Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.97 Кб
Скачать

«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» жшс

«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС Ақтөбе облысының және күплі Қазақстанның құрылыс индустриясына металл құрылысын жаппай енгізу үшін жобалау, әзірлеу және жеткізу мақсатында 2001 жылы 1969 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ақтөбе тәжірибесінің жөндеу-механикалық зауытының базасында құрылды.Байырғы зауыттың негізгі бағыты- құрылыс индустриясы сақталып қалынды.Осы заманғы құрылыс материалдарын шығаратын зауыт Қазақстанның батыс аумағында металл құрастыру жөнінде көш басында тұр. Кәсіпорынға шикізат Қазақстан және Ресей кәсіпорындары арқылы жеткізіледі. Жылына 2800 тонна металл құрастыру, 24000 метр2 панельсэндвичін өндіре алатын қуаты бар зауыт өнімдері Қазақстанның барлық облыстарына, ТМД және басқа мемлекеттерге кеңінен танымал. Меншік түрі-жеке.

«КТП»ЖШС

1995 Жылы құрылған «ктп»жшс: құрылыс жөндеужұмыстарын жүргізу және құрылыс материалдарын шығаруң металл-черепицаларын және металл бұйымдарын өндіру және коммерциялық –делдалдық қызметпен айналысады.

«КТП»ЖШС-ның негізгі қызмет түрлерінің бірі құрылыс. ЖШС-ның 2005 жылдың 28 сәуірінде алған құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау, құрылыс жөндеу жұмыстарын жүргізу,жол құрылыстар салу,күрделі жөндеу және қайта жарақтандыру жұмыстарына алған №000059. 28.04.2005 ж. Мемлекеттік лицензиясы бар.

«ЛАД»ЖШС

«ЛАД»ЖШС әйнектерді қараңғылау, сыр-бояу өнімдері мен тротуарлық плиталар,ағаш және пластмассалық бұйымдар, корпустық жиһаздар, ортопедиялық матрацтар мен әйнектер әзірлеп,ауыл шаруашылық өнімдері және құрылыс материалдарын өткізумен айналысатын салалардың басын біріктіретін бас кәсіпорын.

Кәсіпорын бұған дейін Ақтөбе қаласы АХҚЗ (АЗХС) аумағындағы өндірістік аймақта айына 30мың тонна мұнай өңдейтін мұнай өңдеу зауытын іске қосты.

«ЛОТОС –АҚТӨБЕ» ЖШС

«Лотос-Ақтөбе»ЖШС жылына 60мың дана силикатты кірпіш өндіріп,ішкі рыноққа жөнелтеді.

«ЭКОТОН БАТЫС»ЖШС

«Экотон-Батыс» ЖШС салып жатқан ұяшықты бетоннан блок өндіретін зауыттың Қазақстанның батыс өңірінде аналогы жоқ.Немістің «YTONG international GmbH» компаниясының озық технологиясымен шығарылатын ұяшықты бетон-жылу сақтайтын, өрттен қауіпсіз, экологиялық жағынан өте таза заманауи құрылыс материалы. Сазды кварц құмы кенішін игеру мақсатында салынған зауыт өнімдері еліміздің батыс өңірі мен жақын шетелге шығарылмақ. Жылына 160,0 мың текше метр өнім өндіретін қуат бар зауыт іске қосылған кезде жылына 10,0 млн№АҚш долларының (1,2 млрд. теңге) өнімін өндіреді. Жоба кәсіпорынның өз қаржысы және Қазақстанның Халық Банкі несиесі арқылы қаржыландырылып отыр.

«Экотон батыс»ЖШС-ның құрылтайшысы –астаналық «Экотон+» АҚ.Меншік түрі –жеке.

«АҚТӨБЕСТРОЙИНДУСТРИЯ»АҚ

Ұяшықты бетон өнімдерін өндіру зауытын салу үшін құрылған «Ақтөбестрой Индустрия» АҚ 2005 жылы құрылды. Құрылтайшысы-«Фирма Жігер» ЖШС Меншік түрі-жеке.АҚ өнімдері негізінен Қазақстанның батыс облыстарына тарайды.

«АҚТӨБЕТҰРМЫСЖИҺАЗ»ЖШС

Негізінен ағаш бұйымдарын дайындаумен айналысатын «Ақтөбетұрмыс жиһаз»ЖшС терезе және есік жақтауларын көптеп шығарады. Кәсіпорын өнімдері Ақтөбе облысына тарайды. Меншік түрі жеке.

Кітап газет және қағаз өнімдерін шығаратын «А-Полтграфия» ЖШС соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған қуатты кәсіпорын.

«А-Полиграфияда» бірінеше республикалық және облыстық , аудандық газеттер басылады. ЖШС өнімдері Ақтөбе,Атырау Батыс Қазақстан облыстарына тарайды.