Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.97 Кб
Скачать

Ақтөбе облысының өнеркәсібі

Ақтөбе облысы жоғары инвестициялық имиджі бар аймақ орталығының бірі болып табылады. Облыста елімізге және одан тысқарыда баламасы жоқ өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейтіндігін біз мақтан тұтамыз. Ақтөбелік тауар өндірушілер өндірісті жан-жақты модернизациялап, жеделдетумен бірге стратегиялық менеджмент пен корпоративті мәдениетті жетілдіріп жатыр.

Аймақ экономикасының одан әрі дамуы өсудің жаңа нүктелерін қамтамасыз ету арқылы өңірдің және күллі еліміздің технологиялық секірісіне негіз болатын макрожобаларды жүзеге асыру жолында жергілікті атқарушы билік пен жеке бизнестің күш-жігерін біріктіруіне байланысты. Бұл оқу-құралы өз оқырмандарын –өлкелік индустриядағы болып жатқан жаңалықтармен озық технологилық жаңа жетістіктермен таныстыруға мол мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының өнеркәсібі: Кеше, Бүгін, Ертең

Ақтөбе облысы 1932 жылдың 10 наурызында құрылды. 2008 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша облыс халқы-703,4 мың адам. Облыс құрамына 12 аудан, 8 қала, 2 поселкелік және 136 селолық огруг,424 елді мекен кіреді. Облыстың орталығы –Ақтөбе қаласы,онда 306,6 мың адам тұрады.

Әлемнің екі бөлігіне –Еуропа және Азия құрамына кіретін Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік батыс білігінде орналасқан. Облыстың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі аумақтың ұзындығы 700 шақырым болса,шығыстан батысқа дейінгі аумақ 800 шақырым шамасында.

300,6 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Ақтөбе облысы аумағының көлемі жөнінен республикада екінші орында.Облыс территориясы бүкіл ел аумағының 11 пайызын құрайды.

Облыс Қазақстанның алты облысымен, сондай-ақ солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялы республикасымен шектеседі. Айта кету керек, Ақтөбе-Қазақстандағы солтүстікте және оңтүстікте ТМД елдерімен тікелей шектесетін бірден –бір облыс.

Ақтөбе өңіріне өнеркәсіп ХХ ғасырдың басында келді. 1913 жылы Ақтөбе уезінің аумағында 114 шағын кәсіпорын жұмыс істеп, онда 313 жұмысшы еңбек етті. Бұл кәсіпорындар диірмендер, май шығаратын,тері және сабын қайнататын өндіріс орындары еді.

1900-1917 жылдарда патша өкіметі Еділ мен Жайық аралығында,батыс Мұғалжар беткейінде, Каспий маңының орталық бөлігінде һәм Оралдың ақтөбелік аумағында іздестіру –барлау жұмыстарын жүргізгені мәлім. Осы жұмыстар кезінде 166 барлау,117 эксплуатациялық ұңғылар қазылды. Қазылған ұнғылардың бәрінен де мұнай табылды .

Отызыншы жылдарда Ақтөбе облысында Шұбарқұдық, Жақсыбай мұнай кәсіпорындары іске қосылды.1934 жылы Алғада химия комбинаты бой көтерді.

Осы кезенде КСРО Ғылым Академиясының алдына металлургия және халық шаруашылығының басқа да салаларының қажеттілігі үшін хромитті руда кен орнын ашу міндеті қойылды. Осы мақсатта Торғай даласында бірнеше жыл іздестіру жүргізген кеңес геологтары өте ірі табысқа қол жеткізді. Мұнда бірнеше жоғары сортты хромитті кен орны табылып, зерттелді. Табылған байлық күткендегіден әлдеқайда асып түсті, кен орны өзінің қоры жөнінен Кеңес Одағын бұл салада бірінші орынға алып шықты. Сәл кейінірек Кемпірсай массивінде никель-кобальт рудасының мол қоры бар кен орны табылды.

1937 жылы «Гигант» кен орны, ал 1938 жылы жаңа кәсіпорын «Донской» руднигі (кейінірек Дең хромит кен басқармасы) ашылып, өз өнімдерімен Челябинск электрометаллургия комбинатының және 1943 жылдан бастап Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қажеттілігін қамтамасыз ете бастады.

КСРО Қара металлургия Халық комиссариатының техникалық кеңесі 1939 жылғы 17 қарашада Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен жылу –электр орталығы құрлысының техникалық –экономикалық негіздемесін бекітті. Ол бойынша 1940 жылы Оңтүстік Кемпірсай хромит кен орнының шикізат базасында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрлысын бастау туралы шешім қабылданды. 1943 жылы Қазақстан қара металлургиясының тұнғышы-Ақтөбе феррорытпа зауыты қатарға қосылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ішкі аймақтардағы көптеген кәсіпорындардың Қазақстан аумағына шоғырландырылғаны мәлім. Осы жылдарда облыс территориясында хром қосындылары зауаты, «Ақтөберентген», «Ақтөбеауылмаш» және силикаты қабырға материалдары,темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауыттар,нан өнімдері комбинаты, кондитерлік және трикотаж фабрикалары дүниеге келді. Әсіресе,Солтүстік кавказ мұнай өндіру кәсіпорындарының уақытша катардан шығып қалуына байланысты Ембі мұнайына деген сұраныс өте жоғары болды. 1965 жылға дейін Ембі бассейнінде ғана мұнай өндірілді.

Кейінірек «Жаңажол» кен орнының аты жиі естіле бастады. Аймақтағы мұнай –газ кен орындарын игеру үшін 1981 жылы мұнай өнеркәсібі министрлігінің шешімімен «Ақтөбмұнай» өндірістік бірлестігі құрылды.

Ақтөбе топырағында Менделеев таблицасында таңбаланған байлықтың көбі кездеседі. Мұнда пайдалы қазба байлықтары бар 340 кен орны бар. Облыс аумағында Қазақстанның көміртегі шикізатының 10% барланған және 30 % болжамданған ресурсы, сондай-ақ отандық хромның түгелдей қоры,никельдің 55%-ы,титанның 40%-ы фосфориттің 34%-ы мырыштың 4,7 % -ы мыстың 3,6 %-ы, алюминийдің 2% -ы көмірдің 1,4 % жатыр.

Облыс 400 млн. тонналық хром рудасының қорымен әлемде екінші орын, 100 млн. тонналық мұнайдың өндірістік қорымен Қазақстанда үшінші орын, ал газ қоры жөнінен төртінші орын алады.

Облыс аумағында алтын,күміс,кобальт,калий тұзы,асбаст,каолин,әйнек және түрлі түсті тас шикізаты,мұнай битумдары,құрылыс материалдары өндірісіне қажетті түрлі шикізаттар, минералды су, тағы басқа көптеген қазба байлықтары жатыр.

Тәуелсіздік алғалы бері осы қазынаны ел игілігіне жарату жолында қыруар шаруалар жасалуда. Өнеркәсіптің өндеу салаларында өте сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ететін жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған индустриялық –инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру облыстың экономикалық дамуының басты басымдығы болып отыр.

Қазба байлығы мол,географиялық жағынан қолайлы орналасқан, үстінен теміржол,республикалық автожол жүріп өтетін және Қазақстандағы ең ірі үш халықаралық әуежайдың бірі орналасқан ақтөбе облысы инвесторлардың көз құртына айналып отыр. Қазір облыста Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Дания, Түркия және басқа елдердің компаниялары мен бірлескен кәсіпорындары табысты еңбек етіп жатыр. Елбасы «Қазақстан экономикасының «локомотиві» деп атаған өнеркәсіптік әлеуеті орасан зор облыс бүгінде республикада көшбасшылардың бестігіне кіреді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз»АҚ, « Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ, «Ақтөбе рентген » АҚ , Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Казхром» ТҰҚ» АҚ және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өнімдері алыс және жақын шетелдік рыноктарда үлкен сұранысқа ие.

Әлемнің 93 мемлекетімен сауда-саттық жасайтын облыстың өнімдерін 52 мемлекет тұтынады, ал осы өңірге 81 ел өз өнімдерін жеткізіп отыр. Бүгінде Ақтөбе облысының аумағында 578 шетелдік компаниямен біріккен кәсіпорындар жұмыс істейді. 2007 жылғы Ақтөбе облысы мен Орынбор облыстарының арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық қарым-қатынастар жөніндегі Келісім-шартқа сәйкес шекаралас аумақтардағы кәсіпорындардың әріптестігі нығайып келеді. Жыл сайын Ақтөбе қаласында өтетін «Еуропа-Азия: Шекарасыз әріптестік» және «Ақтөқбе өндіріс құрылыс индустриясы»атты көрмелері Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықты бекіте түседі.

Аймақта өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің үлесі жалпы республикалық көрсеткіштің 8,5% -ын, ІЖӨнің 53,9 % -ын құрайды. 2007 жылы тұңғыш рет өнеркәсіп өнімінің көлемі 600 миллиардтық шектен асып,643,9 млрд. Теңгеге жетті. 2008 жылы ол 700,0 млрд. Теңгеге жетеді. Таяу жылдарда триллиондық межені де бағындырылмақ. Соның арқасында Елбасының «2013 жылы республикада әр адамға шаққандағы ішкі жылпы өнім көлемі 7 мың долларға жетуі керек» деп елбасы белгілеген межеге жетті.

Негізгі табыс тау-кен өндірісі есебінен. Атап айтсақ, мұнай және табиғи газ, металл рудалары, хром және мыс-мырыш концентратын өндіруден түсетін пайдадан болып отыр.

Бұл саладағы ең ірі кәсіпорындардың бірі-облыста өндірілетін мұнайдың 75 пайыздан астамын беріп отырған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ. Қытайлық инвесторлар тізігінін ұстаған 10жыл ішінде кәсіпорын тәуелсіз еліміздің, соның ішінде Ақтөбе облысының эконмикалық әлеуетінің артып,әлеуметтік саласының дамуына зор үлес қосты. Екі газ өндеу зауыты,ұзындығы 115 шақырымға созылған «Жаңажол –жем» теміржолы жылына 5 млрд. текше метр газ өткізе алатын «Бұқара-Орал» магистральды газ құбырына қосылған «Жаңажол КС-13» газ құбырының құрылысы аяқталды. Бұл газ құбыры облыстың барлық тұтынушыларын барынша ілеспе газбен қамтамсыз етіп қана қоймай, газды экспортқа шығаруға да жол ашты. Ал жоғарыда айтылған «Жаңажол-Жем» теміржолы аймақтың экспорттық әлеуетін көтерумен қатар мұнай кен орындарына жетікізілетін құрал-жабдықтар мен әр түрлі жүктердің көлемін көбейтіп, жол бойындағы елді мекендердің тұрмысын жақсартты.

Облыста «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан басқа мұнай өндіретін елу шақты компания бар. Олардың ішінде «ҚазақОйл-Ақтөбе» («Әлібекмола» мен «Қожасай» кен орындары), « МаерскОйлҚазақстан ГмбХ» компаниясы («Сайғақ» ен орны) және «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорының («Лақтыбай»кен орны) аттары бүгінде жұртшылыққа кеңінен танымал.

Дөң кен байыту комбинатында жұмыс істеп тұрған құрал –жабдықтарды қайта жаңғырту және өндіріс қуатын арттыратын жаңа құрлыстар салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2010 жылы мұнда жылына 3,5 млн. тонна, ал 2015 жылы жылына 3,8 млн. тонна өнім өндірілетін болады. Жылына 700 мың тонна күйдірілген кен түйіршіктерін өндіретін цех пен ұсақ кластарды байытатын бөлім іске қосылды.2003 жылдан бастап комбинат Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы орай шахтанның екінші кезеңінің құрлысына кірісті.

«Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС Хромтау ауданындағы мыс-мырыш рудасын кен орнын игеру базасында мыс рудасын өндіріп, өндейтін Көктау тау-кен комбинатын іске қосты. Руданы байыту процесі бұл салада әлемдік көшбасшы ретінде танылған «Оутокумпу» (Финляндия) компаниясының бай тәжірибесіне сүйене отырып,озық технологиялар негізінде жүргізіледі.2008 жылы комбинаттың екінші кезеңі іске қосылды. Бұл осы саланы әрі қарай дамыта түседі. Болашақта аталған өндіріс базасында өнімді төрт-бес рет өндейтін мыс балқыту зауыты салынады.

Өңірдің металлургия саласының тізгінін «Казхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ұстап тұр. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Қазақстанда тұңғыш рет металл хромы, гранурлинген ферросилиция,өндіріс барысында жергілікті «Шоқаш» кен орының титан –цирконды рудасы негізгі шикізат ретінде пайдаланылатын ҒеТ5 0А маркалы ферротитан игерілді.

Бөлектеп орналастыру кешенін іске қосу феррохромды шлактан толық айырып, жоғары көміртекті феррохромнан бөлінген шлактың өзін тұтастай қиыршық тасқа айналдыруға мүмкіндік берді.

Қазір зауыт өнімдері АҚШ,Еуропа мемлекеттері,Қытай,Жапония,Корея, Тайвань секілді елдерге экспортталады.

Облыста қолайлы инвестициялық ахуал туғызылып отыр. 2015 жылға дейін құны 10,0 млрд. АҚШ долларын құрайтын 120 жоба жүзеге асатын болады. Облыс кен орындары өнеркәсіптің қара, түсті тау-кенхимия саласы кәсіпорындарын 25-50 жылға дейін шикізатпен қамтамасыз ете алады.

Ел алдында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін қойған елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында осы ұлы мұраттың орындалу жолдарын айқындап берді. Республикада ел экономикасын мүлде жаңа деңгейге көтеретін «Қазақстанның 30 корпоратитвті көшбасшысы» атты Жалпыұлттық бағдарлама қабылданды. Облыста осы мақсаттың үдесінен шығу үшін 21 серпінді жоба әзірленген болатын, соның 6-ауы Жалпыұлттық бағдарламаның тізіміне енді. Олар мыналар:

  1. «СНПС- Ақтөбмұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрлысы;

  2. Ақтөбе қаласында «SBS Stell» компаниясының Газ турбиналық электр станциясы бар электрометаллургия зауыты құрылысы;

  3. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мыс-мырыш рудасын өндеу бойынша үш тау-кен байыту комбинаты мен Хромтау ауданында бой көтеретін мыс балқыту зауыты құрлысы;

  4. Теміржол вагондарын шығаратын «Мәртөк механикалық зауыты» ЖШС құрылысы;

  5. «Восход» кен орнында хром рудасын өндіру және өндеу бойынша тау – кен байыту комбинатын салатын «Восход Ориел» ЖШС құрылысы;

  6. Ақтөбе қаласында бетше флоат - әйнек зауытын салатын «Интерглаас Қазақстан» ЖШС құрылысы.

Облыстың инвестиция салуға ыңғайлы салалары көп – ақ. Мысалы, тау – кен, жеңіл - өнеркәсіп, энергетика, металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы және өңдеу салалары әріптестерін күтіп отыр. Қазақстанның Республикасының «Инвестиция туралы» Заңына сәйкес тікелей инвестиция салғандарға анағұрлым жеңілдіктер бар.

Болашақта «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе» электр желісінің іске қосылуы, Еуропа мен Азияны жолғайтын трансмагистральдық автожолдың облыс аумағы арқылы «Жезді – Бейнеу» теміржолының Шалқар ауданының үстінен өтуі және еуразияның Астана, Алматы, Екатеринбург, Мәскеу секілді орталықтарынан бірдей қашықтықта орналасқан Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, инвестициялық тартымдылығын да күшейте түседі.

Облыстың өндірістік мүмкіндіктері мұнай өндіру көлемін арттырумен қатар «Велихов» және «Бенқалың» кен орындарын, құрамында алтын бар руданы, Кемпірсай никель өндіру ауданында силикатты никель – кобальт рудасын кешенді өңдеуді игеру есебінен тау – кен, металлургия саласындағы бастапқы өңдеу (өндіру және руданы байыту) үлесін ұлғайту арқылы кеңейе түседі. Мысалы, «Темір – Сервис» ЖШС «Шилісай» кен орнында фосфориттерді өндіру мен терең өндеуді қайта жаңғыртып, байыту фабрикасын салу арқылы қоры 100 млн. теңгеден асатын каолин кен орнын игеруді жоспарлап отыр.

Абат – Байтақ, Хан моласы, Есет және Қобыланды батырлардың кесенесі, әйгілі Жаманшың секілді тарихи, табиғи ескерткіштерге бай. 19 түрлі аң мен өсімдіктердің 30-ы қызыл кітапқа енген. 170 құстың түрі мекендейтін, балығы мол «Ырғыз – Торғай» резерваты, табиғаты тұмса қалпын бұзбаған Доңызтау секілді өңірлері бар облыс – туризм саласында инвестиция салатындар үшін де таптырмайтын аймақ.

!