Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маркетинг срс 3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.59 Кб
Скачать

Кіріспе

  1. Көрме шараларының сипаттамасы

  2. Көрме шараларының классификациясы

  3. Туристік фирманың көрме жұмысына қатысу процесі

  4. Көрмелік стендті әзірлеу,безендіру

  5. Көрме кезіндегі туристік фирма персоналдарының жұмысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі туристік маркетинг құралдары арсениалында көрме шаралары маңызды орын алады. Олар туристік мекемеге экономикалық, ұйымдық, техникалық және коммерциялық ақпараттарды қолжетімді бағасында бір уақытта таралуына және алынуына үлкен дәрежеде мүмкіндік береді. Көрме шаралары белгілі бір сала дамуының айнасы, ақпарат биржасы, баға термометрі, коньюнктуралық өзгерістерді болжау құралы болып табылады. Сондай-ақ экономикалық, саяси және әлеуметтік тақырыпша құбылысы болып табылады. Шын мәнінде туристік мекеме (экпонент) клиентті көрмеге қатысуды таң қалдыратын уайымға қалдыру үшін көптеген мүмкіндіктерге ие, мысалы, шоу программаларды, лотереяларды ұйымдастыру және т.б.

1 Көрме шараларының сипаттамасы

Қазіргі туристік маркетинг құралдарының ішінде көрме шаралары ерекше орын алады. Олар туристік мекемеге экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, коммерциялық ақпараттар алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Көрме шараларын сала дамуының айнасы деп айтады.

Көрме жұмысына туристік фирманың қатысуы келесі кезеңдерден тұрады:

1. Көрме шараларына қатысуға шешім қабылдау.

2. Көрме шараларына фирманың қатысу мақсаттарын анықтау.

3. Фирма қатысатын нақты көрмені таңдау.

4. Дайындау-ұйымдастыру кезеңі.

5. Көрменің жұмысында жүргізілетін әрекеттер.

6. Көрме жұмысында фирманың қатысу нәтижесіне талдау жасау.

Көрме шаралары  белгілі бір сала дамуының айнасы, ақпарат  биржасы, баға термаметоры, конъюнктуралық өзгерістерді болжау құралы болып табылады, сондай-ақ экономикалық, саяси және әлеуметтік  тақырыпша құбылысы болып табылады.Шын мәнінде туристік мекеме (экспонент) клиентті  көрмеге қатысуды  таң қалдыратын уайымға қалдыру үшін көптеген мүмкіндіктерге ие, мысалы, шоу-программаларды, лотереяларды ұйымдастыру арқылы және , т.б.

Көп уақыттан бері белгілі бір коммуникациялық қызметтің жеке бағыты  болғанмен, көрмеге және жәрмеңкеге қатысу , жарнама (баспалы, қалқанды, көрмелер, т.б), насихат, жеке сауда (стендшілердің жұмысы) , өтімділікті ынталандыру (сувенирлерді тарату, жеңілдіктерді ұсыну)  сияқты маркетингтік коммуникация кешенінің негізгі құралдарының және амалдарының бірыңғай күрделі  кешені.

Қазіргі кезде «көрме» және «жәрмеңке» терминдерінің мағынасы өте жақын болғандықтан олар синоним сөздер ретінде қарастырылып жүр. Ұқсас жақтары (ұйымдасқан нарыққа адрестілігі, ұзақтығының шектеулігі, нақты орындардағы периодты өткізілуі және т.б), эволюция негізінде қалыптасты, олар өзіндік бір конвергенция жөнінде айтуға мүмкіндік береді.Сондықтан біз бұл шараларды жеке дара қарастырмаймыз.бірақ сонымен қосақалған айырмашылықтарды белгілеп өткен жөн, негізінен, ұйымдастыру жоспарында.

Осылайша, Халықаралық көрме бюролары  көрменің негізгі мақсаты көпшілікті адамзат қолымен істелінетін және адамның белгілі бір қызмет саласындағы және оның болашақ ойларын жүзеге асыратын бір немесе бірнеше қажеттілігін өтеуге арналған  құралдарды көрсету арқылы білім беру.

Туристік өнімге деген клиенттердің қызығушылық деңгейі мамандандырылған көрмелерде жоғары болып келеді. Олардың ішінде нақты бір аймақтың турөніміне байланысты («Туризм және Саяхат»), сыртқа шығатын туроператорлар үшін (FITUR (Мадрид); BIT (Милан), POW WOW (АҚШ-ң бір қаласы) және тағы басқалар.

Көрме-жәрмеңке іс-шаралары:

-  тұрақты тұтынушыларға осы немесе басқа елге, аймаққа саяхат жасауға мүмкіндік береді;

-  ұсынылған турөнімдерге назар аудартады;

-  шетел туристерінің осы ел (аймақ) туралы көзқарасын кеңейтеді, оларға елдің туризм саласының дамуын тұрақты қамтамасыз етуге арналған бағыттар бойынша туристік саясат және өлшемдер туралы мәлімет береді;

-  туристік кәсіпорын және әкімшілік өкілдерімен контакт құруға, серіктестік және сатылым бойынша келісімдерді жасауға көмектеседі;

-  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен контакт құруға, олардың көмегін мүмкіндігінше пайдалана отырып туристердің осы елдің туристік потенциалы жайлы көзқарастарын кеңейтуге жәрдем береді;

-  туристік ұйымдардың озық тәжірибесі мен жарнамасын зерттеуге мүмкіндік береді;

-  бәсекелесуші туристік бағыттардың ұсыныстарын, олардың ұсынған ұқсас туристік өнімдерін талдауға зор мүмкіндік береді;

-  қазіргі сұранысты анықтап, оның даму болжамын жасап береді;

-  туризм нарығы конъюнктурасының жай-күйі жайлы мәлімет береді.

Сауда-өнеркәсіп көрмелері бүгінде бизнестің дағдалы элементіне айналды. Өнімін жылжытуға қызығушылық білдірген кез келген компания көрмеге қатыспай жанынан өтіп кете алмайды. Оның алдында қандай мақсаттар тұр? Көрмеде сұрақ-жауап жүргізген кездегі нәтижелері былай болды: экспоненттердің 70%-ң негізгі мақсаты – компанияның нарықта орнауы мен өз имиджін сақтау.