Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.97 Кб
Скачать

«Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ақ

«Ақтөбехром қосындылары зауытының (АЗХС) құрылысы КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 1949 жылы басталып, 1957 жылы шілде айында бірінші кезегі пайдалануға берілді. 1960жылы толық қуатпен жұмыс істей бастады. 1963 жылы өндірістік қуаттың 2-ші кезегі (монохроматты және биохроматты өндіріс жіберілді. Екінші кезек іске қосылғанда зауыттың қуаты 3 есеге өсті. 1966 жылы мемлекеттік комиссия реактивті тұз цехын қабылдады.1974 жылы осы цехтың алаңында алюминийхромфосфат қосындыларының өндірісі,ал 1970 жылы мырыш-молибден өндірісі іске қосылды. 1995 жылы хром ангидритін өндіретін бөлім және күлгін түсті натрий өндіретін цех пайдалануға берілді

1995 жылы зауыт «АЗХС» АҚ болып қайта құрылды, бұл оған шетелдік фирманың инвестициясын тартуға мүмкіндік туғызды.Зауытта өндіріс қуатын арттырумен қатар технологиялық процестерді жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, автоматтандыру, механизациялау, өндірістің қауіпсіздігін арттыру,қалдықтарды пайдалану жолында көптеген жұмыстар жасалып жатыр.Монохроматты өндіріске жаңа технолгия енгізілді. Соның есебінен жер асты суына кететін уытты қоқыс көлемі 3-3,5 есеге азайды.

КСРО Министрлер кеңесінің Қаулысымен 1984-1986 жылдар аралығында жер асты су көздерін хромнан тазарту және локолизациялау станциясының бірінші кезегі салынды. Сол жылдан күні бүгінге дейін «АЗХС» АҚ 40 метр тереңдіктегі 9 ұңғыдан тұратын жер асты су көздерін локализациялау станциясына қызмет көрсетеді.

Өте сапалы,тұтынушылардың сұранысына сай өнім өндіруінің халықаралық рыногында лайықты орнын тапқан «АЗХС» АҚ әлемнің 48 елінің компаниясымен табысты сауда жасап келеді.

Кәсіпорында 2003 жылдан бастап ИСО 9001: 2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесі жұмыс істейді.Табиғатты қорғау мақсатында 2005 жылдың наурызынан бері кәсіпорында ИССО 14000:2004 стандартының талаптарына сай келетін қоршаған ортаны қорғау менеджмент жүйесі һәм талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау менеджменті жүйесі енгізілді.

«Көктас –ақтөбе»ақ

Қазақстандағы ең ірі рудалық емес құрылыс материалдарын өндіретін «Көктас Ақтөбе»АҚ-көп салалы компания. Бүгінде кәсіпорын Қазақстанның батыс өңірінің рудалық емес материалдарға (Диабазалық қиыршық тас, құм, кварцтық құм, құрылыс тастары, әктас, т.б) деген сұранысының 80% -ын қанағатандырып отыр. Бұл салада елу жылдық бай тәжірибесі бар компания бұған қоса жылына 80 млн дана селикатты кірпіш шығарады. Сондай – ақ кәсіпорын миниралды және ішетін су өндіріп сатады. Өзінің Ауылшаруашылық өнімдерін өнідіретін шаруа қожалықтары да бар. Компания ҚР индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында мықты дамып келеді. Оның ішінде кальциленген сода және бейметалл құбырлар өндіретін фабрика салу туралы жоба да бар.

«Рамазан» жсш

Қазақстанның азық-түлік рыногындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рамазан» ЖШС 1997 жылы құрылды. Бүгінгі таңда «Рамазан» сауда маркасымен ұнның барлық түрлері, макарон өнімдері, жарма, нан, нан және кондитер өнімдері, жұмыртқа сатылады. «Рамазан» ЖШС-ның екі ауылшаруашылық кәсіпорны, үш элеватор, диірмен, макарон және жарма цехі, нан зауыты, наубайхана, құс фабрикасы, автопаркі, фирмалық дүкендер жүйесі һәм қосымша өндіріс орындары бар. Шикізат көзін негізінен өз өндірісі мен облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерден алады. Кәсіпорын жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы өндірілетін өнім түрлерін көбейтіп келеді.

«Рамазан» ЖШС-ның өнімдері Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында үлкен сұранысқа ие. Оның тұтынушыларының қатарында аталған облыстар тұрғындары мен қатар ұнды шикізат ретінде пайдаланатын өндірістік кәсіпорындар да бар. Қазақстанның батыс өңірінде жұмыс істейтін «ЮСССупорт Сервисез» ЖШС, «Special Oil Projects» ЖШС-лары да «Рамазанның» әріптестері қатарында.

Кәсіпорын Ресейге, Өзбестанға,Тәжікстанға,Қырғызстанға және Ауғаныстанға ұн жеткізеді.

«АҚТӨБЕ МЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖШС

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің эксперттік комиссиясы «Коппер Технолоджи» ЖШС-на Хромтау ауданындағы «Октябрьдің 50 жылдығы» кен орнын игеруге рұқсат бергеннен кейін 2004 жылы болашақ байыту фабрикасының қадасы қағылды. Жобаға 200 млн. АҚШ долларынан астам қаржы тартылып, жылына құрамында 40 мың тонна мыс бар 200 мың тонна мыс концентратының дайын өнімін шығара алатын «Октябрьдің 50 жылдығы» кен орнынның базасында жылына 2,5 млн тонна көлемінде мыс өңдейтін байыту фабрикасының құрылысы аяқталды.

«Октябрьдің 50 жылдығы» кен орнын игеру және кен байыту комбинатын салу үшін «Коппер Технолоджи» мен «Ақтөбе мыс компаниясы» әлемдегі кен өндіруші және металлургия саласы үшін ең соңғы үлгідегі құрал жабдықтар шығаратын компаниялардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, негізгі жабдықтармен технолгиялық регламентті Финляндия «Outokumpu Technology Minerals OY» компаниясы ұсынса, қосымша жыбдықтарды Германиялық «Dobersek» және Ұлыбританялық «Warman» компанияларды жеткізді.

Минералдық шикізат базасын ұлғайту мақсатында «Ақтөбе мыс компаниясы» және «Коппер Технолоджи » ЖШС –лары «Приорское» және «Весение - Аралджинское» мыс-мырыш рудасын кеніштерін игеру жөнінде жарияланған байқауға қатысып, аталған кеніштерді игеру құқығын женіп алды.Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін байыту фабрикасын жылына 2,5 млн тонна руда өңдей алатын екінші кезеңінің құрылысы басталды. 200млн доллар инвестиция салынатын бұл жоба кәсіпорынға мыс өндіруді 60 мын тоннаға, мырыш өндіруді 47 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Компания «Октябрьдің 50 жылдығы» кенішін игере бастағалы бері облыстың әлеуметтік саласымен инфрақұрылымы үшін 1 млн долларға астам қаржы жұмсады.

«АҚТӨБЕ ТЭЦ» ЖАҚ

1939 жылы 17 қарашада КСРО қара металлургиясы Халкомының техникалық кеңесі Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және ТЭЦ құрылысының жобасын бекітіп, Ақтөбе ТЭЦ-ның құрылысы 1941 жылы басталды. Харьков трактор зауыты ТЭЦ, Киев ГРэС-2,Ленинград электростанциясының жабдықтарымен құрастырылған бұл ТЭЦ-ның алдына «Бершүгір» кенішінің көмірімен жұмыс істей отырып, Ақтөбе ферроқорытпа зауытын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету міндеті қойылды. 1943 жылдың 18 қаңтарында станция өндірістік ток беріліп, Ақтөбе ферроқорытпаның алғашқы құймасы алынады.

1962-1966 жылдары 4 бу қазандығы және 2 трубина іске қосылды. Сексенші жылдарда су жылыту қуатын арттыру бағытына ерекше назар аударылды. 1980-1990 жылдар аралығында алты су жылыту қазандығы іске қосылды. Бұл қаланың жылу жүйесін әжептәуір дамытты.Бүгінде ТЭЦ-Ақтөбе қаласын орталықтандырылған түрде жылумен қамтамасыз ететін бірден-бір мекеме. Электр энергиясын өндіріп, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын сағатына 102 МВт электрэнергиясын ,1139 ккал жылу энергиясын өндіреді.

2001 жылы кері осмос қондырғысы (УОО) іске қосылды.УОО-ның көмегімен су тазалау -әлемнің көптеген елдерінде тәжірибеден өткен әдіс. Қазақстанда мұндай қондырғылар үш кәсіпорында ғана-«Ақтөбе ТЭЦ», «ТНК «Казхром» АҚ және «ШНОС» АҚ-да орнатылған.