Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Leksiya_Kazakhstan_Tarih_305.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468.48 Кб
Скачать

12. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы

Біздің э.д. ІІ ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда саттықтың алғашқы бастамасы ретінде қызмет атқара бастады.

ХІ-ХІІ ғғ. Қытайдан шыққан Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін ең негізгі жолға айналған болатын. Себебі Жетісу өңірінде бірнеше хан ордаларын жалғастырып жатқан Жібек жолы ХІҮ ғасырға дейінгі аралықта тек қана сауда керуен жолдары болып қана қоймай сонымен қатар елшілік жолы да болып саналған. Сан ғасырлар бойы жол үнемі өзгеріп отырған оның бір бөлігі бір кездерде айрықша маңыз алып көркейіп жатса, екінші бір бөліктерінде ондаған қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалып артқа кетушілік жағдайлары болып жатқан.

Мәселен ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. негізгі күре жол! Сирия-Иран-Орталық Азия-Оңтүстік Қазақстан- Талас - Шу - Ыстық көл - Шыңжаң /Шығыс Түркістан/ бағытында болған.

Ұлы Жібек жолы Қытай жібегін Батыс елдерге шығаруға қызмет етті. Жібек жолымен ертеректе Византия, Үндістан, Араб халифатынан, ал кейінректе Европа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін товарлар тасылды. Атап айтқанда жасмин суы, мускат жаңғағы, өміртамыр /женьшень/, айдаһардың өті /питон/, кілемдер мен маталар, бояулар, минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржандар, піл сүйегі мен қуйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар т.б. көптеген заттар тасылып сатылған.

Сондай-ақ Жібек жолы арқылы Асыл тұқымды аттар Ферғанадан, Қазақстаннан/, арғымақтар, түйелер мен пілдер, мүйіз тұмсықтар мен арыстандар, киік пен қаршығалар, сұңқарлар мен тотықұстар, түйеқұстар алып жүрілді.

Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, ұауын, тәтті тағамдар мен қант. Жемістер мен көкөністер де Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қалаберді. Жібек Алтынмен бірге халықаралық валютаға айналды. Жібектер патшаларға, елшілерге сиға тартылды. Мәселен Иранның шахиншахы Хосроу 1 Анушован қытай императорынан қытайдың жібек киімі «УШАРИң-ді сиға алған. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарай һарының қызметкерлері мен шонжарлары киген жібек киімдерге ерекше қымбат бұйымдар мен әшекейлер мен көмектесетін болған.

Әмір-Темір заманындағы құрылыстардағы салынып жатқан әшекейлер мен ерекшеленетін көк түспен боялған керамикадағы бейнелер, суреттер Жібек жолымен таралды деген пікір бар. Бұндай бағалызаттар ХІІІ-ХІҮ ғғ Қытай империясының шеберханаларында пайда болып, Иран, Түркия Орта Азияда кең таралған. Кобальтпен әшекейленген керамика табақар, вазалардың бірнеше түрі дүние жүзінің музейлеріне сақалуда.

.

13. ХІVV Ғасырлардағы қазақтардың шаруашылығы

ХІV-ХV ғ.ғ. шаруашылықтың басты саласы мал шаруашылығы ілгері басып дами түсті. Мал шаруашылығының үш типі: 1) отырықшы, 2) көшпелі, 3) жартылай көшпелі типі болды. Отырықшы типтегі мал шаруашылығымен айналысқандар негізінен оңтүстікте Сырдария мен Қаратаудың күңгей бетінде болды. Мұндағы шаруашылықтың негізгі түрі егіншілік ішінара мал және балық шаруашылығы болды. Арал маңын мекендегендер көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Орталық, батыс солтүстік Шығыс, Оңтүстік Шығыс аудандарды мекендегендер жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Олар мал бағумен қатар жартылай егіншілік кәсібімен де айналысты. Негізінен мал шаруашылығы ХІV-ХV ғ.ғ. Қазақстанның негізгі шаруашылығы болып қала берді. Шаруашылықтың жылқы мен қой өсіру басты орын алды. Сонымен қатар басқа да мал түрлері көптеп өсірілді. Халықтың негізгі азық өнімдері – етті, сүтті, майды, қымызды мал шаруашылығынан алып отырды. Сондай-ақ киім-кешек, ер тұрман, үй заттары, киіз, текемет, қайыс, ыдыс-аяқ (саба, мес) дайындалатын шикізат тері, жүн, сүйектен алынған. ХІV-ХV ғ.ғ. мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен айналысу да барған сайын дами түсті. ХІV ғасырда Сырдарияның Орта ағсындағы сығанақтың төңірегіндегі қыстақтардың халқы суармалы егіншілікпен айналысты. Суармалы жерде бау-бақша, жеміс-жидек, көптеген дәнді дақылдар егілді. Суармалы жерді сумен қамтамасыз етіп отыру үшін каналдар пайдаланды. Мысалы, осы кезде Сығанақ қаласын сумен қамтамасыз еткен төменарық каналын айтуға болады. Осы кездегі егіншіліктің үлкен бір орталығы Яссы қаласының маңы болған. Бұл өңірде астық пен ауылшаруашылығының басқа өнімдерімен тек өздерін ғана қамтамасыз етіп қоймай, басы артық өнімдерін базарға шығарып сататын болған. Отырар, Сайран, Сауран қалаларының маңында да егіншіліктің ірі орталықтары болды. Сонымен қатар астық өндіру, жер шаруашылығының басқа да өнімдері Жетісу өңірінде де жақсы дами бастады. Ірі егіншіліктің дамыған жері Тараз, Аспара, маңында және Талас, Шу, Іле, Лепсі т.б. жерлерде бидай, арпа басқа да дәнді-дақылдар егілгендігі, бау-бақша, жеміс-жидектер өндірілгендігі белгілі. ХV ғасырда қазба жұмыстарының көрсеткеніндей Қазақстанда жоғарыда атап өткен аймақтарында қоймасы, ұрасы бар тұрғын үйлердің болғаны егіншілікпен мал шаруашылығының жақсы жолға қойылғандығын растайды.

14. Қазақстандағы монғол шапқыншылығы оның зардаптары

Монғолияда тұңғыш феодалдық мемлекетті құрушы оның негізін салушы Есугей Баһадурдың баласы Темучин болды. Ол Монғолияда тұратын бытыраңқы тайпалардың басын қосып қуатты феодалдық монғол мемлекетін құрады. 1206 жылы Онон өзенінің сағасында Монғол ақсүйектерінің жиналысы болып, онда Темучинге Шыңғысхан деген атақ беріліп, ол монғол мемлекетінің әміршісі болып сайланды. Шыңғысхан мемлекет билігін өз қолына алғаннан кейін көрші мемлекеттерді жаулап алып, соғыс олжалары арқылы мемлекетті күшейтуді көздеді сонымен қатар соғыстар монғол ақсүйектері үшін қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды бәсеңдету құралы болып қызмет етті. Осы жағдайларды ескере отырып Шыңғысхан өз мемлекетін әскери тұрғыдан құрды. Осының нәтижесінде Шыңғысхан құрған әскери система жаулап алу жорықтарында өте маңызды рөл атқарды. 1207-1209 жылдары монғолдар Шығыс Түркістан территориясындағы тұрған ұйғырларды бағындырып алып Цзинь мемлекетінің астанасы Чжундуды (Пекин) басып алды. Шыңғысхан бұдан кейін Европа мен алдыңғы Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға ерекше мән беріп даярланды.

1211 жылы Құбылай бастаған монғол әскері Жетісу жеріне, одан соң Оңтүстік Қазақстанға, Орта Азияға баса көктеп кірді. 1219 жылы күзде Шыңғысхан 150 мың әскерімен Отырарды қоршауға алды. Нәтижеде “Отырар апаты” деген қайғылы оқиға болды. Отырар әміршісі Ғайырханның басшылығымен отырарлықтар бар күш-жігерін салып қорғанды. Кейбір деректерде Ғайырханның 20 мың әскері болды десе, басқа бір деректерде 50 мың әскері болған деген пікірлер бар. Отырар 5-ай бойы қоршауда болды. Тек әскер басы болған Қараджы-Қаджибтің монғолдарға Отырардың қақапасын ашып беруі (сатқындығы). Монғолдардың қалаға баса көктеп кіруге мүмкіндік берген Алайда Отырар бұдан кейін де бір ай бойы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетіп қорғана білген. Тек қаланы қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін барып, 1220 жылы февральда алынды. Отырар әміршісі Ғайырхан қолға түсіп Шыңғысханның әмірімен көмейіне қорғасын құйылып өлтірілген. Отырар қаласы жермен жексен етілді. Сыр бойындағы басқа қалаларды да Монғол әскерлері басып алды. Сонымен Шыңғысхан әскерлері 1221 жылы Хорезмді жаулап алумен Орта Азиядағы соғысты аяқтады.

1219-1229 ж.ж. аралығында Монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына кірді.

Орасан зор империя құрған Шыңғысхан басып алған жерлерді өзінің 4 баласына ұлыс етіп әрқайсына үлестіріп бөліп берді. Қазақстанға жасаған монғол шапқыншылығының монғол жаулап алушылары көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын ұзақ уақытқа шегереді. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырғынға ұшырады. Өркендеп тұрған қалалар жер бетімен жексен болып күйреді. Материалдық және мәдени байлақытар жойылды, экономиканың дамуы ұзақ уақытқа артқа шегініп кетті. Ондаған мың тамаша қолөнер шеберлері құлдыққа айналды. Ел ішінде індет меңдеді, ашаршылық, жоқшылық кең орын алды. Бағындырылған халық хан үйіне тиесілі деп саналып оларға ауыр салықтар мен міндеткерліктер жүктеліп отырды. Хан сарайы мен өзінің әміршілерінің пайдасы үшін көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын халық құшыр (ұшыр) салығын төлеуге тиісті болды.

Шыңғысханның және оның ізбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердің ғана емес сондай-ақ бүкіл Монғолияның өздерінің де өндіргіш күштерін күйзеліске ұшыратып құлдыратты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]