- •Қазақстан республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
- •Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден
- •Реферат
- •Мазмұны
- •1 Монолит бетон жасауға арналған модифиКАциЯланған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиЯсын әзірлеу
- •Цементті механикалық-химиялық белсендіру
- •Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру
- •1.3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы
- •1.4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар
- •1.5 Буып-түю және таңбалау
- •1.6 Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары
- •1.7. Қабылдау ережелері
- •1.8 Бақылау әдістері
- •1.9 Тасымалдау және сақтау
- •1.10 Дайындаушының кепілдігі
- •2 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру технологиясы
- •2.1 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру бойынша технологичлық регламент
- •Бақылау әдістері
- •Қолдану бойынша нұсқаулар
- •Қорытындылар
2.1 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру бойынша технологичлық регламент
Сапасы жоғары керамзитобетон алу үшін мыналарды қолданылу керек:
- қысу кезіндегі беріктігі кемінде 53 МПа ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл, құрамындағы күл-тозаң 30 % аспайды; суперпластификатор С -3 3 % аспайды; қатаюды жылдамдатқыш 2 % аспайды;
- бөлшектелген керамзит ұсақтас, СТ РК 948 бойынша құйылу тығыздығы 530 кг/м3 артпайды және қысу кезіндегі тығыздығы кем дегенде 4,5 МПа;
- табиғи құм, жуылған ГОСТ 8736 бойынша, керамзит құм СТ РК 948 бойынша, вермикулит құм.
Бастапқы материалдардың ылғалдылығын бақылау үшін ылғал бергіштерді пайдалану ұсынылады. Нарықтағы қолжетімді ылғал бергіштердің ішінде ауытқушылығы төмені (0,1%) Hydronix ағылшын фирмасының сандық ылғал бергіштері. Бұл фирманың HМ06 және НР-02 сандық ылғал бергіштерімен сусымалы материалдардың ылғылдылығын өлшеу үшін оларды конвейерге орнатады.
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлді судың бір бөлігімен қосып алғашқы араластыру ұсынылады, кейіннен бетонараластырғышқа құм, содан кейін керамзит және судың қалғаны енгізіледі. Бетон қоспасын тасымалдау, салу және нығыздау нақты құрастырмаларды дайындау технологиясы жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес қарапайым тәсілдермен жүргізіледі. Құрастырмаларда бетонның қатаю шарттары бойынша температураның кенеттен өзгеруін және қажетті беріктікке жеткенге дейін бетон бетінің қатуын болдырмау керек.
Бетон қоспасына қойылатын талаптар.
Бетон қоспасы ГОСТ 7473 талаптарына сәйкес болуы және нормаланған сапа көрсеткіштерінің барлығы бойынша талаптарды қанағаттандыратын бетон алуды қамтамасыз етуі тиіс. Қоспа түйірсіз және қойыртпақсыз гомогенді қоюлықта болуы, түрлі қасиет кешендерімен және жоғары сапа кепілдігімен бетон алу мүмкіндігін беретін монолит құрастырмалар мен бұйымдар жасаудың жоғары технологиялығына ие болуы керек.
Қысқы уақытта бетон қоспасы оң температуралы болуы және жылытылған толықтырғыштар мен суда дайындалуы керек. Қосылатын судың ең жоғары рұқсат етілген температурасы 400С, толтырғыштардың - 200С.
Бетон қоспаларының техникалық сипаттамалары – салуға қолайлылығы, орташа тығыздығы, қабыршықтануы және қозғалғыштығы - ГОСТ 10178 бойынша.
Жеңіл бетонға қойылатын техникалық талаптар. Керамзитобетон өтетін қажетті сынақтардың тізбесі ГОСТ 25820 сәйкес белгіленеді.
Бетон дайындаушы кәсіпорын бекіткен технологиялық құжатқа және осы технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес дайындалуы керек.
Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитобетон беріктігі бойынша мынадай дәрежелермен сипатталады:
- жылуоқшаулағыш В2;
- құрастырмалы-жылуоқшаулағыш – В5, В7,5, В10;
- құрастырмалы – В12,5, В15, В20.
Вариация коэффициенті 10 % жағдайында қысу кезінде және қамтамасыз етілуі 95 % болғанда, бетонның орташа беріктігі 5-кестеде көрсетілген мәндерден кем болмауы тиіс.
Бберіктігі бойынша дәрежесіне сәйкес келетін бетонның көнелігі, құрастырмаларды жобалау кезінде оларды жобалық жүктемелермен жүктеудің ықтимал нақты мерзімдері, құрастырмаларды тұрғызу тәсілі, бетонның қатаю шарттары ескеріле отырып тағайындалады . Бұл деректер болмаса, бетонның дәрежесі 28 тәулік көнелікте белгіленеді.
Бетондар орташа тығыздығы бойынша құрғақ күйінде D1200, D1300, D1400, D1450 маркаларға бөлінеді.
Аязға төзімділігі бойынша F25, F35, F50, F75, F100 маркалары белгіленеді.
Бетонның құрғақ күйіндегі жылу өткізгіштік коэффициенті 250С температура кезінде бұйымның нақты түріне берілетін нормативтік және жобалық құжаттамалардың талаптарына, ал бұл талаптар болмаса - ҚНжЕ II-3 сәйкес болуы тиіс.
5 –кесте. Бетон беріктігінің нормативтік көрсеткіштері (ГОСТ 26633)
Қысу кезіндегі беріктігі бойынша бетонның дәрежесі |
Бетонның берілген дәрежедегі орташа беріктігі, Rсж, кгс/см2 |
Бетонның беріктігі бойынша жақын маркасы |
Бетонның жақын маркасының орта дәрежелі беріктіктен ауытқуы, % |
В5 |
65,5 |
М75 |
+14,5 |
В7,5 |
98,2 |
М100 |
+18,0 |
В10 |
131,0 |
М150 |
+14,5 |
В12,5 |
164,0 |
М150 |
+8,4 |
В15 |
200,0 |
М200 |
+1,8 |
В20 |
262,0 |
М250 |
-4,6 |
Монолит құрастырмалардың жеңіл керамзитобетонына арналған жылуөткізгіштік коэффициенті мынадай шектерде болуы тиіс:
- кварц құмда – 0,35-0,37 Вт/(м∙К);
- керамзит құмда– 0,34-0,35 Вт/(м∙К);
- вермикулит құмда – 0,32-0,33 Вт/(м∙К).
