Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар
Соғыс
жылдарында майдан өңірінен басқа ұлт
өкілдерін Шығысқа көшіру жүргізілді.
Қазақстанға соғыс жылдары 532 мың адам
көшіп келді.
Орал
мен Сібірдегі қорғаныс құрылысын салуға
республикамыздан 700000 адам қатысты. Оның
200 мыңы қазақтар болды. Соғыс кезінде
Ембіде, Кенді Алтайда, Қоңырат кеніштерінде
чешендер мен ингуштар еңбек етті.
Соғыстың
алдында Қазакстанға 102000 поляк, Ресейдегі
өмір сүруін тоқтатқан автономиялы неміс
облысының таратылуына байланысты 360000
неміс күшпен әкелінді. Бұдан басқа қиын
уақытта чешен, ингуш, балқар, қырым
татарлары т.б. ұлт өкілдері Қазақстанға
көшірілді. 1946 жылғы деректер бойынша,
Қазақстанға барлығы 890698 адам көшіріліп
орналастырылған.
Бұл
жағдайлар Қазақстанды көп ұлтты
мемлекетке айналдырды. Қазақ елі осылай
қиын-қыстау уақытта талай ұлт өкілдеріне
пана бола білді.