Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
653.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.74 Кб
Скачать

Соғыстың аяқталуы

Ұлы Отан соғысы осылай Кеңестер Одағы жеңісімен аяқталды. Шешуші «Берлин» операциясына көптеген қазақстандықтар қатысты. Кеңестер Одағынын, батыры С. Нұрмағанбетов Берлин үшін шайқаста әскери бөлімнің бірін басқарды. Ол ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарды. «Берлин» операциясына Т. Бигелдинов, X. Қайдауов, 3. Тұрарбеков, X. Көбеков, А. Еремеев т.б. қатысты.

Р. Қошқарбаев және Г. Булатов рейхстаг төбесіне жеңіс туын тікті. Рейхстагқа ту тіккендер қатарында қазақстандық Х. Мәденов пен Р. Қаражанов та болды.

Қазақстандықтар осылай Ұлы жеңіске өз үлестерін аямай қоса білді.

500-дей қазақстандық Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Оның 98-і қазақ.

Т. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов, С.Д. Луганский екі мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды. Барлығы ұшқыш болған бұлар 200-ден астам әуе шабуылына қатысқан. Ұшқыш И.Н. Кожедуб үш мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды.

Кеңестер Одағының батыры атағын алғандардың ішінде қос қазақстандық  қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова болды. М. Мәметова пулеметші, ал Ә. Молдағұлова мерген болды.

Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан  айырылды. 600000-ға жуық қазақстандық майданда Шейіт болды.

 

Жапон милитаристеріне қарсы соғыстағы қазақстандықтар

Квантунь армиясына қарсы соғысқа қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қиыр Шығыстағы соғысқа Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясы қатысып, ерекше ерлік көрсетті. 2027 қазақстандық ордендер мен медальдарга ие болды. 1945 жылы 10 тамызда қазақстандық  ұшқыш М. Янко Гастеллоның ерлігін қайталады.

Жапонияның тізе бүгуімен II дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Соғыстың аяқталуы, фашистік режимді құлату бағытында ең алдымен КСРО шешуші рөл атқарды. Оның  ішінде Қазақстанның үлесі зор болды.

 

Майданға және азат етілген ауданға көмек

Қазақстан халқы майданды әскери техникамен жабдықтауда көп көмек көрсетті. Шымкент теміржол комсомолдарының бастамасымен жастар қаржы жинап, 1942 жылы Сталинград майданына «Қазақстан комсомолы» деген 45 танк жасап жіберді.

Қазақ КСР-де соғыс жылдары «Кеңестік Қазақстан», «Қазақстан мұнайшысы», «Түркісібші» т.б. танк колонналары мен авиация эскадрильялары дайындалды. Ол үшін халық ерікті түрде 480 млн сом жинады. Оқушылар 4 млн сом қаржыны «Қазақстан пионері» танк колоннасына жинаса, С.М. Киров атындағы ҚазМУ студенттері «Кеңестер студенті» танк колоннасына 600000 сом жинады. «Қазақстан комсомолы» ұшағын жасауға жастар 3 млн сом қаржы жинады. Алматылықтар 1943 жылы Кеңестер Одағының батыры С. Луганскийге 400000 сомға жана ұшақ жасап берді.

Сталинградтағы «Красный Октябрь» зауыты мен  трактор зауытын Қазақстан комсомолы өз қамқорлығына алды. 1943 жылы 1439 комсомол мүшесі аталған зауыттарды қалпына келтіру үшін аттанды. Соғыстан қатты зардап шеккен 12 қала мен 45 ауданды Қазақстан еңбекшілері қамқорлығына алды. Соғыстан қатты қираған аудандарды қалпына келтіру жолында Қазақстан халқы өте көп көмек көрсетті.

 

Ғылым мен мәдениет - майданға

Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» құрылды. Комиссия  құрамында А.А. Байков, В.Л. Комаров, В.К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мендельштан, А.Н. Бах т.б. академиктер жұмыс істеді.

Академик А.С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып, «Батырлар жыры» атты еңбек  жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ.И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше  екпінді еқбек етті. Соғыс жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты,  Шымкент технология институты, дене шынықтыру институты т.б.

90-ға жуық акын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды.

Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман-эпопеясыныңі кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғанда, «Иван Грозный» кітабын жазды.

Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кинокартина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар.

Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Г. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.