
- •Қазақстан республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
- •Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден
- •Реферат
- •Мазмұны
- •1 Монолит бетон жасауға арналған модифиКАциЯланған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиЯсын әзірлеу
- •Цементті механикалық-химиялық белсендіру
- •Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру
- •1.3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы
- •1.4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар
- •1.5 Буып-түю және таңбалау
- •1.6 Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары
- •1.7. Қабылдау ережелері
- •1.8 Бақылау әдістері
- •1.9 Тасымалдау және сақтау
- •1.10 Дайындаушының кепілдігі
- •2 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру технологиясы
- •2.1 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру бойынша технологичлық регламент
- •Бақылау әдістері
- •Қолдану бойынша нұсқаулар
- •Қорытындылар
Қазақстан республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі
«ҚАЗҒЗСТҚСИ» РМК
ӘОЖ 666.973.2
Мем. тіркеу № 0110РК00162
БЕКІТЕМІН «ҚАЗ ҒЗСТҚСИ» РМК
бас директорының орынбасары
_________ М.С. Абақанов
« » 2011 ж.
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден
монолит бетон әзірлеу» (II кезең)
(аралық)
Жұмыстың жетекшісі
техн. ғыл. док., профессор К.А. Нұрбатыров
Жұмыстың жауапты орындаушысы,
техн. ғыл. канд. А.А. Родионова
Алматы, 2011
Реферат
Есеп 42 бет, 3 сурет, 5 кесте, 27 атаудан тұратын әдеби көздер тізімін қамтиды.
МОНОЛИТ КЕРАМЗИТБЕТОН, ҰСАҚ ТАРТЫЛҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ, ТЕХНОЛОГИЯ, ӨНДІРІС ПАРАМЕТРЛЕРІ.
Зерттеулер нысаны –ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған жеңіл бетон.
Зерттеулердің мақсаты - ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл және монолитті құрылысқа арналған жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған жеңіл бетон өндіру технологиясын әзірлеу.
Зерттеулердің міндеттері технологиялық параметрлерді оңтайлау, ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл және оның негізінде керамзитбетон өндірудің технологиялық регламентін әзірлеу болып табылады.
Негізгі технологиялық параметрлер оңтайландырылды және суды аз қажет ететін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл мен монолит керамзитбетон өндірудің регламенттері әзірленді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетон бетон қоспасының салуға қолайлылығымен және қатаю мерзімінің басында-ақ беріктігінің артуымен ерекшеленеді, бұл қоспаны бетонсалғыштарды дірілдетпей-ақ салуға мүмкіндік береді. Механикалық белсендірілген ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің беріктігі бойынша талаптар, бақылау әдістері, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау, өндірушінің кепілдіктері келтірілген.
Аралық есеп.
Мазмұны
КІРІСПЕ......………………………………………………………….……
|
5 |
1 МОНОЛИТ БЕТОН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН модификацияланған БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ....….………………… 1.1.Цементті механикалық-химиялық белсендіру...…………………... 1.2 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық параметрлерін оңтайландыру………………………….. 1.3 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиялық схемасы..................……………………………………… 1.4 Модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлге қойылатын талаптар…………………………………… 1.5 Буып-түю және таңбалау.....................……………………………… 1.6 Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары....…………. 1.7 Қабылдау ережелері………………………………………………… 1.8 Бақылау әдістері…………………………………………………….. 1.9 Тасымалдау және сақтау..........……………………………………... 1.10 Дайындаушының кепілдігі........................…………………………
|
7 7
10
11
18 19 20 21 23 23 23
|
2 ұсақ ТАРТЫЛҒАН БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЦЕМЕНТКҮЛден МОНОЛИТ КЕРАМЗИТБЕТОН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ...…... |
24 |
2.1 Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден монолит керамзитбетон өндіру бойынша технологиялық регламент…….…… |
26 |
2.2 Бақылау әдістері…….………………………………………………. 2.3 Қолдану жөніндегі нұсқаулар……………………………………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ..........……………………..
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………..
|
28 29
30
32
35
|
КІРІСПЕ
Жайлылығы жоғары деңгейлі жылуұстағыш тұрғын үйлер құрылысын дамыту 2010-2014 жылдарға арналған ГПФИИР аясында құрылысты индустриалды дамытудың ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өткені тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жылутехникалық қасиеттері және тиісінше жылуұстағыштығы қазіргі заманғы жылутиімділігі жөніндегі талаптарға сай емес. Қоршау құрастырмалары арқылы жылу жоғалту 30-35 % дейін жетеді, бұл 6,82 млрд кВт-сағ. құрайды.
Энергия сақтау және ұзақ мерзімділік бойынша жоғарғы талаптарға жауап беретін тұрғын үйлер салу аумағында климаты суық және жоғары сейсмикалық қаупі бар аймақтардың болуына байланысты Қазақстан үшін айтарлықтай проблема болып отыр. Материал қажеттілігін, құрылыстың құнын төмендетуді және ғимараттарды пайдалану кезінде қажетті энергияның сақталуын қамтамасыз ететін жоғары бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін неғұрлым прогрессивті жаңа технологияларды ендіру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезеңде индустрияландырудың, көпшілік тұрғын үй мен азаматтық құрылыс көлемін арттыру және сапасын жақсартудың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылатын жеңіл керамзитбетонды пайдаланып салған монолитті құрылыс экономикалық жағынан тиімді деп танылып отыр
Портландцементтен және дәстүрлі толтырғыштардан жасалған монолит бетонның жылутехникалық қасиеттері сенімді жылу сақтауды қамтамасыз етпейді. Бұл міндеттерді шешудің анағұрлым перспективалы бағыттарының бірі байланыстырғыш цементкүл жасалатын күл-тозаңды пайдалану болып табылады. Табиғи құмға қарағанда күл химиялық жағынан анағұрлым белсенді, бұл цементті үнемдеуге мүмкіндік береді, ол жеңіл және одан жасалған қоршау құрастырмалары жылы болады. Құрғақ күлді қолданудың болашағы зор, ол өте біркелкі, гидравликалық белсенді және технологиясы жоғары. Құрғақ күл қатпайды және оны өндіріске пневматикалық көлікпен беруге болады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері және көпжылдық құрылыс тәжірибесі тиімді технология құрамына суперпластификаторлар мен бытыраған ұсақ толтырғыштар кіретін көпқұрамды бетондарды қолдануды болжайды. Сондықтан бетон технологиясы үшін күл-тозаңды қолданудың маңызы ерекше, ол гидравликалық белсенді, қиыршықтарының сферикалықтығының арқасында бетон қоспасын қабаттандырады, түйіршікметрлік құрамының жинақталуы есебінен оның байланысуын және салуға қолайлығын арттырады, бұл цемент шығынын азайтуға және құрылыстың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Күлді пластификатордың және суперпластификатордың органикалық қоспаларымен бірге қолдану бетон қоспасының суды қажет етуін одан да төмендетуге және бетон сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жұмыс «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК жасалған 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 03-03/10 шарт бойынша орындалуда. Орындау мерзімі – 2010 жылғы сәуір-2011 жылғы желтоқсан.
Зерттеулердің мақсаты - жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған жеңілдетілген монолит бетонның жылусақтағыш технологиясын әзірлеу.
2010 жылы цементті, күл-тозаң мен суперпластификаторды қосып тартудан алынатын, суды аз қажет ететін ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл құрамдары әзірленді. Байланыстырғыштың тартылу ұсақтығының бетонның қалыпты шоғырына, қатаю мерзіміне және беріктену қарқындылығына әсері зерделенді.
Байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетон қоспасы суды аз қажет ететіндігімен сипатталады, қабыршықтанбайды, бетонның жоғары біркелкілігін қамтамасыз етеді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлдің және бетонның түрлі температуралық жағдайларда беріктену қарқындылығына суперпластификатор мен қатаюды тездеткіштер қоспаларының әсері зерделенді. Ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүлден жасалған керамзитбетонның бүліну-беріктік қасиеттері, түрлі құмдарды қолданып алынатын керамзиткүлбетонның жылу-физикалық қасиеттері зерттелді.
2011 жылғы қаңтар-наурыздағы аралық есепте алынған керамзитбетон туралы, оның ауаға төзімділігі, суға төзімділігі, аязға төзімділігі жоғары және ылғалдану-құрғау ауыспалы жағдайына төзімділігі туралы мәліметтер берілген болатын. 1450-1430 кг/м3 тығыздық және беріктігі бойынша М200-М250 марка жағдайында керамзитбетонның сусіңіргіштігі 2,5 %, жұмсару коэффициенті 0,91-0,95, аязға төзімділігі F100 құрады. Алма-кезек 90 цикл ылғалдау-құрғату жүргізгеннен кейін бетон құрылымында өзгеру құбылыстары байқалған жоқ.
Бұл есепте шартқа қосымша жасалған күнтізбелік жоспарға сәйкес 2011 жылғы сәуір-шілдеде монолиттік керамзитбетон жасауға арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл өндірісінің технологиясын әзірлеу бойынша орындалған зерттеулердің нәтижелері келтіріліп отыр. Механикалық белсенді байланыстырғыш цементкүлдің беріктігіне қойылатын талаптар, бақылау әдістері, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптары, дайындаушының кепілдіктері келтірілді.
Алдағы мерзімде монолит бетон жасауға арналған модификацияланған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементкүл тәжірибелік тобын шығару және оны қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.