-3күнге периодты түрде 1-2 рет өткізіледі |
МІТТ( Мәскеу, Ресей) |
Жәрмеңке-нарықтағы туристік өнімдердің үлгісімен өтетін экономикалық көрме |
Туристік тауарлар мен қызметтер нарығының кең бейнесі; туристік өнімнің көтерме сатылымы |
Халықаралық және ұлтаралық деңгейдегі коммерциялық келісімдерге қол жеткізу |
Белгілі бір уақытта белгілі бір жерде периодты түрде өтеді |
“FITUR”(Испания, Мадрид) |
Салон – туристік өнімдердің көрсетілімі |
Сатушылар мен өндірушілер арасындағы байланыстар орнатуға негізделген |
Жарнамалар жүргізіледі, каталогтар шығарылып, келісімдерге қол қойылады. |
Периодты түрде жылына бір рет болады. |
“Salon Mondial du Tourisme”(Париж, Франция ) |
2 Көрме шараларының классификациясы
Белгілері бойынша классификациялау |
Көрме іс-шараларының түрлері |
Өткізу мақсаты |
саудалық ақпараттық-таныстыру |
Өткізу жиілігіне |
периодтық жылдық маусымдық |
Экспонаттарды істің ұсынымына қарай |
универсалды көп салалы салалық мамандандырылған |
Қатысушылар құрамына |
аймақтық аймақ аралық ұлттық халықаралық |
Таблица 1. Көрме шараларының классификациясы
Әлемде туризм сферасымен байланысты көптеген жәрмеңкелер өткізілп жатыр. Ең маңызды жәрмеңкелер өткізілетін қалалар қатарына Брюссель (1,2 млн келуші),Милан мен Вена(0,5 млн шамасында), Шарлеруа(400 мың), Париждегі «Дүниежүзілік туризм мен саяхаттар аптасы »(200 мың шамасында), Мадридтегі «Фитур» (250 мың келушілер).
Сонымен қатар осы тізімге мамандандырылған салондарды жатқызады, мысал, Лондондағы «Боут-Шоу», Париж бен Дюссельдорфтағы судағы спорт түрлері. Жылдан-жылға Қазақстанда өткізілетін KITF жәрмеңкесі даму үстінде. 2014 жылы осы жәрмеңкеде 41 елдің 550 компаниялары ұсынылған болатын.
3 Туристік фирманың көрме жұмысына қатысу процесі
Көрмеге қатысу – жай ғана шаруа. Ең қиыны көрмеге дұрысталып дайындалып, оны іс-шараға айналдыру.Туристік фирманың көрме жұмысына қатысу шешімі бұл,яғни туристік фирманың айқын жетістікке көтерілуінің белгісі. Ол нақты мынадай маркетингтік мақсаттарды шешуі керек: сауда өнімдерінің презентациясы, баға орнықтыру сұрақтарын шешу, тарату каналдарын қалыптастыру, жылжыту стратегиясы мен сату саясаты, нарықты және бәсекелестік ортаны зерттеу.
Кәсіби дайындалған көрмелердің маркетингтік потенциалы өте жоғары, бірақ ол әртүрлі қолданылады. Әдетте екі мәселе шешіледі: қатысқанын білдірту және тұтынушылар талғамын байқау.
-
Көрме жұмысына қатысуға түбегейлі шешім қабылдау
Фирманың көрме шарасына қатысудың мақсатын анықтау
Көрменің нақты түрін таңдау
Дайындық-ұйымдастыру кезеңі
Көрмеге қатысудың анализ қорытындысын жасау
Таблица 2.Қатысу процессі
Көрсетілген жетістіктерге жету үшін, нақты көрмені таңдау қажет. Таңдау жасау оңайға түспейді,себебі жыл сайын көрмелер үлкен мөлшерде жүргізіледі. Осы мәселенің эффективті түрін шешу үшін туристік кәсіпорынның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктеріне анализ жасап,келесідей аспект түрлерін қарастырамыз:
-көрменің өткізілетін орны мен уақыты;
-көрменің беделі;
-қатысушылар мен келушілердің сандық және сапалық құрамы;
-іскерлік белсенділігінің деңгейі;
-көрме алаңы мен қызмет көрсетуді ұсыну мүмкіншіліктері;
-көрмеге қатысу шарттары;
-сметаның қолжазбалық құсқасын әзірлеу және фирма шығындарын зерттеу;
-соңғы шешім болып: қойылған мақсат бойынша, қай көрмеде қатысу эффективті болатынын анықтау.
Нақты көрме таңдалғаннан кейін, дайындық-ұйымдастыру кезеңі басталады. Бірінші кезекте туристік фирма көрменің оргкомитетіне қатысатыны туралы мәлімдейді.Осымен қатарлас, ұйымдастыру сұрақтары шешіледі: көрме жұмысына қатысуда фирманың концепциясы дайындауы және көлемі, ұсынылатын тауарлардың тізімі, персоналдарды іріктеу және дайындау, коммерциялық жұмыстың, жарнама мен протоколдық шаралардың жоспарларының дайындалуы; көрме жұмысында қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мүмкін болатын делдалды таңдау (агент);ұйымдастырушы комитетпен келісім жасау, оған көрме стендінің жоспарын беру, сондай-ақ керекті құрал-жабдықтарға тапсырыс беру және т.б.
Сұрақтардың шешілу жолдарын талқылағаннан кейін,көрмеге қатысатын фирманың ақтық сметасын әзірлеу мүмкіндігі туындайды. Орта есеппен ірі фирмалардың көрме іс шараларына қатысу шығыны 15-30%-ды құрайды. Олар: жалға алу мен экспозиция монтаждары, экспозиция демонтажы, жарнама мен ақпараттық материалдарға кеткен шығындар және т.б.
Дайындық кезеңінде қатысу жарнамасы маңызды орын алады, олар қарастырады:
-Көрменің арнайы каталогына фирманы қосуы, ол үшін арнайы өтініш беруі тиіс
-Топтық келушілерге бағытталған периодты баспалардың жариялануы
-Көрмеге қатысу туралы шақыру қағазын туристік фирма келісім жасайтын факс және хаттар арқылы компанияларға жіберу.
Фирма туралы жақсы сөздерге негізінен жеке серіктестерге және қызығушылығы бар клиенттерге жіберілген шақырулар арқылы қол жеткізуге болады. Және бұл жердегі ең маңыздысы, адамдардың есімін, титулдарын, мекен- жайын жазғанда өте мұқият болу керек. Егер қонақтар санына арнайы адамдар кірсе , оларға арнайы хат арқылы жеке шақыру жіберген жөн. Арнайы тегін кіргізу қағаздары да өте маңызды орын алады. Бұл- тек кіруші азаматтар тек тегін ғана емес, сондай- ақ оларға ерекше мән беріліп оған деген экспоненттің ерекше ым ишарасын білдіреді.
Көрме шараларына қатысуда турфирманың әр түрлі әдіс-тәсілдері бар екенін ескерген жөн. Кәсіпорын топтық қатысушы шеңберінде (мысалы, ұлттық топтық стенд) немесе экпонент ретінде мемлекет ішінде немесе шет елде көрмелерге, жәрмеңкелерге және тағы басқа осындай шараларға қатысуы мүмкін. Қатысу әдісіне байланысты дайындық ұйымдастыру тәсілдері, бюджет шығындары көбінесе соңғы нәтижеге байланысты.
Зерттеулерден шетел көрмелері жәрмеңкелеріне қатысуда топтық ұлттық стенділерде жұмыс істеу өте нәтижелі болып келеді, олар клиенттер мен серіктестерді максималды дәрежеде назарын аударады. Бірыңғай экспозициялар жасаушылармен жұмыс істеу рационалды болып келеді, олар ұйымдастырушылармен байланыс жасауды мойнына алады. Бұл болатын каталогтар туралы ақпарат жинау болып табылады
Көрме шараларына қатысуда турфирманың әр түрлі әдіс-тәсілдері бар екенін ескерген жөн. Кәсіпорын топтық қатысушы шеңберінде (мысалы, ұлттық топтық стенд) немесе экпонент ретінде мемлекет ішінде немесе шет елде көрмелерге, жәрмеңкелерге және тағы басқа осындай шараларға қатысуы мүмкін. Қатысу әдісіне байланысты дайындық ұйымдастыру тәсілдері, бюджет шығындары көбінесе соңғы нәтижеге байланысты.
Зерттеулерден шетел көрмелері жәрмеңкелеріне қатысуда топтық ұлттық стенділерде жұмыс істеу өте нәтижелі болып келеді, олар клиенттер мен серіктестерді максималды дәрежеде назарын аударады. Бірыңғай экспозициялар жасаушылармен жұмыс істеу рационалды болып келеді, олар ұйымдастырушылармен байланыс жасауды мойнына алады. Бұл болатын каталогтар туралы ақпарат жинау болып табылады
Көптеген көрмелерде стендтердің минималды ауданы 9-12 кв. м, ал толық жұмыс істеу үшін 4-6 кв. м жеткілікті, тек топтық стендте тапсырыс беруге болады. Соған орай, көрме алаңын ұйымдастыруда фирма – консолидатор тәуекелділікпен шығындарды өз мойнына ала отырып, фирма экспонентті осы шығындардан босатады. Сонымен қоса, көрме жасаушы фирма өзінің экспонентіне дайындық жұмысын ұйымдастыруды көрме алдында жүргізеді. Сондықтан топтық стенд қатысушылары дайындық жұмысына қосымша шығындар жұмсайды.
Көрме біткеннен кейін міндетті түрде анализ жасалынады. Көрме қорытындысын екіге бөлуге болады.
1. Ұйымдастырушылық
2. Коммерциялық
Ұйымдастырушылық қорытындысы жасалған кезде, оған дайындық және көрме кезінде жүргізілген журнал көмектеседі. Онда мына сұрақтарға жауап алынады:
- стендке арналған орын ыңғайлы болды ма?
- стендтің жоспары сәтті болды ма?
- жұмыс кезінде қандай келеңсіз жағдайлар орын алды?
- қандай құралдар мен қызметтердің көмегімен жұмыс істеуге болады?.
Коммерциялық қорытынды объективті көрсеткіштермен көрсетіледі. Олар: келушілердің саны, контактілердің анализі, таратылған ақпараттық – жарнамалық материалдардың саны.
